Қызмет етуді сертификаттау

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 10:32, контрольная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік ұйымына /әрі қарай ДСУ/ кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне /ҚСБК/ қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвистицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммунация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді.

Работа содержит 1 файл

Қызмет етуді сертификаттау.docx

— 29.21 Кб (Скачать)

 

                              Қызмет етуді сертификаттау 

 

    Қазақстан  Республикасы Дүниежүзілік ұйымына  /әрі қарай ДСУ/ кіруге әзірлік  жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет  саудасының Бас келісіміне /ҚСБК/ қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвистицияның бір елден бір  елге еркін жүруіне кедергі  жасамайды. Бас келісім бағалы  қағаздар, көлік түрлері, телекоммунация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім,  медициналық қызметтер т.б. қызмет  ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге  қол қойған ел, қатысушы елдерге  өз рыногында ең қолайлы жағдайлар  жасауға тиіс, оның ішінде, сауда  тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің  анықтығы т.с.с. Қызмет етуді  сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа  нақты стандарт талабы болуын  қажет етеді. Республикада қалыптасқан  тұрмыстық қызмет етудің ішінде  – шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.

    Аталған  қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды  талап етеді.

    Қызмет  етудің қауіпсіздігіне байланысты  басты міндеті бірнеше сатыларға  бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай  сертификаттау құрылымы да өзгеріп  отырады. Мысалы, шаштараз қызмет  ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын  химикаттар т.б. заттар адам  өміріне қауіпсіз болуы керек.  Осындай көрсеткіштер автокөлік,  киім тазарту т.с.с. қызмет етуде  де орындалуы қажет.

    Қазақстан  Республикасында қызмет етуді  сертификаттау автокөліктерге техникалық  қызмет көрсету және өңдеу  /ҚР Е 3.24-94/, химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа қалыптасып келеді.

    Қызмет  етуді сертификаттау жүйесінің  принципі, өнімдерді сертификаттау  жүйесімен бірдей /міндеттілігі  және өз еркімен, үшінші жақтың  қатынасуы, сертификаттау органын  аккредитациялау, сәйкестік сертификатын  беру т.б./. Сонымен қатар қазмет  етуді сертификаттаудың өзіндік  ерекшелігі де бар, қызмет ету  барысында орындаушы мен тұтынушының  қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы т.б.

    Қызмет  ету жұмысын салыстырмалы түрде  материалды емес /қасиетінің өзгеруі,  жасауы, т.б./ және моральдық-психологиялық, рухына әсер ету деп екіге бөлуге болады.

    Қызмет  етуді сертификаттау құрылымына  мына жұмыстарды қосуға болады:

          -  материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;

          -  көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;

          -  қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;

          -  қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;

          -  қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;

          -   инспекциялық бақылау.

    Қызмет  етуді сертификаттау құрылымы  негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін,  кәсіпорынды аттестациялау, сапа  жүйесін сертификаттау, қызмет  етудің нәтижесін қалауынша тексеруден  тұратындай етіп алуға болады. Ал инспекциялық бақылауды қызмет  ету нәтижесін бағалау, технологиялық  бағалау, үрдістің тұрақтылығын  тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты  таңдап алынады.

    Қызмет  етудің материалдық түрін сертификаттағанда  орындаушының кәсіптік деңгейін  аттестациялау /шағын кәсіпорындар  және кәсіпкерлерді/ қызмет ету  үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін  сертификаттау және осы аталған  көрсеткіштерді инспекциялық бақылау  арқала жүргізіледі.

    Қазақстан  Республикасында қызмет етуді  сертификаттауды мемлекет деңгейінде  заң, ережелер, негіз болатын стандарттар,  классификаторлар пайдаланылады.  ҚРСТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.

    Міндетті  сертификаттауда пайдаланылатын  құжаттарда адамның денсаулығы  мен өміріне қауіпсіздік нормасы,  экологиялық параметрлері, қызмет  ету тәсілі, технологиялық үрдістің  орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету  тәсілдерінің талаптары көрсетілуі  тиіс.

    Сертификаттау  жүйесінде қызмет етуді инспекциялық  бақылауды сертификаттау органы  немесе эксперт-аудитор жүргізеді.

 

 

Қазақстан Республикасы территориясында өндірілетін, сатып алынатын және әкелінетін бірінші  кезекте міндетті сертификаттауға  жататын біртекті өнім /жұмыс, қызмет/ топтарының тізімі.

      Балалар тауарлары, ішетін су

      Тағамдық өнімдер, ауыл шаруашылығы  өндірісінің және азық өндірісінің  өнімдері

      Медициналық техника

      Емдік препараттар мен өсімдіктер

      Терімен, тағамдық өнімдермен  және ішетін сумен байланысатын  халық тұтынатын тауарлар

      Жанармай шикізаты

      Тұрмыстық химия тауарлары

      Парфюмерия, косметика

      Улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар

      Тұрмыстық машина жасау және  құралдар жасайтын өнімдер

      Ауыл шаруашылығы техникасы

      Жол және құрылыс машиналары

      Жекелей қорғау құралдары

      Электромагниттік үйлесімдер және  қауіпсіздігін сынайтын электротехникалық,  радиотехникалық, электрондық бұйымдар

      Құрылыс материалдары мен конструкциялар

      Байланыс құралдары

      Өрт жарылыс қауіптілігі бар  заттар, материалдар және бұйымдар

      Әуе құралдары, олардың құрамындағы  бөлшектер және әуежай көліктерін  пайдалану

      Азаматтық су кемелері, өзен және  кіші кемелер, кеме салқындатқыш  қондырғылар, жүк көтергіш қондырғылар  мен контейнерлер, материалдар мен  бұйымдар, кеме жасауда пайдаланатын  жылжымалы құрылымдар, қуат, сигнал  және байналыс қондырғылары.

      Автокөліктер

      Тау-кен шахтасының қондырғылары, рудалық электр бұйымдары, жарылыс жұмыстары үшін жарылғыш материалдары мен қондырғылары, қысым ыдыстары мен жүк көтеретін машиналар.

    

                       Тауарды тегін сертификаттау

    Тауардың  тегінің сертификаты – аталған тауардың өндірілген елін көрсететін құжат.

    Тегінің  сертификаты кедендік территориядан  шығару үшін емес ол:

                     - кіретін кедендік салықты төмендету үшін қажет;

                     - тауар шындық түрде аталған елде өндірілгені туралы   

              кәләндіру үшін қажет.

     Тегінің сертификатын жасау үшін  – Қазақстан Республикасының  өкілетті органдары ғана тауардың  осы елде өндірілетін растауы,  Қазақстан территориясынан тікелей  жөнелтілгені туралы құжаттар  қажет. Тегі туралы сертификат  бір шетке шығарушының жіберген  тауардың бір партиясына, бір  тауар-тасымалдау және бір есеп-фактура құжаттарына беріледі. Жарамдылық мерзімі 10 ай. Әрбір сертификат сараптау актысымен негізделеді.

    Тегі  сертификатының түрлері.

    СТ-1 СТ – ТМД елдеріне беріледі. Жалпы форма – барлық елдерге беріледі.

    Тегінің  сертификатын алу үшін қажетті  құжаттар.

    1. Фирманың Қазақстанда тіркелгендігін және коммерциялық қызметпен растайтыны туралы құжаттар.
    2. Тауар – жолдамасы.
    3. Экспорт және импорт жасау шарты.
    4. Тауар-тасымал құжаты.
    5. Есеп-фактура.
    6. Қазақстанда жасалғанын растайтын құжат.
    7. Өнім паспорты.
    8. Өнімнің сипаты.
    9. Пайдалану нұсқауы.
    10. Сәйкестік сертификаты.
    11. Өнімнің сызылымы.
    12. Техникалық шарт.
    13. Технологиялық үрдістің қысқаша жазбасы.
    14. Тауарды дайындаушыдан алғаны туралы құжат.
    15. Шеттен келтіруші мен кетірушінің шарты.
    16. Алдын-ала төлем жөніндегі есеп немесе құжаты.

   

  Сараптау актысын жасау және тегінің сертификатын негіздеу  

    Сараптау  актісін қолдан жазуға болады. Сараптау актісі /міндетті түрде  бірінші данасы/ қолға беріледі.

 

 

   

  1. Жіберуші_________________

                       /атауы, мекен жайы, елі/

  1. Алушы____________________

                    /атауы, мекен жайы, елі/

  1. Көлік түрі және бағдары
  2. Тегінің елі

Түп нұсқа және

Тегінің сертификаты

Қазақстан Республикасы берген

 

 

4-15.Қызметтік белгі үшін

6. Қосымша мәліметтер

     ?

  8. Тауардың сипаты

9. Орын саны және орам түрі

10. Жалпы салмағы немесе басқа саны

     11. Куәлік

            Осымен шеттен келтірушінің декларациясы  дұрыстығын куәләндірген

 

 

 

     

 

             Өкілетті адамның

 

             Орны, уақыты, қолы

12. Шеттен декларациясы. Төмендегі қол қоюшылар көрсеткен мәліметтер шындыққа сай келеді, сертификатталған тауар 5-те көрсетілгендей елде шыққан, тауар экспорттық____ шеттен жіберуші           шығады

 

Шеттен келтіру ұйымының өкілетті адамы

 

           Орны, уақыты, мөрі, қолы


 

                   Сапа жүйесін және өндірісті  сертификаттау

 

    Сапа  жүйесін және өдірісті /ҚР БҚ  50 3.4-94/ сертификаттау,экономикалық және басқа жағдайларға байланысты туып отыр. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау нәтижесі мынандай жағдайда олданылуы мүмкін:

    -өнімді сертификаттауда;

    -жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда;

    -мемлекеттік органдардың мемлекет тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;

    -банк ұйымдарының кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтауда;

    -сақтандыру ұйымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтағанда;

    -басқа жағдайларында, кәсіпорынның тұрақты қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатындығын дәлелдегенде.

    Сапа  жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау  жұмысы Қазақстан Республикасы  мемлекеттік сертификаттау жүйесінің  әрі қарай /ҚР МСЖ/ сапа жүйесін  және өндірісті сертификаттау  органы /әрі қарай сертификаттау  органы/, ол болмаған жағдайда  ҚР мемстандарт комитетінің өкілетті  органы жүргізеді.

    Өндірісті  сертификаттау жұмысы, өнімге таралатын  нормалық құжаттардың талабы  бойынша, сертификаттаған дайындаушы  кәсіпорынның тұрақты өнім шығаруды  қамтамасыз етуіне, техникалық және  ұйымдастырушылық мүмкіндігі бар  екендігіне көз жеткізеді және  бағалайды.

    Сапа  жүйесін сертификаттау дайындаушы  кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-40.9003 /ИСО 9001 – ИСО 9003/ талаптарына сай, сапа жүйесін анықтау және бағалау.

    Сапа  жүйесін және өндірісті сертификаттаудың  негізгі принциптері: өз еріктілігі  және құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау  нәтижесін жаңғырта алу. Өз  еріктілігі – дайындаушы-кәсіпорынның ынтасымен келісім түрде өнімді міндетті сертификаттаудың 5,6 құрылымы бойынша /ҚР СТ 3.4-94, В қосымшасы/ жүргізіледі.

    Бағалау  объективтілігі – сертификаттауды жүргізетін органның және эксперт-аудиторлардың осы кәсіпорынды сертификаттауда өтініш берушіден де, басқа жақтан да тәуелсіздігін қамтамасыз етуінен және сертификаттайтын эксперт-аудиторлардың жетіктілігінен болады.

    Бағалау  нәтижесін жаңғырта алушылығы  – тексеру тәсілі және өндірістің сапа жүйесін бағалау, бірдей тәсілмен жүргізуімен және толық бірлестірген талаптармен бағалауды, шынайы мәліметтерді есептеуді ұйымдастырып, құжаттарды дұрыс сақтауды қамтамасыз етуден.

Информация о работе Қызмет етуді сертификаттау