Діни туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 03:03, реферат

Описание работы

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

Діни туризм.docx

— 59.67 Кб (Скачать)

XIV ғасырдың соңында Тимур  Алтын Орланы жеңгеннен кейін  Қожа Ахмет Яссауи мазаратынын  үстінен жаңа ауқымды мемориалдық кешен салуды шешім қабылдады. Жұмыс бірдем басталады. Тимур болашақтағы кесене қандай болу керектегі, қандай құрылыс материалдарын қолдану туралы жеке өкімдерді өзі берген. Қабырғаның кірпішгерін арнаулы лайдан Саураннан келген шеберлер жасады. Аңызға қарағанда жұмысшылар бірнеше километрді құрайтын тізбек құрып қолдан қолға кірпіштерді беріп отырған. Орта Азияның ең таңдаулы шеберлері нысанда жұмыс істеді. Он жыл өткеннен соң Тимур қайтыс болады және кесенені салу жұмыстары тоқтап қалды. Алайда бітпеген кесененің өзі үлкендігімен әсер қалдыралы. Қазіргі уақытта ғимараттың ең жоғарғы нүктесіне дейін биіктігі - 37,5 метрді құрайды. Сондағы плитканың неден жасалғаны, оның құрамы кандай екеңдігін қазіргі ғалымдарға осы күнге дейін шешімін таппай келеді.

Өзінің масштабы бойынша  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Самаркандтағы (Өзбекстан) Бибіханым мешітімен  бірдей. Қазіргі уақытта да Түркістан барлық элемент келген мінәжат етуші саяхатшылардың келу орны болып табылалы.

Сайрам селосы. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы көне елді мекен. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 км жерде Сайрам су өзнінің бойында орналасқан. Көне орта ғасыр кезенінде (IX-XI1 ғасырларда) (Сайрамның орнында ірі сауда-экономикалык және мәдени орталық болған. Мәуереннахр құрамына кірген Испиджаб қаласы орналасқан болатын. Осымен қатар ол ірі діни ошақ ретінде маңызын сактауда. Жазба деректерге қарағанда Сайрам VII ғасырдың басында-ақ белгілі болғаи. Испиджан Шашалан Таразға дейінгі керуен жолдарында сауда-саттық орталығы және далалық ауландарға жататын исламнын таралу маймағы болып табылалы.

Сайрамның шығысынан батысына дейін қиып өтетін басты көшесі ерекше мәнге ис болып, діни ғимараттар, мазарлар және мешіттер салынды. Мазарлар ХІ-ХІІ ғ.ғ. өмір сүрген «әуиелердің» бейіттерінін үстіне салынды. Әулие Ахмет Яссауидің ата-аналарының бейіттерінің үстіне салынған Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелері ерекше қасиетті саналады. Ахмет Яссауидің атасы, Ибрагим атаның әкесі Махмұт атаның кесенесінде сақталған. Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы Ақ Атаның кесенесі, Орта Азияда исламның басты таратушысының бірі болған тарихи тұлға, шейх Мир Али баптың кесенесі, Онтүстік Қазақстан аумағына мұсылмандықты таратушылардың бірі болған, шахид (сенім үшін елген) шейх Әбдел-Азиз баптың кесенелері тамаша саналған.

Шымкент каласынан 15 км жердегі  Сайрам кентінің көзге көрінетін жерлері:

Қырықшылтан бабаның (үлкен) бейіті. Сайрамдағы тарихи-өлкетану мұражайы (Шымкент жолының бойында), Ибрагим атаның кесенесі (К.А.Яссауидін әкесі), Балағардан атанып (Қ.А.Яссауидің атасы) кесенесі, Махмұдхан атаның мешіті, Шайх Фариб шахтың (кіші) бейіті. Қожа Хожи атаның кесенесі, Шакаландар бабаның кесенесі, Гүзәл ата мешіті, Оката баба меішіті, Қарашаш ана кесенесі (Қ.А.Яссауидің анасы), Насредин Барок бейіті, Шайх Исхак Уәлидің (кіші) бейіті. Абдурахмон уәлидін (кіші) бейіті, Бибітиес ана кесенесі, Мірәлі баба кесенссі, Жамы масжиди мешті, Жылқышы ата (кіші) бейіті, Қабыз ат (үлкен) бейіті, Тажидднн Аллома (кіші) бейіті. Әбдірахым уәли (кіші) бейіті. Көктүндік ата (кіші) бйіті, Хожан Салих кесенесі, Юша пайғамбар (кіші) бейіті, Бұлақ ата кесенеі, Хазр Масжиди мұнарасы, Мариям ана кесенесі, Ұлық Юнус ата (кіші) бейіті, Қаізы Байзови мешіті, Хәкім кожа (кіші) бейігі, Юсуя Сареми (кіші) бейіті, Хожа ислам (кіші) бейіті, Құтбиддин Аллом (үлкен) бейіті, Сұзық ата кесенесі. Шакамолиддин жомарт (кіші) бейіті. Қожа Ахмег Яссауидің әкесі Ибрагим атаның мазары (Сайрам) Қожа Ахмет Яссауидің анасы Карашаш ананың мазары (Сайрам).

Бұрынғы Отырардың 3 км жерде Арыстан баба мешіт-кесенесі орналаскан. Кесене қайтыс болғанды еске алатын мешіт және мұсылмандардың мінәжат ету орны болып табылалы.

ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ежелгі Отырар қалдықтарынан кашык емес жерде Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам елді мекеніне таяу жерде орналасқан. Арыстанбап мазарынын үстінен салынған. Кесене казіргі келбетіне 1910 жылы көшеді. Салыным жоспарына сәйкес, екі бөліктен: солтүстігінде – кесене, онтүстігінде - мешіт. Мешіт кең дұға оқу залынан михрабты жәнс қосалқы бөлмелері бар. Негізгі өлшемдері 35x12, биіктігі 12 м. күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.

Түркістанның солтүстік-батысына қарай 30 км жерде Сауран орналасқан.

Сауран. XII-XVІ ғ.ғ. көне қамалдың қалдықтары. Сауран туралы алғашқы деректер X ғасырда жазылған жазбаларда кездеседі. Сол таңда Сауран Сырлариядағы саула тармағы ретінде кең танымал болды.

Араб тарихшысы Максидидін шығармаларында «қала жеті қабырғамен қоршалған, ішінде рабат және мешіт бар» деп жазылған. ХІІ ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болады. XIV ғасырда Темір қаланы әскери қамалға айналдырады (диаметрі 550-800 м) және оның Жібек жолының бойында орналасуы оның гүлденуіне септігін тигізді. Бұл монғолдардың қорғап бұзатын қаруларына төтеп берген бірден бір қала. Қала тек оның қорғаушылары аштықган өлгеннен кейін ғана берілген. Жоңғар шапқыншылығы уақыттарының өзінде Сауран бірнеше қоршауларға төтеп берді. Алайда таң қалатыны қаланы сумен қамтитын қол күшімен жасалған жер асты арналарының желісі. XVII ғасырда ол қала өз өмірін тоқтатты және қазіргі кезде оның қабырғаларына қарап бір кездері біздің бабаларымыздың сауда орталығы қамалы - Сауран болғанын білеміз. Мұнда қазақтың ақындық өнерінің негізгі калаушылардың бірі айтыскер ақын Н. Бекежановтың мұражайы орналасқан.

Қазақстаннын ірі туристік орталықтарының бірі. Ұлы жібек жолында орналасқан Тараз каласы болып табылады. Қала маңында көне Тараз туралы еске салатын екі кесене саналған.

Осыған орай аталған нысандардың  барлығы әртүрлі саяхаттық, сондай-ақ мінәжат ету бағдарламанарын құру барысында көмек көрсетуі мумкін (1,3,4 косымшаларды).

Жошы хан кесенесі. Жезқазғаннан (Карағанды облысы солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қаракеңгір өзеннің сол жақ жағалауыпда орналаскан. Кесене ХПІ ғасырдың бірінші жартысында тұрғызылған..

Жергілікті тұрғындардың арасында Шыңғыс ханнын үлкен ұлы аң аулау кезінде осында кайтыс болуының бірнеше деген аңыз бар. Жошы ханнын кенеттен кайтыс болуының бірнеше нұсқалары бар. Оның бірі тарихшылар мен халық аңыздарының айтуынша Жошы ханның кінәсінен емес, жабайы құлан оны аттың үстінен теуіп құлатқан деседі. Басқа тарихшылар мен аңыздар бойынша Шыңғысханның алғашқы ұлын Шыңғысханның өзі берген бұйрығымем жендеттер өлтірі ен деген пікірге саяды.

Жошы хан күмбезінің маңында  Қаракеңгір өзенінін сағасының 2 км оң жақ жағалауында Малшыбай мекенінде беделі одан кем емес біртур тұлға Алашханның кесенесі (ХІІ-ХІІІ ғасырында салыиған) орналасқан.

Діни ғимарат Домбаул. Жезказғаннан солтүстікке 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Облыстың Арал, Қазалы аудандарының аумағында бірнеше көне архитетуралык ескерткіштері: Бегім ана мұнарасы, Қосаман, Байшөкі, Қожа, Нурбай, Сағанатам, Басыбек және т.б. (25 аса) кесенелі бар.

Соңғы жылдары Арал тенізінің  бұрынғы түбіне археологиялық жұмыстарды жүргізу көрсеткендей, мұнда бұрындары  керуен жолдары откен қалалар  болған. Өкінішке орай облыстың архитектуралық ескерткіштері Қазақстан Республикасының туристік операторлары тарапынан өз бағасын тапқан жоқ. Бұған жұртшылық ақпараттар, қонақ үй, көлік инфрақұрылымының жоқтығы себеп болуда. Облыс, аудан орталықтары туристік сапарларды жіберудің базалық нүктесі блар еді, алайда олар туристердің археологиялық ескерткіштерге тез, әрі тиісті жағдайларда жеткізуге мүмкіндік бермейді. Облыстың Қармақшы ауданындағы "Қорқыт ата" мемориалдық кешені біршама жайлы (Шымкент-Самара тас жолы бойында, Байқоңыр қаласының маңында) орналастырылған.

Қорқыт ата архитектуралық кешені ойшыл, философ, қазақтың шекті  аспаптар өнерінің негізін қалаушыларға арналып қойылған. Байқоңыр қаласына жетпей 70 км жерде жолдың сол жағында орналасқан. Шиелі кентінде ұлттық батыр, тарихи тұлға ( "Оқшы ата" кесенесі бар.ХІ ғ.)

2000 жылы Маңқышлақта қасиетті  сопы Бекет атаның туғанына 250 жыл арналған еске алу өтті. Бекет ата мусылман әлемінде  көріпкелдігімен танымал.

Географиялық жағдайының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оған мінәжат жасау турларын тек  автокөлік арқылы жасау мүмкін . Сондай-ақ мінәжат ету турларына Қазақстанның басқа да тарихи-архитектуралық және табиғи нысандарын қосуға болады.

1. Көшпенділердің этнографиялық  мәдени саябағын құру  
жоспарланып отырған б.з.д. VII-I ғ.ғ. Бұрындай қорғандарының кешені

  1. Этнографиялық туристік кешен салынғалы отырған 230 орындық  
    "Талкиіз" этнографиялық туристік кешен.
  2. Шарын табиғи-этнографиялық қорығы.
  3. XIX ғ. Жаркент Уәлибай мешіті және ұйғыр халқымен байланысты  
    этнографиялық туризмнің нысандары.
  4. Б.з. VI-VIII ғ.ғ. Іле өзеніндегі Тамғалытас.
  5. Бесшатыр мәдеии ансамблі.
  6. Тамғалы күмбезі.
  7. Б.з. VI-XII ғ.ғ. түрік және қарлұқ билеушілерінің қорғаны болған  
    Жалпақ төбе қалашығы.

9. Ферғана ен даласына  баратын Бедел, Жүз асу, Маком  және т.б. асулар мен керуен жолдары.

  1. «Аксу Жабағлы» діни кешені.
  2. Б.з. ХІ-ХІІІ ғ.ғ. «Қырық қыз» қорғаны.

12. Б.з. ІХ-Х ғ.ғ. Орталық  Қазақстанның Ақтоғай ауданындағы  
Беғазы бейіті.

Қазақстан біртұтас мемлекет бола отырып, әртүрлі сенім өкілдерінен  құралған адамдарды біріктіреді. Республикада екі дін - ислам және проваславие басым. Сондай-ақ басқа да әлемдік діндер: иудазм, католицизм, буддизм кең таралған.

Християндық – бұл жер  бетіндегі ең көп таралған, ең ауқымды діннің бірі болып табылады. Бұл дін басында шамамен 2 млрд. адамдай бар. Християнның нгегізгі екі бағыты: ортодоксальді (шығыс шіркеуі) және католикальдық шіркеу (батыс шіркеуі). Көптеген ғалымдар християндық дін бағытында протестантизмді, монофизистікті, несториандықты қосады.  
Зиярат ету туралы шешімді рухани әке немесе өзі қабылдайды. Негізгі зиярат объектілері шіркеулер. Ресейде 313 шіркеулер және 26 РПЦ бар. Ал жалпы, ТМД елдерінде 183 православті медреселер мен шіркеулер бар. Ресейде 8 әулиелердің орны бар:

  1. Свято Троицкий Серафимо Дивеевсий шіркеуі (Серафим Саровский) Нижегород облысында;
  2. Свято Троицкий Александро Свирский шіркеуі (Игумен Александр) Ленинград облысында;
  3. Задонский Богородицкий шіркеуі (св. Тихон Задонский) Задонск қаласында, Липецк облысында;
  4. Часовня Блаженной Ксении (св. Ксения Петербургская) Смоленск мазаратында Санк Петербург;
  5. Свято Троицкая Сергиевка лавра Сергиев қаласы;
  6. Свято Введенская Оптина шөлі Козельске Калужской обласы;
  7. Покровский кафедральный собор Воронежде;
  8. Иоанновский монастырь Санк Петербургте;

Алайда, шетел туристерін Республикаға тарту үшін туристік-рекреациондық ресурстардың болуы жеткіліксіз, ең алдымен туризм инфрақурылымын дамыту қажет. Сондай-ақ қалалардың тарихи орталықтарын дамыту, олардың дәстурлі салынуын қайта қалпына келтіру, онда туризм мекемелерін, мәдсни қызмет көрсету орындарының орналасуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге мінәжат ету және туризм нысандарының тізбегіне көшпенді өркениеттің діни орталықтарын құру, бұл ескерткіштер аймағында қандай да бір құрылыстардың салынуына жол бермей, тарихи ландшафт пен ғажайып мұраны сақтау бойынша шаралар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты бұл нысандарда мезгілдік этнографиялық мұражай кешендерін атап айтқанша, киіз үйлік тұрғын-жайлар, көшпенділік тұрмысының басқа да белгілері бар кішігірім қалашықтар құру ұсынылады. Мұндай шешім мінәжат етушілер мен туристердің қысқы уақытқа келуін ұйымдастыруға, көшпенді тұрмыстың мәдени салт-дәстүрлерін толық ашуға, ескерткіштердің кауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.


Информация о работе Діни туризм