Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 23:45, реферат

Описание работы

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:
А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;
Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;
В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

16. Экономикалық операция - өзара келісімдер бойынша жүзеге асырылатын екі институционалды бірліктердің өзара қызметін көрсететін экономикалық ағын. Экономикалық операциялар үш топқа бөлінеді:

- «тауарлар мен қызметтер операциялары» қозғалысы келесі процестермен тіркеледі: өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт, импорт;

- «бөлу-үйлестіру операциялары» - табыстармен операциялар жасау: жалақы, проценттер, пайда, трансферттер (салықтар, субсидиялар);
              - «қаржы операциялары» - несиелерді алу, оларды өтеу, бағалы қағаздарды сату және сатып алу  және басқа да қаржылық активтермен операциялар.

17. Трансферт- бұл экономикалық операция, бір   институционалды бірліктің екінші институционалды бірлікке ақысына компенсация төленбей, ештеңе алмай, тауар, қызмет, не ақшаны беруі. Трансферттер ақшалай не заттай түрде берілдеі. Трансферттер үш топқа бөлінеді: ағымдағы, әлеуметтік, капиталдық.

18. Салықтар – бұл мемлекетке ақшалай немесе натуралды түрде институционалды бірліктер орындайтын міндет, компенсация жасалмайтын төлемдер. ҰШЖ салықтары «ағымдағы» және «капиталды» болып бөлінеді.

19. Таза салықтар салықтан демеу қаржыны азайтқанға тең.

20. Демеу қаржылар (субсидиялар) – кәсіпорындарға орны толтырылмайтын ағымдағы мемлекеттік бірлік төлемдері. Демеу қаржыны резиденттік өндірушілер алады және салыққа кері трансферт ретінде болады.}

 



Информация о работе Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері