Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 19:48, курсовая работа
Мен осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық–санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Яғни олардың осы тасымал жолымен тасымалдағанда кездесіп қалуы мүмкін жұқпалы және жұқпалы емес әр түрлі ауруларды болдырмау,алдын алу және анықтау. Сондай-ақ жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға толық сипаттама беру.
Шекарадағы және көліктегі
ветеринарлық санитарлық қадағалау
бұл мемлекеттік мал
Қазақстан Республикасының 2002 жылы шілденің 10 күні шыққан "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабына 5-тармағының сәйкес, осы Ереже заң жүзінде ұйымдастыру, шаруашылық және басқа да қарым-қатынаста жүк иелерімен, тасымалдаушылар және бақылаушы органдар арасында ветеринариялық заңдылықтардың нормаларын және талаптарын мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктер (бұдан әрі - бақылаудағы жүктер) тасымалданғанда орындалуы үшін жасалынған.
Бақылаудағы жүктер
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын бақылаудағы жүктер:
1) жануарлар
- үй жануарларының барлық
2) жануарлардан
алынатын өнімдер - ет және
ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері,
балық және балық өнімдері, жұмыртқа
және тамаққа қолданылмайтын
сәйкесті өңдеуден өтпеген
3) жануарлардан
алынатын шикізаттар - тері, жүн,
шаш, қыл, бағалы аң терісі,
түбіт, қауырсын, эндокриндік және
іш құрылысы ағзалары, қан, сүйек,
мүйіз тұяқ және малдардан
алынған, малдарға азық
Малды және мал шаруашылығы өнімдерін тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдаумен байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қаралған тиісті ветеринарлық санитарлық ережелердің орындалуын қадағалап отыру жұмысын тікелей көліктегі және шекарадағы мал дәрігерлік бақылау пунктері іске асырады.
Қазіргі кезде жүк тасымалдау тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.
ТМД мен ЕО арасында жүк
тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль
көлігінің көмегімен жүзеге асырылады.
Өйткені автомобильмен
Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:
- тапсырыс беруші жүкті
әрқашанда тікелей жүкті
- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;
- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;
- жүк теміржолға да, өзен
және теңіз порттарына да
Көлікте қызмет атқаратын мал дәрігерлік мамандарының міндеті – жануарларды аурудан сәтсіз шаруашылықтардан шығуына рұқсат етпеу, тасымалдау кезінде жануарлардың арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескеру, сонымен қатар ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттардың бұзылуын болдырмау, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдаланылатын вагондар, кеме, автокөлік және ұшақтарды дезинфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етуден тұрады.
Мен осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық–санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Яғни олардың осы тасымал жолымен тасымалдағанда кездесіп қалуы мүмкін жұқпалы және жұқпалы емес әр түрлі ауруларды болдырмау,алдын алу және анықтау. Сондай-ақ жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға толық сипаттама беру.
II.Негізгі бөлім.
2.1 Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.
Жануар тектес шикізаттарды
тасымалдау үшін тек қана шаруашылықтың
рұқсатымен және түрлі жұқпалы аурулардан
сәтті болса, өңделген жағдайда ғана
тасымалдауға жіберіледі. Сондай-ақ әрдайым
экспорттаушы немесе импорттаушы елдің
ветеринарлық-санитарлық қадағалаудың
бақылауында болады. Сонымен бірге
жануар тектес шикізаттардың тасымалдау
реттілігін анықтау шарттарын және
басқада ветеринарлық-
Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігі арқылы тасымалдау алдында, дайындау кезінде, оларды өңдегенде, сақтағанда, сондай –ақ шет елге экспортқа шығарардан алдын ала тиісті ережелерге сай мал дәрігерлік санитариялық сараптау жүргізіледі.
Тасмалдауға келіп түскен жануар тектес шикізаттардың клеймасы және дайындаған ауданы көрсетілген қалақшалары болуы тиіс. Бұл сібір жарасының қоздырғыштарымен ластанған шикізаттар табылған жағдайда, сол сәтсіз ауданды тез анықтауға мүмкіндік береді.
Автомобиль бекетінің аймақтық бастығы шикізаттарды багаждарға және жүк салатын жәшіктерге тиеуден 12 сағат бұрын, бұл жөнінде көліктегі малдәрігерлік- санитарлық бақылау орнына хабарлайды, ал шикізаттарға малдәрігерлік куәліктің №3 үлгісін алады, онда барлық жүргізілген зерттеулер көрсетілуі тиіс.
Жөнелтуге ұсынылған шикізат тиеместен бұрын және тиеу барысында тексеріледі, сонымен қатар көліктегі малдәрігерлік санитарлық бақылау өкілінің жөнелтпекші жүк ыдысының 10%-ын аштыруға құқығы бар.
Жүктің сапасыз екендігі анықталса, олар автокөлікке немесе арнайы жүк салғыштарға тиелмейді, көліктегі малдәрігерлік бақылау өкілі бұл туралы акт жазады,онда кемелерге тиеуге тыйым салынған себептерді көрсетеді (жазбаша).Тері және мамық шикізаттар мұздатылған түрінде тасымалдауға қабылданбайды. Егер тасымалдауға ұсынылған шикізаттың көлемі саны мал дәрігірлік куәліктегі көрсетілгендермен дәл келмесе, сонымен қатар түзетулері бар, мөрімен, жеке қолы қойылмаған мал дәрігерлік куәлік ұсынылған жағдайда бұл шикізат тасылалдауға жіберілмейді.
Көліктегі мал дәрігірлік- санитарлық бақылау өкілі мал дәрігірлік куәлікте көрсетілген шикізат жөніндегі мағұлматты айқындайтын тасымалдау құжаттарын тексереді.Егер жүкті тасымалдау кезінде, шикізатқа берілген мал дәрігерлік куәлік болмаса немесе олар жұқпалы аурудың қоздырғышымен ластанды-ау деген күдік туса, онда көліктегі мал дәрігерлік бақылау бұл жүкті кідіртеді, ал қажет болған жағдайда мал дәрігерлік заңдылыққа сәйкес тиісті шаралар қолданады.
Көліктегі мал дәрігерлік
бақылау өкілі мал дәрігерлік-
Жануар тектес шикізаттарды
тасымалдау кезіндегі мемлекеттік
мал дәрігерлік бақылау жүргізіледі.
Жануар тектес шикізаттар дені сау
малдардан алынып және аусыл ауруынан
сәтті кәсіпорын
Жануар тектес шикізаттарды
(тері, тұяқ, мүйіз, сүйек,мамық, қылшық,
жүн), эндокринді шикізаттарды тасымалдаған
кезде алдын ала ветеринарлық-
2.2.Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын талаптар және құжаттарды рәсімдеу.
Автомобиль көлігімен тасымалдауға шекара мен көліктегі ветеринарлық бақылаудың қадағалануындағы болатын жұқпалы ауруларға сәтті шаруашылықтар мен пункттерден алынған жануарлар шикізаттары жіберіледі.
1. Жүк жөнелтуші әрбір бекетке мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың қызметшісінің визасы бар, белгіленген шығарылған жеріне сай ветеринарлық куәлігін көрсетуі тиіс.
Мемлекеттік ветеринарлық бақылау
жүктері ветеринарлық куәліксіз
белгіленген аймаққа
2. Ветеринарлық куәлік берілгеннен кейін 5 күнге дейін өз күшін сақтайды. Ветеринарлық куәлік уақыты аяқталған жағдайда жүкті тасымалдауға рұқсатты мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкері шешеді.
3. Ветеринарлық
куәлікте шикізаттардың атауы, көлемі,
салмағы көрсетіледі. Егер ветеринарлық
куәлік мөрсіз, қолтаңбасыз, түзетулері
мен қателіктері болса оның күші жоқ болады,ал
бұндай куәліктермен тасымалдау жұмыстары
жүргізілмейді.
4. Шығармақшы бекет мен жүк қабылдаушыны ветеринарлық куәлікте календарьлы штампель арқылы белгілейді. Бұл оның екінші қайтара тасмалданбауы үшін тиімді.
5. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметкерінің тексерісі жүк шығарушы арнайы бекетке жүкті тиемес бұрын және тиегеннен кейін , ал жеткізілмекші бекеттерде жукті тусіргеннен кейін орындалады.
6. Мемлекеттік ветеринарлық бақылауының қызметкерлерінің тексерістері тасмалдау кезінде, жүкті жөнелтуші сұрыптау автомобиль көліктеріне тиеу орындарында жүргізіледі.
Мемлекеттік ветеринарлық қызметкерлеріне станциялар ветеринарлық куәлікті, жүкті тасымалдау құжаттарын және жүкті тасмалдаудағы мемлекеттік ветеринарлық бақылауның орындалуына байланысты анықтамалар беру керек.
Егер мемлекеттік ветеринарлық
бақылауға сәйкес ветеринарлық куәлігі
болмаса немесе шикізаттар жұқпалы
жануарлар мен құстардан
7. Егер жолшыбай жүк тасмалдау ветеринарлық куәліктері жоғалған жағдайда ,жалпы формалы акт толтырылады.Егер ұсақ жүкті тасмалдағанда ветеринарлық куәлік жоғалса, жүк – мемлекеттік ветеринарлық бақылау талаптарымен, ветеринарлық куәліктің жоғалғандығын байқаған бекетте тоқтатылады.
8. Егер тасымалдау кезінде мемлекетті ветеринарлық бақылаудағы жүкті тоқталатылатын болса, ол туралы мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкері тиісті жерге хабарлайды.
Жүктің тоқтатылуы туралы мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың қызметкері мен жүк иесінің өкілі қатысушымен акт толтырылады.
Актта жүк тоқтатылу себептері, және тоқтатылатын жүкке қатысты іс шаралар көрсетілуі тиіс. Акттың көшірмесі құжаттарға тіркеледі.
9. Авто бекеттерде жүк тиейтін, түсіретін және сұрыптайтын шикізаттарға арналған, жүктің аталған бекеттен өткендігі, көлеміне байланысты арнайы қоймалар, қоймалардың арнайы бөлімшелері, қоймалардың оқшауланған орындары мен биіктігі 2,5 м кем емес, қабырғалары бар алаңдар берілуі тиіс.
Шикізаттарды өнімдермен, азық-түлікпен, жануарлармен, металл бұйымдарымен бояғыш заттармен бірге тасмалдауға болмайды.
Шикізаттарды өлшеумен тасмалдау үшін арнайы таразылар мен арбалар беріледі.
Шикізаттарды ұстаған орындар, таразылар арбалар мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерлерінің бұйрықтарымен дизинфекциядан өткізілуі тиіс.
10. Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдар арнайы қорғаныс киімдерімен жұмыс жасауы тиіс (тығыз матадан тігілген костюм немесе комбинезон, қолғап, голош, алжапқыш). Бұл костюмдерді өзге мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді, оларды сол бекеттегі арнайы шкафтарда сақтайды.
Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдардың гигиенасын ветеринарлық бақылау орындары бақылайды.
11. Тері және жүн шикізаттарын тұщы, құрғақ және тұзды ылғалды күйде кемелерде және баржаларда тасмалдауға арнайы торланған қатты жіптермен байланған полкаларда жіберіледі.
Әрбір тұзды - ылғалды шикізат полкасы жүнмен қапталынуы тиіс.Ірі құрғақ терілер (түйе мен буйвол) екіге бүктетіліп (ұзына бойы) немесе жіппен оратылып тасмалданады.
12.Жануар тектес шикізаттарды
тасымалдау
- тұщы, құрғақ және тұзды құрғақ- қатты немесе жұмсақ ыдыста;
- ылғалды, тұзды бөшкелер мен жәшіктерде.
13. Тері мен жүн мұздатылған күйінде тасмалданбайды.
14. Тері мен жүннің ветеринарлық куәлігінде сібір жарасына тексергенде, теріс нәтиже берді деп жазылуы тиіс.