Судың маңызы эссе

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:00, доклад

Описание работы

Бірақ проблемалардан шығу жол әрқашанда бар. Кез-келген проблеманы шешуге болады. Қуанышқа орай, қазіргі таңда фильтр сияқты су тазалауға арналған құрылғылар, және де үйлерге жақын орналасқан таза су беретін колонкалар бар. Осының арқасында әйелдер мен балалар өз уақыттарын үнемдеп, пайдамен өткізеді. Бұл уақыт олардың мектепке барып, білім алуына, ал ересектердің бизнесті бастап, отбасына қамқорлық жасауына беріледі.
Бір ғана Африка жылына 40 миллиард сағат үнемдейді. Бұл жәйт Францияда да орын табады.

Работа содержит 1 файл

Su.docx

— 12.25 Кб (Скачать)

Су

Су – өмір тірегі. Ол өмірге ауадай қажет. Дегенмен, ешкім оның маңызын түсініп, бүгінгі күндегі  су тапшылығымен байланысты қандай проблемалардың бар екенін білмейді. Әлемде жуық шамамен  миллиардтаған адамдар таза сусыз  өмір сүріп келеді. Бұл проблема Оңтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасында кездеседі.

       Су барлық  нәрсеге әсер етеді: білім алу  процесіне, денсаулыққа, кедейлікке, әсіресе әйелдер мен балалардың  денсаулығына. Мысал ретінде таза  су тапшылығынан азап шегетін  отбасын алып қарайық. Олар  күніне 1 доллар шамасында ақша  жаратуы мүмкін. Оларда тіпті  таза суды ішетін стақан да  жоқ. Қалайда болмасын су алу  үшін әйелдер мен балалар бөтелке  алып, жақын арадан су көзін  іздейді. Бұл кемінде 3 сағат  уақытты алады. Жақын жердегі  қауыздан, бұлақтан, өзеннен су тапқан  адамдар ол судың ашық аспан  астында тұрғанын және онда  көптеген бактериялардың бар  екенін ойламайды. Балалардың  жазып, оқудың, ал ересектердің ақша тауып, отбасын бағудың орнына олар бар уақытын су іздеумен өткізеді. Оңтүстік Африкадағы кейбір әйелдердің су көзін іздеуге кеткен уақыты басқа нәрсемен айналасуға кеткен уақыттан әлдеқайда басым болады. Ластанған су ішу диарея, құрғақшылыққа ал кейде өлімге әкеледі. Біз білетіндей, бәрінен де нәрестелердің түрлі бактериялармен ауыруға шалдығуы сирек. Жуық шамамен әр 19 секунд сайын әлемде аналар лас сумен байланысты аурулардың кесірінен балаларынан айырылады және әр күн сайын миллиондаған адамдар осы себептен өмірден кетеді.

       Бірақ  проблемалардан шығу жол әрқашанда  бар. Кез-келген проблеманы шешуге  болады. Қуанышқа орай, қазіргі таңда  фильтр сияқты су тазалауға  арналған құрылғылар, және де  үйлерге жақын орналасқан таза  су беретін колонкалар бар.  Осының арқасында әйелдер мен  балалар өз уақыттарын үнемдеп,  пайдамен өткізеді. Бұл уақыт  олардың мектепке барып, білім  алуына, ал ересектердің бизнесті  бастап, отбасына қамқорлық жасауына  беріледі.

      Бір ғана  Африка жылына 40 миллиард сағат  үнемдейді. Бұл жәйт Францияда  да орын табады. Таза су –  аурулардың болмауы, ал бұл  дәрі-дәрмектердің үнемделуі. Ақшаны  кітап немесе мектеп формасын  сатып алуға жұмсауға болады. Су тапшылығы өте қауіпті, дегенмен, біз шешім таба аламыз. Колонканың  жасалуына кеткен 20 доллар арқасында  қалада немесе ауылда тұратын  адамдардың өмір сүруіне үлкен  ықпалын тигізеді. Таза су –  дені сау келешек. 


Информация о работе Судың маңызы эссе