Қазақстан
– Евразия материгінің кіндігінде орналасқан,
шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы
дәнекер жол. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан
Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі
әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себепті
бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік
сулар, археологиялық және тарихи ескерткіштер,
қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері
саналған. Соңғы кездері әлем бойынша
елімізге туристік бағыт салатын туристер
саны қарқынды өсіп келеді. Шетелдік сарапшылар
Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықпен
қоғамдық келісім туристік саланың дамуына
оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде.
Осы орайда айтатын ҚР туризімінің
негізгі мақсаттары:
- республиканың
туристік айналымын арттыру
- табиғи және
мәдени – тарихи қорларды сақтау және
тиімді пайдалану
- туристік
қызметтегі қажеттіліктерді максималды
қанағаттандыру, барлық тұрғындар үшін
туристік қорлардың мүмкіндігін қамтамасыз
ету
- тұрғындарды
жұмысқа ынталандыру
- туризм саласында
мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың
бірлескен іс - әрекетінің тиімділігін
көтеру
- кіші және
орта шаруашылықты көтеру
- туризм, дене
шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік
саясатты іске асыру мақсатында тиімді
мемлекеттік басқаруды жіне сала аралық,
өңір аралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Қазақстанда туризмнің дамуы
ХІХ ғасырда жергілікті немесе
аймақтардан келген әуесқой адамдар
жалғыз басына немесе топ түрінде
экскурсияларды, жорықтарды және
көрікті жерлерде серуендерді
өткізе бастады. Ал ондай
көрікті жерлер Қазақстанның
таулы аймақтарында көп болды.
ХІХ ғасырдың басында Верный
қаласында Орыс тау қоғамының
бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін
іс - әрекет аясында болды. Жетісудің
ең бірінші туристі деп казак
ес ауылы А.В.Хорошхинді айтуға
болады, ол Іле – Алатауының
тау бөктерлерімен саяхат етіп,
1875 жылы оның ең биік шыңы
Талғарды бағындыруға әрекет
жасады. Алайда, ол тек 4000 метрлік
биіктікке шыға алды. Таулар верный
қаласының көптеген тұрындарын
өзіне тартты, бұл ағымда оқушы
жастармен интеллегенция үлесі
көп болды. Мұндай жорықтарға
Верныйда туған Лев Толстойдың
немересі Михаил Сухотинде қатысты.
Тау инженері К.И.Багданович оқушылармен
жергілікті шатқалдарға экскурсиялар
ұйымдастырды. Верныйдың әйгілі
ағаш ұстасы П.Зенков Алма –
Арасаннан жусалы кезең асуы
арқылы Үлкен Алматы көліне
дейін өтті.
Әліби Жангелдин 1910-1912 жылдары
таяу «Жер дүниесін айналып
өтетін» саяхатын жүзеге асырды.
Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің
білімін арттыру, әуесқой адамның
басқа елдермен танысуға ұмтылысы.
Кеңес Одағында революциядан
кейін туристік орындардың жұмысы
біраз тоқырап қалды. Алайда 1919
жылдың ақпанында халық ағарту
комиссариаты жаныдағы бірыңғай еңбек
мектебі бөлімінде мектептердегі экскурсия
жұмыстарын жандандыру мақсатында экскурсиялық
секция құрылды. Сонымен экскурсиялық
станциялар ашты. Олардың ішінде әсіресе
Петроградта ашылған «экскурсанттар үйі»
станциясы өз қызметімен ерекше көзге
түсті. Бірақ көп ұзамай бұл станцияслар
экономикалық - әлеуметтік себептермен
жабылып қалды.
Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі
Г.И.Белоглазов болатын. 1925 жылдың
жазында ол әскерге шақырылатын
жігіттермен Алматыдан Ыстық
көлге дйін жаяу жорық шекті.
Ол басқарған жас туристер
тобы Озерный, Ақсу асуларын
асты. Чон – Ақсу өзені бойымен
Сазановкіға (қазіргі Ананьево) дейін
түсті. 1926 жылы ол жазғы демалыснда
қайтатадан оқушылармен Ыстық
көл жағалауына сапар шекті.
Біртіндеп секция жалпы қалалық
масштабқа ие болды.
1931 жылы Республикамыздың астанасында
жетісу губерниялық мұражайы
жанынан пролетарлық туризммен
экскурсиялардың бүкіл одақтық
қоғамының бастауыш ұйымы ашылды
(ТЭҚҰ). Оның құрамына 10 адам енді.
Оның белсенділері Г.И.Белоглазов,
В.Д.Гарадецкий, Н.Н.Дублицкий және
т.б. болды. Олардың бастауымен
қазақтық өлкетану кеңесі құрылды.
Туристік актив күшімен Горельник
шатқалында туристер үшін тау
үйі құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник»
туристік базасына айналды.
1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып,
оның орнына кәсіподақтар жанынан
ұйымдастырылған қазақтың туристік
– экскурсиялық басқармасы (ТЭБ)
ашылды.
1955 жылы Алматыда «Интурист» бүкілодақтық
акционерлік қоғамның Қазақстандық
бөлімшесі ашылды. 1956 жылы Алматыға
25 шетелдік турист келді, келесі
жылы олардың саны 157 – ге жетті.
Ал 1971 жылы Қазақстан 8000 адам қабылдады.
1995 жылы әртүрлі елдерден келген
туристердің саны 28000 адамға жетті.
2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы
қоғам «Қазақстан интурист» ұлттық
компаниясын болып қайта қүрылды.
1965 жылы Қазақстан Рспубликасының
туризм мен экскурсия одағы
ұйымдастырылады және 5-облыстық
одақ кұрылады: Алматы облысында,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал
және Шымкент облыстарында, сондай-ақ
бұл облыстарда экскурсия бюралары
да ашылды.
Республиканың өте көрекем жерлерінде
жаңа туристік базалар салына
бастайды: Баянауыл – Павлодар
облысындағы Жасыбай көлінің
жағасында, Қарқаралы – Қарағанды
облысының тау орман көгалды
алқабында, Алтай – қойнау
– Шығыс қазақстан облысы Бұқтырма
су қоймасының жағасында, Алты
бор – Көкшетаудың тауларында,
Қазақстан турстік базасы –
Қырғызстанда Ыстық – Көл көлінің
жағасында.
Туризмнің дамуына серпінді күш
берген «Елдегі туризм мен
экскурсиялардың ары қарай дамуы
жөніндегі шаралар туралы» қаулы
болды. (1969 ж). Қазақстанда туризм
және экскурсиялар бойынша жаңа
облыстық кеңестер, экскурсиялық
бюролары , саяхат және экскурсия
бюролары ашыла бастады. Маңызды
орынды республикадағы туризмнің
материалдық базасын күшейту
бойынша шаралар – жаңа туристік
базалар мен қонақүйлерді салу,
оларды ресторнадар, кинотеатрлар және
тағы басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен
жабдықтау алды. Туристік құрал – жабдықтарды
жалға беру орындары, моторлы қайық станциялары,
маманданған автобазалар ашылды.
Елдің бас қаласы Алматыда
туризм қарқынды түрде дамыды.
1959 жылы облыста «Алматы» турбазасы
ашылып, қаланың сыртында орналасты.
1972 жылы Алматыға жақын жерде
Талғар ауданының Горный садовод
ауылынан жоғарырақта «Алматау»
турбазасы ашылды. 1970 жлдан бастап
Алматылық автобаза қаланың және
облыстың туристік ұйымдарына
қызметкөрсетіп келеді. 1975 жылы биік
таулы мұз айдыны «Медеу» салынғалы
«Медеу» және «Алатау» атты
туристік қонақ үйлер де салына
бастады. Алайда, мұның барлығы
әлі де жеткіліксіз еді.
1979 жылы Алматылық туристік қалалық
клубының мәліметтері бойынша,
қалада 100 шақты туристік секциялар,
7 туристер клубы жұмыс істеді.
Туризмен айналысатындардың саны
213 мың адамнан асты (Алматыда
бұл кезде 900 мыңдай тұрғын
халық болды.).
Тау туризмінің техникасы бойынша,
жарыстар әдетке айналып, туристік
слеттер, туристік кештер, «Турист
күні» мейрамдары жыл сайын
Горький атындағы мәдениет мен
демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылап
отырды.
1988 жылы КСРО-да туризмді басқару
құрылымы өзгереді. Туризм мен
экскурсиялар бойынша кеңестердің
орнына туристік-экскурсиялық бірлестіктер
(ТЭБ) территориялық принципке
байланысты құрыла бастайды.
Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда
ТЭБ-ге бұрын кеңестер басшылығындағы
туристік кәсіпорындар мен ұйымдар
енді (турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер,
тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар
және т.б.).
Туризмде басталған қайта құрылыс
туристер клубтарының қаржыландырылуын
бірден қысқартып, кейіннен оларды
шаруашылық есепке өткізді. Олардың
халықтың денсаулығын жақсартуға
бағытталған іс-әрекеті нашарлай
бастады. Жорықтар, слеттер мен
жарыстардың ұйымдастырылы сирей
берді. Кейбір туристік клубтар
жабыла бастады.
Терең экономикалық дағдарыс
Қазақстанда 1990 жылы келді, сонымен
қатар елдің нарықтық қатынастарға
көшуі туризмнің дамуына үлкен
әсерін тигізді. Қоғамның кедейленуі
мен әлеуметтік жағдайының әркелкілігі
туритік қозғалыстың бірден қысқаруына
әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристік
саяхаттарға қатысушы адамдардың
саны күрт төмендеді. Қорыта
келгенде, қазіргі шақта жас егеменді
Қазақстан Республикасына қазіргі
тұрғыдағы туризм индустриясын
құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан
бастау керек.
1991
жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін
алғаннан соң туризм саласы
бақылаусыз қалды. Туристік-экскурсиондық
кадрларды дайындау жүйесінің
жоқтығы, туристік ұйымдардың
өз бетінше жұмыс істеу алмауы
туризмнің дамуына кедергі келтірді.
1992
жылы Қазақстанда ең алғаш
туризмді дамыту концепциясы
қабылданды. Сол жылдары ДСҰ-ның
ұсынысы бойынша республикада
жастар жұмысы, туризм және спорт
бойынша Министрлігі құрылады.
Республикада
орын алған жекешелндірудің нәтижесінде
шағын туристік ұйымдар құрыла бастады,
олардың қызметі шығыс туризмін
дамытуға бағытталған. 1997 жылдан бастап
шетелге шыққан туристер саны азая
бастады, тек 2003 жылы ғана жағдай тұрақтанып,
біршама өсім байқалады. Оны 1 суретте
бейнеленген ҚР стаистика Агенттігінің
мәліметтеріне сүйеніп жасалған
диаграммадан көруге болады [39, 40, 41].
Қазақстанда
шығыс туризмінің ең жоғарғы көрсеткіштері
1995 жылы болды, содан кейін 2000 жылға
дейін күрт төмендеу және одан кейін
өсім байқалады. Көрсеткіштердің төмендеуінің
себебі стаистикалық бақылау туристік
сапарлармен қатар, миграциялық
есеппен бірге жүргізілді. Ал дәл
осы 1994-1995 жылдары Қазақстаннан белсенді
миграциялық үрдістер болғаны бізге
белгілі.
1
сурет – Қазақстандағы шығыс
туризмі көрсеткіштерінің динамикасы
ТМД
мемлекеттері арасындағы туристтер
ең көп баратын жерлер Ресей және
Қырғыстан. Алыс шетел мемлекеттерінің
ішіндегісі сұранысқа ие мемлекеттер
Қытай, Түркия, Германия, әсіресе осы
елдерде шоп-туризм танымал.
- суреттен
көріп отырғанымыздай кіріс туризмі көрсеткіштерінің
динамикасы шығыс туризмінің динамикасына
сәйкес келеді. 1994 жылғы кіріс туризмінің
максималды мәнге ие болуы келесі жағдаймен
түсіндіріледі: шетел бизнесмендерінің
Қазақстан экономикасына қызығушылық
танытуы, оған қоса жаңа мемлекеттің пайда
болуы, оның мәдениеті шетел туристері
үшін тартымды болды. 2001 жылы шетел туристерінің
келуінің ең төмен көрсеткіштері байқалады,
ал 2003 жылы олар біртіндеп өсе бастады.
Көбінесе шетел туристері Қытай, Германия,
АҚШ сияқты мемлекеттерден аса көп ағылып
келеді, бұл Қазақстанның осы мемлекттермен
экономикалық байланысымен түсіндіріледі.
2 сурет
– Қазақстандағы кіріс туризмі
көрсеткіштерінің динамикасы
Алыс
шетелден келген туристердің үлес салмағы
мен жалпы келушілер санына қатынасы
3 суретте көрсетілген.
Талдау
көрсеткендей туристік қызметтің дамуы
біртектес емес. Нарықтық экономиканың
орнауының алғашқы жылдарында кіріс
туризмінің белсенділігі арта түсті, содан
кейін барып шығыс туризмінің
үлес салмағы және соңғы жылдары
ішкі туризм көрсеткіштері де артты.
1999
жылмен 2003 жылды салыстырғанда көрсеткіштер
төрт есе артты. Ішкі туризмнің
өсуінің ең басты факторы бұл
тұрғындардың табыстарының өсуі,
сонымен қатар елдің экономикалық
жағдайының жақсаруы. Енді тұрғындардың
демалыс немесе мереке күндері
демалуға, мемлекет ішінде қысқа
мерзімді сапарларға баруға мүмкіндктері
бар болды. Осындай жағдай ішкі
туризмнің дамуына өз әсерін
тигізді.
3 сурет
– Қазақстанға жалпы кіріс санына қатысты
шетел туристерінің үлестік салмағы
90-
жылдар аралығында үлес салмағы
ең көп ТМД мемлекеттерінің
үлесіне тиіп отыр, соңғы жылдары
алыс шетелден келген туристер
саны көбейе бастады , ол жалпы
санынан 50% -ын құрап отыр.