Өндірістік тәжірибе ден есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4
2. Кәсіпорынның қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5
3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Работа содержит 1 файл

АОО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ЕСЕП.doc

— 474.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы − бұл тәуекелділіктің  мүмкін болатын деңгейінде төлем  қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде  қаржыны тарату мен пайдалану  арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс  шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі − активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері − кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі − бұл қаржы ресурстарының  құрамы мен құрлымы, оларды басқару  стратегиясы мен тактикасының дұрыс  таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                  

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады. Сонымен қатар қаржылық тәуекелділік те өседі, яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. 

Және де бұл жерде  кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде  резервтерге үлкен рөл берілген.                                                                                     

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды  атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

-кәсіпорынның салалық  топқа жатуы;                                                                             

-құрылыс саласында  көрсетілетін қызметтің (жұмыс,  қызмет) құрылымы және оның жалпы  төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы  үлесі;                                                                          

-төленген жарғылық  капиталдың мөлшері;                                                                           

-шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы  динамикасы;                                                                                                           

-қорлар мен резервтерді,  олардың құрамы мен құрылымын  қоса алғандағы мүлік пен қаржы  ресурстарының жағдайы;                                                                    

-кәсіпорындарды басқару  тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға  шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.   

Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.

Білетініміздей, қажылық  тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі  көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.

Стратегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға  қажетті қаржы қаражаттарының бар  болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

Кәсіпорынның стратегиясы  қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын  қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының  жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті  талдау, кәсіпорынның өз қаражатын  қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Жақында нарыққа шыққан кәсіпорындар үшін максималды пайда  әкелетін даму жолын таңдап алу өте  қажет, және қаржы нарығында акционерлік  серіктестіктің тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді. Егер кәсіпорын пайда табуға, болашақта тұрақтылық пен табысты дамуға бағытталса, онда күшеюге болатын саланы таңдап алуы қажет. Кәсіпорынның жоғарғы жетістіктері кейбір жағдайларда сәттіліктің нәтижесі болады.  Экономиканың тұрақты дамуымен байланысты көп адамдар кәсіпорынға сенімділіктерін артты, инвестиция ақша салымдары мен несие алу көлемдері өсті. Кәсіпорындар өздерінің мүмкіншілітерін бағалай алуы өте қажет.

Компания іскерлік белсенділігін  талдау бағыттарының бірі оның өсу қарқынын қамтамасыз ету мен компания ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейі болып табылады. Іскерлік белсенділік коэффициенттері компанияның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланып отырғанын талдауға мүмкіндік береді. Қаражат айналымының жылдамдығы, оларды ЖШСша нысанына айналдыру, төлем қабілетіне тікелей ықпал етеді. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер есептелуі мүмкін.

 

Кесте 6 - «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігін сипаттайтын коэффициенттер

Көрсеткіш

        Баланстағы мәні

2010

2011

2012

1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

0,515

0,178

0,081

2

Меншікті   капиталдың айналымдылық коэффициенті

0,698

0,333

0,11

3

Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті

0,755

0,946

1,082

4

Ағымдық активтердің айналымдылық коэффициенті

1,59

0,32

0,18

5

Ағымдық активтердің айналымдылығы

227,091

1120,98

2029,51

6

Айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті

0,63081

3,11382

5,63754

7

Материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті

18,4928

25,9248

12,7032

1,30786

1,10962

2,10605

8

Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті

-

-

-

9

АлашЖШС қарыздың айналымдылық коэффициенті

1,92014

5,36437

1,69282

10

АлашЖШС қарыздың айналымының орташа мерзімі

187,487

67,1094

212,662

11

Берешек қарыздың айналымының коэффициенті

1,96503

0,47991

0,41894

12

Берешек қарыздың айналымының орташа мерзімі

183,204

750,144

859,317

13

Инвестицияланған капитал айналымының  коэффициенті

171,368

2,17152

0,96456

14

Перманентті капиталдың айналымының  жылдамдығы

0,69802

0,33253

0,11049


 

Үшіншіден, операциялық  цикл ұзақтығының көрсеткіштер динамикасы операциялық цикл ұзақтығының 23 күнге  төмендеді, ал қаржылық цикл ұзақтығының  көрсеткіштер динамикасы қаржылық цикл ұзақтығының 1006 күнге төмендегенін көрсетеді. Негізінен бұл жағымсыз тенденция болып табылады, себебі корпорация активтерінің айналу мерзімі қысқарады. Компанияның іскерлік белсенділік коэффициенттерінің өзгеру динамикасы төмендегі  7-суретте көрсетілген.

 

Сурет 7. Компанияның іскерлік белсенділік коэффициенттерінің өзгеру динамикасы

 

Бұдан әрі табыстылықты бағалаймыз. Олар коғам қызметінің қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді. Бұл коэффициенттер алынған пайданың жұмсалған қаражатқа, не сатылған құрылыс қызмет көрсету көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Егер сатудан түскен түсім өндірістің шығындарын толық өтесе, соныменен серіктестіктің  қалыпты қызмет етуіне жеткілікті пайда қалыптастырса, онда мұндай когам табысты болып саналады.

«Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының қаржылық нәтижелерінің динамикасы мен деңгейін талдау үшін негізгі мәліметтер 7-кестеде бейнеленген.

Кестеден көрініп отырғандай құрылыс саласында қызмет көрсетуден  түскен түсім 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 874 552 мың теңгеге және сатылған өнімнің өзіндік құны 626 880 мың теңгені құрайды. 2010 жылы қоғам қаржылық қызметі табысты болды, 2011 жыл таза табыс 52 032 мың теңгеге жоғарлады.

Құрылымында 2010 және 2011 жылы компанияның табысы пайдалы болып келеді. Жалпы табыс үлесі 880 245 мың теңгеден  1 127 947 мың теңгеге дейін өсіп, сондай-ЖШС салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс 2010 жылы 534 486мың теңгеден, 2011 жылы 586 518 мың теңгеге дейін өсті, таза табыс 2011 жылы 586 518 мың теңгеге дейін жоғарлайды.

 

Кесте 7-«Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының табыстылығын сипаттайтын абсолютті көрсеткіштер   (мың теңге) 

 

Көрсеткіш

Баланстағы мәні

Өзгерістер

2010

2011

2012

08/07

09/08

1

2

3

4

5

6

7

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

2577931

3 452 513

5 126 375

874582

1673862

2

Сатылатын өнімнің өзіндік құны

1697686

2 324 566

3 025 649

626 880

701083

3

Жалпы табыс

880 245

1 127 947

2 100 726

247 702

972779

4

Негізгі қызметтен түскен табыс

671 048

725 427

1 375 362

54 379

649935

5

Негізгі емес қызмет. түскен табыс

92 503

112 456

386 253

19 953

273797

6

Салық салынғанға дейінгі қалыпты  қызметтен түскен табыс

763 551

837 883

1 761 615

74 332

923732

7

Салық салынғаннан кейінгі қалыпты  қызметтен түскен табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646613

8

Таза табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646613

Дерек көзі: «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам 2010-2012 жылдардағы қаржылық есептілігі


 

2012 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 2011 жылмен салыстырғанда 1 673 862 мың теңгеге өседі. Негізгі қызметтен түскен табыс 649 935 мың теңгеге дейін жоғарлайды, сондай- АҚ негізгі емес қызметтен түскен табыс та 2011 жылы 112 456 мың теңгеден, 2012 жылы 386 253 мың теңгені құрайды.

Салық салынғанға дейінгі  қалыпты қызметтен түскен табыс 837 883 мың теңгеден 2012 жылы 1 761 615 мың теңгеге жоғарылайды, ал салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс 2012 жылы 646 613 мың теңгені құрайды. Таза табыс болса 2012 жылы 646 613 мың теңгеге тең. 2012 жылғы баланс құрылымында 2011 жылмен салыстыратын болса, онда 2012 жылдың табысының әлде қайда жоғарлағанын кестеден көруге болады.

Компанияның табыстылығы мен экономикалық саттылығы тек абсолютті көрсеткіштермен ғана емес, сонымен салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да бағаланады. Қаражаттарды салу бағытына, капиталды тарту түріне, есеп мақсатына байланысты табыстылықтың әртүрлі коэффиценттерін қолданады. Бұл көрсеткіштердің жалпы мәні - жүз теңге салынған қаражаттардан түскен пайда соммасын анықтау. Ол ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін анықтайды және жүз теңге салынған ресурстарға келетін пайда көлемін көрсетеді. Компания қызметінің табыстылығын бейнелейтін көрсеткіштер 2010-2011 жылдары теріс мәнге ие болды, ал 2012 жылы бұл көрсеткіштер оң мәнге ие болды, сондай-АҚ 2012 жылы табыстылық көрсеткіштері жоғарлайды.

2010 жылдан 2011 жылға қарай компанияның активтерінің табыстылығы -0,015-тен, 0,022-ге дейін өседі. Ұзақ мерзімді активтер мен ағымдағы активтер табыстылығы да 2011 жылы теріс мәнде болса, 2012 жылы оң мәнге ауысады, яғни  ұзақ мерзімді активтердің табыстылығының нәтижелері арқылы 2012 жылға қарай негізгі құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтердің пайдалану тиімділігі 0,038-ғе ұлғайғандығын, ал 2011 жылы 0,026-ға кемігендігін байқаймыз. Негізгі қызметтің табыстылығы шығынның бір теңгесіне келетін сатудан түскен пайда 2011 жылы 0,160-тан және 2012 жылы ол 0,327-ге дейін өседі.

 

Кесте 8 - «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының табыстылығын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер

 

Көрсеткіш

Баланстағы мәні

Өзгерістер

2010

2011

2012

10/09

11/10

1

2

3

4

5

6

7

1

Активтердің табыстылығы

0,048

0,033

0,055

-0,015

0,022

2

Ұзақ мерзімді активтер табыстылығы

0,091

0,065

0,103

-0,026

0,038

3

Ағымдық активтердің табыстылығы

0,102

0,068

0,119

-0,034

0,051

4

Өндірістік қорлары табыстылығы

0,075

0,048

0,087

-0,027

0,039

5

Негізгі өндірістік қорлар табыстылығы

0,153

0,099

0,163

-0,054

0,065

6

Айналымдық өндірістік қорлары  табыстылығы

0,147

0,092

0,184

-0,055

0,092

7

Инвестициялардың табыстылығы

0,084

0,063

0,098

-0,021

0,035

8

Сату көлемінің табыстылығы

0,659

0,673

0,59

0,015

-0,083

9

Негізгі қызметтің табыстылығы

0,206

0,366

0,693

0,16

0,327

10

Жиынтық қапитал табыстылығы

0,047

0,033

0,054

-0,015

0,022

11

Перманентті капитал табыстылығы

0,084

0,063

0,098

-0,021

0,035

12

Меншікті капитал табыстылығы

0,084

0,063

0,098

-0,021

0,035

13

Негізгі капитал табыстылығы

0,153

0,099

0,163

-0,054

0,065

14

Айналым капиталының табыстылығы

0,147

0,092

0,184

-0,055

0,092

15

Қарыз капиталының табыстылығы

0,109

0,083

0,144

-0,026

0,061

16

Таза ақша алымының негізінде есептелген сату көлемінің, жиынтық капиталдың, меншікті капиталдың және т.б.

0,25

0,243

0,292

-0,007

0,049

Информация о работе Өндірістік тәжірибе ден есеп беру