Талдыкорган каласындагы мейрамхана бизнесинин кеибир апектилери

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Талдықорғандағы мейрамханалардың, кафелердің және пабтардың саны қазірдің өзінде жүзден асып кетті. Тек қана соңғы жылдың ішінде Талдықорғандағы мейрамханалар картасында келесідей жаңалықтар ашылды: «Самрұқ», «Атамекен», «Ай-Күнім», «Хан-Тенгри», «Той» және басқалары. Қалада жаңа мейрамханалар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап өсуде, бірақ парадокс мынады, дәмді тағам дайындайтын және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсына алатын мейрамхананы, бұрынғыша, саусақпен санауға болады.

Работа содержит 1 файл

Конысбаева -тезис - мейрамхана.doc

— 28.50 Кб (Скачать)

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕЙРАМХАНАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

 

Әсетова Еңлік, 031топ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  колледжі, Талдықорған қаласы

жетекші: Конысбаева Гулвира Бусегеновна

 

Ғылыми-ізденіс жұмыстың мақсаты: Талдықорған қаласындағы мейрамхана бизнесіне талдау жүргізе отырып, тапсырыскерлер қатарын көбірек тартуға және кеңейтуге, пайда алуға және оны жоғарылатуға бағытталған, мейрамханалардың анық маркетингілік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әсер ететін, мейрамханалық кешенді басқаруға ықпал етуші әдістер мен функцияларды зерттеу болып табылады.  

Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

- Талдықорған қаласындағы  мейрамхана бизнесіне сандық  және сапалық жағдайын қарастыру;

- мейрамханалық кешенді басқарудың әдістерінің және функцияларының мазмұнын анықтау;

- қызмет көрсетудің мейрамханалық  нарығының ерекшеліктерін зерттеу; 

- халықтың қызметтің  осы түріне қажетсіну жағдайын  зерттеу;

- қалалық мейрамхана  бизнесін Қазақстанның басқа  қалалары және дамыған шет  мемлекеттер тәжірибесімен салыстыру;

- қалалық мейрамхана  бизнесін дамытуда ұсыныстар  жасау.

Ғылыми-ізденіс жұмыстың өзектілігі: қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген мейрамханалар қызмет етеді және де олардың негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Сондықтанда олардың арасындағы бәсекелестікте осы жерде жоғарылайды. Осы күреске төтеп беру үшін, мейрамханалар көрсететін қызмет сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны ұстауы және де басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Ал, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласын мейрамхана бизнесіне мұндай бәсекелестік біраз алыста.

 Әжептәуір тағамдар мен жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді, жаңадан ашылған мейрамханалардың бірқатары ұсынады. Осыған қарамастан олар туралы сәтті жобалар деп айтуға асықпай керек. Тәжірибе көрсеткендей, олардың әуелгі көтерген межеден төмендеуі байқалады. Талдықорған қаласының мейрамханалық нарығында келесідей тұжырымдама бұрыннан белгіленген: кәсіпорын ашылады, өзінің дәмді тағамдары мен керемет интерьерлері туралы бар дауыспен жариялайды, ал біраз уақыт өткеннен соң, осы қызмет көрсетуде, дәмді астар дайындауда толығымен бұзылады. Жалпы айтқанда қала халқының санының аздығынан, тапсырыскерлер санының аздығынан және т.б. себептер салдарынан әйгілі кеңестер киносының кейіпкері айтқандай, «тұрақтылық жоқ!».

Бұл нарықты дер кезінде зерттеу, тапсырыскерлердің қажетсінуін айқын анықтау және бәсекелестердің қызметін тұрақты талдау өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және дұрыс стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретінімен байланыстылығы жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік  маңыздылығы, оның нарықтағы мейрамханалық қызметтің жетілдірілуі бойынша қорытындыланады. Зерттеу нәтижелері мейрамханалық бизнестің пайдалылығын, бәсекелестік қабілеттілігін және тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданыла алады. 

Зерттеу нәтижелері қаламыздың туристік қызмет көрсету нарығының дамуының оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын түсінуге әсер ете алады.

Зерттеудің теориялық  мәнділігі, нарықтық экономика жағдайларындағы  туризмнің дамуымен тығыз байланысқан, мейрамханалық бизнестегі қызметтің  ең тиімді аспектілерінің бірін зерттеумен анықталады.

Ғылыми - зерттеу жұмысының кезеңдері:

- әдебиеттерді қарастыру және қажетті ақпараттар жинау;

- зерттеу әдістерін қолдана отырып, нәтижелерді сандық және сапалық сараптау;

- ғылыми - ізденіс жұмысын  талапқа сәйкестендіру;

- ғылыми - ізденіс жұмысын қорғау;

- ғылыми - ізденіс жұмысының басылымдардан жарық көруі. 


Информация о работе Талдыкорган каласындагы мейрамхана бизнесинин кеибир апектилери