Иондаушы сәулелердің ас қорыту мүшелеріне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 16:23, реферат

Описание работы

Ас қорыту мүшелеріне радияция аса күшті әсер етеді, сезімталдығы мына тәртіп бойынша орналасады: ащы ішек, сілекей бездері, қарын, тоқ ішек, асқазан асты безі және бауыр. Организмге үлкен дозамен жалпылай әсер еткенде ең алдымен ащы ішек зақымданып, артынан ішек-қарын ауруы өрбиді. Орташа өлім дозасымен, одан да жоғары әсер еткенде ішек қабырғаларында морфологиялық өзгерістер пайда болады. Радияцияға аса сезіиталдылықты эпителия бездері білдіреді. Зақымдалған эпителия қабатында клеткалардың бөлінуі тоқталып, клеткалар өлкді.

Работа содержит 1 файл

Иондаушы сәулелердің ас қорыту мүшелеріне әсері.docx

— 14.24 Кб (Скачать)

  Иондаушы сәулелердің ас қорыту мүшелеріне әсері. Ас қорыту мүшелеріне радияция аса күшті әсер етеді, сезімталдығы мына тәртіп бойынша орналасады: ащы ішек, сілекей бездері, қарын, тоқ ішек, асқазан асты безі және бауыр. Организмге үлкен дозамен жалпылай әсер еткенде ең алдымен ащы ішек зақымданып, артынан ішек-қарын ауруы өрбиді. Орташа өлім дозасымен, одан да жоғары әсер еткенде ішек қабырғаларында морфологиялық өзгерістер пайда болады. Радияцияға аса сезіиталдылықты эпителия бездері білдіреді. Зақымдалған эпителия қабатында клеткалардың бөлінуі тоқталып, клеткалар өлкді. Мұндай поцестер сілекей қабатының сыртын ашып, ішіндегі клеткалардыжалаңаштағаннан кейін, қан плазмасы ішекке шығады. Ал, қан плазмасының азаюы жүректің жұмысын төмендетеді. Жоғарыда айтылғандармен қатар сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарлар органмзмінде улану, бактериемия болады, өйткені ішектің қабырғаларының микроорганизмдепге кедергі әрекеті тоқталады. Ішек-қарын ауруларының белгілері доза үлкен болғанда алғашқы 3-4 сағат ішінде іш өту, құсу лоқсудан басталады да 1-3 күнде беті қайтады, бірақ ауру аса асқынған кезде қайта қайталанады.

  Сілекей бездері. Радияцияның әсерінен сілекей бездері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Өэгеріс интенсивтілігі толқынды түрде болады және соныиһмен қатар сілекейде жаңа зат пайда болады. Мысалы иондаушы сәуле түскен иттердің сілекейінде амилаза пайда болады.

  Қарын. Қарын бездерінің секрециясы аз дозада жануарлардың бастапқы жағдайына байланысты: гиперсекрецияда төмендейді, гипосекрецияда жоғарылайды. Жоғары дозалар қарынның ас қорыту қызметін төмендетіп, иондаушы сәулемен ащы ішекке жалғасқпн жеріне әсер еткенде, алғашқы сағаттың өзінде-ақ қан сарысуында гастриннің 2-3 есе азайғанын байқауға болады. Бірақ алғашқы үш күнде гастрин түзейтін мүшелерде ешқандай құрылым өзгерістері байқалмайды. Үлкен өзгерістер тек 7 күннен кейін байқалады. Ұлтабар, ұлтабар жіңішкерген жерден шығатын С-клеткалардағы секреторлық  гранулдар азайып, сау малдардың организміндегі деңгейге 30 күнге дейін жетпейді. Радияция әсер еткенде гастрин түзейтін клеткалар қызметінің бұзылуы бірнеше кезеңге бөлінеді: 1)уақытша С клеткасының қызметі тоқталады; 2)С клеткадан қанға гастрин ьасымалдау тоқталаы; 3) ішек-қарын жолындағы гастрин түзейтін жүйелер қызметінің бұзылуымен қатар, құрылымдары да бұзылады; 4)түзеу процестері төмендегеннен С клетканы қызметі төмендеп жүдейді, гастрмн түзеу нашарлайды.

      Ішек. Ішектің секрет шығару, фермент түзеу қызметі, жалпы және жеке мүшелерге иондаушы сәуле түскенде организиһмдегі өзгерістер толқве түрінде байқалады. Алғашқы уақытта секрет, ферменттердің қызметі жоғарылап, сңынан төмендеп, қайтадан қалыптасып түзелгенше осы өзгерістер қайталана береді. Ал доза үлкен болған кезде жануар шығынға ұшырайды. Ауру аса ауыр болған кезде алғашқы күні ішектің жиырылуы, созылуы бұзлып, бездердің секрет бөлуі күшейіп, ферменттердің активтігі жоғарылап,  күннің соңында секрет бөлуі нашарлап, ферменттің активтілігі төмндейді. Иондаушы сәуле әсерінен ішектің қабырғаларының зақымдалуы мына түрде болады: ішек қабырғасының шырышты қабатының қабыну, кілегей қабатына қан құйылу, жара, шіру, тыртықтар,тесіктер. Ал ішек-қарын жолының зақымдалғанының клиникалық белгісі- жем-шөпті жеудің төмендеуі, жануардың массасының азаюы. Ішек-қарынның кілегей қабаты қабынған кезде нәжіспне бірге шарана (сілекей) бөлініп шығып іші өтеді, ал ішек-қарында жара, қанау, нәжіс қан аралас болады.

  Ішек-қарынның қайтадан қалыптасуы  алған дозаға байланысты, доза  жоғары болса, уақыт ұзақ,  доза  төмен болса, түзелу тезірек  және толық болады.

    Қарын асты  безі. Әсер еткен дозаға байланысты қарын асты безінің қызметі мен құрылымы өзгереді. Доза төмен болса, фермент түзеу күшейеді, ал жоғары доза амилаза, липаза трипсин активтлігін, инсулиннің түзелуін, ұйқы безі сөлінң шығуын нашарлатады. Сонымен қатар ұлпа бездерінде қан құйылу, құрылымдардың бұзылуы, шіру т.б өзгерістер ұдайы жүріп жатады.

  Бауыр. Радияцияға бауырдың сезімталдығы өте төмен, бірақ орташа өлім ӨД 50/30 дозасы түскенде жануарлар бауырындағы биохимиялық ракциялар бірсыпыра өзгерістерге ұшырайды. Каталазаның активтілігі төмендеп, сілтілік фосфотазаның активтілігі жоғарылап, өт тұзеу нашарлап, мүшенің негізгі ұлпаларындағы холестериннің алмасуы төмендеп, еттің сапасы, құрамы өзгеріп ішекке өтуі қмындайды. Белок, май, көміртекті бауырдағы алмасу өзгереді. Бауырда шіру, қан құйылған, ұлпалар, азған участоктар пайда болады да, мұның аяғы бауырдың бүрісууіне әкеп соғады. Иондаушы сіулелердің аса бір көрнекті белгісі, ол өт қабығының қабырғаларындағы қан құйылу, өттің қою созылмалы, жасыл түске ауысуы.


Информация о работе Иондаушы сәулелердің ас қорыту мүшелеріне әсері