“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

- Төлемдер мен аударымдарды мемлекеттік органдардың бөлімшелері арқылы өткізетін мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындармен жасалған келісім шарт бойынша;

-  Қайтарымсыз  келісім бойынша  ақша аударымы болған жағдайда.

 

              Шетел және ұлттық валютаның репатриациясын бақылау мақсатында  – бағамды мерзім  (ориентировочный срок) деп аталатын  жаңа термин енгізілді, бұл экспортер/импортердің өкіл банктің және Ұлттық банктің филиалының талап етуі бойынша келісім төлқұжатында немесе қосымша бетшеде көрсетіледі.

Дәл осындай талап келісім төлқұжаты  дайындалмайтын келісім шарттарға да қолданылады. Бұл үшін клиент еркін тұрғыда жазылған  өтініште осы мәліметті көрсетіп, келісім шартпен бірге өкіл банкке тапсыруы тиіс.

Бағамды мерзім -  шамамен(

-         шығару уақыты мен шығару келісімінің қаржысы түсетін уақыттың;

-         төлем немесе аударым күні мен импортердің қазақстан аумағында тұрмайтын клиент пайдасына, оның келісім    шартта көрсетілген есеп айырысуларды жүргізу үшін аударылған валютаның қайтарылатын күні аралығындағы болжалды кезең. 

 

Болжалды мерзім есебі үшін 1 ай-30 күн, 1 жыл -360 күн болып алынады. Болжалды мерзімнің ұзақтығына тауарды жіберу, әкелу шарттары және міндеттерді орындау шарттары әсер етеді.

Экспорттық келісім

Тауарлар шетелдік  әріптеске ҚР кеден шекарасынан өткенен кейін ғана беріледі.

Болжалды мерзім –тауарды шетелдік әріптеске жеткізуге жұмсалатын және ол үшін қаржы төлеу аралығындағы мерзім.

- Тауар шетелдік әріптеске ҚР кеден шекарасынан өтпестен бұрын өткізілсе, болжалды   мерзім – бұл жағдайда шетелдік әріптестің алған тауары үшін қаржы аудару мерзімі.

 

Импорттық келісім

Шетелдік әріптес тауарды ҚР кеден шекарасынан өткенен  кейін тапсырса, болжалды мерзім- тауарды жеткізу уақыты  мен алдын-ала берілген қаржыны қайтару уақыты (егер келісім шартта қарастырылса)

Егер шетелдік әріптес тауарды ҚР кеден шекарасынан өтпестен берсе, бұл жерде болжалды мерзім  тауарды жеткізу уақыты мен ҚР кеден шекарасына жеткізу уақыты және кедендік құжаттар толтыру уақыты, алдын-ала төленген ақшаны қайтар уақаты.

Егер келісім шарт шеңберінде экспорт немесе импорт 1 мәртеден артық қайталанғанда тауарды жеткізудің немесе қаржы аудару кезінде міндеттерді орындаудың әртүрлі шарттары болса,  валюталық қаржының түсуінің болжалды мерзімі ретінде тауар үшін қаржы түсуінің ең ұзақ уақыты алынады. (жұмысты немесе қызметті орындаудың кезеңдері бойынша). Бұл жерде тауарды шетелдік әріптеске беретін жерге дейін жеткізуге кеткен уақыт немесе ҚР кеден шекарасына дейін жеткізуге кеткен уақыт және кедендік құжат дайындау уақыты барлығын қосқанда 1 жылдан аспауы тиіс. 

Болжалды мерзім 180 күннен кем болмауға тиіс.

Өкіл банк келісім шартта көрсетілген, 180 күннен асуы  мүмкін мерзімде репатриациялануын бақылайды және бұл жерде барлық жауапкершілік экспортер немесе импортерге жүктеледі. Келісім төлқұжатын дайындау қарастырылмаған келісім шарттарда, егер клиент әлі де мерзімін ұзартуды сұрап жазбаша хат түсірмесе, болжалды мерзім 180 күн деп есептеледі.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау Заңының шеңберінде валюталық либерализация бағдарламасының 2-ші этапында қарастырылған іс-шараларға сәйкес валюталық операцияларды жүзеге асыру туралы  Ереже жасақталды.

Атап айтқанда Ережеде төмендегідей жайлар қарастырылған:

-         Резиденттер мен бейрезиденттер ішкі нарықта заңдылықтарға қайшы келмейтін мақсаттар  үшін валюталық келісім шартсыз және де басқа құжаттарсыз  шетел валютасын сатып алуға және сатуға;

-         Өкіл банк арқылы шетел валютасын сатып алуға сұраныс берген уақытта резидент-заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алудағы мақсатын көрсетеді;

-         Бейрезидент-заңды тұлғалар ұлттық теңгеге шетел валютасын сатып алу немесе сатуға сұраныс бергенде сатып алудың немесе сатудың мақсатын көсетеді;

-         Заңды тұлғаның сатып алған шетел валютасы сұраныста көрсетілген мақсатта жұмсалуы тиіс; 

-         Шетел валютасын сатып алу немесе сатудың негізгі мақсаттары: тауар немесе көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу, ақша айырбастау мақсаты, алынған займ бойынша міндеттерін орындау, тағы да басқалар.

 

Шетел валютасы белгілі бір мерзімге алынады.

Ереже бойынша пайдаланылмаған шетел валютасын сату міндеті бақылау жасалмайтын, яғни валюталық  бақылау алынып тасталатын жағдайлар:

-         Сатып алынғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде шетел валютасы пайдаланылмаса;

-         Бейрезидент тарапынан өз міндетін атқармағандықтан немесе реквизиттердің қателігенен шетел валютасын қайтарып бергенде 10 күнтізбелік күн ішінде пайдаланылмаса

 

Валюталық операциялар жасау Ережесінің негізгі сәттері:

Жеке тұлғалар үшін растама құжаттарсыз төлемдер мен ақша аударымдарын өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, егер жеке тұлғаның (ол қазақстандық немесе қазақстандық  емес болсын) СТН, немесе осы жеке тұлға ҚР салық комитетінде есепте тұрмайтындығы жөнінде құжат болмаса, егер мұндай құжат бұрын банкке тапсырылмаса болмаса өзгертілсе, өкіл банк

Төлемді немесе ақша аударымын(ақшаны кірістеу) тек қана жеке тұлғаның мақсаты көрсетілген, тапсырысында (сұранысында)төмендегі жазбалар болған жағдайда ғана өткізеді:

1)        Өкіл банкке осы төлем немесе ақша аударымы туралы құқық қорғау орындары мен Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша мәліметтерді беруге рұқсат ететін жазба;

2)        Осы төлем немесе ақша аударымы жеке тұлғаның тіркеу куәлігін қажет ететін, хабарлама туралы куәлікті қажет ететін немесе келісім төлқұжатын дайындау мақсатындағы валюталық операциялар жасауымен байланысты болмайтындығын растайтын;

3)        Жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен (жеке тұлғаның өкілбанктен шот ашпай ақша аударуы) айналысуымен байланысты болмайтындығын растайтын жазбалар болғанда ғана өткізіледі.

 

Төлемге, ақша аударымына тапсырыста (сұраныста) көрсетілген мәліметтердің анық емес, қате көрсетілгені үшін жауапкершілік ақшаны жіберушіден сұралады.

 

2007 жылдың 1 қаңтарынан валюталық операциялар Заң бойынша 2 режиммен реттеледі:

- тіркелу режимі (коммерциялық несиелер, қаржылық займдар, тікелей инвестициялар, интеллектулды меншік объектісіне құқық алу,  қаржы немесе басқа мүлікті бірлескен жоба бойынша қарастырылған міндетті орындау жолында келесіге беру;

- хабарлы болу режимі (құнды қағаздармен жұмыс, (участие в УК ?), шетел банкісінен шот ашу, жылжымайтын мүлік сатып алу операциялары)

 

Валюталық операцияларды Ұлттық Банктің лицензиялауы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды.

Қазақстан Республиасынан шығатын қаржыны қадағалануы 10 мың АҚШ долларынан 50 мың АҚШ долларына дейін көтерілді, келетін қаржының қадағалану мөлшері сол күйінде қалды, 300 мың АҚШ доллары көлемінде.

Валюталық реттеу режимі төмендегі операцияларға қолданылады:

-         Келісім төлқұжаты талап етілетін экспортпен/импортпен байланысты коммерциялық несиелерге;

-         Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің валюталық операцияларына;

-         Белгілі бір уақытқа немесе жартылай интеллектуалды меншік объектісіне құқық алғанда;

-         Банктермен 180 күннен артық мерзімге  берілген бейрезиденттерге коммерциялық несиелер немесе қаржылық займдар

-         Банктен алынған қаржыны  резиденттің қайта сатып алуымен  байланысты операциялар;

-         Қазақстан Республикасының  кепілдігі берілген мемлекеттік  сыртқы займдар, мемлекеттік емес сыртқы займдар;

 

Экспорттық/импорттық валюта бақылауы шеңберінде тіркеу режиміне жиі қайталанатын клиент операциялары енгізіледі:

-         ҚР аумағында резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы тауарды өткізуге байланысты алынған коммерциялық несиелер

-         Резиденттер мен бейрезиденттер арсындағы қызмет көрсету, жұмысты жүзеге асыруға  байланысты алынған коммерциялық несиелер

-         Қаржылық займдар

-         Тікелей инвестициялар

-         интеллектулды меншік объектісіне құқық алу,  қаржы немесе басқа мүлікті бірлескен жоба бойынша қарастырылған міндетті орындау жолында келесіге беру.

 

Бейрезиденттер тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша Ұлттық Банк филиалына жолығады. Тіркелу куәлігі өтініш берушібарлық құжаттарын тапсырғаннан кейін  10 күн ішінде беріледі.(39 б)

Хабарлы болғандығы жөнінде куәлік алуымен хабарлы ету режиміне  төмендегідей опреациялар енеді:

-         шетел  банкісінен шот ашу;

-         Жылжымайтын мүлікке ие болу құқығымен байланысты операциялар (жеке тұлғаларға қатысты операцияларды қоспағанада, себебі олтуралы оларға қызмет көрсететін банк ай сайынғы есебінде көрсетіп мәлім етеді.)

-         Резиденттер мен бейрезиденттердің шетелдік тұлғаның жарғы капиталын қамтамасыз ету мақсатындағысалымдары;

-         Бейрезиденттердің банкке  бережақ қаржылық  займы коммерциялық несиелері;

-         Резидент- брокермен жасақталған брокерлік қызмет көрсетуе арналған келісім шарт негізіндегі тікелей инвестициялар

 

Хабарлы болу туралы куәлік алу үшін резидент ҚР ұлттық Банкінің жергілікті жердегі филиалына жолығады. Хабарлы болу жөніндегі куәлік тиісті  сұраныс беруші хабарламаны бергеннен кейін 10 күн ішінде беріледі.

Қазіргі екпінді дамуды бастан кешіріп отырған халықаралық сауда  өмірінде Банк пен клиент арасында өзара түсіністікпен  тиімді іскерлік байланыс өте қажет. «Центр КредитБанк»  қаржы қызметінің бірнеше түрін ұсына алады. Соның бірі саудалық қаржыландыру құралдарын қатыстыра отырып шетелдік және ұлттық тараптардың импорттық/экспорттық келісімдерге қызмет қылу.

 

ІІІ. Банк қызметі

11.Банктің жоспарлы-экономикалық қызметі

 

1. Банк үшін негізгі бөлімдерді банктің үлесін жоғарылату

Банктің 2006-2008 жылдарға арналған басты мақсаты оның активтері бойынша  оның нарықтағы үлесін 9 пайызға жеткізу.  Көздеген мақсатқа жету жолында   Банк осы кезең аралығында басым бағыттарда өз позициясының белсенділігін арттыруға күш салуда.  Банк  үшін басымдылық танытатын бизнес бағыттары, бұл тұтыну несиелері, шағын және орта  бизнес, несие және төлем карточкаларын сату, және жеке тұлғалардан депозитке салымдар тарту. Бұдан басқа активтің өсуі үшін, Банк шетел нарығында өзбизнесін дамытпақшы, атап айтқанда  Ресейде. Осы мақсатты іске асыру жолында 2006 жылы Банктің Ресейдегі атқаруға тиісті жұмыстарының нақты жоспары жасақталды.

