Жекеменшік кәсіпкерлік «Достық» отелі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:15, доклад

Описание работы

«Достық» қонақ үйі Алматы қаласының дәл ортасында қаланың барлық маңызды деген іскерлік, мәдени және әкімшілік орталықтарының жанында орналасқан. Орталық даңғылдар, мұражайлар мен театрлар, банктер мен офистер, ең жақсы дүкендер, мейрамханалар мен клубтар – осының барлығы қонақ үйден екі қадым жерде. Біздің қонақтарымыз айтқандай «Достық» - әрдайым жаныңда».

Работа содержит 1 файл

Достық Айка.docx

— 1.14 Мб (Скачать)

Достық

    «Достық» қонақ үйі Алматы қаласының дәл ортасында қаланың барлық маңызды деген іскерлік, мәдени және әкімшілік орталықтарының жанында орналасқан. Орталық даңғылдар, мұражайлар мен театрлар, банктер мен офистер, ең жақсы дүкендер, мейрамханалар мен клубтар – осының барлығы қонақ үйден екі қадым жерде. Біздің қонақтарымыз айтқандай «Достық» - әрдайым жаныңда». 

Стандарт 40 000

Жартылай люкс 45 000

Люкс 50 000

VIP люкс 70 000

Президенттік апартамент 200 000

 ҚҚС құны қосылмаған

«Достық» қонақ  үйіне қоныстанып, Сіз қаланың  таңдаулы әрі ең қымбат ауданында  тұрғаныңызды түсініп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның ең әдемі  қаласының рухына, көне дәстүрлеріне өзіңіздің қатысты екендігін  сезінесіз, өйткені «Достық» қонақ  үйі қаланың бірнеше маңызды  кварталдарын қамтитын «Алтын квадрат» деп аталатын аймақта орналасқан. Бұл көне Алма-Атының рухын білдіретін тарихи орталық. «Достық» қонақ үйі  заңмен қорғалатын сәулет ескерткіші ретінде бола отырып, осы рухтың ең құнды әрі теңдесі жоқ белгілерінің бірін білдіреді.

Ең үздік салт-дәстүрлерді  сақтай отырып, өткен заманның тынысын  шығармай бүгінгі қонақ үй өзінің бесінші жұлдызымен ескі «Достық» шатырының  астына ХХІ ғасырдың жанға жайлы  интерьерін, заманауи дизайнның балғындығын  жинай отырып, технологиялық кемел  үлгісін жасап жаңа мән-мазмұнға ие болды.

«Достық» қонақ  үйі сыртынан қарағанда маңғаз әрі  монументалды, интерьері еуразия  даласының рухын – еркіндікті, ашықтықты, жомарттықты жинағандай. Табиғи жарықтың мол болуының, биік төбенің, үй-жайлардың кең көлемдерінің, классикалық модерн стиліндегі алдыңғы  қатарлы дизайнның арқасында  Қонақ үй холлдарында кеңдік пен  еркіндік, тыныштық пен жанға жайлылық, адамға деген махаббат, оған деген  қамқорлық жасау сезімі туады.

«Достық» - беделді  аудандағы айтулы қонақ үй. «Достық» - Қазақстанның Оңтүстік астанасының  тәжіндегі інжуі.

 

-Кіру уақыты: 14:00 / Шығу уақыты: 12:00

-Төлемге Amex, Visa, MasterCard несие карталары қабылданады.

-Банкомат

-Айырбастау пункті

-Тәулік бойы күзет 
 
 
 
 
 
 

Алматы Технологиялық  Университеті

Білім және Ғылым Министірлігі 
 
 

Реферат

Тақырыбы:Жекеменшік кәсіпкерлік

«Достық»  отелі 
 

Орындаған:Сакенова А.

Топ:РД и ГБ 10-15

Тексерген:Ошанова А. 
 
 
 
 

Алматы 2011

Информация о работе Жекеменшік кәсіпкерлік «Достық» отелі