Залалсыздандыру (стерилизация) әдістері: химиялық, механикалық, физикалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 15:04, реферат

Описание работы

Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:

қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);

тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);

Работа содержит 1 файл

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ.docx

— 36.81 Кб (Скачать)

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ (СТЕРИЛИЗАЦИЯ) ӘДІСТЕРІ: ХИМИЯЛЫҚ, МЕХАНИКАЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ 
 
Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:  

  •  
    қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);
  •  
    тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);
  •  
    жою уақыты (нұсқауда көрсетілгендей, микробтарды жоюға арналған уақыт).

 
Залалсыздандырудың сенімділігі 50% жою уақытының ұзақтығына байланысты.  
 
Нақты залалсыздандырудың уақыты тепе-теңдік уақыты, қосымша жою уақыты және қосымша қауіпсіздік уақыты болып табылады. Залалсыздандыру дұрыс жүргізілмесе немесе температура параметрлері жеткіліксіз болса, стерелизацияны қайталап жүргізген жөн (Денсаулық Сақтау Министрлегінің № 720, 31.07.78 ж. бұйрығымен стерилизация тәртібі белгіленген). 
 
Ыстық бу қысымымен залалсыздандыру - жылу өткізуші. Ол объектілерге ыстық ауаға қарағанда интенсивті әсер етеді. Таңу материалдарын, медициналық аспатарды, төсек-орындарды Залалсыздандыру кезінде ауаның қатысуынсыз өзіндік стерилдеуді жүргізеді. Ал жабық толған ыдысқа стерилизация кезінде жылу өткізгіштік қызметін атқарады. 1884 жылы Л.Л. Гейндейрех ең алғаш рет автоклавта жоғарғы бу қысымымен залалсыздандыруды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қөрғақ ыстықта Залалсыздандыруға төзімсіз құралдарды, автоклавта жүргізеді. Бұған төсек-орындар, резинкадан жасалған бөйымдар, синтетикалық заттар, жабық ампулалар жатады.  
 
Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру арнайы шкафтарда жүзеге асырылады. Онда температура тұрақтылығын әрдайым электротермометр және реле құрылғысы бар автотермореттегіш кешені сақтайды. Ыстық ауа сулы буға қарағанда жылу өткізгіштігімен ерекшеленеді. Осыған байланысты залалсыздандыру температурасы 160º-200ºС болуы керек. 180ºС температурада стерелизация уақыты 60 минутты құрайды. Залалсыздандыру уақытын анықтау кезінде тепе-теңдік уақытына көңіл бөлу керек, өйткені тепе-теңдік уақыты бумен Залалсыздандыруға қарағанда, құрғақ ыстықпен зарарсызандыру ұзағырақ. 
 
Сәулемен залалсыздандыру – Залалсыздандыруды ионмен сәулелену арқылы жүргізу.  
 
Х (икс), У (гамма), бетта бөлшектері және біршама ауыр нейрондар мен протондарды және т.б. қолданады. Олардың биологиялық өзгерістері білінбейді. Радиоактивті сәулелену ортадан өткенен кейін, иондалуды соңынан тудырады, соған байланысты ионмен сәулелену деп атайды. Қазіргі заманда, залалсыздандыру кезінде «рад» немесе «мега рад» (Мрад немесе 1*106) өлшем бірліктері қолданылады. Сәулелендіру үшін 2 түрлі құрал - жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар кобальты – 60 және электрон үдеткіштер. Кобальта – 60-тың жартылай ыдырауы 5 жылды құрайды. Сондықтанда сәулелендіру көзін әр 5 жыл сайын ауыстырады. Ионмен сәулелендірудің бактерицидтік әсері бактерия жасушасының метаболистік процесінің әсерінің нәтижесімен негізделген. Ионмен сәулелендірудің биологиялық әсері жанама және тура әрекеттің әсерінен болуы мүмкін. Радиациялық энергияның әсер етуінің бірінші нәтижесі тура немесе жанама әсер етуге байланысты емес, өйткені бұл қоздыру мен ыдыраудың пайда болуы, сәуленің сәулелендіру бөлшектеріне байланысты дәрежесі. Сәулемен залалсыздандыруға дәрілік заттарды, тану материалдарын, шприцтерді, инелерді, тігу материалдарын, қолғаптарды, тамырішілік егуге арналған жабдықтарды қолданады. Оптималды залалсыздандыру дозасы 2-2,5 Мрад.  
 
Ультрадыбыспен залалсыздандыру - 2*10 (индекс 4) 2*10 (индекс 8) жылдамдығына дейін механикалық тербеліс, адам құлағы тербелісті 1 секунд ішінде қабылдамауы ультра дыбыс деп аталады. Ультрадыбысты жасанды түрде алу үшін аранай құрылғылар қажет. Ультрадыбыс көздеріне пьезоэлектрлік қасиетке ие турмалин, кварц кристалдары жатады.  
 
Пьезоэлектрліктің әсері кристалдардың электрлік полярлық қөбылыстарымен негізделеді, олардың механикалық өзгерістерін тудырады (сығлу, созылу, ширату). Әдетте ультрадыбыс генераторын осылай құрайды, ультрадыбыс толқындарын сұйық орталарда алынады. Шекарада сұйықтық, ауа, су толығымен шағылысады, және ауаның ортасына кетпейді. Сондықтан да, дыбыстандыру объектісінің және толқынның сәулеленуі арасындағы сұйықтық қатынас болған кезінде ғана ультрадыбыс әрекеті байқалады. Әр ортаның аймағында, ультрадыбыс толқындары енген жерлерде сығылу мен созылу кезек пен кезек жүреді. Бәсеңделген жерлерде микроскопиялық қуыстар қалыптасады, олар келесі сығылу кезінде тез жабылады. Мұндай құбылыс навигация деп аталады. Көпіршіктердің өмір сүру уақыты дыбыс тербелісі кезімен шамалас. Навигациялық қуыстарда бар молекула мен газдардың атомдар иондалу мен диссоциация процесіне тартылады. Қуыстарда микробты клеткаларды жою қабілеті бар активті радикалдар, энергияға бай заттар туындайды. Навигация процесі нәтижесінде микробтың жасуша қабығының жарылуы мен қысымында үлкен айырмашықты тудырады. Ультрадыбыстың бактерицидтік әсері дыбыстандыру объектісіне антисептикалық заттарды қосқан кезде ұлғаяды. 0,005% гибитан ертіндісі жиі қолданылады.  
 
Ультракүлгін сәулесімен залалсыздандыру - 100 жыл бұрын шамасында ультра күлгін сәулелерінің бактерицидті әсері байқалған. Қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерінің әсерінің нәтижесі дәлелденген. Максимум бактерицидті әсері 2540-2570 гр. А аймағында жүргізіледі. Микрожасушалардың протоплазмасымен адсорбцияланатын сәулелер бактерицидті қасиетке ие болады. 2000-4000 гр А ультракүлгін сәулелері ауруханаішілік инфекцияға арналған ауаны залалсыздандыру шараларын қолданады. Ультракүлгін сәулеленің ену күші аса күшті емес. Оларды өткізбеу үшін шынының жұқа қабаты жеткілікті. Сәулелердің әсері шағылысқан заттың бетімен шектеледі. Бактериалды аймақта егерде әр түрлі қорғаныс қабаттары микробқа қарсы әсеріне кедергі жасайды. Осыған байланысты, тығыз немесе жарақатөткізбейтін материалдардың беткі қабаттары ғана өңделеді, егерде микроорганизмдер қанмен және басқа органикалық заттармен қорғалмаған жағдайда, беткейлердің беті тегіс болса ғана. Сондықтан олардың беткейін ғана залалсыздандырамыз. Ауа мен мекеме дезинфекциясына арналған ультракүлгін сәулеленудің бірнеше әдістерді қолданылады: 

  1.  
    тура емес сәулелену (экрандалған бактерицидті шам)
  2.  
    тура сәулелену (ашық бактерицидті шам) 
  3.  
    ветиляция қөбырлары арқылы өтетін, ауаны залалсыздандыру
  4.  
    ультракүлгін құрылғылары
  5.  
    рециркуляция құрылғылары

 
Бактерицидті шамдардың мықтылығы мен саны бір болу керек: 6-15 мауаға бір лампа ВУВ-15 жеткілікті. Себебі, тура сәулелену кезінде 1 шаршы метр аумаққа 1Вт электроэнергиядан аз болмау керек. Тура сәулелену мекеменің жоғары бөлігінде жүргізіледі, аспалардың биіктігі 2-2,5 м болу қажет. Әдістің тиімділігі ауадағы микробтар санының 25-55%-ға, 2-3 сағат сәулеленуден кейін 50-80%-ға төмендітеді. 30ºС температурада шамдарды қолдануға рөқсат етілмейді, себебі құралдардың қызып кету қауіпі бар. Бөлмеде ылғалдылықтың болмауын есепке алу қажет, өйткені ылғалдылық 80-95% болса, бактерицидті әсердің тиімділігі 30-40%-ға төмендейді. Тазалық - ең бастысы болып табылады. Егерде микроорганизмдер бір қабатта орналасқан болса, ультракүлгін сәулеленудің әсері жоғары, ал көп қабатта орналасқан болса, төмегі қабаттағы микроорганизмдерді беткі қабаттағы микроорганизмдер қорғайды (қоғауыш қалқан құбылысы). Негізінен, мекемелерге комбинирленген (аралас) сәулелену әдісін қолданамыз: бір шамдар мекеменің төменгі жағын, сонымен қоса еденді сәулелендіреді, ал басқасы жоғарғы жағын.  
 
Инфрақызыл сәулесімен залалсыздандыру – Залалсыздандыру арнайы аппараттарда жүргізіледі (терең вакуумды инфроқызыл және конвейерлі пештерде). Бұл медициналық аспаптар үшін арналған жылдам залалсыздандыратын әдіс. Инфрақызыл пеші 8 инфрақызыл қыздырғышы мен вакуумды насосы бар, екі жақты автоматтандырылған камера. Ең алдымен камерада сынап бағанасы 1-2 мм қызу байқалады, содан 7 минут ішінде 280ºС-қа дейін қызады. Залалсыздандыру аяқталған кезде камера ішіне ауаның орнына азотты енгізеді. Бүл салқындату жағдайын тез тудырады және медициналық инструменттерді тотығудан сақтайды. Англиядан істеп шығарылған конвейерлі пеш 180ºС жұмыс жасайды, инфрақызыл сәулелерімен қыздыралады. 
 
Химиялық залалсыздандыру – иммунобиологиялық препараттар (вакцина, сарысу) мен қоректік орталардың бактериямен ластанбауын алдын – алатын стерилизация түрі. Қоректік орталарға көбінесе мынандай заттарды хлороформ, талуол, эфир қосады. Орталаран бұл консерванттарды шығару үшін сулы моншада 56ºС температурада қыздырады (консерванттар буланып кетеді). Вакцинаны, сарысуды консервлеуде бор қышқылының, формалинің – 0,05%, хлороформның – 0,5%, фенолдың – 0,5%, мертиолат және натрий азиді қолданады, олардың соңғы концентрациясы 1:5000, 1:10000. Әр түрлі мақсаттарда химиялық заттарды, ұшпалы химиялық заттар мен уларды жұмыста қолдану үшін дұрыс жұмыс істеу тәртібін сақтау қажет.  
 
Биологиялық залалсыздандыру. Биологиялық зарасыздандыру антибиотиктерді қолдануда негізделген. Бұл әдісті вирусты дақылдандыруда қолданады. 
 
Газды қолданып залалсыздандыру. МСВ – 532 газды стерилизаторлар, көлемі 2,3 л.  
 
555 мг/л этилен концентрациясы кезінде тест-объекттердің стерилденуі 2-4 сағаттан кейін байқалады. Осыған орай, 1 сағат ішінде стрептококктың және 4-7 сағаттан кейін стафилококктың тіршілігін жойылғанын байқаймыз. Зең саңырауқұлақтары резистентті (төзімді), себебі оларда липидттердің көп мөлшерде болуымен байланысты. 3 сағатқа дейін қойылған тәртіпті қысқарқанан кейін, препараттың концентрациясын 8500-10000 мг/л дейін көтереді. Себебі этилен тотығы жарылу қауіпі бар, оны көбінесе инертті газ қоспасымен қолданады (10% этилен тотығын 90% көмірқышқылгазымен). Бұл қоспа әдебиеттерде карбокс және карбоксид ретінде қолданылады. Температура жоғарылаған кезде этилен тотығының белсенділігі артады (әр 10ºС температура көтерілгенде 2,74 рет жоғарлайды). Қалыпты температура режимі 45-65ºС және препарат концентрациясы 1000мг/л. Газды қолданып зарасыздандыруда автоклав пен құрғақыстық камерасына төзімсіз объектерді ғана өңдейді. Этилен тотығы әсер еткен барлық объекттерді 24-72 сағат ішінде желдету керек. Аса асқын сірке қышқылы көмегімен стерилизация жүргізіледі (дезоксон-1). Соңғысы төрақсыз, жоғары температурада бұзылуға ұшырайды. 40% ерітіндіде қолданады. Аса асқын сірке қышқылына катетрлер, пластмассадан жасалған трубкалар, жүрек қақпақшалары, тігу материалдарын залалсыздандырады. Хирургиялық инстументтер коррозияға ұшырайды, сондықтан да бұл әдіс тек тот баспайтын болаттан жасалған заттарға қолданылады. Залалсыздандырудан кейін, ас төзынан жасалған изотоникалық ерітіндімен ашық көк түс кеткенге дейін шаяды. Сұйылтылған ерітінді 100 г еріткіш пен 2гр. Аса асқын сірке қышқылынан тұрады. 30 күннен жоғары, суық температурада сақтайды. Көрсетілген ерітінді тек 1 рет қана қолданылады. Сонымен қатар резеңкеден және пластмассадан жасалған құралдарды Залалсыздандыру үшін 6% сутегі асқын тотығын қолдануға болады. 
 
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ (ДЕЗИНФЕКЦИЯ) ӘДІСТЕРІ: ФИЗИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ.  
 
Зарарсыздандыру (дезинфекция) – микробтармен ластанған заттардан потагенді және шартты потагенді микроорганизмдерді жоюға арналған өндеу процедурасы.  
 
Зарарсыздандыру мақсаты – инфекцирленген индивидумнан қоздырғыштардың сыртқы орта объектілері арқылы берілуін болдырмау.  
 
Зарарсыздандырудың екі түрін ажыратады; 
 
1.Ошақты 
 
а.күнделікті 
 
б.қорытынды 
 
2. Профилактикалық  
 
Күнделікті зарарсыздандыру – ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өндеп отыру мақсатында, күнсайын (науқас бөлінділерін, киімдерін, ыдыстарын және т.б.) жасалады.  
 
Күнделікті зарарсыздандыру тиімдірек болады егер инфекция ошағын оны тапқаннан үш сағаттан кем емес уақытта басталса. Үйде пайда болған инфекция ошағын физикалық және химиялық тәсілдерімен, арнайы зарарсыздандыру ерітінділерін қолдана отырып зарарсыздандырады. Санитарлы – эпидемиологиялық станциялар күнделікті жасалған зарарсыздандыру шараларына арнайы зертханалық әдістер арқылы тексерістер өткізеді. Арнайы күнделікті зарарсыздандыру бақылауын- ішсүзегі, бактериальді дезинтерия, туберкулез, дифтерия, саңырауқұлақты ауруларда жүргізеді. 
 
Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғыштарының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта жасалады. Оның мақсаты жасалып отырған күнделікті зарарсыздандырудан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою. Қорытынды зарарсыздандыру инфекция ошақтарында обаға, холераға, ішсүзегіне, Ку қызбасына, Сібір түйнемесіне, сальмонеллезге күдектену болғанда жасалады.  
 
Зарарсыздандыру түрлері. 
 
Зарарсыздандыруда физикалық және химиялық тәсілдері қолданылады. 

  1.  
    Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өндеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.

 
Механикалық заттар – тазалау, дымқыл жинастыру, жуу, қағу т.с.с. жатады. Мысалы; шаңсорғыштын көмегімен микробтардың 98% кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микроб мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады. 
 
Термиялық – бұл жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өндеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданылады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенелер өледі. 
 
Сәулелер – ионды сәулелер әсері. Ультра күлгін сәулелердін антимикробты әсері 205-315 км спектірлік электромагниттік толқындарында. Бұл микробтар клетка ядросындағы ДНҚ-ны зақымдайды, ол әрі қарай микроорганизм клеткасының өлуіне әкеледі. Ультра күлін сәулелерге әсіресе бактериялар мен вирустардың вегатативті формалары сезімтал (таяқшалар, кокктар). Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар тұрақты болып келеді. Ультракүлгін сәулелермен көбіне кең бөлмелерді зарарсыздандыруда қолданылады; микробиологиялық зертханалар, медициналық бөлмелердің, палаталардың ауасын т.б. гамма – сәулелердің жоғары антимикробты әсері бар. Ол барлық микроорганизмдердің, бактериялардың вегатативті түрлері мен спораларға, саңырауқылақтарға, вирустарға жоғары әсері бар. 
 
Қайнату – зарарсыздандырудың қиын емес түрі. Инелер, шприцтер, стерилизаторға салып, су құяды. Суға 1-2% натрий бикарбонатын қосқанда судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін тоттанудан қорғайды.  
 
Күйдіру – (от жалының) ілмектерді, инелерді, пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.  
 
Пастеризация – 70 - 80ºС-қа дейін (30 мин) қыздыру, бактериялардың вегатативті формаларын өлтіреді.  
 
Тиндализация - 56°С температурада 5–6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі. 
 
Ылғалды булы – камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады. 
 
Кептіру - көптеген микрооргонизмднрді өлтіреді. Бірақ кейбір бактериялар, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегатативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды зертхана жағдайында концервациялау үшін кеңінен қолданылады.  
 
О ден төмен - 270°С температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды. 


Информация о работе Залалсыздандыру (стерилизация) әдістері: химиялық, механикалық, физикалық