Педагогикалық антропология мен педагогикалық іс – әрекет арасындағы байланыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:06, реферат

Описание работы

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.

Работа содержит 1 файл

педантроп.docx

— 24.86 Кб (Скачать)

Мақсаты: Педагогикалық антропология мен педагогикалық іс – әрекет арасындағы байланыс.

Міндеттері: *педагогикалық антропология ғылым ретінде нені                  қарастырады?

                     * педагогикалық іс – әрекет  дегеніміз не?

                    *  К.Д.Ушинскийдің «Педагогикалық антрополгия» еңбегі.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.   Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады. Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.  Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

2. Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары  сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.

Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды, мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қатысты  қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады. А.К. Маркованың айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек» .

Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты,  –  ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог  – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы  өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі  көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен  шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен  де,  кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы,  әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше,  мұғалімдердің  сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша  тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық  жерлерде де өзгере отырып,  1993 жылға  дейін өсу беталысына ие болған. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердің саны 80% артық мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.

Педагогикалық іс-әрекеттің  даралық субъекті ретінде бола отырып,  педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен  құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті  сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде  екіншісі, сонымен қатар жалпы  мәдениеттік және пәндік–кәсіби  білімдерді қамтиды. Даралық  субъект  бола отырып, педагог әр қашан,  даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.

Педаогогикалық  мамандық басқа мамандықтар арасында

Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек  пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша  бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары  бойынша барлық мамандықтар –  биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық  (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес  схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам» [88-90].

Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл  типі адамның келесі сапаларымен  анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты  жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа  деген қажеттілік, өзін ойша басқа  адамның орнына  қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін  есте сақтап, ойда ұстау т.б. Осындай  мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың  түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде  пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»;  стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі .

Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы  типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы  терең даралық түрлендірілген  болып шығады.

«Адам-Адам» схемасымен жұмыс  істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі  кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер:сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға селқостық, адамға ешбір пиғылсыз қызығушылық білдірудің болмауы. Бұл  «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері – кәсіби құзырлылық және дидактикалық мәдениет.

Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда  өзіне назар аудартатын жағдай –  онда басқа да қатынастар схемаларының  шоғырлануы, ең алдымен «Адам – Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер  өз  тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар,  оқыту пәні ретінде де қолданады

Педагог субъект ретінде  осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ  әрекеттерін, және егер олар тек механикалық  болған жағдайда. Аталған әрекеттер  тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық  және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.

Кәсіби іс-әрекет субъект  қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта  құру немесе іздеу мақсаттары.  Бұл  жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орныдаудың жаңа тәсілдері  мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара  қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектте қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою  мен орындау іскерлігін және осы  міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.

Еңбектің функционалды қаруларын  белгілеген кезде – Е.А. Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша  сөз, бейнелеуді» алады. Педагог  сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.

Педагогтың педагогикалық  іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы  сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау  негізінде келтіру осы мамандықтың  жалпы күрделілігі мен көпжақтығын  көрсетеді.

  "Педагогикалық антропологияның" - "бірінші томына кіріспесіңде ол былай деп жазды: "Жарыққа шығып отырған біздің еңбегіміздің бірінші бөлімі тікелей дидактикаға арналады, екінші бөлімі негізінен тәрбие үшін басымдық мәні бар. Сондықтан да біз бірінші бөлімді бөлек шығару туралы шешімге келдік". "Педагогикалық антропология" немесе "Адам тәрбиенің пәні" атты іргелі еңбегінен басқа ол білім беру мөселелеріне арналған бірнеше мақалалар жазды.

Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мүғалімдердің ұстазы. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған "Балалар әлемі", "Ана тілі" атты тамаша оқулықтарын жазды.

  КД.Ушинский  оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мүғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады:

оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін  немесе негізгі мәселені алға қою  ептілігі;

жаңа  сабақты балалардың бүрынғы меңгерген  білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету;

шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету;

сабақ кезінде шәкірттердің білімдерін толық  мәнді және берік меңгеруін қамтамасыз ету;

сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы;

   Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер  мен тәсілдерді қолданудъщ қажеттігін  талап ете отырып, Ушинский олардьщ  ішіндегі негізгілерді түсіндіріп  оқыту — мүғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардьщ әртүрлі түрлері  (ауызша, графикалық, жазбаша) деп  есептеді. Ушинский қайталауға ерекше  мән берді. Оның пікірінше,  біржүйелі өткізілген қайталауларсыз  шәкірттердің қажетті білім көлемін  берік меңгеруін қамтамасыз ету  мүмкін емес.Ол салыстыру сияқты  педагогикалық тәсілді өте жоғары  бағалады. Осы тәсілдің көмегімен  Ушинский шәкірттердің оқытатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық-синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс төңкеріске дейінгі алдыңғы қатарлы мектептер жүйесінде кеңінен қолданылып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде де кеңінен қолданылып келеді. К.Д.Ушинский "Адам - төрбиенің пәні" ("Педагогикальщ антропология") атты еңбегіңде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді. "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет...",-деп жазды.

   Адамды зерттейтін ғылымдардың  тілінде К.Д.Ушинский физиологияны  және әсіресе, психологияны бөліп көрсетті, ол педагогке адам ағзасы туралы және оның психологиялық қасиеттері туралы біржүйелі білімдер береді, балалармен тәрбие жүмысын жүргізудің тәжірибесі үшін қажетті білімдермен байытады.

  К.Д.Ушинский  психологиялық көзқарасы түрғысынан  негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының  дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі. Ол тәрбие мен оқытудың қызметін тәрбиеші мен мүғалімнің арасында бөлуге қарсы болды. Оқытуды тәрбиенің негізгі құралы ретінде қарастырды. Ушинский формалдік және материалдық білім беру теориясын және классикалық мектепті сынға алды. XIX ғ.дидактикада екі түрлі теория өмір сүрді — формалді және материалдық білім беру теориясы. "Формалді білім беруді" (негізінен классикалық білім беруді жақтаушылар) жақтаушылардың айтуынша, білім берудің негізгі міндеті — бұл есті, зейінді, ойлауды, тілді, қабілеттілікті дамыту, оған қарсы "материалдық білім беруді" жақтаушылар оқу материалының тәжірибелік мәніне, өмірге жақын болуға ерекше мән береді. Олар орта мектепте латын және грек тілдерін оқытуға қарсы болды, ең негізгі орынды ана тілі мен әдебиетке, математикаға, жаратылыстануға және жаңа шет тілдеріне арнады, бірақ оқушьшардың ақыл-ойын дамытуға жеткіліксіз мөн берді. Ушинский бұл екі теорияның да біржақтылығын қатты сынады, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілеттілігін дамытудың да, сонымен қатар өмірлік практикалық білімдерді меңгерудің де бірдей керектігін атап өтті. Ушинский бастауыш сыныпта оқыту үшін екі оқу кітабын құрастырды. "Ана тілі" алғашқы бастап оқыту үшін арналды, әліппеден бастап, онда орыс тіліне ерекше мән берілді. «Балалар әлемнің жоғары сынып оқушыларына арналды. Бүл оқулықтар төңкеріске дейінгі Ресейде кеңінен тарап, пайдаланылды. "Ана тілінің" I бөлімі 150-ден астам рет қайта басылып шықты. Бұл кітаптан орыс халқының көптеген ұрпақтары тәрбиеленді. Ушинскийдің оқулықтарының үлгісімен Ресейдің орыс емес халықтарының балаларына арналған оқулықтар жасалыңды.

Сонымен, адам жөніндегі  басқа ғылымдардың идеялары педагогикаға тәрбие заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік  ашады. өз дәуірінде К. Д. Ушинский ''Педагогикалық  антропология'' еңбегінде ''Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты  танып алуы тиіс'' - деген. Мұнысымен  көрнекті ғалым педагогика үшін адам зерттеуші антропологиялық ғылымдардың  бәрімен де терең таныс болу қажеттігін баса айтып отыр.

Информация о работе Педагогикалық антропология мен педагогикалық іс – әрекет арасындағы байланыс