 

2.Капиталдың жеткілікті деңгейін ұстау

Капитализация саласында “Центр Кредит Банктің” стратегиялық жоспары капиталдың жеткілікті деңгейін ұстап тұруға қажетті қосымша акция эмиссиясына тәуелділігін төмендету үшін   жыл сайынғы капитал өсімінде таза пайданың үлесін көбейту. Бұл жағдайға   банктің таза пайдамен  жұмыс істеу көрсеткішін жоғары деңгейге көтеру арқылы жету жоспарланған. 2005 жылы капиталдың жылдық өсімінде таза пайданыңүлесі 33 пайыз болса, басқа өсім жаңа акция эмиссиясын орналастырудан болды.  2006 жылы бұл көрсеткіш шамамен осы 30-33 пайыз деңгейінде қалды, 2007-2008 жылдары жүйелі түрде көбейту жоспарланған.

Резервтік капитал және бөлінбейтін таза пайда. Капиталдың бұл бөлімі жыл сайын жыл аяғында қалыптасқан таза пайданың барлық көлемін капитализациялау арқылы толықтырылып отырады. Жоспар бойынша 2007 жылдың  сақтық капиталы мен бөлінбейтін таза пайдасы  14,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылдың басына -  21 млрд.теңге, ал 2009 жылдың басына -37,5 млрд.теңге болады  деп жоспарлауда.

Жарғылық капитал. Алдағы 3 жыл ішінде жарғылық капиталды көбейту мақсатында Банктің акция  эмиссиясының бірнешеуін жүзеге асыру жоспарлануда. 2006 жылы акция  шығару арқылы, жарғылық капиталды 13,5 млрд.теңгеден 30,5 млрд.теңгеге,2007 жылдың аяғына 34 млрд теңгеге жеткізу жоспарланса,  2008 жылдыңаяғына 43,5 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде.  

Субординарлық қарыз және басқа қаржылық құралдар.  Жарғылық капиталды көбейту  мен таза  пайданы толық капитализация жасаудан басқа, капиталды көтеру мақсатында альтернативті нұсқаларын пайдалануды қарастырып отыр. Субординарлық  облигацияларды шығарудан басқа, Банк қазақстандық нарық қоры үшін жаңа құрал - мерзімсіз облигацияларды шығарудың өміршеңдігін зерттеуде.

 

2.      Таза пайда нормасын көтеру.

 

2006-2008 жылдары Банк таза пайда көрсеткішін көтеруді жоспарлауда. 2008 жылы таза пайданы 16,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. 2006 және 2007жылдың аяғында таза пайда тиісінше 8 және 12 млрд теңге болуы тиіс. Активті пайданың коэффициентіне келсек, активтің жоғарғы қарқынмен өсуіне орай, аталған көрсеткіш біртіндеп төмендеуі тиіс. 2005 жылдың аяғына ол 2,15 пайызды құрады. 2008 жылы ол 2,1 пайызды құрауы тиіс. Рентальділігін көтеру мақсатындағы іс-шаралар төмендегі бағыттарда жүргізіледі:

3.4. Таза пайыздық маржаны орта деңгейде ұстап тұру.

Банк жұмыс жасап тұрған активтерінің жоғары пайдалылығын ұстап қалуға жұмыстануда.  Бұл мақсатта таза пайыз маржасы лимитін орта дәрежеде ұстап, базалық үстеме мен несие рейтингі жүйесі негізінде берілетін несиенің  несие үстемесін анықтаудың қатаң тәртібін енгізуді жоспарға енгізді.   Бұл жерде, Банк өзінің бәсекеге қабілеттілігін    жоғарылату  мақсатында, үстемені орналастыру орта деңгейде ұсталып, және біртіндеп қаржылық үстемені төмендетуге жұмыс жасау көзделіп отыр.

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі