МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК
ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік
қарым-қатынас 5
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ
ҮЛЕСІ
2.1 Қазақстандағы Италия компаниялары
және олардың ұйымдастыратын көрмелері,
жәрмеңкелері 15
2.2 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы
бизнес турлары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
30
КІРІСПЕ
Қазақстандық және шетелдік
азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге
қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі
заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге
қабілетті туристік кешен құру, саланы
дамытудың экономикалық және құқықтық
тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның
туристік өнімінің сапасын қамтамасыз
ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің
бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік
Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік
жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық
инвестициялардың 11 пайызынан астамын,
әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы
орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан
Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға
нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта
басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен
дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы
шарттары болып табылады. Қазақстанда
қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының
дамуына, соның ішінде туризмге үлкен
мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің
экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм
саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің,
халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет
көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік
қызметті реттеу мен халықтың тарихи және
мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп
қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін,
оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык
саласына және қоғамның әл ауқатына күшті
ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді
Қазақстан экономикасының маңызды секторы
деп анықтады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық
әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол
әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялар
мен бірлестіктердің,аймақтық, ұлттық,
халықаралык институттар, мемлекеттік
және мемлекет аралық реттеу ұйымдарының
қызметімен өте тығыз байланысты болады.
Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған барлық
осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің
әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі
түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын
әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге
асырғанда маркетинг концепциясын қолданады,
сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін
арттырып, өзіне және қоғамға белгілі
бір пайда алып келе алады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі
кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр,
соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік
туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген
мемлекеттермен экономикалық тығыз қарым-қатынаста.
Сондықтан, жыл сайын елімізге іскерлік
мақсаттағы сапармен келушілердің саны
көбеюде. Соның ішінде италия туристері
мен қазақстанның италияндық компаниялары
елеулі орын алды.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Тақырыпты теориялық
тұрғыдан жан жақты зерттеу. Қазақстанда
іскерлік туризімнің орнын анықтау. Қазақстан
мен Италия арасындағы экономикалық қарым-қатынаспен
дамып жатқан бизнестен іскерлік туризм
сапасы арқылы табыс түсіру жолдарын қарастыру.
Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік,
графикалық, статистикалық талдау әдістері
қолданылады.
Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған.
мәселелер, Қазақстан Республикасындағы
туристік мәселер мен ақпараттарды қарастыру.
Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық,
іскерлік қарым-қатынастарынан туындаған
бизнес туризімнің даму қарқынын қарастыру.
Зерттеу пәні- Қазақстан мен Италия арасындағы
іскерлік туризм.
Зерттеу объектісі- Қазақстан мен Италия
арасындағы іскерлік туризімнің маңызы.
Ғылыми жұмыстың теориялық және методологиялық
негізі осы саладағы отандық және шетелдік
авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің
мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары
және интернет жүйесі болып табылады.
Аталған тақырыпта жүргізілген зерттеу
жұмысының жаңалығы. Қазақстан мен Италия
арасындағы іскерлік туризм ерекшіліктеріне
зерттеу жүргізу.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Глабалды
экономика мен іскерлік туризімнің қысқа
мерзімде әлемдік деңгейде табыс түсімі
бойынша жетекші салалардың біріне айналуы
ХХ ғасырдың экономикалық феномені болып
табылады. Қазақстанда іскерлік туризм
потенциалын өте жоғары деңгейде қойып
оны дамыту керек.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытындыдан тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қазақстан мен Италия
арасындағы іскерлік қарым-қатынас
Іскерлік туризм дегеніміз
- профессианалды міндеттерді орындаумен
тікелей байланысты саяхат. Бүкіл әлемдік
интеграция мен іскерлік байланыстардың
өсуінен іскерлік туризм жылдан жылға
маңызды орын алуда. Саяхаттардың мақсаты-
фимрмалардың объектілерін көру немесе
оған қызығушылық тудыру, іскерлік кездесу,
сонымен қатар жиналыстар, конференциялар,
семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыру.
Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез
дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік
үлкен табысты туризм түрі болып тек XX
ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады.
Дүниежүзілік экономиканың глобалдылығы
мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми
және мәдени байланыстардың тікелей қатысы
іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін
әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды.
Сондықтан бұл XX ғасырдың экономикалық
феномені болып табылады.
Іскерлік туризм көп салалы. Мамандар
“бизнес - туризм” түсінігі орнына жиі
ағылшын аббреавиатурасы-“MІCE” терминін
қолданады, өйткені бұл аббревиатураны
құрайтын сөздер –(Meetings; Incentives; Conferences;
Exibitions - Кездесулер; Инсентивтер; Конференциялар;
Көрмелер) бұл іскерлік туризм түрлері
немесе бизнес – туризм құрылымы.
«Horwath Axe Consultants» мәліметі бойынша:
1)Жеклеген іскерлік сапарлар, олар бүгінгі
күні іскерлік туризм құрылымының 70,8%
құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстік туризм – 3,3%;
Бірақ ТМД – да экперттердің
ойынша, басқаша. Іскерлік сапар әйгілігі
өте жоғары, мәселен, таза интенсив
үлесі 2% тең. Егер әлемдік турағымда
бизнес – туристер үлесі 25-30% құраса,
ТМД – 20% аз.Сол уақытта басқа жағынан
ірі қалалар– Мәскеу, Санкт-Петербург,
Алматы кіру ағымы бизнесмендердің 60%-ға
жақындады [10].
Конференция, семинарлар [11] – бұл шараларға
қатысу алдын –ала жоспарланады. Бұл шараға
компаниядан адам жіберілуі мүмкін немесе
функциялық тұлға немесе бақылаушы т.б..
Ал көрмелерге қатысу керісінше, алдын
– ала ойластырылмаған таныс емес адамдар
болады [12].
Конгресстік туризм.
Конгресстік қызмет көрсету – туристтік
қызмет көрсету түрлерінің арнайы түрі.
Конгресстік туризм әлемдегі тиімді туризм
түрі, өйткені туризмнің басқа салалары,мәселен,
демалыс және ойын-сауық мақсатындағы
туризм түріне қарағанда көп табыс береді.
Сонымен қатар, конгресстік туризм басқа
саяхат түрлеріне қарағанда екі үлкен
ерекшелігі бар:
• конгресстік туризм – материалдық базаны
маусымаралық немесе маусым емес уақытта
қолдануға мүмкіндік береді;
• конгреске қатысушылар үшін орынды
броньдау шара өткізілер алдында ғана
жүзеге асады.
Осы сияқты конгресс және басқада шаралар
тиесілі материалдық базалардан басқа
демалыс, ойын-сауық, спортпен айналысу
мүмкіндігі болатын орындарда ұйымдастырылады.
Инсентив – туризм (ағылшын іncentіve – стимул,
мадақ)- халықтық туризм нарқында іскерлік
туризм түрі ретінде қызмет атқарғанына
көп болған жоқ, бірақ көптеген компаниялар
ынталандыру әдісі мен ұжым ынтымағына
жеткен. Бұл біріккен туристтік саяхат
және компания офисіндегі корпоративті
кеш, ұжымдық демалыс немесе қала сыртындаға
пикник болуы мүмкін [6].
Инсентив турлар – компания басшылығының
қызметкерлерге алғыс айту, тұрақты клиенттерге
жақсы орындаған жұмысы мен тереңдеген
бірлестік үшін ең тиімді әдістердің бірі.
Корпоративті конференция, оқуға шығушы,
семинарлар, тренингтер белсенді демалыспен
қосылысында нық топ рухын қалыптастырады,
персоналды белсенді жұмысқа ынталандырады
және өздерінің міндеттерін орындаудың
жолын табу. ¦лкен ұсыныстар ассотиментін
қолдана отырып, турфирма немесе консалтингтік
компаниялар әрбір ұйым үшін саланың,
кадр және басқа ерекшеліктерді есепке
ала отырып, жекелеген бағдарлама құрайды.
Бұл шара тиімділігін жоғарылатады. өндірісті
жоғарылыту үшін, қызметкерлер қызығушылығын
ояту үшін, ұжымды біріктіру үшін инсентив
– бағдарламалар жасалады.
Қалай инсентив – бағдарлама құруға және
одан максимум пайда табуға болады?
Бірінші жағдай. Адамды жұмыс істетуден
басқа күрделі мәселе жоқ. Тіпті үлкен
ақшаға да.
Кез-келген деңгейдегі басшы бұның қиындығын
түсінеді. Онжылғы еркін нарықта отандық
топ – менеджерлер жұмыс шыңы нақты мәселелерді
шешуге жабайы капитализм құралдарын
қолданды: онда жұмыстан шығарды, жұмысқа
қабылдады; төлемақыны көтерді, түсірді;
премия төледі немесе төлемеді; ұрысты
және мадақтады. Кейде осылар көмектесті,
бірақ көп уақытқа емес. Бұл он жылдық
тырысу нәтижесі: айдан анық тіпті еркін
экономика елінде де адамды жұмысқа өзінің
ерігінсіз жұмыс істету мүмкін емес.
Екінші жағдай: адамды сатып алуға мәжбүрлеу.
Тоталитарлық дифицит елінен біз тауар
мен қызметтер артықтығы еліне өттік.
Блат бойынша тауарлардан, прилавкалардан
– қатаң конкуренцияға. Бұгінгі күні кейбір
бай тұтынушы үшін көрші дүкенде (салон
немесе складта) де сол арзан және тіпті
жақсыны ұсынатынын білмейді де. Бұл жағдайға,
аз емес сәтті компаниялар тәжірибесін
көруге болады.Алайда, бизнесте әмбебап
кеңестер болмайды,олардың жеңісін бақылауға
болады.Адамды жұмысқа және сатып алуға
мәжбүр ете алмайсың, бірақ адамды шығармашылық
еңбекпен алуға нақты ынталандыруға болады.
Сәтті ендегі кәсіпкерлердің бірі, “Планета
фитнес” спорттық–сауықтыру клубтарының
Президенті Ирина Краг-Тимгрен ойынша:
“Құлды қызметкерді төлемақымен ұстай
алмайсың: әрқашан оданда көп төлейтін
басқа біреу табылады. Сондықтан мен әрбір
қызметкер үшін ынталандыру жүйесін құруға
тырысамын. Менің тәжірибем бойынша, мен
сенетін көптеген қызметкер үшін олардың
кәсібилігі мен азаматтық өсуіне инвистиция
құнды.
Сондықтан біз топ менеджментті оқимыз,
тренинг жүргіземіз, ұсыныс пен инициативаға
ерекше көңіл бөлу. Ынталандыру клиент
қалтасы үшін кілт және интеллект және
коллега инициативасы үшін де кілт. Ең
күрделісі – осы ынталандыруды құруды
үйрену. ”Инсентив - турлар” – бұгінгі
күкні қызметкерлер мен клиенттерді мадақтау
түрінің кең қолданысқа иесі. Ынталандыру
туризмі – бұл сапарларда коммерциялық
компаниялар өздерінің қызметкерлерін
жұмыстағы жоғары көрсеткіші мен үлесі
үшін мадақтауды және келешектегі өндірістік
еңбекке стимулдайды. Бұл қызметтерді
ынталандырушы және компаниядағы клиенттердің
сенімін қолдайтын әрекет құралы”.
Исентив-тур тапсырыс мотиві анық – ол
қызметкерлер өндіріс еңбегін стимулдеу
және турсапар көмегімен сату көлемінің
көбейюі. Әрине стимул ретінде ақшалай
премия, құнды сыйлықтар бола алады. Бірақ
тәжірибе көрсеткендей ақшалай премия
ақша құртылмай жатып ұмытылса, құнды
сыйлықтарда бір уақыттан соң естен шығады.
Әрбір ерекше турсаяхат өмір бойы есте
қалады және жақсы жұмыс үшін ең күшті
мотиватор болуы мүмкін. Сондықтан, инсентив-туризмді
жақын жерде пансионаттағы корпоративті
ішумен айрбастауға болмайды. Инсентив-туризм
басталады егер сіз сөздің ұжымыңыз және
бағынушылар сөздің қазіргі және потенциалды
коллегаларыңыз сол сезім, ақпарат, эмоция
ала бастаса ғана исентив-туризм болады,
яғни бұларды сатып алуға, тіпті басқа
жағдайда алуға мүмкін емес.
Қазақстанда іскерлік туризм жақсы дамуда
және басқа туризм түріне қарағанда ең
табысты түрі болып табылады. Себебі Қазақстанға
көптеген мемлекеттер бизнес жағынан
қызығушылық танытуда.Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев биылғы Жолдауында Астана қаласын
іскерлік туризм орталығына айналдыру
міндетін қойды, ал Батыс Қазақстан облысы
туризм бойынша табыс түсіретін салаға
айналып жатыр. Іскерлік туризм Алматы,
Ақтау, Ақтөбе, Астана сияқты бизнес-қалаларда
жақсы дамыған.
Италия Қазақстанның Шығыс
Европадағы маңызды саяси және экономикалық
әріптестерінің бірі болып табылады.
Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық
қатынас 1992 жылдың 12 шілдеде орнады. Екі
жақтық бірлестіктегі алғашқы қадамдар
1992 жылы қарашада қазақстан-итальян Сауда
палатасының құрылуымен анықталады, оның
мақсаты сауданы дамытудағы көмек көрсету,
семинарлар, көрмелер, жәрмеңке өткізу
болып табылды. Сол кезден бастап Қазақстан
мен Италия арасында бизнес туризмнің
дамуы бастау алды. 1993 жылы желтоқсанда
Алматыға Италияның сыртқы сауда Институты
делегациясы келді. 1993 жылы ақпанда кабелді
өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтарды
жеткізу және дайындауға 24,125 млн. АҚШ долларына
«Энергокабель» АҚ-мен контрактқа қол
қойды. Итало-қазақстан саудасының көлемі
1994 жылдан 1999 жылға дейін 56 пайызға өскен;
және ол қазақстан экспортының Италияға
шикізат материалын тасымалдауы. Мұндай
жағдай екі елдің экономикалық мүмкіндігі
мен күшіне сәйкес келмейді. Италия мысты
импорттау көлемін ұлғайтуға құлшыныс
білдіріп отыр. Италияның сыртқы сауда
министрі А. Фантоццидің көрсетуі бойынша,
«Италияға келген түсті металлургия өнімі
ағысының ары қарай дамуы өте тиімді».
1994 жылы 22 қыркүйекте Президент Н. Ә. Назарбаевтың
Италияға ресми сапары басталды. Екі ел
мемлекеттер арасында егемендік теңдікті,
аумақтық тұтастықты құрметтеу, шекараның
мызғымастығы, дау-жанжалдарды бейбіт
жолмен шешу принциптерін қолдайтындықтарын
мәлімдеді.
Екі жақ адам құқығын сыйлау мен этникалық
маңыздықтарға, демократиялық принциптер
мен бостандыққа көңіл бөлетіндігін мәлімдеді.
Қазақстан мен Италия ядролық қаруды таратпау
режимін күшейту үшін алға шығатындарын
және адамзатты жоятын барлық қару түрлерін
таратпауға бағытталған шараларды қабылдады.
Екі жақ елдерінің келешегі Европалық
континент сияқты нарықтық экономикада
қалыптасқан жүйенің құрылуы мен экономиканың
дамуына байланысты болады деді. Олар
әр түрлі салада өзара тиімді бірлестік
даму үшін керекті шаралар жасап отыратынын
мәлімдеді. Сонымен қатар Италия екі елдің
қоғамы мен халықтарын біріктіруге ықпал
ететін құқық, саясат, экономика және мәдениет
саласында Қазақстанға көмек беретінін
мәлімдеді.
Екі жақ Қазақстандағы Семей полигонындағы
ядролық қаруды жылдар бойы сынақтар және
Арал теңізінің тартылуы ғаламдық қауіп-қатер
болып табылады. Бұл мәселе жан-жақты бағдарламаларды
пайдалана отырып бірігіп шешілуі қажет.
Римде біздің еліміздің Басшысы мен Италияның
Кеңес Министрлерінің Төрағасы Сильвио
Берлускони екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастар
принциптері жайлы Декларацияға қол қойды.
Бірлескен Декларацияда екі ел үкіметінің
ісіндегі басымды бағыттары анықталған.
Қазақстан мен Италия қоршаған орта саласында
бірлестікті дамыту мен технология мен
тәжірибемен алмасу жүзеге аспақшы. Екі
жақ мәдени бірлестік, сондай-ақ білім,
туизм, ғылым және мәдени құндылықтарды
сақтау салаларын қолдайтындығын айтты.
Келіссөз кезінде мынадай құжаттарға
қол қойылды:
• Экономикалық бірлестік жайындағы Декларация;
• Екі еселік салық жинау туралы Конвенция;
• Инвестицияны қорғау мен қолдау туралы
Келісім;
• Екі ел СІМ арасындағы консультациялар
жайлы Протокол;
• Ғылым мен технология саласындағы бірлестік
жайындағы протокол.
Декларацияда екі елдің бірлестігі жайлы
өзара тиімділік пен теңдік, өзара сыйласым
принципінде жасалғанын астын сызып тұрып
көрсетті. Оның басты мақсаттарының бірі
Қазақстанға экономикалық реформа қолдауын
көрсету. Екі жақ сәйкес кәсіпорындар
мен ұйымдар арасындағы бірлестіктің
дамуының барлық формада дамуына ықпал
ететіндерін көрсетті.
1997 жылы мамырда Қазақстан мен Италия
арасында достық және ынтымақтастық туралы
шартқа қол қойды. 1998 жылы 24 қыркүйекте
Президент Н. Назарбаевтың Италияға ресми
сапары кезінде Рим Папасы Иоанн екіншімен
өзара ынтымақтастық туралы келісімге
қол қойылды.
1997 жылы 5 ақпанда Қазақстанның сыртқы
істер министрі ресми сапармен Италияға
келді. Италия Президенті О. Скальфаромен,
премьер-министр Р. Продимен, Сыртқы істер
министрі Л. Динимен кездесулер өткізді.
1997 жылы 16 қыркүйекте Қазақстанға ресми
сапармен Италия премьер-министрі Р. Проди
келді. Романо Проди Қазақстан геологиялық
және экономикалық көзқарасы жағынан
Италия үшін аумақтағы кілтті ел болып
отыр. Президент Н. Назарбаевпен кездесу
барысында саяси және экономикалық ынтымақтастық
мәселелері талқыланды. Ғылыми және мәдени
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Итальяндық тарап Каспий теңізі мен Қарашағандық
мұнай конденсатын игеруде, Қазақстанның
мұнай-газ орындарын игеруде, сонымен
қатар Каспий труба жолы консорциумы (КТК)
жобасына «Аджип» компаниясымен котрактқа
қол қоюға дайын екенін жариялады.
Р. Проди «Аджип» компаниясының контракт
шарттары мен Қазақстанның экономикалық
дамуына баға берді.
1998 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанның Президенті
Н. Назарбаевтың Римге екінші ресми сапары
болды.
Қазақстанның Президенті Италияның Президенті
Оскар Скальфароға «Достық» (Дружбы) орденін
табыстады. Италияның Президенті Қазақстан
мен Италия арасындағы сенімдік пен әріптестік,
достықты күшейтуге қосқан үлесі үшін
орденді иемденді. Екі жақ Н. Назарбаевтың
Италияға 1994 жылғы алғашқы сапарындағы
және 1997 жылы О. Скальфароның Алматыға
келгеніндегі диалог өз жалғасын тапты.
Екі жақ тек экономикалық байланыстарды
ғана емес, сонымен қатар саяси, гуманитарлы,
мәдени салаларда байланыстарын күшейтетінін
мәлімдеді.
Италияның Президенті Рим Астана үшін
стратегиялық әріптес болуы үшін ықпал
ететіндігін жариялады. Өз кезегінде біздің
еліміздің Басшысы Н. Ә. Назарбаев қазіргі
кезде Астана Қазақстандағы кіші және
орта бизнесті дамытуда итальян кәсіпкерлерінің
қатысуын күтеді деп айтты. Келіссөз кезінде
О. Скальфаро ғаламдық қауіпсізқдікті
күшейтуде Қазақстанның қосқан үлесіне
жоғары баға берді. Сондай-ақ, республика
Кеңес Үкіметінің құлауынан кейін бірінші
болып ядролық қарудан бас тартты деді.
1998 жылы 24 қыркүйекте Н. Назарбаев Ватиканның
басшысына және рим католиктік шіркеуінің
папасы Иоанн Павел ІІ-ге сапармен барды.
ҚР Президенті мен папа жалғасы бар әңгіме
айтысты. Сол күні Ватиканда Қазақстан
Республикасы мен Қасиетті Престол арасындағы
өзара түсіністік жайлы Келісімге қол
қойылды. Оған ҚР сыртқы істер Министрі
мен Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анжело
Содано қол қойды. Қазақстан Қасиетті
Престолға ТМД елдерінен алғашқы болып
мұндай құжатқа қол қойып отыр, ватиканның
Мемлекеттік хатшысы жемісті екі жақтық
бірлестіктің жалғаса беретін үмітін
білдірді және Қазақстанның басқа мемлекеттерге
сенім мен ұят бостандығының таралуына
үлгі бергенін айтты. Қол қойылғаннан
кейін таратылған Ватиканның ресми Коммюникесіндегі
Келісім қорытындысы «тарихи оқиға» болып
аталды.
Білім, туризм және мәдени салаларда да
қазақстан-итальяндық бірлестік жақсы
қарқынмен дамуда. Мантуе мен Римде өткен
«Алтын адам: Қазақстанның қола ғасырдан
ұлы көші-қон дәуіріне дейінгі дала мәдениеті»
көрмесі сәтті болды. Ол Италияның сыртқы
істер Министрі, «ЭНИ» концерні мен ғылым
Министрлігінің археология Институты
– ҚР ғылым Академиясының ықпалымен жасалған.
1999 жылы «Алтын адам» елдің оңтүстік қалаларында
– Лечче мен Неапольда экспонатталды.
Кез келген елмен екі жақтық қарым-қатынастағы
контексте негізінен мыналар ескерілген:
саясат саласында – мемлекеттік пен біздің
егемендігімзді күшейтуге ықпал ету және
қолдау көрсету; экономика саласында біздің
экономикалық өсуімізге ықпал ету және
қазақстандықтардың жағдайын көтеру;
мәдени-гуманитарлық салада – бүкіләлемдік
мәдениетке біздің мәдениетіміздің интеграциясы
мен адамдық потенциалын дамытуға ықпал
ету.
Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда
әріптестерінің қатарына кіреді. Екі ел
арасындағы тауар айналымы 2004 жылы 3,5 миллиард
долларды құрады. Бізде итальян компаниясының
42 бірлескен кәсіпорны және 8 өкілдігі
тіркелген. Олардың негізгі салалары ауыл
шаруашылық, химия өнеркәсібі, қызмет
көрсету саласындағы қызмет көрсету, құрылыс
материалдарын өндіру, дәрі препараттары
және т. б. Ынтымақтастық барлық дерлік
салаларда: пайдалы қазбалар, кен орнын
зерттеуде, ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, машина
жасауда, ауыр өнеркәсіпте, энергетикада,
жеңіл өнеркәсіпте, ХТТ өндірісінде дамып
келеді.
Италия Қазақстан экономикасына салынған
инвестицияның көлемі жағынан АҚШ-тан,
Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядан кейін
төртінші орын алады. 2004 жылдың аяғында
италияның инвестиция көлемі 1,6 млрд. доллардан
асып түсті.
Қазақстан рыногын игеруде отын-энергетика
кешеніне байланысты «Эни» концернінің
құрамына кіретін «Аджип», «Комеринт»,
«Сайпем С. п. А.», «Ди Анджели Индастриз»
және басқа итальян компаниялары зор белсенділік
танытуда.
Рим Папасының бастамасымен 1986 жылы Италияның
Ассизи қаласында Европадағы негізгі
конфессиялар өкілдерінің кездесуі болды.
Сол кезеңнен бастап мұндай кездесу тұрақты
сипат алды. 2002 жылғы кездесуге 48 конфессиялар
мен шіркеулерден өкілдер келді.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының
(ФАО) бас директоры Жак Диуф Қазақстанда
өткізіп жатқан саяси және экономикалық
реформаға, соның ішіндегі ауыл шаруашылық
саласындағы өзгерістері нәтижесіне жоғары
баға берді. Бұл туралы ол Қазақстан Республикасының
елшісі, БҰҰ-ның жүйесіндегі халықаралық
ауыл шаруашылық ұйымындағы Қазақстанның
тұрақты өкілі Алмас Ханзаевпен Римде
болған кездесуінде айтты. Елші ФАО директорын
елбасының жолдауының негізгі тармақтарынан
хабардар етті. БҰҰ өкілдерінің пайымдауынша,
Қазақстан бүгінде Орталық Азияда және
әлемдік қауымдастықта жоғарғы статусқа
ие болған мемлекет.
1994 жылы 21 қыркүйекте Президент Н. Назарбаев
ресми сапармен Италияға келеді. Италия
Президенті О. Скалфаро мен үкімет басшысы
С. Берлусконимен кездесу өткізеді. Сапар
барысында Қазақстан Республикасы мен
Италия Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
жөніндегі декларацияға, ғылым мен техника
саласындағы ынтымақтастық туралы протоколға,
экономикалық ынтымақтастық туралы декларацияға
қол қояды.
2005 жылы 2 маусымда Астанада Италия Республикасының
құрылуына 59 жыл толуына орай ресми қабылдау
өтті. Қабылдануда Сыртқы істер министрі
Қ. Тоқаев және Италияның Қазақстандағы
елшісі Диего Лонго баяндама жасады.
2006 жылдың желтоқсан айында Қазақстан
Республикасы мен Италия Республикасы
арасында дипломатиялық қатынастарды
орнату туралы ноталармен алмасу рәсімі
өтті.
Қазақстан Республикасының Сенаттың Төрағасы
Қасымжомарт Тоқаев сенатор Италия Сыртқы
істер министрлігінің орынбасары Джанни
Вернеттиді қабылдады.
Сұхбат кезінде Қазақстан-Италия ынтымақтастығын
одан әрі кеңейту мәселелері бойынша салиқалы
пікір алмасып, парламентаралық диалогты
кеңейтуге, халықаралақ ұйымдар шеңберінде
екі елдің заң шығару органдары арасындағы
өзара ықпалдастықты жандандыруға ерекше
назар аударылды.
Д. Вернеттидің пікірі борйынша, біздің
елдеріміздің экономика,сауда және энергетика
салаларында өзара тиімді ынтымақтастығын
дамыту үшін қажет үлкен әлеуеті бар. Италия
парламентшісі ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық
ету біздің еліміздің кандидатурасын
қолдайтынын мәлімдеді. Қазақстан осы
ұйымды реформалау үдерісіне сындарлы
идеялар енгізе алады.
2007 жылдың 24 қазанда Неапольда 21 конфессияаралық
бейбіт үшін кездесу өтті. Оған дәстүрлі
және әлемдік дін лидерлер делегациясы
мен сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың басшылығымен
Қазақстан Республикасынының діни өкілдері
мен парламент делегациясы қатысты. Салтанаттың
жабылуы бейбіт үшін Қаратпаға қол қоюмен
аяқталды. Сонымен қатар Бүкілхалықтық
дауыс беру алаңында Рим Папасы Бенедик
ХVІ-ның бейбіт үшін жалбарынуы болды,
оған Италия Республикасының президенті
Джорджио Наполитано қатысты.
Неапольда сонымен қатар сенат төрағасы
Қ. Тоқаев пен Италия президенті Д. Наполитанының
кездесуі өтті. Наполитано өз кезегінде
Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі
діннің съездері өткізілі маңызын жоғары
деп бағалады және діниаралық және ұлтаралық
келісімді қазақ қоғамына жоғары баға
берді. Қ. Тоқаев өз кезегінде 21 діниаралық
диалогтың маңызын көрсетті және болған
кездесудің ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде
болғанын айтты. Қазіргі кезде қазақ делегациясы
Римде, Қ. Тоқаев екі жақты бірқатар кездесулер
өткізуді жоспарлап отыр.
Италияның елшілігі ескі астана Алматыдан
Қазақстанның жаңа астанасы Астанаға
2005 жылы 15 сәуірде көшкен болатын. Жасалынған
келісімдердің алғашқысы Астанадағы 2003
жылы мамырда Италия Елшілігінің Жеке
Секциясының ашылуы, оның ашылу салтанатын
Сыртқы Істер Вице-Министрі Бонивер мен
Алғашқы Сыртқы Істер Вице-Министрі Абусеитов
өткізді: ашылу кезінде италияның Елшілікті
ескі астанадан жаңа астанаға көшіру жұмыстарын
өзіне алатынын мәлімдеді. Ендігі кезекте
келесі айларда Европалық Одақ елдерінің
Елшіліктері көшіп келетін болады.
2007 жылы 8 қазанда ресми салтанаттан кейін
Ақорда сарайында Қазақстан Президенті
мен Италияның Кеңес Министрлерінің Төрағасымен
кең ауқымды келіссөздер жүргізді. Екі
жақ екі ел арасындағы ауқымды сұрақтарға
жауап берді, инвестициялық, сауда-экономикалық
және саяси сфералардағы өзара ықпал перспективаларын
анықтады. Қазақстан мен Италияны ғаламдық
және аумақтақ саясат сұрақтарына бірдей
араласуы біріктіреді. Келіссөздер кезінде
Нұрсұлтан Назарбаев пен Романо Проди
ЕО, БҰҰ, ЕЫҚҰ және басқа да халықаралық
құрылымдар бойынша ықпалдығын күшейтуге
сөз берді. Қазіргі таңда Қазақстанда
итальян компанияларының өкілдері мен
бірлескен кәсіпорындарының 100 жуығы тіркелген.
Италия қазақстандық бидайды алудағы
ең ірі импортер, соңғы жылдары бидайдың
1 миллион тоннадан астамын сатып алған.
Сонымен қоса, Италия – қазақстандық экономиканың
ірі инвесторы, оның инвестиция көлемі
1 миллиард долларға жетеді. Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев 90 жылдары Романо
Проди Италия үкіметінің Басшысы болғанда
екі ел арасындағы тығыз экономикалық
байланыс орнатқанын еске салып өтті.
Қазақстан – итальян қарым-қатынастарының
іргетасын Романо Проди қалаған деді.
Бүгін Италия әлемде саудамен әріптестік
ретінде Ресейден кейін екінші орынды
Италия алатынын да айтты. Италия Европалық
Одақтың төрағасы болғанда Қазақстан
Европалық одақпен тығыз байланысқа түсе
алды. Италиямен жан-жақты байланыс Қазақстан
сыртқы саясатының алғашқы бағыттарының
біріне айналды және Қазақстан Италияны
адал экономикалық және саяси әріптесі
ретінде қарастырады. Қазіргі таңда қазақстан-италия
қарым-қатынастары негізінен экономикалық
салада жақсы қарқынмен дамуда. Мұның
дәлелдемесі ретінде сауда айналымының
көрсеткіші бұрынғы бес жылға қарағанда
жеті есеге өскенін көрсетуге болады.
2007 жылы сауда айналымының көлемі 8,3 миллиард
долларды құрады, осы жылғы айлар көрсеткіші
20 пайызға ұлғайғанын көрсетіп отыр. Бірақ
шикізат, жоғары технологиялық қарым-қатынастарының
дамымағанын айтты. Президент Назарбаев
әскери-техникалық, авиация-космостық,
байланыс пен телекоммуникация, білім
мен медицина, туризм, мұнай керек-жарақтарын
өндіру мен жоспарлау, автомобиль жолдарын
салу, машина жасау салаларында өзара
тиімді бірлестік жасауға болатынын мәлімдеді.
Бұл мақсатта екі жақ қазақстан-итальян
жұмыс күштерін айырбас пен экономикалық
және өндірістік бойынша жұмыстарын белсендіре
жүргізуде. Италияның премьер-министрі
Р. Проди БАҚ-на Қазақстанға осыдан 10 жыл
бұрын келгенін естеріне салды және осы
соңғы жылда Қазақстан мүлде басқа ел
болып өзгергенін айтты. Ол жаңа астана
– Астана қаласындағы құрылыстармен тамсанды.
Италия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрайым
болуы мен ДСҰ енуін қолдайтын болады.
Қазақстан Италия өткізіп жатқан бүкіл
әлемде өлімдік жазаны жою кампаниясын
және 2015 жылы бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесінің
итальян қаласы Миланда өткізу кандидатурасын
қолдайтын болады. Премьер-министр келіссөздер
кезінде қаржылық сала мен жоғарғы технология
аумағындағы бірлестіктерді сөз еткенін
мәлімдеді. Мысал ретінде, Романо Проди
осы жылы италияның «UniCredit» банкі көлемі
бойынша Қазақстандағы үшінші банк АТФ
Банкты алғанын айтуға болатыны еске салды.
Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша
республика ұйымдары мен кәсіпорындары
жасаған құрылыс-монтажды жасаған жұмыстарының
көлемі 895,4 млрд. долларды құрады. Ол алдыңғы
жылмен салыстырғанда 24,2 пайызға өскенін
көрсетеді.
2007 жылы 8 қазанда астаналық қонақ үй «Радиссонда»
бірқатар халықаралық кездесулер өтті.
Оның басы «Қазақстанның инвестициялық
және экономикалық потенциалы» семинарынан
басталды, оған итальян бизнес өкілдері
қатысты.
Семинардың тақырыбы мынадай болды: құрылыс
және құрылыс заттары; ауыл шаруашылық
машиналары және ауыл шаруашылық өнімдерін
өндірудегі құралдар; құтыдағы өнім; халық
тұтынатын тауардың жоғары сапалығы; мұнай
мен газ. Осы күннің екінші жартысында
Халықаралық экономикалық форум өз жұмысын
бастады, оған Қазақстанның және Италияның
Премьер-министрлері Карим Масимов пен
Романо Проди, Италияның халықаралық сауда
министрі Емма Бонино, индустрия және
сауда министрі Ғалым Оразбақов, ірі қазақстан
кәсіпкерлері, Италияның өндіріс Конфедерациясының
жетекшілері, итальян банк Ассоциациясы
және басқалары қатысты.
2007 жылы 12 қазанда Қазақстандағы итальян
миссиясы өтеді. Италияның сыртқы сауда
институты Италияның өндіріс Конфедерациясымен
бірге және Италияның банк Ассоциациясы
2007 жылы 8 қазаннан 10 қазанға дейін миссиясын
ұйымдастырды. Астанада және Алматыда
Қазақстанға ресми сапар төңірегінде
италияның премьер-министрі Романо Проди
келіп қайтты. Италия Қазақстанның негізгі
серіктестерінің бірі, және Ресей, Қытай,
Германиядан кейінгі орынды алады. Рим
Қазақстан Республикасының экономикасына
шетел инвестициясының көлемі бойынша
10 орынды иемденеді. 2006 жылы Италияның
Қазақстанға салған экспортының көлемі
623,45 миллион евроны құрады, яғни 2005 жылмен
салыстырғанда 55 пайызға көбірек. Миссия
төңірегінде қазақстанның әр түрлі өндіріс
саласына итальян компанияларының қатысуы
қаралды.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ
ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ
2.1 Қазақстандағы Италия
компаниялары және олардың ұйымдастыратын
көрмелері, жәрмеңкелері
Сауда-экономикалық саласында
қазақстан-италья ынтымақтастығы белсенді
дамуда. Яғни іскерлік туризмнің де
дамуына негіз. Италия Қазақстанның
ірі сыртқы сауда серіктесі санына кіреді.
2003 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы
1,3 млрд. доллар құрады, оның ішінде экспорт
– 1,1 млр.доллар, импорт – 200 млн. доллар.
2004 жылы тауар айналымының мөлшері 3,5 млрд.долларды
құраған. Экспорт – 3,1 млр.доллар, импорт
– 400 млн.доллар. 2005 жылы 4,8 млрд.еуро құрады.
Экспорттың негізгі құрылымы – мұнай,
табиғи газ, асыл металдар, мұнай өңдеу
өнімдері, мыс, цинк, басқа да түсті металдар
мен одан жасалған бұйымдар, қара металдар,
мақта, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары,
машинаға қатысты жабдықтар және т.б.
Импорт номенклатурасы да дамып барады.
Оның негізгі бөлігі киім-кешек, аяқ-киім,
жиһаз, жабдықтар, ХТТ, тамақ өнеркәсіп
тауарлары, көлік, химия және фармацевтік
өнімдерін сатып алуға бағытталған.
Қазақстанда 42 қазақстан-италья бірлескен
кәсіпорны және 8 италия компанияларының
өкілдігі тіркелген. Жұмыс әр салада -
пайдалы қазба байлық орындарда, ауыл-шаруашылық
тауарларын өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде,
ауыл-шаруашылық машина жасауда, ауыр,
жеңіл өнеркәсіпте, энергетика, ХТТ шығаруда
дамып келеді.
1993-2004 жылдар аралығында ҚР-ға шетел инвесторларының
мөлшері бойынша АҚШ, Оңтүстік Корея және
Ұлыбританиядан кейін Италия 4-і орында.
2004 жылдың аяқ кезеңдегі көрсеткіші бойынша
Қазақстан экономикасына итальяндық инвестициясының
көлемі 1,6 млрд. АҚШ доллардан асады.
Италия компаниялары ҚР жылу энергетикасы
кешеніне қатысты Қазақстан нарығын меңгеруде
белсенділік танытуда.
2005 жылы Италия компанияларымен жалпы
сомасы 749,12 млн. АҚШ доллар құрайтын Karachaganak
Petroleum Operating, Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company,
TengizChevroil жобаларына 817 шарттар жасалынды.
2006 жылдың І-ші тоқсанында итальяндық
компаниялар аталған жобаларға 58,73 млн.
АҚШ доллар құрайтын 205 шарттар жасасты.
SACE экспорттық несиелерді сақтандыру
жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы
Қазақстанның несиеге қатысты ұстанымын
қарастырып, оны Ресеймен бірге төртінші
деңгейге көтерді. Бұл жөнінде компанияның
сарапшылары ҚР макроэкономикалық көрсеткішінің
тұрақтылығы, тауар айналымының өсу динамикасы,
банк жүйесінің беріктігі және басқа да
себептермен түсіндіреді.
Экспорт несиелерін сақтандыру саласында
да ынтымақтастық дамуда. 2005 жылы АҚ «Экспорттық
несиелер мен инвестицияны сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтау корпорациясы»
мен «SACE» экспорт несиелерін сақтандыру
жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы
арасында өзара түсінушілік туралы Меморандумға
қол қойылды.
Сауда-экономикалық салада Қазақстан-Италия
арасындағы қатынасы дамуының негізгі
қадамы өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық
пен (ҮАЖТ) алмасу жөніндегі Үкіметаралық
жұмыс тобының мәжілісі болып саналады.
Мәжіліс 1998 жылы 15 қыркүйекте Рим қаласында,
2002 жылы 23 мамырда Астана қаласында және
2004 жылы 11 қарашада Рим қаласында өткен
болатын. 3-ші ҮАЖТ мәжілісі барысында
екі жақты экспорттық-импорттық тасқынның
диверсификациясы жолымен сауда-экономикалық
ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету
мәселесі талқыланды. Сонымен қатар бірлескен
кәсіпорындарды құру және мұнайгаз машина
жасауда, тоқыма және былғары саласына
итальяндық инвесторларды тарту ұсыныстары
жасалды.
2004 жылы 24 ақпанда Рим қаласында ҚР сауда-өнеркәсіп
палаталар Кеңесінің Өкілдігін ашу рәсімі
өтті. Ашылу рәсімінде қазақстандық кәсіпкерлер
(8 компания өкілдері) мен Италияның бизнесмендері
(75 адам) қатысты.
2005 жылғы 8 наурызда Милан қаласында “ҚазИнвест”
АҚ төрағасы А.Баталовтың қатысуымен Қазақстаннның
“ҚазИнвест” инвестицияларға жәрдемдесу
орталығының тұсаукесері өтті.
2005 жылғы 15 наурызда Равенна қаласында
Жерорта теңізі оффшор конференциясына
орай Agip KCO ұйымдастыруымен “Қашаған”
жобасы бойынша тауар мен қызмет нарығымен
танысуға арналған халықаралық тұсаукесері
өтті.
2006 жылы 20-23 маусым аралығында Астана қаласында
итальян кәсіпкерлері үшін ҚР кластерлік
бағдарламасының тұсаукесері өтті. “Италия-Қазақстан”
Ассоциациясының қатысуымен 20-дан астам
италияндық компаниялар мен 100-ден астам
қазақстандық компаниялар екі жақты ынтымақтасу
мүмкіншіліктерін талқылады. Осы кезде
ынтымақтастық дәрежесін көтеру мақсатында
100-ден астам Италия азаматтары мен 500-ден
астам Қазақстан азамататтарына бизнес
турлар ұйымдастырылды. Тұсаукесердің
нәтижесі бойынша екі жақты байланыс орнатылды.
Мұндай кездесулер Астанада және Батыс
Қазақстанда жиі-жиі болып тұрады.
Аймақтық ынтымақтастық. 2003 жылы Оңтүстік-Қазақстан
облысынан келген делегация Токсана аймағында
болып қайтты. Саяси кездесулермен қатар
екі аймақтың бизнес өкілдерінің қатысуымен
бизнес-форум ұйымдастырылды. Қазіргі
таңда аталмыш аймақтар өкілдері арасында
ниет білдіру хаттамасы қол қоюға дайын,
сонымен қатар Тоскананың бизнес өкілдерінің
Қазақстанға келуі дайындық үстінде.
Лигурия, Абруццо, Пулья, Марке және Молиз
аймақтарында Қазақстан бизнесі деп аталатын
тұсаукесер өтті. Тұсаукесер барысында
Италия кәсіпкерлері Қазақстанмен екі
жақты қатынас дамытуға қызығушылық танытты.
Нәтижесінде екі жақ Лигурия және Батыс-Қазақстан,
сондай-ақ, Абруццо және Солтүстік-Қазақстан
облыстары арасында бауырластық орнатуға
уәделесті. Бүгінде аталған аймақтардың
әкімшіліктері мен іскер топтары екі ел
арасындағы байланысты арттыруға атсалысуда.
Сонымен бірге Бари Университеті Қазақстанның
Ауыл-шаруашылық университетімен Ынтымақтастық
жөніндегі келісімге қол қоюға ниет білдірді.
Жоғарыда айтылғанға қарасақ Италия мен
Қазақстанның экономикалық қарым-қатынастың
тығыздығын көріп тұрмыз. Соған байланысты
италияндық компаниялары, бизнесмендері
жыл сайын үлкен және орташа масштабты
жәрмеңелер, көрмелер, бизнес-форумдар
мен конгрессиялар жүргізеді. Соның есесіне
Қазақстан турфирмалары көптген бизнес-турлар
ұйымдастырады.
2.1 Қазақстандағы Италия
компаниялары және олардың ұйымдастыратын
көрмелері, жәрмеңкелері
Елімізде бизенс турларды
дамыту үшін Италиямен қарым-қатынасқа
түсуде. Қазақстан соңғы жылдары жақсы
қадамдар жасалынды. Алматы, Астана қалаларында
бизнес қонақ-үйлер, бизнес орталықтар,
көрмелік ұйымдар, конгресстік анықтамалар,
форумдар мен әр түрлі іс шаралар көптеп
өткізілуде. Қазақстандағы Италияның
бизнес орталықтары мен үйымдарын көрсететін
болсақ:
«БУТЯ» - киім, азық-түлік, напитки, электротұрмыстық
тауарлар, косметикалық тауарлар, және
т.б.
«Medexport Italia » - дәрі-дәрмектер
«АСТАНА ХОЛДИНГ »- киім-кешектер, азық-түліктер,
автомашиналар, аяқ-киім, дәрі-дәрмек.
«RESMI GROUP»- азық-түлік, косметикалық тауарлар,
жеке гигиена тауарлары.
«РАИМБЕК»- азық-түлік, электро-тұрмыстық
тауарлар, жиһаз.
«DAN KING»- табиғи кофе, морженное, азық-түлік.
«ACCEPT»- киім мен үй тұрмысына арналған
тауарлар.
«AKKO Company»- аяқ-киім мен косметика.
«KRAFT & Co.»- киім-кешектер мен аяқ- киім.
«GLOTUR»- электрлік құрал жабдықтар.
«ПЛАНЕТА ЭЛЕКТРОНИКИ»- электро- тұрмыстық
тауарлар.
«USKO INTERNATIONAL»- жылыту құралдары, кондиционерлер,
офиске арналған жиһаз.
«ИНТЕРОПТИКА»- оптика
«DEGA-OPTICA»-оптика
«GREEN HOUSE»- азық-түлік пен сусындар
«ЗАНГАР»- киім, аяқ-киім, косметикалық
тауарлар.
«РАМСТОР»- азық-түлік, электро- тұрмыстық
тауарлар.
«АЗИМУТ»-жиһаз бен аксесуарлар.
«ЖАННА» жиһаз бен аксесуарлар
«ДАСТУР» жиһаз бен аксесуарлар
«BADEN»-ер киімдері мен аяқ-киімдер.
«MOSCHINO» ер мен әиел киімдері мен аяқ-киімдер
«ROBERTO CAVALLI» киімдер мен аяқ-киімдер
«Обувь из Италии»- аяқ-киімдер
«GIORGIO FABIANI» аяқ-киімдер
«MAX MARA (GUCCI, DOLCE & GABANNA)»- киімдер мен аяқ-киімдер
және т.б.
«ERMENEGILDO ZEGNA, BRIONI»- киімдер мен аяқ-киімдер
Осы компаниялар мен үйымдар әр түрлі
жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастыруда.
Сол жәрмеңкелердің арқасында іскерлік
туризм біршама жоғарылады.
2.2 Қазақстандағы туристік
кәсіпорындардағы бизнес турлары.
Қазақстанның бизнес қалаларында
көптеген бизнес отельдер бар. Мысалы,
Астанада “Radisson Hotel”, “Astana”. Ақтауда-“Renaissance”,
“Aktau hotel” Алматыда “Inter Continental”, “Rixos”
, “Hyat” т.б.
Бұл отельдер іскерлік мақсаттардағы
сапармен келген туристерге қажетті барлық
техникалық құрал-жабдықтармен қамтамассыз
етілген. Мысалы: интернет, конференц-залдар,
бизнес орталықтар, және т.б.
Конфиренция, семинар, симпозиумдар, конгресстік
шаралар алдын ала жоспарланады. Соған
байланысты бизнес турлардың ішіне пикниктер,
спорт сауықтырулар, немесе іскерлік мақсаттағы
экскурссиялар ұйымдастырылуы мүмкін. |