Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 16:43, реферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ… 2
1. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру.
2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
3 Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары..
ҚОРЫТЫНДЫ…
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономика – туризм дамуы үшін ең қолайлы орта. Туризм рекреациондық, танымдық және емдік қызметтерді орындайды, бірақ сонымен бірге мынадай экономикалық аспектілердің де үлкен маңызы бар: валюталық түсімдер ағыны және елдің төлем баланысының жақсаруы, шектес салалардың дамуы, қазіргі заманғы инфрақұрылым құру.
Қазақстанда соңғы жылдары туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтың экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындардың акционерлік, жеке және бірлескен кәсіпорындарға айналуы шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның аумақтары рекреациялық аймақтандыру туризмді жоспарлау мақсаттары бойынша қайта құрымдауға мүмкіндік береді. Келу туризімінің дамуы үшін таулық, танымдық және рекреациялық туризм түрлері ерекшелікті болып табылады. Осы аталған туризм түрлерінің құрылымы елімізде мамандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалы туризмнің, этникалық, діни және жастар туризімінің одан ары кеңеюі мен қызмет етуіне мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.
Отандық туристік өнімнің өткізілуіне, оның үйлесімді көркемделуіне, халықаралық туристік нарықта жарнамалануы мен жылжытылуына ерекше баса баса назар аудару керек. Осыған байланысты Туризм және спорт жөніндегі агенттік облыстық, қалалық өкілетті органдардың туристік компаниялармен және фирмалармен бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдердің көптеген елдері үшін жолбастаушы болатын туристік фирмалар мен бағыттардың жалғыз республикалық каталогын шығаруды ұсынады.