Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 12:36, реферат
Тежегіш деп поезды тоқтату немесе қозғалыс жылдамдығын реттеу мақсатымен оның қозғалысына қарсы қосымша басқарылатын қарсыласу күштерін тудыру үшін арналған құрылғылар кешені. Тежегіштер поездар қозғалысының жылдамдығы өсуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты құрал болып табылады.
Тежегіштердің даму тарихы
Тежегіш
деп поезды тоқтату немесе қозғалыс
жылдамдығын реттеу мақсатымен оның
қозғалысына қарсы қосымша
Біздің елдегі тежеуіштік техниканың жетілдірілуі процессін үш негізгі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі (1834 – 1928) тек шетелдік тежегіш жүйелерін және құрылғыларын қолданумен сипатталады. Екіншісі (1929 – 1990), керісінше, стратегиялық оймен тек отандық тежегіш құрылғыларын жасау және қолданумен ерекшеленеді. Ақырында, 1991 жылдан бастап осы шаққа дейін ескіріп кеткен тежегіш құрылғыларының пневмомеханикалық құрылымдарынан заманауи,микропроцессорлық техника негізінде орындалған электронды-пневматикалықтарға қарқынды көшу өтіп жатыр.
Ең
алғашқы қол тежегіштері
Поезд
бойымен тартылған тростың
Бұл
тежегіштерде іске асырылған негізгі
ой ауа өткізгішті – біріктіргіш
майысқақ түтіктері бар ( олармен
әрбір жылжымалы бірліктер
Тежегіштік техниканың бұдан арғы дамуы аса маңызды бір мәселені шешумен тығыз байланысты – тежеу кезіндегі поезд доңғалақтары және рельстер арасындағы іске асырылатын іліністі жоғарылату, яғни тежегіштік тиімділікті жоғарылату. Осыны ескере отырып көптеген шетелдік тежегіш жүйелерінің ішінен Н.П. Петровпен 1899 жылы салыстырмалы сынақтардан соң Ресейлік темір жолдары үшін екі фирманың тежегіштері таңдалып алынды: «Вестингауз» және «Нью-Йорк».
Бұл тежегіштермен жолаушы, сонымен қоса жүк жылжымалы құрамы да жабдықталды, бірақ толық көлемде емес, өйткені вагонның кей бөлігінде ол жоқ болатын. Бұл вагондар аралық түтікшемен жабдықталатын, олар поездағы пневматикалық арнаның үздіксіздігін ғана қамтамасыз ететін. Мұндай поездардағы доңғалақтардың рельстермен ілінісу күші 15 - 20%-ға ғана қолданылатын.
Алғашқы отандық тежегіштерді басқару құрылғысы болып 1928 жылы талантты маман Ф.П. Казанцев ойлап тапқан машинист краны табылады. Машинист кранында(МК) автоматты перекрышалар,тежеуіш магистралының (ТМ) үзілуінің дыбыстық сигнализаторы бар болатын және 1953 жылға дейін сәтті қолданылып келді. Электрлік және тепловоздық тартымға көшумен бірге және поездардың ұзындығының өсуіне байланысты жоғарызарядты қысымды, жұмсақтық темпын, қоректендіру қабілетін жоғарылатуды пайдалану қажет болды, бұл 1957 жылы №222 МК, ал содан соң 1966 жылы едәуір жетілдірілген №394 МК жасауға әкелді.
1925
жылы Мәскеу тежегіш зауыты (қазіргі
«Трансмаш» АҚ) алғашқы отандық
Казанцевтың ауа үлестіргішін
сериялы түрде шығара бастады,
олар шетелдік нұсқалардан
1932 жылдан 1953 жылға дейін сондай-ақ ВР№ М-320 сериялы түрде шығарылатын, оны басқа бір атақты өнертапқыш И.К. Матросов ойлап тапқан болатын. Ол осы құрылғының модернизациясын жасай отырып бірнеше жылдың ішінде ВР № МТЗ-135 (1953), содан соң № 270-002 (1959) және № 270-005 (1968) өтуді қамтамасыз етті.
Отандық жүк ВР-дың соңғы нақты жетілдірілуі 1976 жылы № 483 аспапқа көшумен орын алды, ол тежегіш толқынының жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етеді (300 м/с), салмағы 80-85 мың. кН поезды жүргізуге мүмкіндік берді және әлемдік тәжірибиедегі жақсы деген тежегіштік құрылғылармен бір қатарға қоятын басқада көптеген артықшылықтарға ие болды.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жолаушылар ВР № 292-001 1958 жылдан бастап Мәскеу тежегіш зауытында шығарылып келеді және Вестингауздың үштік тез әсер етуші қақпақшаның кезекті модернизациясы болып табылады. 1948 жылдан бастап электропоездарды № 305 электрлі ауа үлестіргіші бар электропневматикалық тежегіштермен жабдықтай бастады, ал 1958 жылдан бастап локомотивті тартымдағы жолаушылар поездында қолданыла бастады.
1947
жылдан бастап берілетін күш
салуларды жоғалтуды төмендету
үшін және тежегіштің механикалық
бөлігін реттеуді азайту үшін
тежегіштік иінтіректі
Тежегіш цилиндріндегі қысымды түзеуді вагонның жүктелуіне байланысты басқа реттегіштер іске асырады – авторежимдер, олардың да даму тарихы 50 шақты жылдай болып қалған. 1965 жылдан бастап шойын тежегіш қалыптарымен қатар, әсіресе жүк құрамаларында, композициялыларды қолдана бастады, олар жоғарғы тозуға төзімділікке және қозғалыс жылдамдығына көп тәуелді емес үйкелісудің тұрақты коэффициентіне ие.
Осы құрылғыларды жасаумен бірге тежегіштік техниканың жетілдірілу және дамытудың жаңа кезеңі ашылған болатын, ол оның мүмкіндіктерін, сенімділігін және функциянальдылығын сапалы өзгерткен және кеңейткен болатын, бұл өз кезегінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін, тежеуіш процесстерін автоматизациялау және оңтайландыру деңгейін жоғарылатты және адами фактордың кері әсерін төмендетті.
Отандық тежегіш ғылымы және техникасының дамуына атақты ғалымдар және құрастырушылар Н.П. Петров, Ф.П. Казанцев, И.К. Матросов, Б.Л. Карвацкий, В.Ф. Егорченко, Д.Э. Карминский, В.М. Казаринов, В.А. Лазарян, В.Г. Иноземцов, В.И. Крылов, В.В. Крылов және т.б. үлкен үлес қосты.
Жоғарғы жылдамдықты қозғалыс саласындағы кейбір артта қалушылыққа қарамастан, біздің елде қазіргі таңда жоғарғы сенімділікті және тиімділікті тежегіштер жасалды, олар ең қысқа тежеуіш жолын және ілінісу қасиеттерін іске асыруды 60-80% деңгейінде қамтамасыз етеді.