Өндірістік тәжірибе ден есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4
2. Кәсіпорынның қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5
3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Работа содержит 1 файл

АОО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ЕСЕП.doc

— 474.50 Кб (Скачать)

Әрі қарай, серіктестіктің 2010-2012 жылдардағы мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын төмендегі суреттегі «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан көреміз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.  2010-2012 жылдардағы «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам негізгі  техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

 

«Әскери Құрылыс» Акционерлік  Қоғам құрылыс ұйымының шаруашылықтағы қаржы-лық көрсеткішін есептеуден, яғни 2012 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету  мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, АҚ қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

 

3 «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам қаржы-экономикалық  көрсеткіштеріне талдау

 

Серіктестіктің құнын арттыруға  қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қызмет көрсету көлемін  өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Басқарудың тиімділігін арттыру  қаржылық басқарудың құралдары мен  механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін  тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және енгізуге бағытталатын болады.

 Осы айтылғандардың негізінде  «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында 2010-2012 жылдардағы мәліметтер қарастырылады. Серіктестіктің қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста ұсынылған. Қаржылық жоспарлау осы көрсеткішті зерделеуден басталады.

Осы көрсеткіштердің  кейбіреуі тікелей баланста, сондай-ақ түсіндіру жазбасында қамтылған. Алайда бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеудің баланс деректерін қайта топтаудың немесе бухгалтерлік есеп деректерін тартудың көмегімен алынуы тиіс. Серіктестіктің активтері компанияның қызмет кезеңінде қабылдаған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Өтімділік – серіктестіктің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыра білу қабілеттілігі. Ұзақ мерзімді активтер  бір есептіліктен көп кезең ішінде пайдаланылатын қаражат, оны жыл ішінде сатуға болмайды. Олар баланстың «Негізгі қаражат және айналымнан тыс активтер» деген бірінші бөлімінде көрсетілген.

Баланс пассивінде серіктестіктің қаржыландыруды таңдау жөніндегі шешімі көрініс табады. (Пассивтің бабы: Қысқа мерзімді міндеттеме; Ұзақ мерзімді міндеттеме; Меншікті капитал (ұзақ мерзімді міндеттеменің бір бөлігі).

Ұзақ мерзімді міндеттеме – бұл бір жылдан асатын мерзімде өтелуге тиіс міндеттеме (қарыздар, кредиттер, облигациялар, төлем вексельдері, зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттеме.)

Қысқа мерзімді міндеттемеге салынған капитал – бұл айналым  активтерімен жабылатын немесе қысқа  мерзімді жаңа міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттеме (шоттар және төлем векселдері, компанияның қысқа мерзімді қарыз алғаны туралы борыштық куәлік, салықтар бойынша берешек және мерзімі ұзартылған салықтар, жалақы бойынша берешек, алынған аванстар – бұл меншік иелері инвестицияланған капитал.

Жинақталған пайда –  бұл салықтар мен дивидендтерді шегергеннен кейінгі пайда, оған қоғам өзі өмір сүрген барлық жылдар ішінде ие болады (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, резервтік капитал, жинақтау қоры және есепті жылдардағы таза пайда). Капитал меншікті не қарызға алынған болуы мүмкін. Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Мүліктік жағдайды  және капиталдың құрылымын бағалау;

2. Капиталды пайдаланудың  тиімділігі мен интенсивтілігін бағалау;

3. Серіктестіктің қызмет  етуінің нәтижелерін бағалау.

Сонымен, «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам құрылыс ұйымының шаруашылық-қаржылық қызметіне жалпылама талдау:

«Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының мүліктік аналитикалық сипаттамасы баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымында 2010 жылы 11 252 707 мың теңгені құрады, 2011 жылы 17 858 457 мың теңгеге, 2012 жылы 22 651 327 мың теңгеге ұлғайды. Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде компания мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрлымдық өзгерістер пайда болды. Корпорация мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін 3-кестені пайдаланамыз.

 

Кесте 3 - 2010-2012 жылдардағы «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

 

 

Актив

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Мың тг

%

Мың тг

%

Мың тг

%

1

Ұзақ мерзімді активтер

6017599,0

53,8

9 213800

51,59

12275489

54,1

2

Материалдық емес активтер

139229,00

1,24

221 188

1,24

316 103

1,40

3

Негізгі құралдар

3491050,0

31,2

5 936 091

33,24

7 546 939

33,2

4

Ұзақ мерзімді қарж. инвеститц.

510982,00

4,54

879 048

4,92

1 734 982

7,66

5

Басқа да ұзақмерзімді активтер

1876338,0

16,6

2 177 473

12,19

2 677 465

11,8

6

Ағымдығы активтер

5235108,0

46,2

8 644 657

48,41

10375838

45,8

7

ТМҚ

701767,00

6,24

907 136

5,08

1 131 738

5,00

8

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

380 118,0

3,38

517 764

2,90

688 580

3,04

9

Ақша қаражаттары

1589449,0

14,3

2 267 322

12,70

3 667 875

16,1

10

Басқа қысқа мерзімді активтер

2563774,0

22,8

4 952 435

27,73

4 887645

21,58

11

Баланс

11252707

100

17858 457

100

22651327

100

Дерек көзі: «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам 2009-2011 жылдардағы қаржылық есептілігі


 

Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2010 жылы 53,8% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2011 жылы олардың үлесі 51,59%-ға дейін төмендеді. 2012 жылы компанияның негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54,19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін  негізгі құралдар алады. Олардың  активтердегі үлес салмағы 2010 жылы 31,02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2011 жылы олардың үлесі 33,24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2012 жылы 2011 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33,32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы  инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған  уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2010 жылы инвестициялар активтердің 4,54% құрады, 2011 жылы бұл үлес 4,92%-ға дейін, 2012 жылы 7,66%-ға дейін өсті.

Материалдық емес активтердің жиынтық  активтердің құрамында аз үлесті алады, 2012 жылы 2011жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1,24% мөлшерінде сақталды.

Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы  басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2012 жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2011 жылы ол 16,67% болса, 2011 жылы 12,19%-ға дейін, ал 2012 жылы 11,82%-ға дейін төмендеді.

Егер 2009 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53,48: 46,52 болса, онда 2011 жылы бұл қатынас 54,19: 45,81 болды.

Ұйымның қысқа мерзімді активтердің  құрамы мен құрылымын талдау мынадай  қорытынды жасауға мүмкіндік  береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ.

Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2010 жылы  701 767 мың теңгеден 2011 жылы  907 13 мың теңгеге, ал  2012 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2011 жылы тауарлы-материалдық қорлардың үлесі 6,24%-ды құрайды, бұл кезеңде материалдар үлкен партиялармен әкелінді, осылайша компанияда 2010-2011 жж. соңғы кезеңдеріне құрылысты жоспарлады, олар барлық қажетті материалдарды өндірістік процесс (қызмет көрсету) кезінде қажетті шикізатпен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көп көлемде сатып алды. 2011-2012 жж. Олардың құны біртіндеп төмендейді, 2011 жылы олардың үлесі 5,08%-ды құрады. 2012 жылы олар тағы да 5%-ға төмендейді.

 Ал материалдық  емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 2011 жылы 2010 жылға қарағанда төмендеп, 2012 жылы болса 16,19%-ға дейін жоғарылайды, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық берешек соммасы 2011 жылы 380 118 мың теңге немесе активтердің 3,38%-ын және 2010 жылы 517 764 мың теңге мөлшерінде болы және 2,9%-ға түсіп, 2011 жылы 688 580 мың теңге немесе 3,04%-ға сәл ұлғайды. Басқа да қысқа мерзімді активтер болса, 2009 жылы 22,78%-дан 27,73%-ға артты, ал 2011 жылы компания өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ, сондықтан 21,58%-ға дейін төмендейді. Бірақ үш жылда да негізгі құралдар өседі, нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнын жоғарылатады: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2010 жылы 31,02%, 2011 жылы 33,24%-ды, ал 2012 жылы 33,32%-ға көтеріледі.

Бұл құрлымдық өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін төмендегі 3-сурет қолданылады.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының активтерінің құрылымы

 

Серіктестіктің шаруашылық-қаржылық жағдайын тек абсолютті көрсет-кіштермен  ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да талдауға болады. Сондықтан «Әскери Құрылыс» қоғамының мүліктік жағдайын  4 - кестеден көреміз.

 

Кесте 4 - «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамының мүліктік жағдайын сипаттайтын коэффиценттер (мың теңге)

 

Көрсеткіштер

2010ж

2011ж

2012ж

   Өзгеріс (+/-)

09/08

10/09

1

2

3

4

5

6

Кәсіпорын активтерінің құны, мың тг

11 252 707

17 858 457

22 651 327

6 605 750

4 792 870

Тозу коэффициенті

0,13

0,13

0,13

0

0

Жаңару коэффициенті

0,03

0

0,01

-0,03

0,01

Жарамдылық коэффициенті

0,87

0,87

0,87

0

0

Шығу коэффициенті

0,01

0

0,01

-0,01

0,01

Өсу коэффициенті

0,02

0

0

-0,02

0

Негізгі құралдардың активті бөлігі

0,34

0,27

0,12

-0,06

-0,15


 

Талдау нәтижесінен  кәсіпорын активтерінің, шаруашылық қаражат-тарының соммасы кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді. Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2009 жылмен салыстырғанды 2012 жылы 11 252 707 мың теңгеден 22 651 327 мың теңгеге дейін ұлғайды, ол компания мүліктік потенциалының ұлғайғандығын білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2010 және 2012 жылдардағы үлесінен көруге болады: 2010 жылы ол 0,34 теңгені, ал 2012 жылы 0,12 теңгені құрады, яғни 0,22 теңгеге төмендейді. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына ие болған, ол  2012 жылға қарай өзгеріссіз болады.

Қоғам негізгі құралдарының тозу коэффициенттері талданып отырған  үш жылда да оптималды емес болып  келеді, (себебі >0,5)  оны кестеде  көруге болады, ал жарамдылық коэффициенті үш жылда да оптималды ( >0,5). Бұған сәйкесінше жаңару коэффиценті 0,01теңгені құрады, бұл 2012 жылдың соңына қарай негізгі құралдардың 1% жаңа болып табылады.

Істен шығу коэффицентінің мәні компания есепті жылдың басында  жұмысын бастаған негізгі құралдардың 1% ескіргендіктен немесе басқа да себептерден істен шығып қалды. Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрлымын бағалау баланс пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Оны  А қосымшасынан көруге болады.

Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде қалыптастыру көздер құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды. Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылап, яғни 2009 жылы 56,56%-ды немесе 6 3639 782 мың теңгені құраса, онда  2010 жылы олардың үлесі 52,19% -ға төмендеді немесе  9 320 985 мың теңге соммасын құрайды. Қарыз қаражаттарының ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2009 жылы 0%-ды, 2010 жылы үлес салмағы 8,32% -ға өсті немесе 1 485 444 мың теңгеге, ал 2011 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелер үлесі 6,77%-ға төмендейді.

Қысқа мерзімді міндеттемелері болса, 2010 жылы  43,44%-ды құраса, 2010-2011 жылдары олардың үлесі 39,49% және 37,87%-ға төмендейді, яғни ол өзіндік қорлардың жетіспеулігін көрсетеді. Серіктестіктің пассивтердің құрылымы төмендегі  4-суретте көрсетілген.


 

Сурет 4. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам құрылыс ұйымының пассивтерінің құрылымы

Пайда мен шығын туралы есептің көмегімен есепті жылдың қаржы нәтижелерін қарастырайық. Ол құрылысты салудан түскен ақша, салық салынатын пайда, серіктестіктің иелігінде қалған пайданы жұмсау бағыты көрсеткіштерінен көрініс береді.

Кіріс пен пайда көрсеткіштері:

Информация о работе Өндірістік тәжірибе ден есеп беру