Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:30, реферат
Трансмиссия деп-қозғалтқыштың білігіндегі қуатты қозғалтқыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғаушы доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады.
§3.1. Трансмиссия түрлері
Трансмиссия
деп-қозғалтқыштың білігіндегі
Трактордың жұмыс істеуі кезінде атқаратын жұмыс түріне қарай оған әр түрлі күш түседі. Мысалы: жер өңдеу кезінде тракторға көп күш түсетін болса, тасымалдау жұмысын атқарғанда, алғашқыға қарағанда аз күш түседі. Бір сөзбен айтқанда, трактор трансмиссиясы оның күшін өзгертіп тұратын болуы керек. Трансмиссияның екінші қызметі жүріс доңғалағына берілетін күшті атқаратын жұмыс түріне қарай өзгерту болып табылады.
Осы жоғарыда көрсетілгеннен басқа трансмиссия доңғалаққа берілетін қуат бағытын реттейді. Өйткені көпшілік жағдайда, ол қозғалтқыштың ұзындық бойымен, ал қозғаушы доңғалақтар осі көлденең бағытта орналасады. Олар осылайша бұрыш жасап орналасқандықтан, берілетін қуат та бұрылып жеткізіледі.
Трансмиссияның көрсетілген қызметін атқару үшін әр түрлі механизмдер қолданылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай механикалық, гидравликалық және электрлік трансмиссия деп бөледі.
Механикалық трансмиссия деп-қозғалтқыш қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті,белдікті,үйкелісті) қолданылады.
Гидравликалық
трансмиссия траткор
Гидравликалық және электрлік трансмиссиялар тек жеке түрінде қоолданылмайды. Себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моментін арттыру дәрежесі төмендеу болады. Сондықтан оларды механикалық трансмиссиямен қосып пайдаланады. Оларды гидромеханикалық немесе электрмеханикалық трансмиссиялар деп атайды.
Осы
жоғарыда айтылған трансмиссиялардың
ішіндегі ауыл шаруашылығы тракторларында
көп таралған түрі-механикалық трансмиссия.
Себебі оның пайдалы әсер коэффициенті
жоғары болады. Ал годромеханикалық және
электрмеханикалық трансмиссиялар қуаты
өте жоғары өндірістік тракторларда (Т-330,ДЭТ-250)
қолданылады. Себебі ондай трансмиссиялардың
берілетін қуаты жоғарылаған сайын пайдалы
әсер коэффициенті жоғарылайды. Гидромеханикалық
және электрмеханикалық трансмиссиялардың
санаулы тракторларда ғана қолданылатындығына
байланысты оларға түсінік берілмейді.
§3.2. Механикалық трансмиссия
Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы және сатысыз өзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жұмыс бабына байланысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады. Ал жылдамдықты сатысыз өзгертетін трансмиссияда құрылысы өте күрделі механизмдер қолданылады. Қазіргі заманғы тракторларда жылдамдықты сатылы өзгертетін тарнсмиссиялар пайдаланылады.
Жылдамдықты
сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік
жағдайда мынадай механизмдер мен
тораптардан құралады: ажыратқыш
муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер,
жүргізгіш мостылар. Тракторлардың кейбір
түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған
өзгешелігі болады. Атап айтқанда, ДТ-75
тракторында айналдырғыш моментті арттырғыш
қондырғы болады, ал К-701 тракторында ажыратқыш
муфта болмайды да, оның қызметін беріліс
қорабы атқарады. Т-150 тракторында екі
ағынды беріліс қорабы қолданылуына бірнеше
өзгеріс енгізілген. Осындай өзгешеліктер
туралы әрбір механизмді жеке-жеке талдағанда
толығырақ тоқталамыз.