Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:35, реферат
Экскурсиялық қызметтің дамуы тарихы, мәдени және табиғи ескерткіштердің, ансамбльдердің, мұражайлардың және әр түрлі көрмелердің ашылуымн қатар жүрді. Бұл жағдайда ғылыми қоғамдардың ұсы ныстық қызметі, зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстары әсер етті. Экскурсиялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Экскурсияны зерттеу құрылысы да сол бөлімдеріне байланысты болып келеді. Экскурсияны зерттеу тиімді әдіс бойынша белгілі бір жерлерге экскурсияға шыққан кезде анықталады.
VIII-IX ғ. Ақыртас кешені Жамбыл облысында ғана емес бүкіл Қазақстандағы жұмбақты және қызықты құрылыс. Ақыртас тарихын 130 жыл бойы зерттеуде, бірақ ол таңқалдыруды жалғастыруда. Қазір кешен аймағында ҚР этнография археология институты басқаруымен қазба жұмыстары жүргізілуде Болашақта «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында мұражай кешен құру жоспарланып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша археологиялық зерттеу қорыжындысы Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық касрибас қаласы деп отыр. Ғалымдардың көбі Ақыртас 1714-1715 жылдары араб қолбасшы Кутегібының бұйырығымен салынды дейді. Туристерді құрылыстың өте үлкендегі мен тас блоктары таңқалдырады.Сарайлы кешеннің фундаменті 4 м тереңдікте салынған. Аңыздар құрылыстың тағайдалу себебі мен аяқталмағандығын түсіндіреді.
X-XIV ғ. Тектурмас архитектуралық кешені.Бұл көне діни орын. Кещен VІІ-ХІ ғ. Қалыптаса бастады. Кесене ислам дәуірі кезінде салынған 1935 жылы бұзылды. Қазіргі кезде кесене орнына ортағасырлық жаңа кесене салынды. Жанында ұлы қазақ батыры Мәмбет батыр кесенесінің құрылысы бар. Кесене аймағы көгерілетіндірілген. Төбешіктен төменде жатқан Тараз қаласының әсем көрінісін көруге болады. Ежелгі қалаға ат берген Талас өзіні қатар ағып жатыр. Осы жерде Х-ХІІІ ғасырларда тастан жасалған көпірмен Тараз арқылы керуендер өткен. Архитектуралық кешен қажылық орын болып табылады.
1. Қолайлылық.Жоғарында көрсетілген барлық архитектуралық ескерткіштер туристер көруіне қолайлы. Олардың барлығы Алматы – Самара трассасында, немесе Тараз қаласының маңында.a) Айша бибі, Бабаджа Қатын кесенелері.Олар Айша бибі ауылында. Тараз қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан.Жолы асфальтталған, көлікпен баруға болады. Көлік тұрақ алаңы жабдықталған.b) Қарахан және Дәуітбек кесенесі.Тараз қаласының орталығында орналасқан. Жолы асфальтталған, автоқөлікпен баруға болады. Көлік тұрақ алаңы жабдықталған.c) Тектұрмаскесенесі.Тараз қаласында орналасқан. Жақсы асфальтталған жол және көліктұрақ бар.d) Қали – Юнус шығыс моншасы.Тараз қаласының орталығында Қарахан кесенесінің жанына орналасқан. Жол жақсы асфальтталған және көлік тұрағы бар.
Жамбыл облысына сапарлар.
№1 сапар «Ежелгі Тараздан біздің күнге дейін»Тараз қаласында бір күн қонып автобуспен, жаяу екі күндік сапар. Сапардың ұзындығы 100 км ескерткіштер Қарахан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелерімен танысады, мұнда әулие Сұлтан-Махмұд хан жерленген, сонымен бірге Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері мен Қали-Юнус моншасы да көреді. Тағы да облыстық тарихи-өлкетану мұражайын, көрме залын, облыстық дарма театрын, «Евразия» кешенінің мәдени бағдарламасымен аквапаркті көріп қайтады. Тараз қаласының түнгі қайталанбас көрінісін көруге болады.
№2 сапар «Көксай» шатқалы.Автобуспен, жаяу, атпен екі күндік экологиялық сапар. Сапардың ұзындығы 250 км. Сапар сәуір айынан қараша айы аралықтарында ұйымдастырылады. Сапар Тараз қаласын көруден басталады. Одан ары туристер «Күйік» өткелі арқылы Жуалы ауданы аймағындағы «Көксай» шатқалына барады. Содан соң «Ақсу – Жабағлы» мемлекеттік қорығына барады. Мұражаймен танысып болған соң, атпен шатқалдағы тауға көтерілеміз. Қорық аймағында 16 түрлі бұталы-өсімдіктер түрлері бар. 238 құс түрлері мекендейді, олар: бүркіт, көк құс, т.б. Қорықтан қайтар жолда Б. Момышұлы мұражайымен, көшпелі қазақ халқының қолонер шеберханасымен танысамыз. Түнде Теріс-Ашыбұлақ су қоймасында киіз үйлерге қонамыз.Мұнда сіздерді күннің қызықты батуы мен балық аулау таңдандырады.
№3 сапар.Автобуспен, жаяу екі күндік сапар. Сапардың ұзындығы 200 шақырым. Сапар күнде ұйымдастырылады. Сапар «Берікқара» шатқалынан басталады, Тараз қаласының солтүстік – батысынан 80 км жерде орналасқан.Шатқал өсімдік әлемінің ең қызықты ауданында Қаратау тауында орналасқан. Туристердің алдынан қайталанбас ұлы таудың көрінісі ашылады. Шатқалды көріп болған соң, «Билікөл» көлінің жағасында балық аулап киіз үйлерге қонады.
№4 сапар «Мойынқұм».Жаяу, атпен бес күндік экологиялық сапар. Сапардың ұзындығы 1000 км. Сапар күн сайын ұйымдастырылады. Тараз қаласынан таңертең шығып, 5 сағаттан соң Мойынқұмда боласыз. Шөл дала көлігі түйелерді көресіз. Мойынқұм құмында қысы-жазы тіршілік тоқтамайды. Мұнда аңшылар қолына бүркіт алып, қоян, түлкі ұстайды, қара құйрықтар жайылып жүреді. Құмда туристер қасқыр, түлкі ұстай алады. Балқаш көлінен балық аулаға болады, көлеңкеде киіз үйлерге қазақтың ұлттық тағамымен, дәрігерлік қасиеті бар қымыз, шұбат, айран ішеді, тілегі бойынша ат, түйеге мініп шөл даладан өтуіне болады.
№5 «Алмалы» шатқалына сапар.Автобуспен, жаяу 6 күндік экологиялық сапар. Сапар ұзындағы 150 км. Сапар сәуір мен қараша айларында ұйымдастырылады. «Алмалы» шатқалы туристер арасында өсімдіктері мен жануарлар әлемінің байлығымен кеңінен таныс. Әсіресе мұндағы құлама сулар өте әдемі. Мұндағы көптеген жартастар оқу-жаттықтыру жиындарын, ал қыста жабайы қабан, қасқырға аңшылық жасауға болады. Атпен «Қара арша», «Шошқалы», «Суғаты» теңіз деңгейінең 500-800 м биіктікте орналасқан лагерьде демаласыз. Қалың ағаштар көлеңкесі, бұлақ суларының сылдыры, салқын таза ауа, тау көрінісі, жануарлар әлемінің түрлімгі туристер сапарын қайталанбас демалысқа айналдырады. Сонымен қатар туристер біздің ежелгі тұрмысымыз туралы «Ақмешіт» , «Байтұмақ» жұмбақ сайларда болып танысып қайтады. Үлкен сиқыршылардың айтуы бойынша «Бермуд үшбұрышының» үшінші нүктесі деп көрсеткен «Ақыртас»-ты көре аласыздар.
Қорытынды:
Қазіргі кезде Қазақстанда экскурсияның зертте жағдайы жеткілікті дамыған. Сұлу табиғатымен ерекшеленетін Қазақстан үшін туризмді дамыту тиімді қызмет саласы болмақ. Ертеден қалыптасқан пікір бойынша, көп оқулықтарда Қазақстан Республикасының туристік ресурстары туралы ештеңе жазылмаған, соларды оқып, бұл қателікті түзету керек деген ой туындайды. Ол үшін біз өзінің сапасымен, өзектілігімен ерекшеленетін жаңа туристік өнім ұсынуымыз керек. Сол турөнім арқылы басқа мемлекеттерде Қазақстан жайлы мәліметтер пайда болар деген ойдамын, яғни бұларды жүзеге асыру үшін зерттеулер мен эскурсиялық сұрыптаулар қажет. Еліміздегі экскурсиялық жағдайды қазіргі заманның түрлі дамыған технологиялар мен идеяларды қолдана отырып зерттеуге болады. Осындай ұсыныстарды пайдалана отырып отандық туризмді дамытуға болатынына нақ сенімдімін.
Информация о работе Зерттеу және экскурсиялық обьектілердің сұрыпталуы