Жетім балалардың құқығын қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 15:02, доклад

Описание работы

«Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, оған өткен тарихымыз бен ата-бабадан қалған салт-дәстүрiмiз, дiлiмiз, дiнiмiз – куә. Ендi мiне, сол асыл қасиеттерiмiзден уақыт өткен сайын айырылып бара жатқан сияқтымыз. Қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі осы жетімдер жағдайы болып отыр. Не себепті қоғамда жетім балалар көбеюде, оларға кімнің жаны ашып, кім жәрдемдеседі, кім қамқор болып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақ та одан қорытынды шығару мүмкін емес. Қазақ атам «Жетім көрсең жебей жүр» деген , бүгінгі таңда соған қарамастан жетім мәселесі күрделеніп келе жатқаны да жасырын емес.

Работа содержит 1 файл

Доклад Мұхамбетова Салтанат.docx

— 27.35 Кб (Скачать)

Әл- Фараби атындағы Қазақ

                                                                               Ұлттық Университеті, физика -                   

техникалық факультетінің 2

курс студенті, 215-МВ

                                                                               Мұхамбетова С.Б.

                                                                               Ғылыми жетекші: доктор PHD

                                                                           Қабанбаева Г.Б.

 

 

                 

                 

                  «Жетім балалардың құқығын қорғау»

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      «Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, оған өткен тарихымыз бен ата-бабадан қалған салт-дәстүрiмiз, дiлiмiз, дiнiмiз – куә. Ендi мiне, сол асыл қасиеттерiмiзден уақыт өткен сайын айырылып бара жатқан сияқтымыз. Қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі осы жетімдер жағдайы болып отыр. Не себепті қоғамда жетім балалар көбеюде, оларға кімнің жаны ашып, кім жәрдемдеседі, кім қамқор болып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақ та одан қорытынды шығару мүмкін емес. Қазақ атам «Жетім көрсең жебей жүр» деген , бүгінгі таңда соған қарамастан жетім мәселесі күрделеніп келе жатқаны да жасырын емес. «Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді», сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «ата-аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламыз. Ертеде жетім де болмаған, өйткені ол жетім баланы сол ауылдың, сол рудың адамдары асыраған, жақын туыстарының не ата-әжесінің қолында өскен, жетімшілік көрмеген. Бөбектер үйіндегі әрбір сәби өмірінің өз тарихы бар. Кейбірінің ата-аналары өз құқыларынан сот шешімі бойынша айырылған. Кейбірінің әкесі не шешесі темір торға тоғытылған. Тағы бірі бұл мекемеге анасының сәбиінен бас тартқаны жайлы перзентханада жазған хатымен бірге түскен. Санасыз тәрбие, ішімдікке салыну, нашақорлық, қылмыс әлеуметтік жетімдердің көбеюіне әкеліп отыр. Жетімхана  әлбетте ананың аялы алақанын, ананың жылулығын бере алмайды.

Жүргізілген сауалнамаларға қарасақ сәбилердің көпшілігі тәрбиешілердің оларға қатыгез қарап, оларға психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылықтар жасайтынын айтқан, немесе шағын бөлмелерге ұзақ уақытқа қамап қойып, тіпті байлап та тастайтын көрінеді. Осылайша зорлық-зомбылыққа ұшыраған көптеген балалар мен жасөспірімдер жарақат алып, дене мүшелерінде тыртық, қанталап кетуі ұшырасқан. Осы себепті жетімдер үйіндегі балалардың көпшілігі 10 жасқа толуды асыға күтеді екен, өйткені осы жасқа келгенде бала «мені шет елдіктер асырап алса » екен дейтін арыз бере алады. Соңғы ақпарат көздеріне сенсек, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері 20 жылдың көлемінде 6 мыңнан астам қазақстандық баланы шетел азаматтарына соның ішінде 5 мыңын АҚШ-қа асырауға беріп жіберіппіз.Әрине әрбір бала өмірге келген соң бақытты болуға құқылы. Егер де мемлекетіміз балаларға қамқор бола алмайтын болса, асырап баға алмаса оларды шет елге жібермейік деп шектеу қоя алмаймыз. Алайда қазақтың баласы өз елінде қалып, сол махаббатты өз елінен, өзінің халқынан алса болмас па еді?

      Мемлекет барынша жетім балаларға қамқор болғанымен, олардың 18 жастан кейінгі тағдырына кепіл бола алмайды. Осы мәселе қазіргі таңда қоғамдық проблема болып отыр: олардың жетімдер үйін тастап шыққаннан кейін барар баспаналары жоқ, заң бойынша, жетімдер үйінің түлектері тек 23 жасқа дейін ғана мемлекеттік қордан берілетін баспанадан үміттене алады. Осындай әлеуметтік пәтерге енді қол жеткізген кезде жас мөлшері асып кетуіне байланысты баспана бұйырмай қалғандар да баршылық және де жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері де аз, ең алдымен тәрбие жағынан қатты ақсақтайды. Үлкен өмірге қадам басқан жас өспірімдер 2 жолдың торабында қалады, осы сәтте дұрыс жолды көрсетіп бағыт беретін ата-ана тәрбиесі жетіспейді, рухани көмек аздығынан олар көбіне теріс жолды таңдайды. «Жетім қозы – жатбауыр, жетілер де отығар» демекші, жұмыспен қамтылмаған, оқуға орналастырылмаған жетімдерді қатал өмір қайта қарсы алады. Бірі жалданып нанын тапса, енді біреулері қылмыстық әлемнің қақпасынан ары асады. Түрмеге түскендердің көбісі жетімдер үйінен «далаға тасталғандар» екенін ешкім жоққа шығармайды. Жанашыр жақыны, тіреу болар туысы жоқтың үні де естілмей, мұңы да ескерілмейтіні анық жайт. Бүгінгі жас өспірім ертеңгі болашақ екенін естен шығармайық!

    Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 38386 баланы құрайды. Оның ішінде: 22067 қамқоршылық пен қорғаншылықта, 2267 патронаттық тәрбиеленуде, 14052 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда. Жетімдердің 15 пайызы ата-анасы қайтқан, ал 80 пайыздан жоғарысы тірі жетімдер. Соңғы он жылда еліміз бойынша 32 450 бала асырап алынды. Оның ішінде қазақстандық азаматтар — 28 мыңнан астам бала (77 пайыз), баланың шетелдік туысқандары — 500-ге жуық бала (1,2 пайыз), шетелдік азаматтар 8 мыңнан астам бала асырап алған.

«Бақыт деген сенің  бала күндерің» деп жырлаған екен Мұқағали. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты  балалық шағымыз еді ғой. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшырап, жанары жаутаңдаған жетімдер сол бақытты сезініп жүргені шамалы. Қазақстанда қазіргі таңда ұзын-саны 660 интернат тіркелген. Мүмкін мына шараларды жүзеге асырсақ жетімдеріміз азаяр ма еді:

- Он сегізге толған  соң, тағдырын тарпаң тірліктің  еншісіне қалдырғанша, қамқорлық  ұйымдарын қарастыруды қолға алсақ;

- Қазіргі таңда жиырма үш жасқа дейінгі жасөспірімдер үйі небары 19 ғана, ал 23 пен 29 жас аралығындағылар үшін жастар үйі тек Алматы қаласында бар екен. Осындай жастар үйінің санын арттырсақ;

-Жетiм балаларды өз  елiмiздiң азаматтары асырап алуға заң бойынша жеңiлдiктер жасап, асырап алынған жетiм балаларды мемлекеттiң қадағалап отыруы қолға алынса және асырап алушының жас мөлшері шектелмесе (заң бойынша 45 жастан асу керек екен) ;

- Балалар үйiне тұрақты  көңiл бөлiп, мемлекеттiк және  қоғамдық ұйымдар тарапынан бақылауды күшейтуге мүмкiндiк жасасақ;

- Балалар үйiнен шыққаннан  жасөспiрiмдердi бiрiншi кезекте, баспанамен, оқумен, жұмыспен және жәрдемақымен  қамтамасыз етсек;

- Балалар үйiндегi тұлдыр  жетiм балаларға, арнайы есеп  шот ашып, белгілі бір мөлшерде  ақша салып қойсақ, бәлкім осындай күрделі мәселенің шешімін табуға көмектесер ме еді?!



Информация о работе Жетім балалардың құқығын қорғау