Маңғыстау облысында туристік бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:50, доклад

Описание работы

Маңғыстау облысы Қазақстанның батысында, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.
Облыстың 400 мың халқы бар, 167 мың км2 жерді алып жатыр. Облыс орталығы болып 150 мың тұрғыны бар Ақтау қаласы бекітілді.
Облыста Ақтаудан өзге 2 қала бар. Олар: Жаңа Өзен және Форт – Шевченко.

Работа содержит 1 файл

Маңғыстау облысында туристік бизнесті дамыту.docx

— 19.97 Кб (Скачать)

Маңғыстау облысында туристік бизнесті  дамыту

 

Маңғыстау облысы Қазақстанның батысында, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.

 

Облыстың 400 мың халқы бар, 167 мың км2 жерді алып жатыр. Облыс орталығы болып 150 мың тұрғыны бар Ақтау қаласы бекітілді.

 

Облыста Ақтаудан өзге 2 қала бар. Олар: Жаңа Өзен және Форт – Шевченко.

 

Маңғыстау облысының аумағы – бұл мал шаруашылығының дамуына көп септігін тигізетін, жусан өсімдігі өсетін шөлді аймақ.

 

Маңғыстау табиғаты ғажап. Бір жағынан ақжелкеннің астында теңіздің таза ауасымен тыныстайтын немесе күн батқанда балық аулау мүмкіншіліктері, құм жағалаулы Каспийдің жартасты жүздеген километрлері болса, ендігісі дүние жүзіндегі әр түрлі шөлдердің көрінісі болып табылатын құмды аймақтар.

 

Біріншіден, ойпаттардың жұмбақтары және солардың ішінде дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірі болып табылатын Дүниежүзілік мұхит деңгейінен -132 м төмен орналасқан Қарақия, ал басқа жағынан, Маңғыстаудың ортасында орналасқан Ақ тасты Ақтау мен қара түнектей қап-қара тасты Қаратаудың таңғажайып әлемі. Сыңғырлап атқан бұлақтар туындайтын ондаған жыралар және үлкен жасыл оазистер.

 

Маңғыстаудың жеріне тән өзіндік ежелден келе жатқан тарихы бар. Маңғыстау үлкен мәдени байлықтар мен халық ауыз әдебиеті, қол өнері мен архитектура ескерткіштері қоймасы болып табылады.

 

Алғашында Маңғыстау Каспий жағалауындағы қызыл түсті шөл болып көрінуі де мүмкін. Бірақ шындығына келер болсақ, бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз – мұраларға өте бай. Маңғыстау – Ұлы Жібек Жолының бір бөлшегі және қайталанбас сұлулық аймағы.

 

Маңғыстауда саяхаттай жүріп, сіз өткен күндердің тынысын сезінесіз. Маңғыстау түбегінде мемлекет қарамағындағы архитектуралық, археологиялық және тарихи ескерткіштер сақтаулы.

 

Бұл аймаққа ерекше өң беретін оның сирек кездесетін жер бедері. Ежелден келе жатқан теңіздің толқындары бұл жерлерді миллион жылдар бұрын шайып жатқан болатын.

 

Сіз түзу жазықпен келе жатып, күтпеген жерден көкжиекте аппақ таулар көрінеді. Сонщама қабат болып, теңіз түбінде жатып, ондаған метр қабаттар құрауы үшін қаншама миллиондаған жылдар қажет болды.

 

Ары қарай жазық күтпеген жерден жыралардан жасалған шытырманға айналады, олардың тереңдігі 200 – 300 метрдей болады және осылардың барлығы бір түсті емес әр түрлі ашық түстерге боялғандай.

 

Қазақстанның барлық жерінен және шекаралас мемлекеттерден қажылыққа келушілер көп болғандықтан Маңғыстауды «Екінші Мекке» деп те атайды.

 

Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет-ата мешіті – тауда ойып жасалған. Бекет-ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге ол денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет-ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға уағыздайды.

 

Бекет-ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады.

 

 

Туризм

 

Туризм

 

 Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен   таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және  орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық,    этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық  оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

 

 Оңтүстік Қазақстанға төрт облыс – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда  кіреді. Аймақ батыста Арал теңізінен шығыста Жоңғар қақпасына дейін, солтүстікте  Балқаш көлі мен Бетпақ даланың шөлді жазығынан, Қызылқұм шөл даласының солтүстік бөлігі мен Тянь-Шаннің батыс және солтүстік  сілемдерін және Жоңғар Алатауын қоса алғанда, республиканың оңтүстік шекарасына  дейінгі аумақты  алып жатыр. 

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 

 

 Батыс Қазақстан – бұл екі құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқан  4 облыс: Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты орналасқан.   2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды балық шаруашылығымен, аң-құсы мол саятшылыққа  қолайлы жерлерімен, су спорты түрлерінің  дамыған инфрақұрылымдарымен қуантады.

 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

 

 Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар  облыстары өз алдына Солтүстік Қазақстан аймағын құрайды. Ол Есіл, Тобыл және Обаған өзендері, сондай-ақ, көптеген көлдері емдік минералды тұздары және балшығымен әйгілі аумақты жерде орналасқан.

 

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН 

 

 Қарағанды облысы  Орталық Қазақстан аймағына жатады. Әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі мен керемет таулы-орманды Қарқаралы оазисі де осында орналасқан. Ұлытау таулары тау туризмінің түрлеріне әуестенушілердің ғана емес,  жаратылысы бұзылмаған көркем табиғатты сүйетіндердің де көңілінен шығары сөзсіз.  Аймақ сондай-ақ, Ұлы Жібек жолындағы сауда және  мәдениет аясына кіреді.

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 

 

 Шығыс Қазақстан Қытай, Моңғолия және Ресей мемлекеттерімен  шекаралас орналасқан. Шығыс Қазақстан аумағының үлкен бөлігін Рудный, Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр, Тарбағатай тау жоталары алып жатыр. Осынау табиғаты көрікті жерде қазақтың ұлы ағартушы-ақыны Абай Құнабайұлы мен атақты жазушы Мұхтар Әуезов өмірге келген.


Информация о работе Маңғыстау облысында туристік бизнесті дамыту