Теміржол жолдары
арқылы қозғалыс.
Теміржол өтпесі- жолдардың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. Жол учаскесінің жақын жердегі рельстен 10 м арақашықтықтағы сызықпен көрсетіліп шектелген учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады.
Теміржол өтпесі- ережеге сай теміржол рельсімен бір деңгейде орналасқан ағаш төсем немесе басқа да қатты төсем түрлерімен жабдықталады. Сонымен бірге теміржол өтпесі түн мезгілінде жарықпен қамтамасыз етілуі қажет.
Жүргізушілерге теміржол өтпесіне жақындағаны туралы ақпарат беретін ескерту белгілері 1.1, 1.2, 1.3.1, 1.3.2, 1.4.1-1.4.6.
Теміржол жолдары арқылы қозғалыс.
Теміржол өтпелері реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді.
Реттелетін теміржол өтпесі бағдаршаммен, шлагбауммен жабдықталады. Бұндай өтпелерде теміржол кезекшісі кезекшілік қызметін атқарады.
Реттелмейтін теміржол өтпесіне бағдаршам және шлагбаум орнатылмайды.
Теміржол өтпесінде бірнеше теміржолдар болған жағдайда поезд өтсімен жүргізушіге қозғалысын жалғастыруға болмайды. Мұндай жағдайда қарсы бағыттағы темір жол бойында поездың жоқтығына көз жеткізіп, қозғалу қажет.
Өтпеде берілісті айырбастауға болмайды. Себебі көлік құралының өшіп қалуы, соның салдарынан көліктің теміржол өтпесінде тұрып қалуы мүмкін.
Көлік құралдардың жүргізушілері теміржол өтпелерінен поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып қиып өтулеріне болады.
Көлік құралдарынаң жүргізушілер кез-келген теміржолдарды арнаулы жабдықталған темір жол өтпелерінен қиып өте алады. Теміржолдарды теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өту жол көлік оқиғаларына немесе темір жолдардың істен шығуына әкеліп соқтырады.
Көлік құралынаң жүргізушісі теміржол өтпесіне жақындаған кезде жол белгілерінің бағдаршамдардың, жол таңбаларының, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға, жақындап қалған поездың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті. Жүргізушілерге теміржол өтпесіне жақындағаны туралы ақпарат беретін ескерту белгілері 1.1, 1.2, 1.3.1, 1.3.2, 1.4.1-1.4.6.
Жүргізуші теміржол өтпесіне жақындаған кезде теміржол өтпесіндегі қозғалыс қауіпінің дәрежесін бағалап, (өтпе төсенішінің жағдайын, тәуліктің қараңқы мезгілін, көріну жағдайының шектелуін) қозғалыс шапшаңдығын таңдау қажет.
Өте қауіпті саналатын теміржол өтпелерінде (мысалы, көрінуі шектеулі) қосымша 2.5 аялдамасыз қозғалысқа тыиым салынады жол белгісі орнатылуы мүмкін.
Мынадай жағдайларда өтпеге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);
бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбауымның орналасуына немесе оның бар екендігіне қарамастан);
Өтпе бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесін немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерілген қолында – жезл, қызыл фонарь немесе жалауша, не екі жағында қолдарын созып);
Егер өтпенің арғы жағында жүргізушінің өтпеде аялдауға мәжбүр ететін тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса;
Егер өтпеге көріну шегінде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса.
Бұдан басқада тыйым салынады:
Теміржол жолдарын теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өтуге;
Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесі алдында тұрған көлік құралын айналып өтуге;
Шлагбауымды өздігінен ашуға;
Теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы жол құрылыс және басқада машиналар мен механизімдерді көлік емес жағдайда алып шығуға;
Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргізуші тоқтау сызығының,
2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда теміржол өткелі шекарасында аялдауы тиіс.
Өтпесінде амалсыз аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіруі және өтпені босату үшін шаралар қолданылуы тиіс. Сонымен бір мезгілде жүргізуші мыналарға міндетті:
- Мүмкіндік болған кезде теміржол бойымен екі адам екі жаққа өтпеден 1000 м. (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына) оларға жақындап келе жатқан поездің (локомитивтің, дрезинаның) машинисіне аялдау сигналын беру Ережесін түсіндіріп жіберуге;
- Көлік құралының қасында қалып және дабыл қағу сигналдарын беруге;
- Поезд көрген бойында аялдау сигналын беріп оған қарсы жүгіруге;
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіс ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандайда болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде – шырақпен немесе фонарьмен ) аялдау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.
Теміржол өтпесінде көлік құралының ақауына немесе басқада жағдайларда тұрып қалған кезде, теміржол өтпесін босату үшін, адамдардың көмегін немесе от алдыру қолсабымен (рукоятка) қозғалтқышты айналдыру арқылы немесе басқа көлік құралымен сүйрету қажет.
Теміржол әкімшілік-техникалық бөлімше бастығының рұқсатымен
теміржол өтпелер арқылы қозғалуға ені
5 метрден артық және биіктігі жол бетінен 4,5 метрден артық
(жүгімен немесе жүксіз);
Жылдамдығы 8 км/сағ кем баяу жүретін машиналарды, сондай-ақ трактор шана сүйретпелері қозғалысына;
Ұзындығы бір тіркемемен 20 м артық ал екі немесе оданда көп тіркемелермен 24 м, автопездарға;
Өте ауыр жүктерді тасмалдайтын арнаулы көлік құралдарына рұқсат етіледі.
Теміржол өтпесінен өтуге рұқсат алу үшін тапсырыс беру уақыты 24 сағаттан кем болмауы тиіс.
Бекіту сұрақтары: