Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:39, реферат
Жалпы жұқпалы аурулардың ішінде алдыңғы орындарды жіті ішек жұқпалары алады.
2009 жылдың 1 жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында жіті ішек жұқпалы аурулары (ары қарай ЖІЖ) бойынша эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлықтай деп бағалануда. 2008 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда ЖІЖ ауруының деңгейі 5,7 пайызға төмендегені анықталған. Жалпы ЖІЖ 795 жағдайы тіркелген, 100 мың адамға шаққандағы үдемелі көрсеткіш 56,03, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 492 жағдай тіркелген. Шығыс Қазақстан облысының аумағында ЖІЖ топтық жағдайлары тіркелген жоқ.
Жалпы
жұқпалы аурулардың ішінде алдыңғы
орындарды жіті ішек жұқпалары алады.
2009 жылдың 1 жартыжылдығында Шығыс Қазақстан
облысы аумағында жіті ішек жұқпалы аурулары
(ары қарай ЖІЖ) бойынша эпидемиологиялық
ахуал қанағаттанарлықтай деп бағалануда.
2008 жылдың іспеттес кезеңімен
салыстырғанда ЖІЖ ауруының деңгейі 5,7
пайызға төмендегені анықталған. Жалпы
ЖІЖ 795 жағдайы тіркелген, 100 мың адамға
шаққандағы үдемелі көрсеткіш 56,03, соның
ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында
492 жағдай тіркелген. Шығыс Қазақстан облысының
аумағында ЖІЖ топтық жағдайлары тіркелген
жоқ.
Эпидемиологиялық тексеру деректері бойынша
аурудың негізгі себептері болып мыналар
табылады:
Ішек
жұқпаларына асқазан-ішек жолдарының
қабынуымен сипатталатын аурулар тобы
жатады. Ауырған адамның іші ауырып,
жүрегі айнып, құсады, іші желденіп,
жиі өтеді, дене қызуы көтеріледі,
сондай-ақ, денесін жалпы әлсіздік
басып, асқа тәбеті жоғалады.
Ішек жұқпаларының қоздырғыштары - әртүрлі
микроорганизмдер, олар ішектің қарапайым
жұмысының бұзылуын, дизентерияны, іш
сүзегін, паратифті тудырады, ал олардың
бөлетін улы заттары (токсиндер) тағамдық
улануға әкеліп соқтырады.
Ішек жұқпаларының қоздырғыштары қоршаған
ортада жақсы сақталады. Сөйтіп, дизентерия
қоздырғыштары өздерінің тіршілікке қабілеттілігін
апта, тіпті айлап та сақтайды, ластанған
ыдыста, ылғалды іш-киімде, топырақта –
3 айға дейін, тамақ өнімдерінде (сүт және
ет өнімдерінде, салаттарда, нанда және
т.б.) – бірнеше тәулік бойы, суда 5-6 күн
сақталады;
Іш сүзегінің қоздырғыштары ағынсыз суда
бірнеше айлар бойы, ағынды суда, жеміс-
жидектер мен көкөністерде -10 күнге дейін,
басқа азық-түліктерде- 8 аптаға дейін
сақталады.
Сүт пен сүт өнімдерінде, салат пен басқа
да азық-түліктерде ішек жұқпаларының
қоздырғыштары тек жақсы сақталып қана
қоймай, сонымен қатар, тамақ өнімдерінің
дәмдік сапасын өзгертпей-ақ, көбеюі де
мүмкін.
Ауырған адамдар немесе аурудың жеңіл
түрімен ауырған (емделмеген), ағзасынан
ауру қоздырғыштары үнемі бөлініп отыратын
адамдар – ауру көзі болып табылады. Олар
жеке бас тазалығы ережелерін сақтамаған
жағдайда, ластанған қолдарымен микробтарды
қоршаған ортадағы заттарға, орамалға,
ыдысқа, тамақ өнімдеріне тасымалдайды.
Жаз уақытында жiтi iшек жұқпаларымен ауру
жиiлей түседi, себебi ауа температурасы
көтерiлген сайын микробтар сақталып қана
қоймай, ет, сүт, балық өнімдерінде, салаттарда,
әсіресе кремді, кондитерлiк өнімдерде
көбейе түседi, сондықтан бұлар «тез бұзылатын»
тағамдар қатарына жатады. Ауру көбiнде
топырақпен, тыңайтқыштармен ластанған
жемiс-жидектерді, көкөнiстердi жумай жегеннен
пайда болады.
Iшек жұқпалы аурулары балаларда ауыр
түрде өтедi, ол негізінен ата-аналардың
баланы күту кезінде қарапайым тазалық
талаптарын сақтамауынан (көкөніс шырындарын
және езбесін дайындаған кезде, мұқият
жуылмаған жеміс-жидектермен, сондай-ақ,
қолды жумай баланы тамақтандырған кезде
ауруға шалдығады).
Әсiресе жаздың ыстық күндерi, жалпыға
мәлім мынандай алдын алу шараларын елеп-ескермеуге
болмайды:
Есте сақтаңыздар! Жай ғана iшектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауiптi асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тiптi өлiм-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкiн. Сондықтан, өзін-өзі, әсiресе кiшкентай баланы емдеуге мүлдем болмайды, аурудың алғашқы белгілері бiлiне бастағаннан-ақ, бiрден медициналық көмекке жүгiніңіздер!
Информация о работе Жіті ішек жұқпалы аурушаңдығы және оның алдын алу шаралары туралы