Туризмнің белсенді түрі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:05, реферат

Описание работы

Қазіргі таңда біз туризмді адам өміріндегі маңызды құбылыс ретінде қарастырумен қатар XX ғасырдың феномені деп те есептейміз. Сонымен қатар туризм жай ғана саяхат немесе демалыс ғана емес, экономиканың динамикаклы түрде дамитын ең негізгі салаларының бірі болып саналады.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ын және әлемдегі өндірістің әрбір жетінші жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі, жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр.[1] Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризмнің арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

Содержание

I.Кіріспе..................................................................................................................3
II.Шетелдік белсенді саяхат түрлерінің ерекшелігі...................................4-12
а)Активті туризмнің мәні және мазмұны...........................................................4-5
б)Шет елдердегі активті туризмнің түрлері және ерекшеліктері...............5-12
в)Шет елдердегі активті туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы..12 III.Қорытынды.....................................................................................................13
IV.Қолданылған әдебиеттер............................................................................14

Работа содержит 1 файл

Активный тур реф.docx

— 547.08 Кб (Скачать)

     Испания – туризмнен  түсетін  пайда  бойынша   алдыңғы қатардағы  ел.   Жылына  Испания  жеріне   50  млн-нан  астам  туристер  келеді.Туризмнен  түсетін   пайда  елдің   ұлттық  табыс   көлемінің   15%-ын  құрайды.    Ал,   активті  туризмнің   дамыған  аймақтары: Жерорта  теңізі  жағалауы,   Пиреней  таулары,   Андалусия  жазығы.      Жерорта  теңізі  жағалауында   теңіздік  круиз  бен   дайвинг,  серфинг  секілді  су  туризмі   жақсы  дамыса,   Пиреней    таулары   альпинизм  мен   тау  шаңғысының  негізгі  орталығы  болып  табылады.   Ал,   Андалусия   жазығы   жергілікті  халықтар  мен шетелдік  туристер  үшін   сафари  аймағы  болып  есептелінеді.

     Франция – халықаралық  туризм  орталығы.   Ол  елге  келетін   туристер  саны   бойынша   бірінші  орынды  алады.  Қазіргі  кезде  Франция  жылына  80  млн-дай  туристерді  қабылдайды.   Батыс  Еуропаның  басқа  елдеріндегі  сияқты  Францияда  да    Альпі  тауларының   мәңгі  қар  басқан  Орталық   массиві   негізгі  тау  туризмінің  орталығы  болып   табылады.  (5-сурет).

5-сурет.  Альпі таулары. 
 

     Америкадағы   активті  туризм.  Америка  аумағының  жер  бедеріне   айқын  ажыратылатын  бірнеше   ірі  орографиялық   бірліктер  тән.  Батысында   Кордильер  тау  жүйесі,   шығысында   Аппалач  тау  жүйесі,   ал  орталығында   Ұлы  және  Орталық  жазықтар  орналасқан.   Табиғаты  мен  географиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  Америка  елдерінде  активті   туризм  жақсы  дамыған. 

     АҚШ – туризм   қарқынды  дамыған  елдердің  бірі.  Мұнда  жылына   50  млн-нан  астам  туристер  қабылдайды.   Туризмнің  дамуына  қолайлы  табиғат  жағдайлары  мен  айрықша  табиғат  обьектілері  алғышарт  болды.   Активті  туризмнің  ең  жақсы  дамыған   аймақтарына  Йеллоустоун   ұлттық   паркі,   Ниагара   сарқырамасы  т.б.  жатады.  Гавай  аралдары  мен  Колифорния  жағалаулары  теңіз  туризмінің  басты  аудандары,  ал  тау  туризмінің  басты  аудандары – Сеңгір   тауларындағы  штаттар.  Таудағы  демалыс  орындарында  мыңдаған  адам  өз  демалысын   өткізеді,   қысқы спорт түрлерінен  жарыстар  өткізіледі.   Үлкен   Тұзды   көл маңындағы Солт-Лейк-Сити  қаласында 2002  жылы  қысқы  Олимпиадалық      ойындар өткізілді.  Сонымен қатар АҚШ-тағы  Гранд каньон  туристердің ең  көп баратын активті туризм  орталықтарының  бірі  болып табылады.  Оған  жыл сайын 5,5,  млн туристер  келеді (6-сурет). 

6-сурет.  Гранд  каньон. 

     Канадаға  келетін  активті  туризммен   шұғылданатын  туристердің   негізгі  баратын  жерлері – жазық  жерлер.   Канаданың  жазық   жерлері  сафаримен  айналысатын  туристер  үшін  өте  қолайлы.

     Бразилия  – активті  туризм  үшін  ең  қолайлы  аймақтардың  бірі.     Гвиана  және  Бразилия  таулы  үстірттері,  Амазонка ойпаты – активті   туризмнің  дамуына  қолайлы  аймақтар.  Мұнда  су  туризмі,   сафари  жақсы  дамыған. 

     Коста-Рика – тропикалық  ормандары,   ерекше  суларымен  ерекшеленетін  туристік  аймақтардың  орталығы.    Джунгли – сафари  мен  жаяу  туризмнің  басты  орталығы  болса,  Ареналь  өзені – рафтингпен  шұғылданушылардың  сүйікті  жері. (7-сурет). 

7-сурет.  Ареналь өзені. 

     Аргентина – атақты  Игуасу  сарқырамасының   орналасқан  жері.   Игуасу  сарқырамасы – әлемдік  рафтинг  дамыған  аймақ  болып  саналады.  (8-сурет).

8-сурет.  Игуасу  сарқырамасы. 
 

     Африкадағы  активті  туризм.  Африканың  жер  бедері  оның   көпшілік   бөлігінде біртектес,  қарапайым  болып  келуімен  ерекшеленеді.  Африка  аумағында  Килиманджаро  жанартауы  мен  Атлас  таулары,  әлемдегі  ең  ұзын – Ніл  өзені,  Мадагаскар  аралы,  Сахара  шөлі   орналасқан. 

     Африканың  Сахарасындағы  активті  туризмнің  дамуы – туризмнің  дамуына  өз  үлесін  қосуда.   Активті  туризмнен  түсетін  пайда  Африка  елдерінде   соңғы  5  жылда  орташа  есеппен  10%-ға  артқан.  Жекелеген  елдерде  бұл  дамушылық  мынадай көрсеткіштерге  ие:  Кения-26%,   Мозамбик-37%,  ОАР-11%,  Сейшелам-7%.   Африкадағы  негізгі сафари  аймақтары: Кения,  ОАР,  Танзания (9-сурет). 

       
 
 
 
 
 
 
 
 

9-сурет.  Кения. 

      Австралиядағы  активті  туризм.  Австралияның  табиғаты  ерекше  болғандықтан  және  көптеген  эндемиктердің орталығы  болғандықтан  да  бұл аймаққа туристер  жиі келеді.  Австралияда активті туризм  жақсы дамыған.  Мұнда  тек   дайвингпен  ғана  емес,  сонымен  қатар  серфингпен,  аң  және  балық  аулаумен,  ат  туризмімен  шұғылдануға  болады.[4] 

      Шетелдердегі  активті  туризмнің  түрлері  және  олардың  ерекшеліктерімен  таныстық,  енді  олардың  даму  барысына  тоқталып  өтем. 
 
 

Шет елдердегі  активті туризмнің  дамуы: мәселелері мен болашағы 

      Активті  туризм – туризмнің  динамикалы  түрде  дамығыш,   экстремалды  саласы.   Сол  себепті  де  активті  туризммен  айналысушылар  саны  жылдан-жылға  көбеюде.   

      Активті  туризмнің  дамуындағы  ең  бастысы  – дамыған  туристік  инфрақұрылым  емес,  керісінше,  табиғи  ресурстардың  болуы.   Бұл жағынан келгенде,  кез келген  елдің активті туризмді  дамытуға   шамалары  келген  болар еді.  Бірақ,  сонымен қоса  экстремалды туризм  сақтандыруды  қажет етеді.    Осы мәселеге  келгенде  көптеген  елдердің  шамасы  келе  бермейді.  Мұның өзі,  активті туризмнің әр  елде  әр  түрлі дамуына әсерін  тигізеді.

      Азия  және  Африка  елдері  қолайлы  табиғат  жағдайларына  қарамастан,   туристік  инфрақұрылымның  дамымауынан  зардап  шегіп  отыр.  Дегенмен,  соңғы  жылдары  бұл мәселелер,  әсіресе Африка  елдерінде өз  шешімін тапқан.   Ал,     Еуропа  елдері    активті туризм  бойынша келетін туристер  санынан және  одан  түсетін пайда бойынша бірінші орында.   Содан кейінгі орын  АҚШ-қа  тиесілі.  Ал  Американың  басқа елдерінде активті туризмнің даму  жағдайы әр  түрлі.

      Шетелдердегі  активті  туризмнің  даму  жағдайларын   талдай  келе  олардың  мынадай  ерекшеліктеріне  тоқталуға  болады:

     1) географиялық   ерекшеліктері – арнайы   активті  туризмнің  дамуына  жағдай  жасайтын  ағынды  сулар,  жазық дала,  биік  таулардың болуы;

     2) туристік   инфрақұрылым – активті  туризм  дамыған  аймақтарда  орналастыру,  тамақтандыру  орындары  мен  көлік  қатынасының  дамуы;

     3) елдің  экономикалық  жағдайлары  – активті  туризм  саласын   дамытуға  мемлекет  тарапынан   қаржының  бөлінуі;

     4)елдің   әлеуметтік  жағдайы – сол   аймақтарда  халықтың  орналасу  жағдайлары.

     Міне,  осындай  жағдайлар  активті  туризмнің  дамуына  әсерін  тигізеді. 
 
 

Қорытынды 

     Жұмысты  орындау  барысында  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізілді:

     1) Туризмнің  экономиканың  басқа  салалардан  ең  басты  ерекшелігі – оның  әр  түрлі  салаларды  біріктіре  алатындығында.     Жалпы,  туризмнің   бірнеше   түрлерін   белсенді  және  белсенді   емес  деп  үлкен  екі  топқа  бөлуге  болады.    Соңғы  кезде   салауатты  өмір  салтын    ұстанушылардың  көпшілігі  активті туризм   саласына  көбірек көңіл бөлуде.     Активті туризм -  туризмнің   ең  жақсы дамыған салаларының бірі  болып саналады. 

     2) Активті туризм адамның  физикалық   күшін  жұмсаумен  байланысты  болатын  барлық  түрлерін  қамтиды,  оған   тау туризмі,  су  туризмі,  альпинизм  т.б.  туризм түрлерін  жатқызуға   болады.

     3) Активті  туризм  шетелдерде  кеңінен  таралған.   Сонымен  қатар олардың  түрлері  де  көп.  

     4) Активті   туризмнің  дамуы,  ең  алдымен,  жергілікті  жердің   табиғатына,   географиялық   жағдайларына  және   экономикасына  тікелей  байланысты.   Соған  байланысты  әр  елде  активті  туризмнің  даму  жағдайы  әр  түрлі.

     5) Активті  туризм – туризмнің   динамикалы  түрде  дамығыш,   экстремалды  саласы.   Сол   себепті  де  активті  туризммен   айналысушылар  саны  жылдан-жылға   көбеюде.   

     6) Активті  туризмнің  дамуындағы  ең  бастысы – дамыған  туристік  инфрақұрылым  емес,  керісінше,  табиғи  ресурстардың  болуы.   Бұл  жағынан  келгенде,  кез  келген  елдің  активті   туризмді  дамытуға   шамалары  келген  болар  еді.  Бірақ,  сонымен  қоса  экстремалды   туризм  сақтандыруды  қажет   етеді.    Осы  мәселеге  келгенде  көптеген  елдердің  шамасы  келе  бермейді.  Мұның   өзі,  активті  туризмнің   әр  елде  әр  түрлі  дамуына   әсерін  тигізеді.

     7) Активті  туризм – адамдардың  салауатты  өмір  салтын  ұстануына   септігін  тигізеді.  Сол  себепті   де  туризмнің  бұл  түрі  кез келген  елде  кеңінен  таралған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған  әдебиеттер: 

1) Yandex.ru

2)google.ru

3)Александрова А. Ю., «Международный туризм», М., 2001.

4)Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 1998.

5)Мышлявцева С.Э. Активные виды отдыха // Путеводитель. М.: «Авангард», 2004. С. 132 – 143.

6)Ремизов Л. П., «Отдых на горных лыжах» - М.: Профиздат, 2004.

 

Информация о работе Туризмнің белсенді түрі