Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 20:51, реферат
Негізгі қызметті қайта құрылымдаудағы дайындық шаралары. Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңінде пайдалану қызметін оңтайландыруға, темір жол саласының жаңа субъектілерінің байланыс механизмін өтеу және нормативтік-құқықтық базаны жаңа жағдайға ыңғайлауға бағытталған келесі дайындық шаралары жоспарланады:
- "Темір жол көлігі туралы" ҚР заңын қабылдау және қолданыстағы заң актілеріне өзгерістер енгізу.
Негізгі қызметті
қайта құрылымдаудағы дайындық шаралары.
Қайта құрылымдаудың бірінші
кезеңінде пайдалану қызметін оңтайландыруға,
темір жол саласының жаңа субъектілерінің
байланыс механизмін өтеу және нормативтік-құқықтық базаны жаңа жағдайға ыңғайлауға
бағытталған келесі дайындық шаралары
жоспарланады:
- "Темір жол көлігі туралы" ҚР заңын
қабылдау және қолданыстағы заң актілеріне
өзгерістер енгізу;
- Ресей ЖҚМ-і және "Узбекистон темир
йуллары" ЖҚМ-і пайдаланатын және ҚР
аумағында орналасқан темір жол көлігінің
объектілер бөлігін "Қазақстан темір
жолы" ҰК" ЖАҚ балансына беру мәселесін
ше-шу, "Қазақстан темір жолы" ҰК"
ЖАҚ пайдаланатын Ресей Федерациясы аумағындағы
және ҚР аумағындағы Ресей ЖҚМ темір жол
көлігі объекті-леріндегі паритет (тепе-тендік)
мәселелерін және шаруашылық принцип-терін
реттеу;
- ҚР темір жол саласының жаңа субъектілері
түзілуіне байланысты ТКОК шеңберіндегі
келісімдерге өзгерістер енгізу;
- тасымал үдерісінің өндірісін және ұйымдастыруын
оңтайландыру;
- ұйымдастыру өзгерістері үшін қажетті
жағдайды қамтамасыз ететін қаржылық
жэне басқарушылық есеп беруін ақпараттандыру;
- инфрақұрылым, жылжымалы құрамды және
тартымды атқарымдық және қаржылай бөлуді
қамтамасыз ететін ұйымдас-тырушылық,
технологиялық және қаржы-экономикалық
шешімдер мен құжаттарды әзірлеу;
- вагон шаруашылығы, локомотив шаруашылығы,
даңғылдық темір жол торабы және тасымалдаудың
шаруашылық есептегі депар-таменттерін
құру;
- ішкі баға белгілеу жүйесін енгізу және
ұйымдастыру;
- қызмет көрсету шарттарын және жеке тасымаддаушыларды
лицен-зиялау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық
құжаттарды құру және жеке тасымалдаушылардың
инфрақұрылымға кіруіне жол ашу;
- даңғылдық темір жол торабын республикалық
және жергілікті бюджеттің жолаушы пойыздарының
тасымалы үшін тарифтерінің өтем ақысына
немесе жолаушы тасымалын тікелей демеуқаржы
арқылы үстемелеудің бірнеше варианттарын
қарастыра отырып, жолаушылар та-сымалы
қызметіне мемлекеттік әлеуметтік сұранысты
анықтау және қаржыландыру механизмдерін
әзірлеу;
- "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" ЖАҚ-ын
акцияландыру кезіндегі Ресей Федерациясының
аумағындағы "Қазақстан темір жолы"
ҰҚ" ЖАҚ пайдаланатын темір жол көлігі
объектілері үшін шаруашылық қызметін
атқару құқығын реттеу;
- импортты алмастыру бағдарламаларын
жетілдіру және отандық кәсіпорындарды
локомотив және вагон салуға кірістіре
отырып, жаңа ғылыми және ресурсты сақтау
технологияларын енгізу.
Келтірілген көзқарас бірнеше дербес
акционерлік қоғамдардың қызмет істеуі
жағдайында мемлекеттік органдар мен
бас холдңнг құрылымдар жағынан темір
жол саласының басқарылуы мен атқарымдық
бүтіндігін жоғалту мүмкіндігін барынша
төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қайта құрылымдаудың бірінші
кезеңінде тартымдық және жылжымалы құрамды
жөндеуді және пайдалануды бөлудің аяқталуы;
жол-дарды күрделі жөндеу қызметтерінде,
темір жол көлігінің жүк күзеті мен стационарлы
объектілерінде бәсекелес ортаның түзілуі;
вагондар мен ло-комотивтерді депода жөндеу
нарығында бәсекелестіктің одан әрі дамуы;
өндірісті, оның ішінде аз қызметті станциялар
мен желілерді қайта құрылымдау тиімділігі,
сонымен бірге екінші кезеңде қайта құрылымдауды
жүргізуге арналған дайындық шаралары.
Өкілетті мемлекеттік орган қызмет атқару
жағдайын және жылжымалы құрамның лизингі
бойынша мемлекеттік және жеке тасымалдаушылардың
лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік
базаны әзірлейді.
Бірінші кезеңнің шеңберінде отандық
күрделі-қалпына келтіріп жөндеу өндірісін
жұмыс істеу уақытын ұзартып ұйымдастыру
мақсатында және даңғылдық тепловоздарды
жаңғырту, сонымен бірге жаңа буын ло-комотивтерін
жинақтау мақсатында Шу станциясындағы
локомотивтік-жөндеу зауытын қайта құру
бойынша жобалау құжаттарын дайындау
жұмысы жүргізіледі.
Темір жол көлігі пайдаланатын өнімдердің
капиталсыйымдылығына және ғылыми ауқымдылығына
байланысты отандық өндірісшілермен жоғары
технологиялы импорталмасу интеграциясы
жалғасады.
Жылжымалы және тартымдық құрамдарды
жөндеу саласындағы бэсекелескен қызмет
көрсету нарығын ұлгайту үшін өндірістік
коопера-тивтер мен "Локомотивті жөндеу"
ЕМК, "Вагон жөндеу" ЕМК, "Темір
жол машиналарын жөндеу" ЕМК, "Жолаушылар
тасымалы" ЕМК филиалда-рының негізінде
жауапкершілігі шектелген серіктестіктер
құрылды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ-ының
темір жол саласы жұмысшы-ларынан кәсіпкерлік
субъектілерін құру жөніндегі тәжірибесі
мол. Бұл 1993 жылы ұйымдастырылған "Эльбор"
ӨК (Ерейментау ст.), "Машина жасау"
ӨК (Шиелі ст.), "Құюшы" ӨК (Шу ст.) 2000
ж. 4 локомотивті (Шұбарқұдық, Семей, Бурабай
курорты, Екібастұз) және 5 вагон депосы-нан
(Орал, Арыс, Семей, Құсмұрын, Балқаш) 2590
адамнан құралған кәсіп-керлік субъектілері
құрылды. Олар ушін "Қазақстан темір
жолы" РМК жағынан 1,5-2 жыл бойы тапсырыстар
көлемі сақталды. Келешекте "Шағын бизнесті
қолдау туралы" ҚР заңына сэйкес осы
кәсіпкерлік субъектілерге пайдаланылатын
негізгі құралдарды бөліп беру мүмкіндігі
бар.
Қаланы дамытушы жөндеу деполары мүліктерінің
негізінде кәсіпкерлік субъектілерін
құру - дағдарысқа ұшыраған аймақтарда
әлеуметгік зардаптардың салдарын жұмсарту
мақсатында жоспарланады.
Бұл ретте келесі механизмді пайдалану
қарастырылады:
- филиал жұмысшыларынан қалыптастырылатын
ЖШС және өндірістік кооперативтер түріндегі
жеке кәсіпорындар құру;
- филиалдардың негізгі құралдарын (өндірістік
қуаттарды) осы кәсіпорындарға жалға жэне
келешекте жеңілдіктермен сатып алу құқығын
беру;
- "Қазақстан темір жолы"¥К" ЖАҚ-ына
1 жылдан 2 жылға дейін тапсырыстың кепілдік
көлемін тоқсан сайын азайтып тапсырыс
беру.
Бұл механизм айналым құралдарын кэсіпкерлік
субъектілері арқылы құруды қажет етеді,
қызметкерлерді дербес шаруашылық жүргізу
жағдайында менеджмент, бухгалтерлік
есеп және маркетинг курстарыңца, қосымша
қызмет түрлерін және өтем нарығын игеруге
даярлайды. Осыған байланысты 1-2 жылдық
бейімделу кезеңі талап етіледі.
Тапсырыстың кепілдік уақыты аяқталғаннан
кейін бүл кэсіпорындар тендер бойынша
жылжымалы құрамды жөндеуге және импортты
алмас-тыру өнімдерін өндіру жөнінде келісімшартқа
отыра алады.
"Қазақстан темір жолы" РМК мүліктік
кешенінің негізінде "Қазақстан темір
жолы"¥К" ЖАҚ иеленуіне және пайдалануына
даңғылдық темір жол торабы берілетінін
құқықтайтын 100% мемлекеттік акциялар
пакеті-мен құрылды.
Бір мезгілде "Темір жол жөндеу",
"Жолаушьшар тасымалы", "Желдор-водотеплоснабжение",
"Вагон жөндеу", "Локомотив жөндеу"
еншілес мем-лекеттік кәсіпорындары 100%
мемлекетгік акция пакеті "Қазақстан
темір жолы"ҰК" ЖАҚ жарғьшық капиталына
бере отырып, ашық акционерлік қоғамдар
болып қайта құрылды.
"Әскери темір жол күзеті", "Жол
жөндеуші", "Казтранссервис", "Ке-дентрансхервис",
"Ремпуть", "Транстелеком", "Көлік
сервисі орталығы" акционерлік қоғамдарының
мемлекеттік акция пакеттері "Қазақстан
темір жолы"¥К!І ЖАҚ жарғылық капиталына
берілді. Жол жөндеу қызметінде бәсекелестік
тудыру үшін қалған 4 жол-машиналық станцияларының
негі-зінде (Шар, Бірлік, Ақтөбе, Сороковинская)
заңды түрде "Темір жол жөндеу" ашық
акционерлік қоғамы құрылды.
2002 ж. 1 маусымынан 2005 ж. 1 қаңтарына дейінгі
2-кезеңде келесі шаралар жүргізіледі:
- даңғылдық темір жол торабы операторын
ұйымдастыру және та-сымалдаушы қызметін
атқаратын "Жүк тасымалы" еншілес
акционерлік қоғамын құру;
- барлық тасымалдардың локомотивтік тартым
қызметін пайдалануға тең қатысу мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін "Локомотив"
еншілес акционерлік қоғамын құру;
- вагондардың тиімді санын сақтау;
- "Көлік сервисі орталығы"ААҚ-ына
кіретін және бір жүк жөнелтуші пайдаланатын
кіреберіс жолдарды заңда белгіленген
тәртіппен осы тұтынушыға сату, "Қазақстан
темір жолы"ҰК" ЖАҚ балансына қалған
біріктіруші және кіреберіс жолдарды
беру;
- өндірістік әлуетті дамытуға жеке меншік
инвестицияларды қатыстыру мақсатында
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ
құрамынан "Темір жол машиналарын жөндеу",
"Желдорводотеплоснабжение", "Вагон
жөндеу", "Локомотив жөндеу", "Әскери
темір жол күзеті", "Жол жөндеуші",
"Ремпуть", "Транстелеком" ААҚ-дарын
шығару;
- "Жолаушылар тасымалы", "Кедентранссервис"
акционерлік қоғам-дарының акция пакеттерін
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ
жарғылық капиталынан бөліп алып, уәкілетті
мемлекет органына беру.
Мемлекеттік жөндеу кешені өндірісінің
орталыктандырылған оңтай-ландырылуы
қызметтердің өз құнының төмендеуіне
әсер етеді және ерекшеленген деполардың
менеджменті үшін сәйкес бағдарды қамтамасыз
етеді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мен қамтамасыз
ету секторының ара-сындағы байланысында
нарық механизмі жүреді. Ол өнімділікті
жоғарылату үшін, қамтамасыз ету секторы
қызметінің өз құнын төмендету үшін қажетті
қосымша ынталандыру тудырады. Артық қуаттар
біртіндеп экономиканың басқа секторларына
бағытталады.
Әлеуметтік саланы қайта қүрылымдау. Әлеуметтік
салаға бұрынғы КСРО ЖҚМ балансында болған
және тікелей Білім беру бас басқармасына
қарасты және министрліктің құрамындағы
әлеуметгік мекемелер: бала-бақшалар,
мектептер, денсаулық сақтау мекемелері
жатады.
Білім беру мекемелері өзіндік баланста
қалды, бірақ "Қазақстан темір жолы"ҮК"
ЖАҚ еншісінде. Олар өздерінің қаражаттары
есебінен және республикалық бюджеттен
қаржыландырылады.
1997 ж. 377 білім беру мекемелері болған,
соңғы жылда соның 295 мекемесі жергілікті
атқарушы органдарына берілді. Қазіргі
кезде "Қазақстан темір жолы" ҰК"
ЖАҚ құрамында 82 білім беру мекемесі бар,
оның 25-і мектеп-интернаттар, 2 орта мектеп,
46 шағын мектептер, 9 мектепке дейінгі
балалар мекемелері.
Станциялар мен айырықтарда тұратын теміржолшылардың
балаларын оқыту жергілікті органдардың
балансындағы білім беру мекемелерінде
жүргізілуі қажет. "Қазақстан темір
жолы"¥К" ЖАҚ шағын мектептер мен
мектеп-интернаттардағы теміржолшылар
балаларының оқуы мен тұрағын төлейді.
Көрсетілген білім беру мекемелеріндегі
оқушылардың 80-нен 100%-ға дейінгісі теміржолшылардың
балалары. Шағын мектептер (3,4,5-сыныптар)
негізінен станциялар мен айырықгарда
орналасқан, оларда 1350-ге жуық оқушылар
білім алады. Жалпы орта білім беру мектеп-интернаттарында
22,8 мың бала оқиды, олардың 17,5 мыңы темір-жолшылар
балалары, оның 3 мыңы интернатта тұрады.
Бір мектеп-интернаттың қызмет көрсету
аймағы орташа 5-20 км-ден 60-80 км-ге дейін.
Білім беру мекемелерінің педагогтік
және көмекші қызметкерлер саны 3,3 мың
адам, оның 1,7 мыңы - педагогтер ұжымы.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау мекемелері
акцияландырылған және үш - "Көлік медициналық
қызметі", "Орталық жол ауруханасы",
"Оқу-клиникалық орталығы" ААҚ құрамына
кіреді. Теміржолшылар мен зейнеткерлерге
медициналық қызмет көрсету 13 бөлімшелік
2091 кереуеті бар ауруханалар мен, 74 дәрігерлік
денсаулық сақтау пункттерімен және 120
ФАП арқылы жүргізіледі. Медициналық көмек
көрсету бойынша байла-ныстың негізгі
принципі - кәсіпорынның тапсырыс-келісім
құжаты және бұрынғы темір жолдағы емдеу
мекемелерінің медициналық қызмет көрсетуі.
Теміржолшылардың балаларына білім беру
және медициналық қызмет көрсетуге элеуметтік
тапсырысты бірігіп қаржыландыру шығындары
"Қазақстан темір жолы" РМК шығындарына
жатқызылады.
Пайдаланылмайтын мүлікті қайта құрылымдау.
Мүліктік кешенді "Табиғи монополиялар
туралы" ҚР Заңына сэйкестендіру мақсатында
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ
негізгі өндірістік қызметтеріне жатпайтын
немесе қолданылмайтын мүліктерге мүлік
түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде 5791 объект
табылды, оның ішінде қосалқы шаруашылық,
коммуналдық шаруашылық, сауда және қоғамдық
тамақтандыру объектілері айқындалды.
2001 ж. 1қаңтардағы мәлімет бойынша, қолданыстағы
заңға сәйкес, көрсетілген санның 4396 объектісі
тәркіленді (жергілікті органдарға берілді,
сатылды, жойылды, т.б.).
Іске асырылған тәркілеу механизмі тиімсіз
және "Қазақстан темір жолы" ҰК"
ЖАҚ-ы шығындарынан көрініс табуда.
Пайдаланылмайтын және бейінсіз мүліктерді
оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу
үшін 2000ж. ақпан айында "Теміржолмүлік"
ЕМК құрылды және оның балансына "Қазақстан
темір жолы" ҰК" ЖАҚ-ының негізгі
емес өндірістік және әлеуметтік саласындағы
пайдаланылмайтын қалған объектілер беріледі.
