Өңдірістік практика бойынша есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:40, реферат

Описание работы

Бұл өңдірістік есеп жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік,қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................................2
1. « ”ТОПАЗ” Жер қойнауын зерттеу компаниясы » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖАРҒЫСЫ
1.1 Жалпы ереже................................................................................................
1.2 Серіктестіктің заңды мәртебесі...................................................................
1.3 Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.................
1.4 Серіктестіктің жарғылық капиталы.............................................................
1.5 Серіктестіктің қызметінің мақсаты мен түрлері.........................................
1.6 Серіктестіктің құқықтары.............................................................................
1.7 Серіктестікті басқару.....................................................................................
1.8 Серіктестіктің еңбек ұжымы........................................................................
1.9 Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі............................................................
1.10 Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар................................................
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі..................................................
2.2 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...........
2.3 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.4 Негізгі құралдарды жөңдеу есебі...................................................
2.5 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.................................
3.Қаржылық есепті талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
3.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...............................................
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...............................................
3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.....................................................
3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
4.Кәсіпорын экономикасы
4.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау....................................
4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау ...............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................

Работа содержит 1 файл

Отчет по практике.docx

— 1.66 Мб (Скачать)

21)маркшейдерлік жұмыстар;

22)пайдалы қазбалардың қорын  зерттеу;

23)тау жұмыстары (шурф пен канаваларды қолмен немесе механикалық әдіспен қазып өті және жарылыс жұмыстары);

24)геофизикалық зерттеулер;

25)ізденіс жұмыстарының сапасын бақылау;

26)прекурс айналымына байланысты  қызмет(сатып алу,сақтау,пайдалану,жою);

27)ізденіс жұмыстарын орындаған  кезде инжинирингтік қызметтер;

28)сәулет, қала құрылысы мен құрылыс  қызметі;

29)құрылыс үшін ізденіс жұмыстары;

30)құрылыс үшін жобалау жұмыстары;

31)қала құрылысы құжаттамасын  әзірлеу;

32)жауапкершілігі  1,2,3, деңгейдегі ғимараттар мен құрылғыларды сәулеттік жобалау;

33)инженерлік жүйелер мен желісін  жобалау;

34)жобалардың арнайы тарауларын  әзірлеу;

35)қоғамдық ғимараттар мен құрылғыларын және өңдірістік мақсаттағы нысандарды технологиялых жобалау;

36)жобалау жұмыстарын орындаған  кезде инжинирингтік қызметтер;

37)құрылыс-құрастыру жұмыстары,оның  ішінде:

- дайындау жұмыстары;

- құрылыс алаңыңда геодезиялық  жұмыстар;

- жер жұмыстары;

- топырақтағы арнайы жұмыстар;

- арнайы құрылыс және құрастыру  жұмыстары;

- сыртқы инженерлік желісі мен  құрылғыларды орнату бойынша  жұмыстар;

- қысым арқылы жұмыс істейтін  түтіктерді сату;

- сумен қамту желілерді орнату;

- әрлеу жұмыстар;

- жол құрылысы бойынша жұмыстар;

-жөңдеу-қосу жұмыстары;

38) бұрғылау-жару жұмыстары;

39) демалуды ұйымдастыру,демалу  базаларының қызметі.

40) Қазақстан Республикасының заңдарында  тыйым салынбаған басқа барлық  қызмет түрлері.

5.3. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау  туралы» әреткеттегі заңдарына  сәйкес лицензиялауға жататын  қызмет түрлері, тек қана лицензия  алынғаннан кейін жүзеге асады.

 

                                      6 бап.Серіктестіктің құқықтары

6.1. Серіктестік қызметінің мақсатына  қол жеткізу үшін өз атынан  мәміле жасауға, мүліктік емес  құқықтарды сатып алуға, жауапкершілік  атқаруға, сотта талапкер немесе  жауапкер болуға құқылы.

6.2. Серіктестік Қазақстан Республикасының  аумағында, сондай-ақ шет елдерде  филиалдар ашуға, басқа заңды  тұлғалармен бірлестіктерге енуге  құқылы.

6.3. Серіктестік мыналарға құқылы:

- Қазақстан Республикасының заң  актілері көзделмеген басқа жағдайларда  басқа шаруашылық серіктестіктерінің  құрылтайшысы болуға;

- ақша сақтау және есеп-айырысу,  несие және кассалық операцияларының  барлық түрлерін жүзеге асыру  үшін банктерде есеп-айырысу,валюталық  және басқа да шоттарды ашуға;

- қолданыстағы заңдарға қайшы  келмейтін кез-келген келісімдерді  және шарттарды жасауға.

 

                                               7 бап. Серіктестікті басқару

7.1. Серіктестіктің қатысушыларының  жалпы жиналысы (өкілеттерінің   жиналысы)

Серіктестікті басқарудың жоғары органы болып табылады.

Серіктестіктің жоғары органы (жалпы  жиналысы) қатысушылардың кезекті немесе кезектен тыс жалпы жиналысы ретінде  шақырылады.

Қатысушылардың жалпы жиналысы қажеттілікке байланысты жылына 1 реттен кем емес шақырылады.Жалпы жиналыс  Серіктестіктің кез-келген қатысушысының  бастамасымен шақырылады.

Серіктестіктің барлық қатысушылары немесе өкілдері қатысып отырса, онда жалпы жиналысының шешім қабылдауға құқығы бар.

Серіктестіктің әрбір қатысушысының  жалпы жиналыстағы дауыс саны жарғылық капиталындағы үлесіне  сәйкес.

7.2. Серіктестік қатысушыларының  жалпы жиналысының айрықша құзыреті:

1) серіктестіктің жарғысын,орналасқан  жерін,фирмалық атауын өзгерту  соның ішінде оның жарғылық  капиталының мөлшерін өзгерту  , немесе серіктестіктің жарғысын  жаңа редакцияда бекіту;

2) серіктестіктің атқарушы органдарын  құру және олардың өкілеттіліктерін  мерзімнен тыс тоқтату, сондай-ақ  жауапкершілігі шектеулі серіктестікті  сенімді басқаруға  беру туралы  шешім қабылдау және бұл тапсырудың  шарттарын белгілеу;

3) серіктестіктің ревизорының өкілеттігін  сайлау және мерзімге дейін  тоқтату ревизордың есептері  мен қортындысын бекіту;

4) жылдық қаржылық есеп беруді  бекіту және таза табысты бөлу;

5) ішкі тәртіп ережелерін,оларды  қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің  ішкі қызметін реттейтін басқа  да құжаттарды бекіту;

6) серіктестіктің басқа да шаруашылық  серіктестіктер мен коммерциялық  емес ұйымдардың қызметіне қатысу  туралы шешім қабылдау;

7) серіктестікті қайта ұйымдастыру  немесе тарату туралы шешім;

8) тарату комиссияны тағайындау  және тарату баланстарын бекіту;

9) серіктестіктің қатысушысының үлесін күштеп сатып алу туралы шешім;

10) серіктестіктің барлық мүлігін  кепілге беру туралы бірауыздан  қабылданатын шешім;

11) серіктестіктің мүлігіне қосымша  жарналар енгізу туралы шешім.

Осы тармақтың 1),7),9) кіші тармақтарды  көрсетілген сұрақтар бойынша шешімдер.Серіктестік қатысушаларының жалпы жиналысында қатысып отырған немесе өкілдерінің,дауыстарының төрттен үш астам артықшылығымен қабылданады.9) кіші тармақ бойынша үлесі күштеп сатып алынатын қатысушы дауыс бермейлі және есептеген кезде оның дауыс саны есептелмейді.

7.3. Жиналыс кезінде белгіленген  тәртіппен хаттама жүргізіледі,оған  төраға мен хатшы қол қояды.

7.4. Директор жеке дара атқарушы  органы ретінде серіктестіктің  ағымдағы қызметін жүзеге асырады,ол  қатысушылардың жалпы жиналысына  есеп береді және оның шешімдерінің  орындалуын ұйымдастырады.

Серіктестіктің атқарушы органының  құзыретіне жалпы жиналысына құзыретіне кірмейтін, осы Жарғымен немесе жалпы  жиналыста қабылданған ережелермен  немесе басқа құжаттармен белгіленген  серіктестіктің қызметің қамту бойынша  барлық мәселелер кіреді.

7.5. Серіктестіктің директорының  құзыретіне мыналар жатады:

- серіктестіктің атынан, сенім  хатсыз іс-әрекет жасайды;

- серіктестікті білдіруге сенімхат  береді, оның ішінде қайта сенім  беру құқығымен;

- серіктестіктің қатысушыларына  қатысты оларды тағайындау,ауыстыру  немесе босату туралы бұйрықтарды  шығарады,еңбек төлеу жүйесін  белгілейді, лауазымдық сыйлықарын және дербес үстеме ақыны белгілейді,сыйақы,көтермелеу және жазалау мәселелерді шешеді;

- жалпы жиналыстың құзыретіне  кірмейтін басқа да өкілдіктерді  жүзеге асырады.

7.6. Директор серіктестікті басқаруды  жүзеге асыру үшін жеке бас  жауапкершілік атқарады.Өз қызметі  бойынша жылына  1 реттен кем  емес есеп береді.

7.7. Серіктестіктің директоры үшінші  жақтар алдынды, егер оларға  директордың басқаруды тиісті түрде орындамағаны  салдарынан серіктестіктің банкроттылығы себептерінен залалдар келтірілсе серіктестікпен бірдей субсидиарлық жауапкершілікке тартылады.

7.8. Серіктестіктің атқарушы органына  тыйым салынады:

1) жалпы жиналыстың келісімсіз  серіктестіктермен олардан мүліктік  пайда алуға бағытталған мәмілелер  жасауға (сыйға беру,заемға алу,  қайталанбас пайдалану,сату-сатып  алу және т.б);

2) үшінші жақтармен жасасқан  мәмілелер үшін серіктестіктен,сондай-ақ  үшінші жақтардан комиссионның  сыйақыларды алуға;

3) үшінші жақтардың серіктестікпен  қатынастарында олардың атынан  немесе мүлдесіне сөз сөйлеуге ;

4) Серіктестіктің қызметіне бәсекелес  кәсіпкерлік қызмет жүргізуге.

7.9. Құрылтайшылар атқарушы органның  қызметін бақылау мақсатымен  Серіктестіктің ревизорын тағайындайды. Заңдар актілеріне сәйкес аудиторлық  қызмет жүргізуге құқығы бар,қаржы  мен бухгалтерлік есеп саласындағы  тәуелсіз срапшы, немесе Серіктестіктің  қатысушыларының тандауы бойыншы  тұлға ревизор бола алады.

Құрылтайшылар қаржы есеп берудің  дұрыстығын тексеруге және дәлелдеуге серіктестіктің немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүліктік  мүлдесіне қатысы жоқ кәсіби аудиторды (сытрқы аудиторды) шақыра алады.

7.10. Ревизор міндетті түрде қатысушылардың  жалпы жиналысының бекітуіне  дейін серіктестіктің жылдық  қаржы есебін тексереді. Қатысушылардың,жалпы  жиналысының ревизордың (аудитордың) қорытындысыз жылдық қаржы есепті  бекітуге құқығы жоқ.

7.11. Директордың қаржы- шаруашылық  қызметін тексеру серіктестіктің  құрылтайшылары белгілеген тәртіппен  жүргізіледі.

                                  8 бап. Серіктестіктің еңбек ұжымы

8.1. Директор жеке еңбек келісімі  негізінде,сондай-ақ еңбек қатынастарын  реттейтін басқа да нысандарда  қызметкерлерді жалдауға құқылы.

8.2. Серіктестік қызметкерлерге  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген барлық әлеуметтік-экономикалық  құқықтарды беруге кепілдік береді.

8.3.  Әрбір қызметкердің еңбек  табысы жұмыстың соңғы нәтижелерін  есепке ала отырып,оның жеке  еңбек үлесімен айқындалады,оның  ең көп мөлшеріне шек қойылмайды  және оған белгіленген ережелерге  сәйкес салық салынады.

8.4. Серіктестік еңбекке ақы төлеудің  нысандары мен жүйесін өз бетімен  белгілейді,келісім-шарттарда тарифтік  ставкалар мен жалақылар мөлшерін  көздейді.

8.5. Серіктестік қызметкерлері міндетті  әлеуметтік сақтандыруға жатады.

8.6. Серіктестік барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті және олардың денсаулығы мен еңбек қабілетіне келтірген зиян үшін белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

                       9 бап. Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі

9.1. Серіктестіктің есеп беру  мерзімі күнтізбелік жылмен сәйкес  келеді.

9.2. Серіктестік өз қызметінің  нәтижесінің қаржы есебін жүзеге  асырады,Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарына сәйкес  статистикалық есеп беруді жүргізеді.

Серіктестік Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес есеп пен есеп берудің  жүргізу тәртібі мен нақтылығына  жауапты.

9.3. Серіктестіктің қаржы есеп  берудің дұрыстығын және нақтылығын,заңдарға,осы  Жарғыға,келісім шарттарға сәйкестігін  бағалау бойынша функциялар жалпы  жиналыстың шешімімен сайланатын  немесе тағайындалатын ревизорға  жүктеледі.

                      10 бап. Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар

  1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
  2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:

1)серіктестіктің жарғысы,серіктестіктін  жарғысына енгізілген өзгерістер  мен толықтырулар;

2)құрылтай жиналыстарының хаттамалары;

3)шаруашылық серіктестігін заңды  тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу  туралы куәлік;

4)серіктестіктің статистикалық  карточкасы;

5)серіктестіктің оның балансындағы  мүлікке құқығын растайтын құжаттар;

6)серіктестік қатысушыларының  жалпы жиналысын өткізу үшін  ұсынылған серіктестік қатсушыларының  тізімі;

7)атқарушы орган отырыстарының  хаттамалары;

3.Өзге  құжаттар Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес белгіленген  мерзім ішінде сақталады.

             2.Бухгалтерлік есеп

               Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік 


Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып  тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері  қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз  болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті –  халық шаруашылығының барлық салаларында  нақты тұжырымды мемлекеттік  талапқа сай есептеу жұмысын  жүргізеді.

Информация о работе Өңдірістік практика бойынша есеп