Атмосфералық қысым

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 13:17, курсовая работа

Описание работы

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.

Содержание

I Кіріспе...................................................................................................3
II Негізгі бөлім
2.1 Атмосфералық қысым......................................................................................4
2.2 Ауа ылғалдылығы және қозғалысы..................................................................5
2.3 Аэроиондау және ауаның газдық құрамы.......................................................8
2.4 Ауадағы механикалық қоспалар.....................................................................10
2.5 Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту..........................................12
2.6 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері.....................16
III Қорытынды....................................................................................19
IV Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................20
V Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

атмосфера ауа.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

     Атмосфералық  ауаның негізгі ластану көзі мал  қиы болып табылады (оны өңдегенде, пайдаланғанда және т.б.).

     Қиды  және қи үймелерін дезодарациялау үшін хлорлы әк, формалин, сөндірілген әк (0,5-1% доза қи мөлшеріне қарай) қолданылады.

     Көптеген  дезодарациялауға пайдаланылып жүрген химиялық әдістердің негізі мынадай: реагент  қидағы затпен реакцияға түсіп оларды байланыстырып немесе жойып, бұдан  қоршаған ортаға зиянды жағымсыз иіс шығу немесе лас заттардың бөлінуін тежейді. Сонымен қатар кейбір реагенттер әртүрлі анаэробты шіру процестері әсерінен әртүрлі зиянды газдар-аммиак, күкіртті сутегі, меркаптан және т.б. бөлетін баетерияларды жояды.

     Өндірістік мекемелерде ауаны зарасыздандыруда әртүрлі химиялық заттар, иондау және ультракүлгін сәулелерін қолданады. Атмосфералық ауаның микробпен және шаң-тозаңмен ластануын төмендету мақсатында ауа тартқыш желдеткіштерге әртүрлі сүзгіш құрылғылар қояды. Құсханадан шығарылатын ауаны тазалау үшін жуып тазалайтын сүзгісі бар, дезинфекциялайтын ерітіндісі және жұқа тазалағыш сүзгіс бар құрылғы қолданады.

     Мал шаруашылығ мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу  үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор.

     Ауаны тазалауда көгалдандыру әдістерінің әртүрлі шаң-тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы бірнеше себептерге байланысты: тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш және бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаны әртүрлі газдардан тазалаудың ең тиімді әдісі-жапырақты көгалдандыру, ал микроорганизм үшін шырша тұқымдастары.

     Көгалдандыру  үшін пайдаланылатын ағаштардың санитариялық-гигиеналық қасиетін бағалауда олардың фитонцидтік  қасиеттерінің, сонымен қатар олардың  ерекше ұшқыш органикалық қосылыстар бөлуінің маңызы өте зор. Осы органикалық  ерекше қосылыстар әсерінен ауру тудырушы бактериялар жойылып немесе олардың дамуы тежелінеді.

     Антибактериальды  қаситі бар ағаш, бұта тектес тұқымдастарға: ақ акация (барбарис), сақалды қайың, емен, шырша, жасмин, тал, шәңкіш, үйеңкі, сағызқарағай, жөке, арша, майқарағай, жұпаргүл, бәйтерек, ақтерек, мойыл және т.б. жатады.

     Көгалдандырудың санитариялық-гигиеналық қызметі-олардың  көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда және сонымен қатар оны оттегімен  байыту қасиетіне байланысты.

     Жасыл ағаштардың ауа температурасының өзгеруіне де тигізетін әсері зор. Ал көгалдандырылған аймақ ауасының қалыпты ылғалдылығы 7-40% жоғары болып келеді.

     Көгалдандыру, жасыл ағаш отырғызу әсерінен жел  жылдамдығы 2-3 есеге төмендейді. Мал  шаруашылығы мекемелерінің ауласын  көгалдандырғанда лас ауаның бір ғимараттан екіншісіне ауысу мүмкіндігі, жағымсыз иістің шығуы, шаң-тозаң мөлшері, микроорганизмдер азайып, жалпы метеорологиялық факторлардың кері әсері төмендейді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.6 Мал қора ауасын  санитарлық-гигиеналық  бағалау негіздері 

     Мал қора-жайының ауа ортасы өзінің физикалық  қасиеті мен құрамы жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал қора-жайының ауа ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет.

     Қора-жай  ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтау үшін оны  объективтік көрсеткіштері бойынша  бағалайды. Ауа ортасын бағалау  үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Мысалы, көмірқышқылының шекті концентрациядан жоғарылауы қора-жайдағы ауа алмасуы және ішкі тәртібін (режим) бағалауға мүмкіндік береді, ал аммиак пен күкіртті сутегінің нормативті концентрациядан жоғарылауы қора-жай ауасының малға қауіпті екендігінің тікелей көрсеткіші немесе өлшеуіші бола алады. Қорытындылай келе ауа жағдайын бағалауда ондағы көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегін анықтаудың маңызы зор.

     Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.

     Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының организмге жекелей емес үшеуі бірлескен түрде әсер етуіне байланысты мал жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты шешіледі. Осы факторлардың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақталуы үшін қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі фактордың есебінен алынады.

     Адам  өзін жақсы сезінуі үшін бір уақыт  бірлігінде қанша жылу жоғалтса, сонша  жылу өндіруі керек. Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының  дұрыс деңгейлері бірдей жылу сезінуі  әсерін көрсетеді және адам гигиенасында өңделген және тиімді  температура деп саналады.

     Қора-жай  ауасының физикалық қасиетін бағалау  үшін тікелей температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаумен қатар катотермометрия әдісін қолданғанның да маңызы зор.

     Қорадағы  ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отыру қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі жылжымалы  микроклимат зертханасын пайдалану. Алып жүруге, қолдануға ыңғайлы зертханада керекті зоологиялық құралдар жинақталған (электротермометр, психрометр, анемометр және т.б.).

     Ауаның  әр уақытта ластануына байланысты оны  үнемі қорғау және санитариялық жағдайын бақылау аса қажет. Қазіргі уақытта  атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әр түрлі дисперстік қоспалар де кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.

     Атмосфераға түсетін зиянды заттар агрегаттық жағдайына  қарай газ тәрізді (күкірттің  қос тотығы, азот тотығы, көміртегі  тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып топтаынады.

     Қазақстан бойынша алдағы жылдары ауаға  тұрақты көздерден түсетін ластануды 41,1% төмендету көзделіп отыр.

     Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық  эффектің пайда болуна себеп болатын  заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен күкірт тотықтары, мфреон және т.б. жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең мол үлес қосатын СО .

     Қышқылды  жауындардың пайда болуының негізгі  себептері атмосфераға өнеркәсіптен түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып күкірт жене азот қышқылдарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар қышқылданады (рН<5,6).

     Мал шаруашылығы мекемелері атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің  түсуінің негізгі көзі болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд. Микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кг/м шаң түседі екен. Ал атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кг/тәулік құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі аэрогенді инфекциялардың туындау қауіпін тудырады.

     Атмосфера ластануы ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5км) алыс қашықтықта байқалады. Бұл  зонада жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен салыстырғанда аммиактың шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі қара мал шаруашылығы нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м қашықтықта тұрақты күшті, ал 1800 м қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.

     Жыл мезгіліне байланысты, әсіресе шошқа  және құс нысандарына тән жағымсыз ереше иістер едәуір қашықтыққа тарайды: қыста 0,5, ал жазда-3,5-5 км дейін.

     Құс фабрикаларының территорияларын тығыз  орналастырғанда ондағы сыртқа шығарылатын  ластанған ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті түрде бір қорадан екінші қораға ауысып шаруашылық төңірігімен атмосфералық ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).

     Ауаның  әртүрлі зиянды газдармен ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге  жануарларға да зиян келтіреді.

     Ластанған ауада көздің тітіркенуі, өкпе ауарулары, мұрыннан қан кету байқалады.

     Көптеген  заттар өздерінің химиялық беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды, құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян деп хлорланған көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

     Атмосфера-табиғи жағдайда шамамен 20 шақты заттардан тұратын жерді қоршап тұрған қабық. Атмосфера табиғи жағдайда климатты реттеуші, жылуды сақтап ылғалды тасымалдаушы әрі ауада байқалатын құбылыстардың (бұлт, жаңбыр, қар, тұман және т.б.) басты себепші болып табылады. Атмосферада ауа массасы үнемі араласып тұрады. Осының арқасында ауадағы ылғал мен әртүрлі газдар қалыптылығы сақталалы.

     Мал шаруашылығында микроклимат деп  мал қораның климатын айтады. Мал  қораның микроклиматы ауаның физикалық  жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі және т.б.

     Малдың денсаулығы мен оның өнімділігін жоғары деңгейде сақтау үшін ауа көрсеткіштері қалыпты әрі ыңғайлы болуы міндетті. Ауаның қолайсыз әсеріне, әсіресе жаңа туған төлдер сезімтал. Сондықтан қора ауасының көрсеткіштері немесе микроклимат мал организміне қолайлы болған жағдайда онда ол малдың денсаулығы мен өнімділігінің жоғары болуының кепілі.

     Қора-жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша дұрыс азықтандыра  білсе, бүгінгі талапқа сай, дені сау, мол өнімді мал өсіруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1 Гершун В.И. Ветеринарная гигиена./ Тулякова Р.К-Костанай.: Колос, 2005.-Б. 32-36

2 Кузнецов А. Гигиена животных./ Найденский М.С.-Москва.: Колос, 2001.-Б.125-128

3 Кәдіров Н.Т. Жас мал дәрігеріне кеңес./ Гниломедов Д.С. Алматы.: Қайнар, 1973.-Б.48-53

4 Бәшірова Ж, Мал шаруашылығы негіздері курсын оқыту негіздері./ Жүнісова И. Алматы.: Рауан, 1994.

5 Ставровский А.Е. Мал шаруашылығы практикумы./ Чичков В.А. Алматы.:Мектеп, 1974.

6 Наурызбаев И. Фермадағы мал дәрігерлік дезинфекция. Алматы.: Қайнар, 1975.

7 Мырзабеков Ж. Ветеринарлық гигиена./ Ибрагимов П. Алматы.: Білім, 2005.

8 Испенков А.Е Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах./ . Сапего И.П. Минск.: Урожай, 1984.

9 Волков Г.К. Гигиена крупного рогатого скота на промышленных комплексах. М.: Россельхозиздат, 1978.

10 Кузнецов А.Ф. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. Л.: Агропромиздат,1989.    
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Атмосфералық қысым