"Теміржолмүлік" ЕМК бөлініп, акцияланды-рылуға
және жекешелендірілуге жатады. Жоғарыда
көрсетілген мүлікті іске асыру шараларының
бәрін "Теміржолмүлік" ААҚ жүргізеді,
соған сәйкес ЖАҚ өзіне қатысты емес жұмыстар
мен шығындардан, "Теміржолмүлік"
ЕМК мүлігін басқарудан босатылады. Мүліктерді
сату – оның негізгі қызметіне айналады.
Қамтамасыз ету қызметіндегі бәсекелестік
ортаны құру. Темір жол компаниясынан
бөлінуге жататын және оның негізінде
бәсекелес сектор болып құрылатын темір
жол қызметінің негізгі емес (қамтамасыз
ететін) қызметіне төмендегілер жатады:
- жолдарды күрделі және орташа жөндеу;
- тиеу-түсіру жұмыстары;
- кіреберіс жолдарды пайдалану;
- темір жол объектілері мен жүктерді күрделі
күзету;
- вагондарды деполық және күрделі жөндеу;
- локомотивтерді деполық және күрделі
жөндеу.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ-ынан
бөлініп шыққан қызметтер кәсіпорындарының
мүліктік кешені бірінші кезеңде мыналардан
қалыптасады:
- жол машина станциялары;
- аз қызметті тұйықталған темір жол желілері;
- кіреберіс жолдар;
- кіреберіс және аз қызметті тұйықталған
жолдарда қызмет көрсететін маневрлік
локомотивтердің бөлігі;
- жеке тораптар мен құрылғыларды, механизмдер
мен машиналарды жөндеу депосы;
- әлеуметтік сала объектілері.
Жолдардың күрделі жөндеуі. Жолдарды күрделі
жөндеу қызметтерін "Жол жөндеу"
ЕМК жүргізеді. Оның құрамына 15 жол машина
станциялары (ЖМС) кіреді. 2000 жылы "Жол
жөндеу" ЕМК құрамындағы 10 ЖМС және
2 шағылтас зауытының негізінде "Жол
жөндеу" ААҚ құрылды.
"Жол жөндеу" ААҚ тәжірибесі келісімшарт
қатынастары кезеңінде тәуекелдіктерді
төмендету мүмкіндігін беретін бәсекелестікті
біртіндеп енгізу тиімділігін көрсетті.
Дағдылы басқару жүйесінің шеңберінде
жөндеу қуаттарының бір бөлігі су тасқынына,
сырғымаларға байланысты жиі кездесетін
тосын жағдайларда үздіксіз жұмыс жүргізуді
қамтамасыз етеді, баға үстінен бақылауды
жүзеге асыруды және жолды күрделі жөндеу
саласында олигополияның түзілуіне кедергі
жасау жұмыстарын іске асырады. Осыған
байланысты жол шаруашылығында бәсекелес
орта-ны жалғастыру ретінде 2001 ж. 1 шілдеге
дейін "Жол жөндеу" ЕМК 11 ЖМС негізінде
"Қазақстан темір жолы"¥К" ЖАҚ
құрамындағы Ақ-гөбе, Бірлік, Сороковая
және Шар станцияларында 4 ЖМС сақтай отырып,
"Жол жөндеу" ААҚ құру қарастырылып
отыр.
Бұл тәжірибе вагондарды және локомотивтерді
депода жөндеу ай-мақтарында бэсекелес
ортаны құру үшін қолданылады.
Жүктерді күзету және күзетпен жеткізу.
Қазақстанда күзет қызметі нарығында
көптеген компаниялар жұмыс істейді. Осыған
байланысты (2001 ж. 1 шілдеге дейін) "Қазақстан
темір жолы"¥К" ЖАҚ құрамынан бірінші
кезеңце ЕМК бөлініп шығып, акцияланады
жэне әрі қарай жеке-шелендіріледі. Күзетті
және күзетпен жеткізу қызметтерін темір
жол-дың тұрақты объектілері бір жыл ішінде
"Арнайы әскери күзет қызметі " ААҚ-нан
сатып алады, ал бэсекелестер пайда болғанда
кон-курс негізінде сатып алады.
Вагондар мен локомотивтерді депода жөндеу
нарығының дамуы. Жылжымалы құрамның барлық
түрлерін депода жөндеуді 2000 ж. құрылған
"Вагон жөндеу" ЕМК және "Локомотив
жөндеу" ЕМК жүргі-зеді. Вагон және локомотив
деполарының бәсекелес секторға бөлінуі
ал-дында жөндеудің пайдаланудан толық
бөлінуін аяқтапуы талап етіледі.
Депода жөндеу бағасы онша жоғары емес,
соған байланысты аймақ деңгейінде әр
түрлі жөндеу түрі бәсекелестігінің дамуы
талап етіледі. Кері жағдайда жөңделмеген
вагондар мен локомотивтерді көлікпен
жеткізу шығындары бәсекелестікке кедергі
жасайды және аймақтық монополистерді
тудырады.
Сондықтан жөндеу деполарының бәсекелес
ортаға бөлінуі кезінде бұл жағдайды ескеріп,
барлық аймақтарда жөндеудің барлық түрлеріне
бәсекелестік туғызуға күш салу керек.
Вагон жөндеу депосының вагон бойынша
маманданғанын, бәсекелес-тіктің аймақтық
сипатын және әрбір депоның мүмкіндіктерін
ескере отырып, 2002 ж. 1 шілдесіне дейін
бәсекелес секторға бөлінуді жүзеге асыру
және 5 вагон жөңдеу деполары: Атбасар,
Бурабай курорты, Қазалы, Аягөз, Шымкент
негізінде өндірістік кооперативтерін
(серіктестіктер) құру жос-парланды. Нәтижесіңде,
бірінші кезеңнің аяғына дейін ӨК және
ЖШС саны "Вагон жөндеу" ЕМК жеті
филиалымен 10 бірлікке жетеді.
Жылжымалы құрамның локомотив түрлерінің
жөндеу түрлерімен са-ралауды жүргізіп
болғаннан кейін, 2002 ж. 1 шілдесіне дейін
бэсекелестік сектор өндірістік кооперативтермен
6 локомотив жөндеу депосының серік-тестігін:
Түркістан, Ақадыр, Жаңаесіл, Қызылорда,
Ембі, Шар ТЧР кұрып, оларға негізгі құрамдарды
әрі қарай сатып алуымен, жалға беріп,
бөлінуі жоспарланады. Яғни, бірінші кезеңнің
аяғына дейін ӨК және ЖШС-ның жалпы саны
"Локомотив жөндеу" ЕМК 15 филиалымен
11 бірлікке жетеді.
Келешекте отандық локомотив және вагон
жасау мен импорталмастыру және локомотивтерді
жаңарту бойынша жасалынған бағдарламаға
байланысты "Қазақстан темір жолы"
ҰК" ЖАҚ-ының құрамында "Темір жол
жөндеу" ЕМК-ны бірінші кезең бойы сақтап
қалу жоспарланған. Бұл кәсіпорын жылжымалы
құрамды зауытта жөндеу өндірісінде мамандандырылады.
Бірінші кезеңді (2001 ж. 1 цацтары - 2002 ж.
1 шілдесі) іске асырғаннан кейінгі темір
жол саласының құрылымы 21- суретге келтірілген.
Қайта құрылымдаудың екінші кезеңі (2002
ж. 1шілде – 2005 ж. 1қаңтар). "Қазақстан
темір жолы" ҰК" ЖАҚ темір жол көлігінің
жаңа субъектілеріне даңғыддық темір
жол торабын тең құқықпен пайдалануды
қамтамасыз етеді. Тасымал қызметінде
бэсекелестіктің дамуы өздерінің жылжымалы
құрамы бар тэуелсіз тасымалдаушылардың
пайда болуымен қамтамасыз етіледі.
Тасымалдаушыларды қалыптастыру үдерісі
ҚР темір жол көлігі қызметтерінің ерекшелігімен,
жүк айналымының ең көп көлемі кезінде
үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігімен
іске асырылады.
Локомотивтік тартым қызметтерін көрсететін
"Қазақстан темір жо-лы" ҰК" ЖАҚ
құрамында "Локомотив" ЖАҚ құру жоспарланып
отыр. "Жүк тасымалдау" ЖАҚ қызметтерін
коммерциялық тасымал бойынша және мемлекеттік
тапсырыс бойынша жүргізеді, сонымен қатар
ҚР заңына сәйкес вагондар паркін сату
және жалға беру жұмыстарымен айналысады.
Сонымен, "Қазақстан темір жолы" ҰК"
ЖАҚ-ымен қатар өздерінің (жолтабаны) вагон
паркі бар тасымалдаушылар да нарық ортасын
құрады. Контейнерлер паркі "Казтранссервис"
ААҚ-да сақталады, оның акция-лары "Қазақстан
темір жолы" ҰК" ЖАҚ-ына беріледі.
"Казтранссервис" ААҚ-ының негізгі
мақсаты - темір жол көлігінің контейнерлік
тасымалын дамыту, ішкі жэне өтпек қатынастардағы
мультимодальдік тасымалды да-мыту. "Қазақстан
темір жолы" ҰК" ЖАҚ құрамынан мамандандырылған
АҚ-ның бөлінуі нәтижесінде қызметтер
және саладағы жаңа субъектілер арасындағы
қызметтерді қайта ретке келтіру жүргізіледі.
Қамтамасыз ету қызметіндегі бәсекелестікті
дамыту. 2002 ж. 1 шіл-десінен 2005 ж. 1 қаңтарына
дейін "Вагон жөндеу" ААҚ үш филиапы
(Па-влодар, Жамбыл, Железорудная станцияларындағы
вагон жөндеу депола-ры) жеке ашық акционерлік
қоғамдарға бөлінеді. Бұл ретте "Вагон
жөндеу" ААҚ 2004 жьшға дейінгі кезеңде
басқа жөндеу кәсіпорын-дарының қызмет
бағаларының негізсіз өсуін тоқтату мақсатында
4 вагон жөндеу депосын, яғни вагондарды
депода жөндеу бойынша өндірістік қуаттың
40%-ын кдоайтын Ақжайық, Защита, Екібастұз
станцияларындағы деполарда сақталып
қалады. Сонымен, өндірістік кооперативтердің
саны 10 бірлікті, ААҚ - үш бірлікті, 4 филиалды
"Вагон жөндеу", ААҚ-ның қолында қалдыра
отырып құрайды.
Осы кезеңде "Локомотив жөндеу" ААҚ
құрамынан 8 локомотив жөндеу депосы: Ақтөбеде,
Екібастұзда, Жамбылда, Алматыда, Қарағанды,
Қостанай, Оралда ашық акционерлік қоғамдарға
бөлінеді.
Бұл ретте, 2005ж. дейінгі кезенде басқа
жөндеу кәсіпорындарының қызмет бағаларының
негізсіз өсуін тоқгату мақсатында 7 локомотив
жөндеу деполары сақталады, олар: Аягөз,
Ақмола, Мақат, Защита, Арыс, Шалқар, Сексеуіл
станцияларында. Бұл деполарға кеткен
жөндеудің ірі түрлерінің көлемі талап
етілетін жөндеудің шамамен 30%-ын жабады.
Яғни, "Локомотив жөндеу" ААҚ-ның
қолында 7 филиалы қалдырьшып, өндірістік
кооперативтер саны 11 бірлікке, ААҚ- 8 бірлікке
жетеді.
Сонымен, "Локомотив" және "Жүк
тасымалдары" акционерлік қоғамдары
ЖШС-ден, өндірістік кооперативтерден
және ААҚ-дарынан тендер бойынша вагон
және локомотив жөндеу қызметтерін сатып
алады.
Екінші кезеңді (2002 ж. 1 шілде - 2005 ж. 1 қаңтар)
жүзеге асырғаннан кейінгі темір жол саласының
құрылымы 22-суретте келтірілген.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ-ы
ұсынатын қызметтер тарифі (бағасы) негізгі
монополиялар субъектілерінің қызметтерін
ретгейтін уәкілетті органның тарапынан
бекітіледі және ол "Қазақстан темір
жолы"ҰК" ЖАҚ-ының даңғылдық темір
жол торабына тең және ашық ену мүмкіндігін
қамтамасыз етуді бақылайды. Клиенттер
үшін тасымал бағасына қызметтің монополиялы
түріне арналған реттелетін тарифтен
және темір жол көлігінің қызметтерінің
басқа түрлеріне арнапған бағаларынан
тұрады. Сонымен бірге тарифтер даңғылдық
темір жол тора-бына ену мүмкіндігі үшін,
жүк қызметі үшін тарифіне жэне вагондарды
жеткізу бойынша тасымалдаушылар қызметінің
тарифтеріне бөлінеді.
Тәуелсіз тасымалдаушылар "Қазақстан
темір жолы"ҰК" ЖАҚ-ымен келісілген
технологиялық және техникалық жоспарлар
бойынша жұмыс істейді.
Қайта құрылымдаудың екінші кезеңін жүзеге
асыру нәтижесіңце тасымалдау нарығында
жекеменшік жүк компаниялары қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігін мемлекеттік реттеу
жүйесінде өзгерістер орын алады.
Бірінші кезеңдегі қайта құрылымдаудың
нәтижелері. Саланы қайта құрылымдауды
заңдық қамтамасыз ету мақсатында 2001 ж.
ішінде "Темір жол көлігі туралы"
ҚР Заңы әзірленіп, қабылданды. Бұл заңда
темір жол көлігінде өз қызметін іске
асыру құқығы бар субъектілер саны кеңінен
берілген.
Бұл заңға сәйкес Үлттық темір жол компаниясы
даңғылдық темір жол торабы операторының
және тасымалдаушының қызметтерін іске
асырады, барлық қалған тасымалдаушылардың
даңғылдық темір жол торабының қызметіне
қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Тасымалдаушылар мен даңғылдық темір
жол торабының операторы бір-бірімен келісімшарт
негізінде қатынас жасайды.
Сонымен, негізгі қызметтің табиғи монополиялығы
- яғни, даңғылдық темір жол торабының
қызметін ұсынуы және бәсекелес тасымалдауды
іске асыруға бөлінуі заң бойынша бекітілді.
"Қазақстан темір жолы" РМК-ның 2002
ж. ортасында "Қазақстан темір жолы"ҰК"
ЖАҚ болып өзгеруі бірінші кезеңнің аяқгалуын
жэне темір жолды қайта құрылымдаудың
екінші кезеңінің іске асырылуының бас-талғанын
айғақтады және бұл жайт саланы реформалаудың
кейбір қорытындыларын шығаруга мүмкіндік
береді.
Әлеуметтік саланың объектілері - яғни,
мектептер, балабақшалар, медициналық
мекемелер көп жылдар бойы жүк жөнелтушілер
тарифтері арқылы жабылып отырған шығындар
толығымен жергілікті атқарушы органдарға
беріліп, темір жол кәсіпорындары төлейтін
салық бөлігінен тұратын мемлекеттік
бюджет арқылы қаржыландырылды.
Қосымша қызметтерді қамтамасыз ететін
барлық еншілес мемлекеттік кәсіпорындар
(жол жөндеу бойынша "Жол жөндеу",
вагон жөндеу бойынт ша "Вагон жөндеу",
локомотив жөндеу бойынша "Локомотив
жөндеу" және "Темір жол машиналарын
жөндеу", кәсіпорындарды сумен, жылумен
қамтамасыз ететін "Желдорводотеплоснабжение",
телефон және байланыс қызметіне байланысты
"Транстелеком", "Темір жол әскери
күзеті" және т.б.) жеке заңды тұлға -
акционерлік қоғамдарға бөлініп кетті.
Соның арқасында олардың акцияларын иеленетін
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ
жағынан басқару мен бақылауды сақтай
отырып, қызметтерінде ыңғайлы нарық механизмін
қолдануларына мүмкіндік береді. Жылжымалы
және тартымдық құрамдарды жөндеу саласындағы
қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті
күшейту үшін "Вагон жөндеу", "Локомотив
жөндеу" және "Темір жол машиналарын
жөндеу", "Жолаушылар тасымалы"
кәсіпорындарының филиалдық мүліктік
негізінде өндірістік кооперативтер мен
ЖШС құрылды.
Соның нәтижесінде жөндеу саласында нарық
қатынасын дамыту үшін жағдай жасалды,
сонымен қатар барлық қызметтерді сатып
алу конкурс негізінде жүргізіледі. Бұл
қамтамасыз ету қызметтері кәсіпорындарының
арасында бәсекелестікті ұлғайтты, олардың
қызметгерін пайдалану шығындарын төмендетті.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ
артық активтерін кіші, орташа бизнестерге
пайдалануға беріп, ҚР кіші және орташа
бизнесті қолдаудың стратегиялық мемлекеттік
мәселесін шешуге үлес қосты.
Бірінші кезеңнің ең маңызды шараларының
бірі - даңғылдық темір жол торабының мүлік
кешенін белгілеу және оны "Қазақстан
темір жо-лы" ҰК" ЖАҚ балансына беру
болып табылады.