Термостат

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 14:29, реферат

Описание работы

Термостат – үнемі бірқалыпты температураны ұстап тұратын құрылғы. Температураның бірқалыптылығы термореттегіштің қолданылуы немесе фазалық өткелдің (мысалы, мқздың еруі) тарапынан іске асады. Мысал ретінде автокөліктерде жазды күні ешқандай жылылық сақталмайтындықтан бірқалыпты жылуды қстап тұратын термостаттар болады. Сонымен қатар, үй тұрмысында қолданылатын тоңазытқыш.

Работа содержит 1 файл

Термостат.docx

— 22.03 Кб (Скачать)

Термостат

Термостат –  үнемі бірқалыпты температураны  ұстап тұратын құрылғы. Температураның бірқалыптылығы термореттегіштің қолданылуы немесе фазалық  өткелдің  (мысалы, мқздың еруі) тарапынан іске асады. Мысал ретінде автокөліктерде жазды күні ешқандай жылылық сақталмайтындықтан бірқалыпты жылуды қстап тұратын термостаттар болады. Сонымен қатар, үй тұрмысында қолданылатын тоңазытқыш.

Классификациясы:

  • Жұмыс істеу температура диапазоны  бойынша:
  • Жоғары температуралы  термостат (300-1200);
  • Орташа температуралы термостат (-60 – 500);
  • Төменгі температуралы термостат (-60 –тан төмен(200К)-криостаттар).
  • Жүмыс денесі (жылутасымалдағыш) бойынша:
  • Ауа; дейін
  • Сұйық:
  • Қатты.
  • Қолдану аясы және әсілі бойынша:
  • Өнеркәсіптік:
  • Тіркеме (накладные);
  • Су астындағы термостат; 
    Бөлме термостаты.
  • Жұмыс істеу принципі:

       

       Термостатта оны толтырып тұратын  бірқалыпты температурада  жылутасымалдағыш болады. Зерттелетін дене жұмыс затымен байланыста болады және соның температурасымен бірдей болады. Жұмыс заты ретінде әдетте ауаны, спирт (-110 – 60 аралығында), суды (10-95), майды (-10 - +300), т.б.  қолданады.

       Зерттелетін зат адиабатиялық шартта бірқалыпты температурада тұрады. Жылудың шығарылуы мен қайта сіңірілуі арнайы жылулық кілтімен жүзеге асырылады немесе реттеуіші бар  электр пеші және зерттелетін зат толтырылған шомбал металдық блок қолданылады.

 

Дистиллятор

 

        Әлемде ВОЗ зертеуі бойынша 500 млн адам күн сайын сапасыз әрі лас суды қолданатындықтан түрлі ішек ауруларына шалдығады екен.  Сондықтан медицинада  суды тазартатын арнайы аппараттар – дистилляторлар қолданылады.

      Дистилляция – жоғары сападағы суды алу үшін булау  және конденсациялау процесі.

      Дистиллятор стационарлы немесе дала шарттарындағы тазартылған суды алу үшін арналған.   Дистиллятор 3 электр жылытқыш элементі, қоламта труба және суытқыш бачоктан тұратын қазаннан тұрады. Қазан және суытқыш бачок өзара 3 түймеліктермен жалғастырылған.

Дистиллятор үстел үстінде тұратын және өнеркәсіптік болып бөлінеді.

Столға қоятын дистиллятор электр шәйнегі принципі  бойынша жумыс жасайды: су құйдың және кнопкасын бастың. Диятилляторлық жүмысы ааяқталғаннан кейін өзі  сөнеді. Столға қоятын дистиллятордың кемшілігі – сағатына 1 л ғана өнімділігінде.

Өнеркәсіптік  дистиллятор су құбырына жалғанған  және сағатына 140 л-ге дейін өнімділікті  қамтамасыз  етеді. Өнеркәсіптік дистилляторда су құбырынан келген су буландырғышқа түседі және қайнағанға дейін қызады. Булары конденсатор қабырғасына түседі, су құбырынан түскен су конденсацияланады да таза дистилденген су күйінде шығады.

      Стол үстіндегі дистиллятордың  ішіндегі әйгілісі 4л көлемді  шыны   колбалы дистиллятор.  Өнімділігі 1л/сағ дистилденген су. Ал өнеркәсіптік дистиллятордың  ішіндегі аса әйгілілері ДЭ-4,     ДЭ-10 және ДЭ-25; 4,10 және 25л/сағ өнімділігі.

 

Центрефуга

 

      Центрефуга – орталық тепкіш күшті қолдану арқылы сұйық заттарды ажырататын немесе әртүрлә салмақтағы сұйықтықтарды бөлуге арналған құрылғы немесе машина. Айналым кезінде үлкен салмаұты бөліктері шеттеріне, ал кішкене салмақтылары айналу өсіне жақын орналасады. 

Центрефуга лабороториялық жімыстарда, ауыл шаруашылығында бидайды тазартуда, балдың сығындысын алуда, сүттің майынан бөлгенде, өнеркәсіпте кенді байыту үшін, тоқыма өндірісінде, киім жуатын жерлерде, т.б. колданады.

 

 

Су моншасы

 

      Суу моншасы - 100 дейін қалыпты атмосфералық  қысымда заттарды қыздыратын құрылғы. Су моншасы қыздырылатын дене (мысалы, колба,пробирка) яғни суы бар ірі көлемді денеден тұрады. Су өзінің қызу температурасы шегінен артық қызбайды. Соған байланысты дене де автоматты түрде шектеулі максимал температураға дейін қызады. Тқөменгі температуралы қыздыру қажет болған жағдайда электрі су моншасы пайдаланылады. Су моншасы зертханаларда, өндіріс орындарында, асханаларда және т.б. қолданылады. Химиялық зертханаларда  су моншасы қыздыру үшін және оңай тұтынатын заттарды айыру үшін де қолданылады.

 

 

Араластырғыш, шайқау құралдары 

 

Өнеркәсіптік  өндірісте суспензиялар, эмульсиялар, жүзінділер дайындау үшін кедергі жасау  араластыру құралдары қолданылады.  Сонымен қатар, химиялық реакциялардың  тез жүруі үшін де осы араластырғыш құралдары пайдаланылады. Сұйықтық орталардағы кең таралған араластыру тәсілі механикалық араластыру болып табылады, яғни ол арнайы техникалық агрегаттар көмегімен – пропеллер, қалақты, турбиналы,зәкірлі және жақтаулық араластырғыштар.

     Сұйықтықтардың физикалық және химиялық қасиеттері әртүрлі болатындықтан араластыру механизмі де өзіінің жұмыс жасау параметрлері мен механизмдері бойынша ерекшеленеді. Ептеген тұтқырлығы бар сұйықтықтарды араластыруы  үшін, сұйықтарды тікелей араластыру үшін, ептеген меншікті салмағы бар заттардың еруі үшін қалақты(лапастная) араластырғышы қолданылады. Аз тұтқырлықты сұйықтардың араласуы мен қатты бөлшекті  тұнбаларды аралтыру үшін пропеллерлі араластырғы қолданылады. Пропеллерлі  араластырғыш  өндірісте қолданылмайды, яғни үлкен тұнбалы,  тұтқырлықты ерітінділерді араластыруда қолданылмайды.  Пропеллерлі араластырғыш қышқыл, негіз, шырын, сусындар өндірістерінде қолданылады. Турбиналы араластырғыштың қолдану аясы – шайырлар және мұнай өндірістері.

      Кей жағдайларда газ бен сұйық арасындағы химиялық реакцияларды жүргізу қажеттілігі туады. Бұл үшін арналған құрал – қалақты барабаны бар араластырғыш қолданылады.    Құрал жоғарғы өнімді болып табылады.

      Якорлі араластырғышы тұтқырлығы төмен сұйықтарда қолданылады, яғни реакциялық массаның беттік қабатының турбуленттігін арттыру үшін қолданады.

   Араластырғыштар жай және тез араластырғыштар болып бөлінеді.  Тез араластырғыштарға пропеллерлі, турбиналы, дискілі және қалақты араластырғыштар,  ал жай араластырғыштарға  қалақты, зәкірлі және жақтаулық араластырғыштары жатады.

 

 

Өлшеу құралдары

 

     Кез келген заттың салмағын анықтау үшін арнайы  құралдар приборлар қолданылады. Өлшеу шегі мен нақтылығы үшін таразы түрлері: аналитикалық, техникалық, саудалық, почталық, автомобильді т.б. шығарылған. Жұмыс жасау принципіне байланысты таразылар рычагты, серіппелі,  торсионды        (айналмалы),  электромеханикалық болып жіктеледі.

        Құрылыс материалдары лабораториясында  почталық, саудалық, техникалық және  кейде аналитикалық таразылар  қолданылады. 

Почталық  платформалы өлшегіш – шкала  көрсеткіштері бар және 2,5-50 кг-ға дейін өлшейтін құрал. Үлкен массалы  салмақты материалдар  мен бүйымдарды  өлшеу үшін қолданылады.

1 кг-ға дейінгі  салмақты анықтау үшін столға  қоятын саудалық кір және циферблатты  өлшегіштер өолданылады.

       Кір таразылары – тұтқалы кең иықты таразыларға жатады. Олар ашық және жабық механизмді: бір жағына кір, екінші жағына жүк қойылады. Кір таразылары 2-20 кг және  20г-100г аралығында өлшейді.

        Зертханалардағы негізгі өлшеулер техникалық  зертханалық таразыларда жүргізіледі. 20г-50кг және 0-500мг аралығында әр түрлі типті өлшенеді.

    Зертханалық аналитикалық таразылар ерекше дәл өлшеулер үшін сандық химиялық талдауда, сонымен қатар (1г кем) масса үлгісінің сынауында қолданылады.

Таразылармен  өлшеу жүргізу ережелері:

Өлшеу алдында  осы сынау үшін қажетті ең төменгі  дәлдікті анықтап алады. Анықталмаған жоғарғы дәлдікпен өлшеу жүргізу  өрескел қателіе болып табылады. Сонымен қатар жұмыстың нақтылығының жетіспеуіне соқтырады. Таразыдағы максимал жүк көтеру салмағынан артық қолдануға тыйым салынады. 

      Өлшер алдында таразыны дайындап, деңгейін сәйкестендіріп, 0-дегі  дәлдікті тексеру қажет. 

 

 

 

 

 


Информация о работе Термостат