Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 15:46, реферат

Описание работы

Қонақ үй шаруашылығының дамуы мен болашағы туралы айтпастан бұрын “қонақ үй” сөзінің мағынасын біліп алуымыз керек. Сонымен, қонақ үй - жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 44.29 Кб (Скачать)

Қонақтардың көңілін аулау  мақсатында қонақ үй қызметкерлері  көптеген жаңа қызмет түрлерін ойлап  табады, мысалы, иістендірілген орамалдар  мен халаттар нмесе қонақтың келуіне  қарсы жасалға ыстық ванна.

Сондықтан қазіргі күні кез  келген адам әлемнің қай шетіне барса  да, өзіне сәйкес келетін қонақ  үй таба алады.

Жоғары сатыдағы қонақ  үйлерде мүгедектерге, соқырларға, қарттарға, балаларға арналған арнайы қызмет түрлері міндетті түрде болуы  тиіс.

Жоғары классты қонақ  үйлерде VIP (very important person) және CIP (commercial important person) қонақтарға қалай қызмет жасау туралы нұсқаулықтар болуы  керек. Бірінші категориядағы қонақтарға президенттер, министрлер, жоғары дәрежелі дипломаттар, шоу бизнес әлеміндегі танымал адамдар жатады. Ал екінші категориядағы адамдарға бизнеске қажетті болатын адамдар (директорлар кеңесінің мүшесі, өз қызметкерлерін іс сапар кезінде қонақ үйге уақытша тұруға жіберетін үлкен фирмалардың менеджері және т.б). Осы екі категориядағы қонақтар өзіне үлкен көңіл бөлгенді қалайды: қонақ үйге орналасып жатқанда оны бас директордың өзі немесе арнайы VIP менеджердің өзі қарсы алуы керек.

VIP қонақтардың басқалардан  айырмашылығы- олар артық адамдарды  көруден қашады және сондықтан  да олар тамақты өз бөлмелерінде  ішеді, бассейнге басқа адамдар  жоқ кезінде барады және бөлмесінің  алдында арнайы күзет орнатылады. VIP және СIP қонақтар қонақ үйге  және оның қызметкерлеріне үлкен  қиыншылықтар әкеледі, бірақ та  олар басқа қонақтарға қарағанда  сол қызметке үлкен сомма жұмсайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Қонақ үй шаруашылығы аумағындағы маңызды түсініктер мен классификациялары

Қонақ үй қызметтеріне деген  мұқтаждық адамдар саяхаттап  бастаған кезден басталды. Сұраныстан ұсыныс туады дегендей, сол кездері  түнейтін орын мен тамақтану орындарымен  қамтитын кәсіпорындар пайда бола бастады. Қазіргі кезде туризм әлемнің  кейбір елдерінде басқа шаруашылыққа қарағанда басты орынды алады.

Қонақ үй бизнесіне қатысты  ғылыми зерттеулер басталғаннан бері терминологияны құрауда ғалымдар бір  келісімге келе алмай жүр. «Қонақжайлылық» , «қонақжайлылық индустриясы» , «қонақ үй», «қонақ үйлік қызметтер» сөздеріне  аса мән беру керек. Кейбір авторлар ғылыми категорияға сәйкес келмейтін  анықтамалар береді. Мысалы, Р.Браймердің айтуы бойынша, қонақжайлылық- кез  келген қамқор қызмет көрсетудің құпиясы, ал Г.Пейдждің анықтамасы бойынша қонақжайлылық  – адам үшін ең маңызды және басты  нәрсе.

Басқа авторларға қарағанда  В.А. Квартальнов қонақжайлылық сөзіне ашық анықтама береді: қонақжайлылық  – «туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің  үйлесімділігі».

«Қонақжайлылық индустриясының»  анықтамасы да «қонақжайлылық» сөзінің  анықтамасы секілді қиын болып келеді.  А.С. Кусков қонақжайлылық индустриясын қазіргі заманғы аз уақытқа саяхаттап  келген адамдарға қызмет көрсететін өндіріс, кәсіпорын, қызметтік мекеме ретінде қарастырады.

Жоғарыда айтылған анықтамаларға  қарай отырып қонақ үй индустриясы  дегеніміз сол жергілікті орынға демалу мақсатында, жеке қажеттіліктерімен  келетін адамдарға белгілі бір  төлемге ұсынылатын қызметтер кіретін  экономикалық шаруашылықтың бір  түрі.

Барлық анықтамалардың мағынасы бір (түнеуге арналған қызметтер үсынылатын ғимарат). Бірақ та қонақ үй тек  қана түнеуден тұрмайды. Қонақтар қонақ  үйге орналасуынан бұрын бөлмеге  тапсырыс беруі керек (алдын ала  тапсырыс беру қызметі); қонақ бөлмесіне  орналасқаннан кейін оған бірнеше  қызметтер жүйесін ұсыну керек (аз дегенде бөлмесін жинау керек);демалысын  ұйымдастыру керек (күн тәртібін және емделуін); қонақты тамақтандыру керек (тамақтандыру қызметі). Қонақ үйлер классификациясына, дәрежесіне, бөлмесінің санына, ұсынылатын қызметтеріне қарамастан әр түрлі болады. Осыған орай қонақ үйдің анықтамасы осылай айтуға болады:

Қонақ үй – белгілі бөлмелер санынан  тұратын, ұсынылатын қызметтер жүйесі мен бөлменің жабдықталуына қарай  категорияларға бөлінетін орналасу орындары.

Қонақ үйді қонақжайлылық индустриясының ұйымы ретінде қарастыру үшін бірнеше белгіге бөлуге болады:

  • Бөлмелер саны;
  • Ұсынылатын қызметтер түріне;
  • Сол елде қабылданған стандарттар бойынша белгіленген ұсынылатын қызметтеріне байланысты бөлінген категориялар мен класстарға байланысты;

 

Категориясы

Дәрежесі 

Тобы 

1.Туристердің коллективтік орналасу  орындары

1.1 қонақ үйлер мен туристердің  аналогиялық орналасу орындары

1.1.Қонақ үйлер 

1.2.Аналогиялық ұйымдар – мотельдер,  пансионаттар, бөлмелері бар клубтар  және т.б.

1.2 арнайы ұйымдар

1.2.1.Сауықтыру орындары

1.2.2.Еңбек және демалыс лагері

1.2.3.Қоғамдық көліктер

1.2.4.Ротель, ботель, флотель

1.3 коммерциялық және әлеуметтік орналасу орындары

1.3.1.Туристік база

1.3.2.Бунгало

1.3.3.туристік ауылдар мен қонақ үйлер

2. Жеке оналасу орындары

2.1. Жеке оналасу орындары

2.1.1.жеке меншік үйлер

2.1.2.жанұялық үйлерде бөлмелерді жалдау

2.1.3.жеке үйлерде немесе агенствалардан  жалдау

2.1.4.Туысқандарда немесе таныстардың  үйлері;


1-қосымша. Орналасу орындарының стандартты классификациясы

 

Қонақ үй кәсіпорындарын әр түрлі критерия бойынша классификациялауға болады. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатыны  келесілер:

  • Жайлылығы;
  • Сыйымдылығы;
  • Функционалдық мағыналары;
  • Орналасқан орны;
  • Жұмыс істеу уақыты;
  • Тамақтандыру қызметі;
  • Қонақтардың келу ұзақтығы және т.б.

 

Қонақ үй жайлылығын бірнеше  критерия бойынша біле аламыз:

  • Бөлмелердің жағдайы мен құрылымы: бөлменің көлемі, бір адамдық бөлменің аумағы, көп бөлмелі, апартаменттердің аумағы, олардың коммуналдық жайлылығы;
  • Инвентарь, жиһаздар мен санитарлы- гигиеналық жағдайда қолданылатын заттар;
  • Тамақтану орындарының, ресторандардың болуы, олардың жұмыс істеу тәртібі, жағдайы және т.б.
  • Қонақ үйге жету жолдары, ғимараттың жағдайы;
  • Информациялық жабдықтау мен техникалық жабдықтау,соның ішінде телефон және спутник желілерінің болуы, теледидар, тоңазытқыш, мини барлар мен мини сейфтің болуы;
  • Қосымша қызметтер көрсету мүмкіндіктері;

 

 

 Ал енді қонақ үйлерді  классификациялау жүйесін айтар  болсақ, оны бірнеше түрге бөлсек  болады:

  • “Жұлдыз” жүйесі (еуропалық). Мұнда қонақ үйлерді бірден беске дейінгі категорияға бөліп қарастырады. Бұл жүйе Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Қазақстан деген елдерде қолданылады.
  • Әріптер жүйесі (А, В, С, Д). Грецияда қолданылады;
  • ‘Тәждік’ жүйе. Ұлыбританияда кең қолданыс тапқан;
  • Категориялық жүйе. Италия және Израилде қолданылады.

 Қонақ үйлерді классификациялауда  неміс жүйесі:

  • туристік класс – «*»;
  • стандартты класс – «**»;
  • жайлы класс – «***»;
  • бірінші класс – «****»;
  • люкс – «*****»;

Қонақ үйлерді классификациялауда қонақ үй желілері деген түсінік  бар. Қонақ үй желілері дегеніміз  бір бірімен байланысқан және бір тұтас ретінде қарастырылады.

Олардың:

  • басқару билігі біреу;
  • белгілі бір желідегі барлық қонақ үйлерге таратылатын ортақ сату маркасы мен тауарды алға тарту концепциясы бір;
  • әрбір сату маркасында тек қана жайлылық деңгейі ғана емес, сонымен қатар, бағыты, орналасу орны, қонақтардың орналасу уақыты, ғимараттың архитектурасы және де басқа критериялары сәйкес келуі керек.

Жайлылық деңгейі деген  түсінікті классификациялау және категориялауда әр ел әр түрлі түсінеді. Әр елдегі мәдени –тарихи және ұлттық дәстүрлерге  сәйкес пайда болған осы жағдайға байланысты әлемде бір қонақ үй классификациясын жасауға кедергі жасайды. Осы  мәселені шешуде тағы бір қиындық  туындайды, ол қазірде қонақ үйлер  мен қатар тағы да түнеу орындары бар. Сондықтан да барлығын бірыңғай классификациялауға болмайды.

Сыйымдылығы бойынша қонақ  үй кәсіпорындары бір уақытта  бірнеше қонаққа ұсынылатын жатын  орындарының санымен анықталады.

Жатын орын – бір адамның  қолдануына арналған төсек орналасқан аумақ.

Номер – қонақ үйдің  категориясына сәйкес жабдықталған бір немесе бірнеше жатын орыннан  тұратын бөлме. Олар бір, екі және одан көп бөлмелі,бір орындық  немесе бірнеше орындық болады. Сонымен  қатар жайлылық деңгейі қарай  бизнес классты, эконом классты номерлер, апартаменттер болады.

Бизнес классты номерлер жұмыс шаруасымен келген қонақтарға арналған. Номерде стандартты заттардан  басқа жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған: телефон, факс, жұмыс үстелі, компьютер және т.б. болады.

Эконом классты номерлер өзінің шағын ғана жабдықталуымен ерекшеленеді және ол номердің бағасы да арзанырақ  болады.

Апартаменттер (2-, 3-, 4- бөлмелі) ұзақ уақытқа орналасқан жанұяларға арналған. Бұл номерлерде жеке толық  жабдықталған ас үйлері де бар. Осы  секілді категориядағы люкс апартаменттер  немесе сьюттар бар,жоғары деңгейде жабдықталған бөлмелер, бірақ онда ас үй болмайды.

 

 

 

 

Қонақ үйлерді сыйымдылығы  бойынша классификациялау:

  • кішкентай – 150 орынға дейін (100 номерден артық емес);
  • орта – 150-400 орын (300 номерге дейін);
  • үлкен – 400 орыннан астам (300 аса);
  • мега-қонақ үйлер – 600 номерден астам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қонақ үй кәсіпорындарының  ұйымдастыру – құрылымдық   сипаты

Қонак үйдің орналастыру  бөліміне нөмірлер, баспалдактар мен  лифтер кезекші персонал бөлмелері  кіреді және ол түрлі формада болып  онда бір немесе бірнеше коридорлар болуы мүмкін. Нөмірлерге жалпы тұргын бөлімнің 54-70 %, ол коридорларға 13 тен 22 % дейін көлемі келеді. Нөмірлер орын санына бөлмелер санына көлеміне және жабдықталуына қарай бөлінеді. Қонақ  үйлердің нөмірлерінің көпшілігі, дүние  жүзілік тәжірибе бойынша, бір орындық  және бір бөлмелік болып келеді. Бөлме кеңістігі бірнеше функциональдық бөлімдерге бөлініп, бір бөлмелі  нөмірдің 70 % тұру бөліміне 14 % кіре беріске, 20 % санитарлык торапқа тиесілі болады. Жалпы көлемі бұндайда 7 ден 14 кв. м дейін қазіргі заманғы талаптар бойынша бұл көрсеткіш 14-18 кв. м 20-21 кв. м дейін болады.

Қызмет етушілердің алыста болуы қызмет сапасын төмендетіп, колайсыздык тудырады, сондықтан  қызмет етушілердің белмелері әр қабатта орналасқаны дұрыс. Нөмірлердегі тазалау үш түрде болады; күн сайынғы, тұрушының кетуінен кейінгі және толықтай тазалау. Тазалауды тұратын  адамның рұқсатымен не ол жокта жасау  керек. Нөмірлердегі қызмет етуішінің  міндеттеріне бөлмелерді желдету, ыдыс жуу, тесек жинау, шаң сұрту, төсек  жабдыктарын ауыстыру т.б. жатады.

Қонак үй әр түрлі инженерлік жабдыктармен камтамасыз етілуі тиіс. Оны жұмыс жағдайында ұстау керекті  технология мен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті  қорғау сақталынуы керек. Сумен жабықтау ыстық сумен өрт сендіретін сумен, тамақка пайдаланатын және тұрмыстық  қызметке қажет сумен қамтамасыз етеді. Ауа тазартқыш жылу беретін  түйелер де, сондай-ақ өрт сөндіру  жүйесі қалыпты жұмыс істеуі керек.

Қонак үйлердегі қызмет түрлері  үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, Нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың  ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты.

Қызмет көрсету түріне қарай қызметкерлердің жұмысын  анықтайды, белгілейді.

Негізгі кызмет түрі:

   - әкімшілік басқару  қызметі;

   - қабылдау және  орналастыру қызметі;

   - нөмірлік қор  қызметі;

   - қоғамдық тамақтандыру;

   - коммерциялық;

   -инженерлік-техникалык;

   - қосымша және  көмекші қызмет.

Қонақ үй қызмет түрлері  жоғарыдағы схемада түсінікті берілген Біз өзіміз білетін қонақ үй негізінде  «Амбасадор» қонвқ үй қызметіне  тоқталып отуді жөн көрдік.

Информация о работе Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері