Қазіргі заман бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық анализдің даму ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 07:43, доклад

Описание работы

Жерінің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Еуразия даласының жүрегінде кең байтақ аймақтарды иеленіп отырған Қазақ еліне сонау тоқсаныншы жылдардан бастап XXI ғасырдың есігін аша отырып, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық экономика мен нарықтық қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар мен ақпараттар жүйесі енгізіліп келе жатыр.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі заман бухгалтерлік есеп баяндама .doc

— 73.00 Кб (Скачать)

Қазіргі заман бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық анализдің  даму ерекшеліктері

«...Бухгалтерлік есеп эрасы басталды»

Дж.Мэй

       Жерінің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Еуразия даласының жүрегінде  кең байтақ аймақтарды иеленіп отырған Қазақ еліне сонау тоқсаныншы жылдардан бастап XXI ғасырдың есігін аша отырып, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық экономика мен нарықтық қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар мен ақпараттар жүйесі енгізіліп келе жатыр. Жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын кез-келген экономикалық реформаның жүргізілуінің ең негізгі мақсаты – халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсету болып табылады. Кез-келген экономикалық үрдіс – сапалы дәрежеде өнім өндіру, қызмет көрсету, сонымен қатар мұның бәрін жоғары деңгейдегі бәсекеге төтеп бере алатын дәрежегге келтіру үшін әр түрлі көздерден қаржы жұмсалатыны әркімге белгілі және жұмсалған қаржыны тиімді басқару қажеттігі туындайтыны ақиқиат.

       Экономикалық  жүйені тиімді басқару мен шешім  қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнерлерден де биік тұрады, не олардың барлығы оны қажет етеді, ал ол ешкімді де қажет етпейді, бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін болмас еді және адамдар бірін-бірі түсіне алмас еді» деп айтқан Б.Солозаноның сөздерінің жаны бар. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде осы күндері ең маңызды орындарды иеленіп келеді. Бұған дәлел ретінде БҰҰ-да 1992 жылы өткен конференциясында «Есептей алмаған-басқара алмайды» деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп атайды. Бухгалтерлік есеп жүйесін бизнестің тілі деп атаудың басты себебі, әуелгіде рәсімделген бастапқы құжаттар негізінде қалыптасқан ақпараттарды жақсы және өз бағыты мен мақсатына қарай пайдалана отырып, алға қойған мақсаттарға жетуге немесе ұтымды экономикалық бағытты таңдап алуға болады. «Есеп-бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп Р.А.Фаулки, «Есеп-бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты» деп Л.Фон Мизестің айтқан сөздері орынды десе болады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде жинақталған маңызды ақпараттар бизнестің тілі ретінде танылып, мұның негізінде түсінуге жеңіл экономикалық шешім қабылданады. Мұнда бұл мамандықтың басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігін байқауға болады. Өйткені, «кез-келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана – бухгалтерлік есеп»,- деп данышпан ғалым Цирулдің айтқан сөздері бекер емес және орынды айтылғанына күмән келтіру мүмкін емес.

       Шаруашылық  ұйымдардағы бухгалтерлік жүйесін  сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бұған дәлел ретінде келесі жағдайларды ерекше атап өтуге болады.

       Біріншіден: кемелдендірілген және білікті де жоғары дәрежеде мамандандырылған бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық анализ сферасындағы кәсіби мамандарға деген сұраныс 2010 жылы ҚР бойынша ең көп сұранысқа ие, ең жоғары ақы төленетін кәсіптер ондығына кіргендігін, оның ішінде төртінші орынды бухгалтерлер, тоғызыншы орынды салық саласындағы бухгалтер мамандары иемденіп отырғанын факт ретінде көрсетсе болады.

       Екіншіден: бухгалтерлерге деген жоғары дәрежедегі сұраныс ҚР-да саны күннен-күнге артып, жаңадан ашылып күшейіп келе жатқан шаруашылық ұйымдардың көбеюімен байланысты. Мысалы, елімізде үлкен және орта бизнесті есептемегенде кішігірім бизнеспен айналысатын тіркелген ұйымдардың саны 304,73 мың бірлік құрап отыр және бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 6%-ға артқан, сонымен қатар ол көбею үстінде. Жалпы, жоғарыда айтылғандардан бухгалтерлік есеп және аудит қоғамның экономика сферасында дамуында маңызды орын алатындығын және кілттік рөл атқаратындығын аңғаруға болады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ол оның аудитінің бәсекеге қабілеттілігі десе болады. Бухгалтер болу үшін дұрыс есептей білу, басқара білу жеткіліксіз, ол үшін ұйымның тиімділігін арттырудың жолын және әдісін ойлап таба білу қажет. Қазіргі кезде бухгалтер мен аудиторларға көптеген талаптар қойылған. Оны бухгалтерлік есептің күрделі ғылым екендігін оның басқа ғылымдармен байланысынан аңғаруға болады. Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен байланысын кесте арқылы көрсетсе болады: 
 

Экономикалық теория Экономикалық ғылымдар Психология
Статистика Экономикалық талдау
Жоспарлау Аудит
Қаржы Бухгалтерлік  есеп Соттық-бухгалтерлік сараптама
Салалық экономика Экономикалық информатика
Заң ғылымдары    
Филология
Математика Математикалық ғылымдар
Кездейсоқтық  теориясы
Кибернетика
Информатика Іскерлік хат-хабар Библиография

 

       «Біздің ғасырымыз-машина ғасыры, сондай-ақ ол бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»  деп П.Самуэльсон айтқан сөздері  бүгінгі күнде дәл орындалуда. Жалпы, қазіргі таңда капитал  рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондайақ халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептің бірегейлі қамтамасыз етілу қажеттілігі туындап отыр. Мұндай бағытты ұстанған жағдайда еліміздегі есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан да потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «айқындылығын» талап етеді. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу мәселелеріне аударылып келеді. Бұл өз кезегінде нарықтық қатынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық лдақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруымен байланысты.

       Егер  Қазақстан туралы сөз қозғайтын  болсам, біздің еліміз 2 жыл бұрын  ресми түрде Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан былай ХҚЕС) көшті. ХҚЕС-н енгізілуіне Қазақстаннның әлемдік экономикада шоғырлануы, алда тұрған жоспар – Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан былай ДСҰ) өту себепші болып отыр және ол қазақстандық ұйымдардың әлемдік экономикада жетекші орын алуына бағытталған. ХҚЕС-ы Қазақстанда қисынсыз тілек емес, қажеттілік. Бұл біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің сөздерімен- дүниежүзіндегі 50 бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарына кіру стратегиясымен сәйкес келеді және бұны өз кезегінде тиісті қазіргі заман қаржылық есеп беру жүйесіз іске асыру мүмкін емес. ХҚЕС-н енгізуде – қолайлы инвестициялық климат, қаржылық есеп беру айқындылығы, жариялылық, қаржылық жағдай және компанияның іскерлік нәтижелерінің анықтылығы ең маңызды құндылық болып саналатын нарықтық экономикада Қазақстан экономикасын сапалы дамудың жаңадан жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар Қазақстан алдағы уақытта ДСҰ-ға кіреді және мұнда барлық қатысушы елдерде бухгалтерлік есеп беру жүйесі ХҚЕС-мен жүзеге асырылатынын ескеру керек.

       ДСҰ-ға кіру-өте қиын, күрделі, ауыр, қымбат, ұзақ уақытқа созылатын және талап қоятын процесс. 12 жылға созылған қарапайым емес тілдесулерден кейін айтарлықтай маңызды ілгерілеулерге қол жеткізілді және Қазақстан кейбір өзінің сауда бойынша серікестіктерімен көптеген екі жақты хаттамаларға қол қоя алды.

       ДСҰ-ға мүше болып кірген кезде белгілі  бір шығындар мен артықшылықтар  жорамалданатыны белгілі. Егрде, ДСҰ-ға кірудің айрықша белгілеріне  қысқаша тоқталатын болсам, ол, біріншіден-үкіметтің  халықаралық экспорт нарығына жетілдірілген деңгейде жолы ашылатыны күтілуде. Сонымен қатар, мұнда, ДСҰ-ға кірген кезде ДСҰ-ға мүше елдер арасында ең қолайлы жағдай принципінің тарифтеріне әсер етпейтінін атап кеткен жөн. Екіншіден, экономикалық эффект көзі болып-сенімділік, болжамдылық, қауіпсіздік және үкімет саясатының транспаренттілігі (құпиялық болмау) болып табылады. ДСҰ-ға мүше болу дегеніміз-сенімді болатын бизнес-аймаққа қол жеткізу. Елімізге тікелей түрде шет ел инвестициясын тарту-Қазақстан үшін ұлттық экономиканы диверсикациялау, экспортты активизациялау және тұрақты дамуды қамсыздандыру үшін өте маңызды ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты болып табылады.

       Сондай-ақ, ДСҰ-ға мүше болып кіруде өзінің айтарлықтай  белгілі бір қиындықтары мен  кемшіліктері де бар. Әсіресе, ол бухгалтерлік есеп беру сферасында ХҚЕС-на өтуіне байланысты өзінің кері әсерлерін тигізуде. Соңғы жылдары ҚР-да бухгалтелік есеп және қаржылық есеп берудің даму жолындағы жетістіктеріне қарамастан кейбір жақтары ақсаңдап келе жатқанын аңғаруға болады.

       ХҚЕС-н  елімізге енгізу жолындағы қиыншылықтар мен туындаған мәселелер, олардың өзектілігі мен шығу себептері және оларды шешу жолдарын ұсынбас бұрын, оның ұлттық есеп стандарттарына қарағанда артыышылықтарына тоқталып өтсем, ол мыналар:

       -халықаралық  деңгейде әр елдердегі алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу мүмкіндігі;

       -бухгалтерлік  есеп құжаттарын компаниялар  арасында жалпыәлемдік деңгейде салыстырып отыруды қамтамасыз ету;

       -компаниялардың  шоғырландырылған қорытынды есеп  дайындауға жұмсалатын шығындарын  барынша қысқартуды қамтамасыз ету;

       -қаржылық  ақпараттарды пайдаланушылар үшін халықаралық стандарттардың түсініктілігі және қарапайымдылығы

       -тұрақты  түрде жетілдіріліп отырылуы;

       -ХҚЕС  мазмұнын ашық талқылау кезеңдерінен  өткізу және тиісті стандарттарды  есеп тәжірибесінде қолданып көру (опробация) кезеңдерінен өтуі;

       Алайда, ХҚҰЕС-на өтудегі елмізде туындайтын мәселелер мен кемшіліктер туралы сөз қозғайтын болсам, оларды келесі сфераларда байқауға болады:

       -нақтылы  есеп объектілеріне тән қолданбалы  ұсыныстар және түсіндірмелер,  қосымшалар мен мысалдардың нақтылы түрде қалыптаспағандығы;

       -ХҚЕС  негізінен экономикасы нарықтық  қатынастар мен дамыған елдер  есебіне арналғандықтан экономикалық  үрдісі жаңадан дамып келе жатқан елдерде қолданудың кейбір қиындықтары;

       -ХҚЕС-тің  ұсыныстық сипаты, оның үстіне ХҚЕС-і міндетті түрде қолдану керек еместігі жөніндегі ұсыны есеп жүйесінің гормониялық үйлесімділігін қамтамасыз етпейді;

       -Бухгалтерлер  мен аудиторларды кәсіби дайындаудағы  төменгі деңгей, сондай-ақ ХҚЕС  бойынша дайындалған ақпараттарды  пайдаланудағы дағдының мардымсыз болуы;

       -ХҚЕС-н  орта және кішігірім бизнестерде  кешенді пайдаланудағы қиындықтар;

       -Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беруді  реттеу, сондай-ақ бухгалтер және  аудитор мамандарын дамытудағы  кәсіби қоғамдық бірлестіктердің  ұйымдастырылу жиілігінің жеткіліксіздігі;

       -ХҚЕС бойынша бекітілген бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің кейбір категориялары, принциптері және талаптарына реттеуші органдардың және шаруашылық субъектілердің формальді түрде қарауы;

       -Сондай-ақ, бухгалтерлік есеп сферасындағы ең өзекті мәселе – бұл мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, орнықты дәстүрлермен бекітілген, мықты да берік кәсіби ұйымдарды жинақтау арқылы құрастырылған жүйе секілді көпшілік мойындаған сертификаттаудан өтуді студенттерге қолжетімді еткізе алатын арнаулы білімді кеңейтетін және өрістететін «бухгалтерлік институттың» аз болуы.

       Енді  мұндай мәселелердің туындау себептеріне  тоқталып өтсем, олар мыналар:

       -ХҚЕС-ң  өзгерістерін уақытылы сапалы  түрде қазақ және орыс тілдеріне  аударылмауы, нәтижесінде ескі нұсқасын қолдану мен ақпараттық-әдістемелік мәліметтердің болмауына соқтырады;

       -Алматы  сиқты мегаполис қаладағы жоғары  оқу орындарында «Бухгалтерлік  есеп» саласын дербес пән ретінде  оқытатын профессорлық құрамның  созылмалы жетіспеушілігі байқалады және де ол қайта даярлаудан өткізу үшін уақыттың тапшы болуына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарына жоғары конкурс пен осы мамандықтар бойынша білім алғысы келетін студенттердің үлкен көлемдегі санына қарамастан мұндай мамандарды дайындау сапасы мамандандырылған оқытушылардың жетіспеушілігінен әлі де болса төменгі деңгейде;

Информация о работе Қазіргі заман бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық анализдің даму ерекшеліктері