Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 14:17, реферат
Аденовирустар тұқымдастығы – Adenoviridae (грек.аden-без). Бұл тұқымдастықтың алғашқы өкілі 1953 жылы Роу және оның қызметтестері, аденоид тоқымасы мен жас балалар миндалинінен латентті вирус түрінде клетка себіндісін әзірлеу үстінде бөліп алды. Кейіннен бұл вирустарды-маймыл, ит, ірі қара, кеміргіш және құстардан бөліп ала бастады.
Аденовирустар жас төлдерде жіті өтетін респираторлы ауруды шақырса, ал ересек малдарда – латентті індетті қоздырады. Бұлар икасаэдрлы, қарапайым ДНҚ-лы бар вирустар, эфир мен қышқыл әсеріне төзімді.
І. Кіріспе
Вирусология пәніне жалпы сипаттама.
ІІ. Негізгі бөлімі
1.Аденовирустар тұқымдастығы
2.Ірі қараның аденовирусты індеті
3.Қоздырушысы.
4.Химиялық құрамы
5.Төзімділігі.
6.Шоғырлануы мен репродукциясы.
7.Балау. Алдын алу балаудын әдістері
8.Иммунитет және арнамалы дауалау.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
І. Кіріспе
Вирусология пәніне жалпы сипаттама.
ІІ. Негізгі бөлімі
1.Аденовирустар тұқымдастығы
2.Ірі қараның аденовирусты індеті
3.Қоздырушысы.
4.Химиялық құрамы
5.Төзімділігі.
6.Шоғырлануы мен
7.Балау. Алдын алу балаудын әдістері
8.Иммунитет және арнамалы дауалау.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
XX ғасырдың басында негізгі 3 түрлі вирус
белгілі болды. Олар бактерия, өсімдіктер
және жануарлар ауруының вирустары еді.
Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін
вирусология ғылымының ете терең жаңалықтары
ашылған жылдар болды. Бұл кезең вирустардың
өсіп-өнуін зерттеп, олардың клетка ішінде
өсуін, клеткадан калай бөлініп шығуын,
санын есептеуді және электрондық микроскоп
арқылы зерттеуді қолға алған жылдар еді.
Сондай-ақ америкаңдық ғалым У. Стенлидің
1935 жылы темекі ауруының вирусын кристалл
ретінде алуы үлкен табыс болды. 1941 жылы
американдық вирусолог Херст ғемаглютинация
феноменін ашты (вирустың әсерінен қан
түйіршігінің бірігуі), осы жағдай вирус
пен клетка арасындағы байланысты зерттеуге
көмектесті (тұмау вирусы мен эритроцит
арасындағы реакция).
Қазіргі кезде
вирусология жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы вирусология вирустардың табиғатын,
шығу тегін, физикалық құрылымын, химиялық
құрамын, өсіп-жетілуін, нәсілдік қасиеттерін
зерттейді және вирустардың клеткалармен
өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті,
вирус ауруларын зертханалық тәсілдер
арқылы зерітеумен айналысады.
Вирусология тарихы
Вирусологияның тарихын үш кезеңге бөлуге
болады.
І-кезең — бүкіл өткен өмірден 1892 жылға
дейін
П-кезең — вирусология ғылымының 1892 жылдан
1950 жылға дейінгі қалыптасу кезеңі.
Ш-кезең — 1950 жылдан басталады.
Бұл кезеңде вирусологияда электрондық
микроскоп, клеткаларды өсіру, ультрацентрифуга,
рентген — құрылымдық анализ, т.б қолданыла
бастады.
Вирус қоздыратын аурулар өте ерте кезден
бері белгілі болган. Мысалы, шешек ауруы
ертедеп Қытай, Унді елдерінде белгілі
болған. Бұдан 3000 жыл бұрын өмір сүрген
фараондардың денесінен шешек ауруының
іздері байқалған.
Вирусология- биология ғылымдарының негізгі
бөлігі. Вирусология ғылымының дамуына
бактерия, өсімдіктер және жануарлар дүниесінң
вирустарын зерттеу көп әсер етті. ХIX ғасырдың
аяғында кейбір жұқпалы аурулардың қоздырушылары
микроорганизмдер екені белгілі болды,
ал тіпті қасыбір аурулардың қоздырушылары
микробтар да емес екені анықталды.
Аденовирус
(Adenoviridae)
Бұл тарауда аденовирустардың жалпы қасиеттері – морфологиясы, жіктелуі антигендік белсенділігі, шоғырлануы, индикациясы туралы сөз болады.
Аденовирустар тұқымдастығы – Adenoviridae (грек.аden-без). Бұл тұқымдастықтың алғашқы өкілі 1953 жылы Роу және оның қызметтестері, аденоид тоқымасы мен жас балалар миндалинінен латентті вирус түрінде клетка себіндісін әзірлеу үстінде бөліп алды. Кейіннен бұл вирустарды-маймыл, ит, ірі қара, кеміргіш және құстардан бөліп ала бастады.
Аденовирустар жас төлдерде жіті өтетін респираторлы ауруды шақырса, ал ересек малдарда – латентті індетті қоздырады. Бұлар икасаэдрлы, қарапайым ДНҚ-лы бар вирустар, эфир мен қышқыл әсеріне төзімді.
Аденовирустардың жіктелуі.
Көптеген серотипі бар. Мысалы: мастаденовирустарда-30-ға жуық, ал авиаденовирустарда – 14 серотип бар. Адамнан-41, ірі қарадан-10, қойдан-5, жылқыдан-1, шошқадан-4, иттен-1, тауықтан-9, қаздан-3 серотиптері ажыратылады. Барлық аденовирустардың топқа тән комплементті байланыстыратын антиген бар, олардың серотиптері түрге тән антиденемен ажыратылады.
Аденовирустар— құрамында дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) бар вирустар тұқымдастығы. Табиғи жағдайда аденовирустар сүтқоректілер мен [[құстар]] денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшектер) 252 белоктық қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-сы — қостізбекті, шұбалаңқы. Аденовирустың әсерінен болған аурулар жедел өтеді не ұзаққа созылады. Вирионның жиналатын орны — торша. Аденовирустар кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. Аденовирустар негізінен: тыныс жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының қабынуының 20%-і аденовирустар үлесіне тиеді. Ересектерде созылмалы тонзиллит, бронхит сияқты аурулардың жиі қайталанып өршуі аденовирустардың әсеріне байланысты. Емделу аурудың клиникалық белгілеріне қарай жүргізіледі. Аденовирустарға қарсы егілетін не тікелей әсер ететін дәрі әзірше жоқ.
Ірі қараның аденовирусы
(Bovine adenoviruses)
Ірі қараның аденовирусты індеті- Bovine adenovirae infection (син: бұзаудың аденовирусты пневмониясы, пневмоэнтериті)-бұзаудың жіті өтетін жұқпалы ауруы, ол тыныс алу, асқорыту мүшелерінің зақымдалуымен сипатталады. Көбінесе бұл аурумен бұзаулар ауырады, ал ересек малдар латентті вирустардың тасымалдаушылары болып табылады, оларда ауру клиникалық белгілерісіз өтеді.
Қоздырушысы.
Ірі қараның аденовирусы ең алғашқы рет 1959 жылы АҚШ-да бөлініп алынды Бұл қарапайым, сыртқы қабығы жоқ, вирионның мөлшері 70-90 нм, капсид симметриясы куб тәрізді, құрамында 252 капсомерлері бар, капсомерлер 6-дан орналасады, оларды «гексон» деп атайды. Әр куб 20 үшбұрыштан тұрады, үшбұрыштардың төбесінде 12 капсомерден бар, олардың әрқайсысы бес капсомермен қоршалған, оны «пептон» деп атайды. Икасоэдраның әрбір ұшынан (төбесінен) жіпті талшықтар шығады, оларды «фибралар» деп атайды. Аденовирустардың геномы екі-жіпті сызықшалы ДНҚ-лы.
Химиялық құрамы.
Аденовирустар13% ДНҚ-нан және 87% белокиан тұрады. Липидті мембранасы жоқ, сондықтан да эфир мен этонолға төзімді келеді. Гексоны мен пептоны әртүрлі полипептидтерден тұрады.
Төзімділігі.
Аденовирустар сыртқы ортаға,әр түрлі химиялық-физикалық әсерлерге –эфир, трипсин, этил спиртіне, рН 3-тен 9-ға дейінгі ортаға өте төзімді келеді. Аденовирустардың белсенділігі температураның 56ºС-да, УК-сәулесінің әсеріне төмендейді, ал 4ºС-та 6 айға дейін сақталады.
Антигендік қасиеті.
Вирин құрамында 3 түрлі антиген бар: А, В және С.
Гексон құрамында А-антиген бар, ол топқа тәнді болып саналады. Бұл мал организімінде комплемент байланыстырушы, преципитиндеуші антиденелер синтезін стимулдейді. Пептон құрамында В-антигені, улы антиген бар, ол торшада цитопатикалық өзгерістерді тудырады-клеткалар дщмалақтанады. С-антиген фибралар құрамында болады, ол түрге тән, мал организімінде тек қана түрге тән антидененің түзілуіне жауапты.
Шоғырлануы мен репродукциясы.
Аденовирустар тыныс жолдары, бронх, альвеол, ішектің кілегейлі қабықтарының эпителиінде өсіп-өніп көбейеді. Вирустар өздерінің фибраларының көмегімен клетканың арнайы рецепторларына жабысып, эндоцитоз арқылы клеткаға өтеді, сөйтіп, цитоплазмада шешінуі басталып, ядрода аяқталады. Ядрода вирус бөлшектерінің құрастырылуы жүреді-алғашқыда капсомерде полипептидтер жиналады, соосын гексондар, пептондар, олардан капсидтер, ең соңынан жетілмеген вирустар – правириондар құрастырылады. Әрбір клеткада миллионға жуық вирус бөлшектері болуы мүмкін, олардың бір бөлігі клеткадан шығады, ал қалғаны ядрода қалып ядролық қосындыларды түзейді.
Зертханалық балау- бұл үшін мұрын қуысының кілегейлі қабығы, тік ішек, канъюнктива, қан сынамасы, нәжістен алынған сығындылар патологиялық материал ретінде пайдаланылады.
Вирустардың индикациясы.
Иммунитет және арнамалы дауалау.
Ауырып жазылған және егілген бұзаулар ағзаларында иммунитет пайда болады. Арнамалы дауалау үшін тірі әлсіретілген және инактивтелген вакциналарды қолданады.
Гемоглютининдік қасиеті.
Аденовирустардыңәр түрлі штаммдарында гемаглютинация туғызатын қасиеттері әртүрлі болады және эритроциттердің түріне, мөлшеріне, рН-на, температурасына байланысты.
Аденовирус
Аденовирустар – ДНҚ-лы бар вирустар тобына жатады. Алғашқы рет 1953 жылы аденоид және миндалиндер клетка өсіндісінен анықталған. Аденовирустар мастаденовирус және авиаденовирус деген екі туыстыққа бөлінген. Мастаденовирустар – сүтқоректілер вирустары, бұларға адамның, ірі қараның, жылқының, қойдың, иттің, шошқаның, тышқанның, қосмекенділердің аденовирустары жатады, ал авиаденовирустарға – құстың вирустары кіреді. Аденовирустар қарапайым, пішіндері икосоэдр тәрзді, капсидте 252 капсомерлер бар. Геномы – екі жіпшелі сызықшалы ДНҚ. Аденовирустар қоршаған ортада төзімді. Аденовирустар серотиптеріне дейін бөлінген, бұлардатопқа және түрге тән антигендері бар. Аденовирустар респираторлы симптомдарды, коньюнктивитті тудырады.
Вирустар қоздыратын өімдіктер, жануарлар
және адамдар ауруының көбеюіне байланысты
вирусология ғылымынын маңызы өте зор.
Кейбір жүқпалы ауруларды емдеу сақтану
жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус
тарататын ішек аурулары, респираторлы
аурулары әлі көп.
Бұл аурулар әсіресе жас мал арасвшда
жиі кездеседі. Ол аурулардың қоздырушысын
табуда қиын. Себебі клиникасы бірдей
ауруды бірнеше вирустар қоздыруы да мүмкін.
Тіпті кейбір жағдайларда, малдын жұқпалы
ауруы онша білінбей өтеді немесе бір
ғана вирус әрбір ауырған малды әр түрлі
күйге душар етеді. Соңғы кезге дейін адамның
және малдың жұқпалы ауруларының вирустары
әр түрлі деп вирусология ғылымын медицина
және малдәрігерлігі вирусологиясына
бөліп келдік. Ал қазір ондай бөлудің қажеті
жоқ екені белгілі болды. Себебі кейбір
қоздырушылар адамдардан жануарларға
және керісінше жұғады. Мысал ретінде
адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын
айтсақ осы күнде аденовирус жұқтыратын
ауру ірі қарада да, шошқада да, қой мен
құста да бар екені белгілі болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі