Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:30, реферат
Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.
Бенц патентінде автомобиль, 1886
Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.
Автомобиль сөзінің
мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды
және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын
тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік
түрі болып табылады. Автомобильдің
тек бір өнертапқыш тарапынан
тек бір күнде ойлап
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы
жасап шығарылған автомобиль құрылысы
жағынан қазіргі
XIX ғ. соңы
– XX ғ. басында электр және
бу қозғалтқышты автомобильдер
бензинді автомобильдермен
XIX ғ. соңы
– XX ғ. басы дүниенің көптеген
мемлекеттерінде
Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.
20 ж. басынан
екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуына дейінгі кезең
Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің
өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы
кезеңнің революциялық шешімі болып
жеңіл автомобильдер мен
Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.
Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.
1. Құрылысының
қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж.
басынан) Бұл кезеңде
2. Жанармай шығынының
азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан
кейін) Бұл кезеңде
3. Қоршаған ортаға
негативті әсерінің азайтылуы
(80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде
қозғалтқыштардың жұмыс
4. Автомобильді
қолдануды қауіпсіздендіру
1769, Fardier
Richard Trevithick автомобилі, 1803
Карл Бенцтің "Velo" моделі (1894) - алғашқы автожарыстарға қатысты
Ford Т
Автомобильдердің жалпы құрылысы
Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.
Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады.[1]
Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.
Негізгі бөліктер және агрегаттар
Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.
Кузов – тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан (жүктік кузов) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш – автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.