Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)

а) лизинг берушіде

Лизинг есебі Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Лизинг берушінің есебінде лизингке берілетін мүлік дебиторлық берешек ретінде есептеледі.

3        кесте

 

Лизинг берушіде жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар байланысы

 

Шарушылық операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Лизинг шарттарымен жабдық алынды.

2413

4010

12000,0

2

-                     лизинг алушыға лизинг шарты бойынша жабдық берілді

1430

2413

12000,0

3

-                     лизинг бойынша проценттер есептелді

2170

6120

232,21

4

-                     негізгі борышты өтеуге алынды

1040

1430

12000,0

5

-                     лизингтік төлемдер проценттік бөлікте алынды

1040 «

2170

232,21

Ескерту* – кесте мәліметтері 14 әдебиеттің негізінде алынды

 

 

 

ә) лизинг алушыда

Лизинг алушының бухгалтерлік балансында тиісті жал төлемдері міндеттемелер ретінде, ал мүлік актив ретінде ескеріледі. Лизингтік жалға алудың алғашкы мерзімінде міндеттемелер әдетте мүлік құнына тең болады.

 

4 кесте

 

Лизинг алушыда жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар байланысы

 

Шаруашылық операциялардың мамұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Негізгі құралдар лизингке алынды

2413

4150

12000,0

2

Лизинг шарты бойынша проценттер есептелінді

7310

4160

232,21

3

Негізгі құралдардың тозуы есептелді

8045

2423

100,0

4

Негізгі міндеттемені өтеуге ақша аударылды

4150

1040

12000,0

5

Қаржыландырылғаны үшін төлемақы төленді

4160

1040

232,21

Ескерту* – кесте мәліметтері 14 әдебиетің негізінде алынды

 

Қаржылық жалға беру кезінде, активтерге иелік етуге байланысты туындайтын барлық тәуекелдер үшінші тұлғаға жүктеліп, оның қауіптілігі едәуір  азаяды. Жалға беру келісім шартына қарай меншік құқығы лизинг алушыға берілуі де, берілмеуі де мүмкін.

Қаржылық жалға беруді классификациялау үшін төмендегі шарттар сақталу керек: жалға беру кезеңі жалға берілген мүліктің нәтижелі қызмет ету уақытымен  толық тең болуы немесе сонымен шамалас болуы; жалға алуға төленген барлық ақы, мүлікті пайдалану мерзімі біткен кезде, жалға берілген мүліктің сомасына тең немесе соған жақын болуы; жалға беру мерзімі аяқталған кезде мүліктің меншіктік құқығының жалға алушыға көшуі; жалға бер келісім шарты бойынша, арендаторда мүліктің жалға берілген мерзімінің аяқталуын күтпестен кез келген уақытта мүлікті сатып алу құқығының болуы; жалға берілген мүлікті өз ерекшелігіне байланысты тек қана жалға алушының пайдалану мүмкіндігі. Қаржылық жалға берудің заңдылығын тану үшін жоғарыда аталған шарттардың бірі орындалуға тиісті.

Жоғарыда айтылған талаптарға қосымша, төмендегі жағдайлардың да болуы қажетті:

- жалға алушы жасалған келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтататын болса, одан туындайтын зияндарды жалға берушіге төлеу міндетін өзіне алуы;

- жалға алушы жалға беру келісім шартының мерзімін, егер жалдау ақысы нарықтық бағадан кем болса, келесі кезеңге созуға құқылы;

- жалға беру келісім шарты аяқталған кезде, жалға алынған  мүліктің әділ бағасынан туындайтын пайда мен зинды арендатор өз есебінде жатқызады.

Жерді және қозғалмайтын мүліктің жаға берілуі қаржылық жалға беру деп есептелуі мүмкін, бірақ экономикалық тұрғыдан жерді пайдаланудың мерзімі анықталмаған, сондықтан ондай жалға беру операциялық жалға беру болып саналады. Ондай жағдайда жалға алғаны үшін жасалған төлемдер, жалға алу мерзіміндегі аванстық төлем ретінде қаралады.

Қаржылық жалға беру операцияларының есебін жалға алушының есебінде көрсету. Заң тұрғысынан алып қарағанда, жалға алынған мүлік жалға алушының меншігі болып саналмайды, бірақ мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының экономикалық табыс табатынын және жалға берушіге мүліктің әділ бағасын төлеу мен оны пайдаланғаны үшін жалдау құнын төлейтінін ескерсек, онда арендатордың жалға алған мүлкін өз меншігі деп тануға болады. Осы айтылған тұжырымға орай, қаржылық жалға алу кезіндегі жалға алушының қаржылық есебі бойынша оны актив есебінде де және міндеттеме есебінде де қарсатыруға болады. Бұл жағдайда жалға алынған мүліктің бағасы және оған төленетін қаржылық жалдау құны бір бірімен тең болуы керек. Уақыт өте келе ол сомалардың бір бірінен айырмашлығы болуы мүмкін. Себебі жалға алынған мүліктің баланстық құны амортизацияны шегере отырып еептеледі, ал жалдау құнының сомасы міндеттемені орындап, төлдеу барысында кеми береді. Қаржылық жадау барысында жалға алушы активтердің оған дейінгі есептелініп келген амортизациясының көлемінде есептеу жүргізеді. Жалға алынған мүлікке есептелген амортизация мекеменің шығынына шығарылады, оның ішінде қаржылық жалдауға төленетін жалдау құнының пайыздық мөлшері де бар. Амортизация сомасы мен жалдау құнына төленетін сома бойынша міндетттемелер бір бірімен тең болмайды, сондықтан жалға алушы амортизацияны есептеу кезінде олардың жалға төленген құнмен шақ келуіне көңіл аудару қажет. Жалға алынған активтің өз меншігіне өтетініне сенімді болса, онда мүліктің пайдалы қызмет ету кезі мен амортизация есептеу кезеңі бір бірімен теңдес болады [14, 197 б].

        Жалдау ақысы міндеттеме бойынша төленбей қалған соманың пайыздық мөлшері ретінде анықталады және ол ақыны төлеу кезеңдеріне бөлген кезде, олардың мөлшерін шамамен есептеуге рұқсат етіледі. Мысалы, технологиялық жабдықты бес жылға жалға алу келісім шарт бойынша, жылдық жалдау құнының сомасы 2 500 мың теңге болып белгіленген.  Келісім шарт бойынша, алғашқы төлем келісім шарт жасалған күні, ал қалған сомалар әрбір есепті кезеңнің басында төленеді деп келісілген. Жалға берілген жабдықтың бағасы 10  000 мың тенге, жалдау ақысы барлық пайдалану кезеңінде 12 500 мың теңге болған. Жылдық төленетін пайыздық төлемақы 12,5 пайыз. Жалға алушы бухгалтерлік есебінде төмендегідей жазбаларды жазуға тисті:

Дт 2410   Кт 4150 – 10 000 мың теңге;

Дт 2920    Кт 4160 – 2 500 мың теңге;

Дт 4150   Кт 4110 – 2 500 мың теңге;

Дт 4150   Кт 1030 – 2 500 мың теңге;

Бірінші жылдың соңында жалға берушіге тиесілі пайыздық төлемақыны есептейді:

Дт 7310   Кт 2920 – 937,5 мың теңге.

Сыйақы мен  жалдау құнының міндеттемелер сомасы, тиісінше 937,5 мың тенге және 1 562,5 мың теңге, жалпы сомасы 2 500 мың теңге болады, яғни қаржылық жалдау келісім шарты бойынша төленетін жалпы төлемақының сомасы осыған тең. Жалдау құнының сомасын төлеу графигін несие түрінде көрсетуге болады, онда әр жылдың аяғында төленетін пайыздық төлемақы және әр жыл бойынша кеми беретін негізгі қаржының сомасы мен амортизация сомасы көрсетіледі. Ол жағдай төмендегі кестеде көрсетілген:

Келісім шартта көрсетілген пайыздық ставка, әділ бағамен, жалға төленетін төменгі дисконттық бағаның арасандағы және кепілдік берілмейтін қалдық құнының арасындағы теңдікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ағымдағы баға бойынша жалдаудың төменгі бағасына проценттік ставка  қосылады, ол жалдау келісім шартындағы дисконттық коэфициентке тең, онда банкілердің  несиелік пайыздарының мөлшері басшылыққа алынады.

 

5кесте

 

Қаржылық жалға беру  операцияларының  жалға алушының есебінде көрініс табуы

 

Мерзімі

Жалдау қарызының сомасы

Сыйақы             (%%)

 

Жалдау төлемдері

Төлемдер-

дің жалпы     сомасы

Амортизация (бірқалыпты тәсіл)

1 жылдың басы

1000

0

2500

2500

0

1 жылдың аяғы

7500

937,5

1562,5

2500

2000

2 жылдың аяғы

5937,5

742,2

1757,8

2500

2000

3 жылдың аяғы

4179,7

522,5

1977,5

2500

2000

 

5 кестенің жалғасы

4 жылдың аяғы

2202,2

297,8

2202,2

2500

2000

5 жылдың аяғы

0

0

0

0

2000

Жиынтығы

 

2 500

10 000

12 500

10 000

Ескерту* – кесте мәліметтері 4 әдебиеттің негізінде алынды

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау