“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

 

 

Республикадағы депозит нарығындағы  жетекші банктер

үлесі     01.01.2007 ж

 

Центр Кредит Банкі

Казкоммерцбанк

ҚХЖБ

ABN

AMRO

Т.б  банктер

21,7%

21,4%

20,2%

4,8%

31,9%

 

     Мөлшеріне байланысты екінші филиалды желі, банктік секторде консалидация процесін  жалғастырушы, осы облыста позициясын кеңейтуші –бөлшек депозеттердің тартымды жағдайы. Банк депозиттерді тартуда  ұзақ жылдар бойы  осы екінші позицияны  ұстанды , ал 2007 жылы бірінші позицияға көшті.

 

 

 

“Центр Кредит Банкі ” акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік банк өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту үшін жай және артықшылық  акциялар шығарады.

       Жай акцияларды иемденушілердің  банк тапқан пайданың мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы,жинлыстарда дауыс беру арқылы банкті басқаруға қатысу құқы банк жабылған жағдайда мүлкінің бір бөлігн алу құқы бар.Артықшылықты акция иелері банк пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде нақты дивиденд алады.

      “Центр Кредит банкі”  АҚ барлық акциялардың 5000 теңге номиналдық құны бар Әр қайсысы бір дауысқа ие.Осы акциялар бойынша төленетін дивидендтің жылдық минималды сомасы 1%  көлемінде.Банктің 2007 жылғы акционерлік капиталы құрамы мынадай       

 

 

 

                                                                                                                                  (Кесте 1.1)

“Центр Кредит Банктің” стратегиялық жоспары капиталдың жеткілікті деңгейін ұстап тұруға қажетті қосымша акция эмиссиясына тәуелділігін төмендету үшін   жыл сайынғы капитал өсімінде таза пайданың үлесін көбейту. Бұл жағдайға   банктің таза пайдамен  жұмыс істеу көрсеткішін жоғары деңгейге көтеру арқылы жету жоспарланған. 2005 жылы капиталдың жылдық өсімінде таза пайданыңүлесі 33 пайыз болса, басқа өсім жаңа акция эмиссиясын орналастырудан болды.  2006 жылы бұл көрсеткіш шамамен осы 30-33 пайыз деңгейінде қалды, 2007-2008 жылдары жүйелі түрде көбейту жоспарланған.

1.         Резервтік капитал және бөлінбейтін таза пайда. Капиталдың бұл бөлімі жыл сайын жыл аяғында қалыптасқан таза пайданың барлық көлемін капитализациялау арқылы толықтырылып отырады. Жоспар бойынша 2007 жылдың  сақтық капиталы мен бөлінбейтін таза пайдасы  14,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылдың басына -  21 млрд.теңге, ал 2009 жылдың басына -37,5 млрд.теңге болады  деп жоспарлауда.

2.      Жарғылық капитал. Алдағы 3 жыл ішінде жарғылық капиталды көбейту мақсатында Банктің акция  эмиссиясының бірнешеуін жүзеге асыру жоспарлануда. 2006 жылы акция  шығару арқылы, жарғылық капиталды 13,5 млрд.теңгеден 30,5 млрд.теңгеге, 2007 жылдың аяғына 34 млрд теңгеге жеткізу жоспарланса,  2008 жылдыңаяғына 43,5 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде.  

3.      Субординарлық қарыз және басқа қаржылық құралдар.  Жарғылық капиталды көбейту  мен таза  пайданы толық капитализация жасаудан басқа, капиталды көтеру мақсатында альтернативті нұсқаларын пайдалануды қарастырып отыр. Субординарлық  облигацияларды шығарудан басқа, Банк қазақстандық нарық қоры үшін жаңа құрал - мерзімсіз облигацияларды шығарудың өміршеңдігін зерттеуде.

 

      Таза пайда нормасын көтеру.

 

2006-2008 жылдары Банк таза пайда көрсеткішін көтеруді жоспарлауда. 2008 жылы таза пайданы 16,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. 2006 және 2007жылдың аяғында таза пайда тиісінше 8 және 12 млрд теңге болуы тиіс. Активті пайданың коэффициентіне келсек, активтің жоғарғы қарқынмен өсуіне орай, аталған көрсеткіш біртіндеп төмендеуі тиіс. 2005 жылдың аяғына ол 2,15 пайызды құрады. 2008 жылы ол 2,1 пайызды құрауы тиіс. Рентальділігін көтеру мақсатындағы іс-шаралар төмендегі бағыттарда жүргізіледі:

Таза пайыздық маржаны орта деңгейде ұстап тұру.

Банк жұмыс жасап тұрған активтерінің жоғары пайдалылығын ұстап қалуға жұмыстануда.  Бұл мақсатта таза пайыз маржасы лимитін орта дәрежеде ұстап, базалық үстеме мен несие рейтингі жүйесі негізінде берілетін несиенің  несие үстемесін анықтаудың қатаң тәртібін енгізуді жоспарға енгізді.   Бұл жерде, Банк өзінің бәсекеге қабілеттілігін    жоғарылату  мақсатында, үстемені орналастыру орта деңгейде ұсталып, және біртіндеп қаржылық үстемені төмендетуге жұмыс жасау көзделіп отыр.

1.         Операция шығындарын азайту. Операция шығындарын азайту мәселелері «ЦентрКредитБанктің» маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. 2004 жылдың қорытындысы бойынша операциялық шығындардың операциялық пайдасына қатысы 0,63 болды.  Бұл ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі еді. Ең жоғарғы көрсеткіш бұл салада 0,32. Осыған байланысты 2006-2008 жылдары Банк өзінің осы көрсеткішін едәуір жақсартпақ. Аталған мақсатқа жету жолындағы іс-шаралар негізінен банктің басқару аппаратына және басқа шығындарын қатаң қадағалауға бағышталады. Қорытындысында  операциялық шығындардың өсуі төмендеуі тиіс.

 

«BCC Invest» АҚ банкісінің төменгі компаниялары, құнды қағаздар нарығының мамандаған-кәсіпкер мүшесі болып табылады, құнды қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметтерді жүргізу үшін бірінші дәрежелі лицензия №0401200688, клиенттер  шоттарын жүргізу   құқығы үшін  №0403200124 санды 2004жылғы 23 қаңтардағы лицензияның толық иегері ретінде, құнды қағаздар нарығында көптеген түрлі қызмет түрлерін ұсынады:

 

Брокерлік қызмет;

Номинальное держание;

Құнды қағаздарды шығару жән орналастыру жөнінде қаржылық консалтинг;

Андеррайтинг;

Ұйымдастыру нарығында құнды қағаздардың өтемпаздығын

( ликвидности) қолдау (маркет-мейкер қызметі)

Инвестициялық портфельді  басқару

 

«Центр-Лизинг» ЖШ

2002 жылдың 15 қаңтарында «ЦентрКредитБанктің» алғашқы лизингтік компаниясы «Центр Лизинг» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі ретінде тіркеліп, өз жұмысын бастады. 

Құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін «Центр Лизинг» ЖШС-і кең көлемді лизингтік  компания болып жұмыс жасап келеді, яғни белгілі бір техника немесе жабдық түрінің ғана лизинг жобасын іске асыруға маманданып қана қоймай, кез келген саланың лизингтік жобасын  жүзеге асыруға маманданған. Әрине, тәртіп бойынша алғашқы кезекте  өндірістік базасы бар кәсіпорындардың шығаратын өнім мен көрсететін қызмет сапасын жақсарту, мөлшерін көбейту  мақсатында жаңа технологиялық жабдықтар, арнаулы техникалар немесе көліктер алғысы келетін лизингтік жобасын іске асыруға баса назар аударылады.  

«Центр Лизинг» ЖШС-інің  өзінің мүдделі (корпоративный ) клиенттері мен шағын және орта бизнес иелеріне, жеке кәсіпкерлерге негізінен  классикалық қаржылық лизинг  және қайтарым лизинг қызметін көрсетеді. Компания Қазақстанның барлық аймақтарында өз жобасын жүзеге асыруға мүмкіндігі болғандықтан, кәсіпорынның немесе тұтынушы клиенттің орналасқан  жері бұл жұмысқа еш кедергі болмайды.

Лизингілік  қаржыландырудың базалық шарттары негізінен төмендегідей :

- келісімнің ең төменгі мөлшері – 35000 АҚШ доллары (одан төменгі мөлшерде        «ЦентрКредитБанк» клиенттеріне кейбір жағдайларда ғана рұқсат етіледі):

- лизинг мерзімі 37 айдан 7 жылға дейін:

- лизингінің пайыздық мөлшерлемесі -  17-ден 23 пайызғадейін:

- аванстық төлем  - лизингке алынатын зат  бағасының 30 пайызы;

- лизингке алынатын заттың міндетті түрде лизинг алушы есебінен лизинг беруші ұсынған компанияда  сақтандырылуы.

     «Центр Лизинг» ЖШС әрдайым   өзі қызмет көрсететін клиент аясын кеңітіп, оларға қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, үнемі жаңа әріптестер іздеуге көңіл бөлді.

