Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:53, лекция
Проблемалық сұрақтар:
1. Емдік-сауықтыру туризм географиясының ерекшеліктері неде?
2. Спорттық туризм географиясының ерекшеліктері қандай?
3. Арнайы спорттық іс-шаралар туризм географиясының ерекшеліктері қандай?
4. Негізгі бальнеологиялық туризм орталықтарын атаңдар.
ЕМДІК ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ
Әдебиеттер
1. Вавилова Е.В. Основы международного туризма. Москва, 2005.
2. Экономика и организация туризма: международный туризм. Под редакцией
И.А.Рябовой и др. Москва, 2007.
3. Щербакова С.А. Международный туризм: экономика и география. М.: 2007
4. Филиппова И.Г. и др. География туризма.Санкт-Петербург, 2007.
5. Физическая и политическая
Проблемалық сұрақтар:
1. Емдік-сауықтыру
туризм географиясының
2. Спорттық
туризм географиясының
3. Арнайы
спорттық іс-шаралар туризм
4. Негізгі
бальнеологиялық туризм
Емдеу мақсатымен саяхаттар көне заманда басталды. Ежелгі грек пен римляндар өзінің деңсаулығын жақсарту үшін жайлы климаты бар жерлерге саяхат жасаған еді. Грецияда Эпидавр және Кос курорттары, ал Римде жағажайда орналасқан Байи курорты әйгілі болды. Қазіргі таңда емдік туризмнің географиясы кеңейді.
Емдік туризмнің ерекшеліктері:
Қазіргі
таңда емдік туризмнің
Курорттардың негізгі түрлері:
Бальнеологиялық курорттарда табиғи минералды сулармен емдейді. Минералды сулармен негізінен асқазан ауруларын емдейді.
Батпақпен емдеу курорттары емдеу қасиеті бар батпақтың шығуына байланысты (пелоидтар). Батпақпен буындар, жүйке ауруларын емдейді.
Климаттық курорттар әр түрлі болады: орман, таулы, жағажайлы курорттар. Әрқайсысында климаттық факторлар (tºC, атмосфералық қысым, күннің қызуы) әр түрлі болады.
Орманда орналасқан курорттар дем алу ауруларын (астма), жүйке жүйесінің ауруларын емдейді.
Жағажайдағы курорттар қан, сүйек ауруларын емдеуге бағытталған.
Климатоқұмыспен емдеу курорттары жазық дала зонасында орналасқан. Әдемде мұндай курорттар көп емес – 40. Олардың көбісі Ресейде, Қазақстанда орналасқан.
Еуропадағы емдік туризм
Емдік туризмнің негізгі ай мақтары Орталық, Шығыс және Батыс Еуропада орналасқан.
Емдік мақсатпен туристерді қабылдайтын елдерге Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Австрия, Швейцария жатады (Чехия 1-ші орында).
Чехиядағы ең әйгілі курорт – Карловы-Вары. Жыл сайын бұл курортқа әлемнің 70 елінен 50 мың адам келіп тұрады.
Сонымен қатар, Чехияда әлемдегі алғашқы Яхимов деген радон курорты, еуропадағы ежелгі Теплице курорты, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице курорттары орналасқан.
Емдеу мен
сауықтыру бағдарламасымен
Емдік туризм Венгрияда жақсы дамыған. Венгрияны термальды моншалары бпр ел деп атайды. Туристердің Венгрияға келу басты себебі – ем алу. 1998 ж. Венгрияға келген үшінші турист емделу мақсатымен саяхат жасаған еді.
Туристік ағымдар негізінен Будапешт қаласына және Балатон көліне бағытталған. 19 ғасырда Будапештке «емдеу сулары бар қала» деген статус берілді.
Венгрия курорттарына келушілердің жартысы Германия, АҚШ, Автрия және Венгрияның өзінен барады.
Емдік туризмнің
нарығында Польша бальнеологиялық
және климаттық курорттарымен
Батыс Еуропада емдік туризм Германия, Австрия, және Швейцарияда жақсы дамыған. Мұнда негізінен бальнеологиялық және климаттық курортттар.
Германиядағы әйгілі курорттар: Баден-Баден, Висбаден, бальнеологиялық курорттар – Баденвейлер, Вильдбад, Бад-Хомбург, Бад-Наухайм. Климаттық курорттар – таулы: Кведменбург, Оберхоф, Фюссен; жағажай: Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург.
Австриядағы әйгілі курорттың бірі – бальнеологиялық радон курорты – Бадгастайн. Австрияда емдік-сауықтыру туризм Аттерзе, Мондзе, Теплицзе көлдердің жағалауында дамыған. Австрияға келушілердің 20% емдік мақсатпен келеді. Швейцариядағы әйгілі курорттар – бальнеологиялық: Баден, Бад-Рагац; таулы-климаттық: Ароза, Давос, Санкт-Мориц, Церматт және т.б.
Америкадағы емдік туризмнің нарығында АҚШ 1-ші орында.
Американдық курорттардың көбісі – бальнеологиялық: Маммот-Спрингс, Хибер- Спрингс, Сан-Диего, Санта-Круз.
Таяу Шығыстағы емдік туризм
Таяу Шығыстағы туристік ағымдар негізінен Өлі көліне бағытталады. Өте қатты тұзды суда тірі организм доқ. Бірақ, туристер жақсы ем алып шығады. Әйгілі Израиль курорттары – Эйн-Бокек, Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неви-Зохар.
Оңтүстік Азия, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда емдік туризм нашар дамыған.
Австралияда ірі бальнеологиялық курорттар – Дейлсфорд, Морк, Спрингвуд материктің оңтүстік-шығысында орналасқан.
Африкада емдік туризм Тунис, Египетте дамыған.
Египетте - Қызыл көлде орналасқан Хургада курорты, Шарм-эш-Шейх, Дахаб.
Мароккода – Агадир, Мохаммедия, Танжер.
Кенияда – Момбасса, Кипини, Малинди, Ламу, Килифи – жағажайда орналасқан.
Африканың басқа елдерінде табиғи ресурстарды да, курорттарды дамытуға жағдайы жоқ.