     Қазіргі таңда компания  көптеген түрлі салада жаңа технологиялық жабдықтар, техника шығарушылар мен өз өнімдерін ұсынушылармен тығыз байланыста жүйелі түрде жұмыс жасайды. Олардың ішінде «VOLVO Truck Corporation» және «VOLVO Construction Equipment» өкілдіктері, «CBC Trans» ЖШС (IVECO-ның дилері),  «Ивановская Марка Центральная Азия» ЖШС, «Спецтехника» ТД, Борусан Макина ,  Комацу ЛТД  өкілдігі,Van der Ploeq   International B.V.– Голландиялық құс фабрикалары, сүт өндіру зауыттары , «МЕТЭКС» ЖАҚ (Dressta Co. LTD компаниясыныңы   өкілдігі),макарон өнімдерін шығаруға арналған Италияның PAVAN S.p.A   компаниясының жабдықтары, Heidelberq Nordasien өкілдігі, «КАЗАХСТАН Графикс», «НИССА-Евразия, «ТехЦентр» (XEROX)ЖШС, басқа да бірнеше жылжымайтын мүліктер агенттіктері мен көлік салондары бар.

 

Жоғарыда аталған бағдарламалардан басқа «Центр  Лизинг» ЖШС ерекше жағдайларда , әсіресе лизингке алынатын зат шетеллде шығарылатын болса, аса ірі мөлшердегі қаржыландыруды шетелдік банктердің қаржысын тартумен және шетелдік сақтандыру агенттіктерінің қатысымен жүргізеді. Атап айтқанда бұндай қаржыландырулар Германияда («HERMES» агенттігі), Италияда

(SACE агенттігі) ,Нидерландта («NCM» агенттігі), Польшада («KUKE» агенттігі), Данияда («EKF» агенттігі),  Швецияда («EKN» агенттігі), Канадада («EDC» Канаданың экспортын дамыту агенттігі), және   АҚШ-да (Exsimbank) шығарылған  қондырғыларға қолданылады.

Лизингтің пайыздық мөлшерлемесі бұндай қаржыландыру үшін 12 пайыз көлемінде болса, лизинг мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін. Келісім мөлшері азды-көпті өзгеруі мүмкін,  орташа мөлшері 500 000 USD/EUR.

1.3.  Банктің жоғарғы ұйымдарымен,  басқа банктермен, құрылтайшылармен,  клиенттермен өзара қарым- қатынасы

 

Банктің өз қызметін тиімді,тартымды және жан-жақты  жүргізуіне оның көп қырлы байланыстары зор ықпал етеді.”Центр Кредит Банкі”АҚ басшы жоғарғы ұйымдармен және басқа да банктермен ,құрылтайшылармен ,клиенттермен басқа да танымал ұйымдармен байланысының сипатын төмендегідей  тізімдеуге болады:

Банктің ҚР Үкіметімен байланысы оның республика деңейінде қабылданған барлық заңдылықтар мен нормативтер шегінде қызмет етуінен көрінеді.

ҚРҰБ-і мен басқа коммерциялық банктермен байланысы.Банк ең алғаш ҰБ берген лицензия негізінде ашылады және бүкіл қызмет ету мерзіміде ҚРҰБ-мен белгіленген барлық пруденциялық нормативтер мен ережелердің қатаң сақталуына  жауапкершілікте болады.Сонымен қатар “Центр Кредит Банкі” АҚ ҚРҰБ –мен ,банк резиденттермен және банк бейрезиденттермен ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік қатынастар белгілеуге, ”ЛОРО”және  “НОСТРО”корреспонденттік шоттары бойынша операциялар жүргізуге құқылы.

“Центр Кредит Банкі”АҚ заңды тұлға ретінде салық төлеуші болып табылады.Ол салық комитетіне  салық заңдылығында қаралған мерзім бойынша салықтарды теңгеде есептеп төлейді.

Өз клиенттеріне сапалы қызмет ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында  банк халықаралық төлем жүйелерімен VISA INTERNATIONAL,Western Union-2002 жылдан бастап байланыста.

Лизингтік операцияларына қажетті құрал жабдықтарды иемденуде мынадай әріптес –жабдықтаушылары бар :

”.Автобус Пром” ЖШС;

”ОРКА “ ЖШС;

”Инвеста Агро” ЖШС;

”FIRBIMATIC”

“ТДСпецтехника” ЖШС ;және т.б.

                                -тәуелсіз регисторы” Регистрцентр”;

                                -Аудиторы “Arthue Andersen”;

    -     Банк “Теміркапитал Б.В” еншілес компаниясының қызметіне толықтай бақылау жүргізеді.Ол 2001 жылы қарашада Нидерландыда тіркелген;

    -    “ Центр Кредит Банкі” АҚ Ресей Федерациясында өзінің ресми уәкілдігін ашқан алғашқы қазақстандық банк болып табылады.Уәкілдіктің міндеті- жаңа іскерлік байланыстарды бекіту.

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі