Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 20:01, доклад
Қазіргі кезде білім жүйесі күннен-күнге ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияларды қолдануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі дамып келеді, бұған дәлел оқу орындарының компьютермен қамтамасыз етілуі және интернет желілерінің дамуы. Оқытудың дәріс-семинар формасы өзінің тиімділігін жоғалтты, оқу уақытының 50% текке кететінін практика дәлелдеді.
ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі кезде білім жүйесі күннен-күнге
ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
телекоммуникацияларды қолдануда. Әсіресе
қашықтықтан оқыту жүйесі дамып келеді,
бұған дәлел оқу орындарының компьютермен
қамтамасыз етілуі және интернет желілерінің
дамуы.
Оқытудың дәріс-семинар формасы өзінің
тиімділігін жоғалтты, оқу уақытының 50%
текке кететінін практика дәлелдеді. Шетелдік
тәжірибені зерттей келе, келесі маңызды
аспектіні көрсетуге болады: мұғалім ақпаратты
таратушы рөлінде емес, кеңесші, кейде
тіпті коллега ретінде болады бұндай іс-әрекеттің
мынадай жағымды жақтары бар: оқушы оқу
процесіне активті түрде қатысады, өз
бетімен ойлауға бейімделеді, өз көзқарасын
айтып және шын ситуацияларды моделдейді.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ
өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге
мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының
оқу уақыты мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік
жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу
мүмкіншілігінен айырылған адамдарға
білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден,
жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды
азайтады. Сонымен қатар, қашықтан білім
алу жеке түрде білім алу мүмкіндігін
күшейтеді.
Ереже бойынша, қашықтан оқыту формасында
электронды оқулықтар қолданылады. Бұл
оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша:
біріншіден, олардың мобильдігі, екіншіден,
компьютер желілерінің дамуына байланысты
кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің
болуы. Электронды оқулықтардың жасау
ақпарат материалдарын үнемі жаңартып
тұруға мүмкіндік жасайды. Электронды
оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар
түрлері көптеп қарастырылады (беріледі).
Сонымен қатар, электронды оқулықтар көмегімен
білімді бақылау – компьютер арқылы тестілеу
жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде қашықтан оқыту дүние
жүзінде өте белгілі білім беру формасы
болып табылады. Қазіргі кезде көптеген
университеттер мен колледждерде қашықтан
оқыту әдісі қолға алынып отыр. Халықаралық
ақпараттық академия құрылды, бұл жерде
1998 жылы дүниежүзілік университет жұмыс
жасайды, бұл университет үш елде – Ресей,
Қазақстан және Бельгияда бар. Электронды
оқулықтарды қолдану – берілген материалды
оқушының саналы игеруіне көмектеседі.
Сонымен, ақпараттық технологияның дамуы
білім беруде әдістеменің жаңа әдістерін
ойлап табуға мүмкіндік жасайды және сапасын
арттырады.
Қашықтан оқыту – білім берудің кешенді
түрі, елде және шет елдегі халықтың басым
бөлігіне арнайы ақпараттық жұйе арқылы
(спутникті теледидар, радио, компьютер
байланысы және т. б. ) іске асады. Қашықтан
оқытудың ақпаратты білім жүйесі оқушыны
ақпараттық ресурстармен, бағдарламалық,
ұйымдастыру-әдістемелік материалдармен
қамтамасыз етеді. Қашықтан оқыту жұмыс
істей жүріп білім алу формасының бір
түрі, адамның білім және ақпарат алуға
деген құқығын жүзеге асырады. Яғни қашықтан
оқыту білім берудің бір түрі, оқушы мен
оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа
сәйкес келмесе де, білім алу мүмкіндігінің
болуы. Егер де бұл анықтамамен келіссек,
сырттай оқу қашықтан оқытуға ұқсас, бірақ
жеке ерекшелігі жоқ.
Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты
жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл «face
to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен
қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама
жүйесі ерекшелігін (индивидуализация)
көрсетеді.
«Электронды оқулық» деген не және оның
кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы
бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына
білім беретін, тексеретін, моделдейтін
және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ
дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны
көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе
кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе
мынадай жағдайларда тиімді:
Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;ü
Керекті информацияны тез табуға көмектеседі,
ал кәдімгі оқулықта бұл қиын;ü
Уақытты үнемдейді;ü
Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді,
моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының
мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады)
жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша
білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.ü
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс
тәртібін көрсетуге болады:
1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың)
соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады,
бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін
анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.
Оқулықтың электронды варианты бақылау
құралдарын да қамтиды, себебі, білімді
бақылау оқытудың негізгі проблемаларының
бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт
білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша
формада өтті. Қазіргі кезеңде тестілеудің
түрлі әдістері қолданылуды. Көп адамдар,
әрине, бұл көзқарасты, олардың ойынша,
тестілер қажетті дағдыларды, мысалы,
анализ жасау, салыстыру және т. б. қалыптастырмайды.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
оқудың тиімділігін көтереді, сонымен
қатар, оқушының бірден-бір өз бетімен
жұмыс істеу құралы болып табылады.
Белгілі бір пәнді игеру үшін, теорияны
ғана емес, практикалық дағдыларды, яғни
тапсырманы орындау практикалық дағдыларды
жинақтау керек екендігі белгілі. Бұл
үшін оқытылып жатқан процестер мен құбылыстардың
математикалық моделдерін құрып үйрену
керек, шешімнің алгоритмін жобалап және
бағдарлама түрінде жүзеге асыру керек.
Бұл мақсатқа жету үшін электронды оқулық
құрамына модельдік бағдарламалардың
сериясы енгізілді, бұл моделді бағдарламалар
структуралардың графикалық иллюстрациясын
және алгоритмдердің жұмысын қамтамасыз
етеді. Бұл оқушылардың түсіну деңгейін
көтеріп қана қоймай студанттің ойлау
және сезу қызметін дамытуға септігін
тигізеді.
Жасалған жұмыс нәтижесі – электронды
оқулық екі варианта жасалған: компьютерлік
интернет желісі арқылы және аудиторияда
оқыту процесі кезінде қолдану үшін. Ол
заман талабына сай, компьютер арқылы
оқыту құралы талаптарына сай. Біріншіден,
заманға сай мультимедиялық ақпараттарды
алу жолдарын (амалдарын) кіргізу мүмкіндігін
кіргізеді, оқыту бағдарламасы ретінде.
Екіншіден, білімді тексеру үшін интерактивті
құралдарды кіргізу мүмкіндіктері, сонымен
қатар, өзін-өзі тексеру мүмкіндігі және
үшіншіден, қазіргі кезде оқулықтардың
жетіспеуін байланысты электронды түрін
дискетаға түсіріп, үй жағдайында компьютерде
қолдануға болады. Егер де оқулықты серверге
қойса, онда оның қоланылуына шек қойылмайды.
Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл
жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен
қатар, оқытудың жаңа формалары мен әдістері,
оқыту процесіне жаңаша қарау. Шетел тіліне
оқытудың негізгі мақсаты студенттердің
коммуникативті мәдениетін қалыптастыру
мен дамыту, шетел тілінде іс-жүзінде сөйлеуге
үйрету.
Оқытушының міндеті - әр оқушы үшін шетел
тілін іс-жүзінде игеру мүмкіндігін жасау,
әр студент өзінің шығармашылығын, белсенділігін
көрсете алатындай оқыту әдісін таңдау.
Оқытушының міндеті – шетел тіліне оқыту
процесі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін
жандандыру. Қазіргі кездегі педагогикалық
технологиялар, мысалы, жобалау әдісі,
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану,
интернет ресурстарын қолдану оқытудың
жеке бағытталған жолын (амалын) қамтамасыз
етеді.
Компьютермен жұмыс формасы, оқыту бағдарламалары
бар, компьютермен жұмыс істеу формасы,
шетел тілі сабағында мынадай жұмыстарды
қамтиды:
сөздермен жұмыс жасау;ü
дыбыстап айту;ü
сөйлеудің монологтық және диалогтық
түріне үйрету;ü
жазуға үйрету;ü
грамматикалық құбылыстармен жұмыс жасау.ü
Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері
өте үлкен. Оқушылар интернет желісі арқылы
өткізілетін тестілеуге, викториналарға,
конкурстарға, олимпиадаларға қатыса
алады, басқа елдердегі құрбыларымен хат
алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі
шетел тілін игеруге қойылатын талап –
шетел тілінде іс-жүзінде сөйлей алуға
үйрету, оны күнделікті өмірде қолдана
білу.
Ақпаратты технологияларды қолдану интернеттің
үлкен мүмкіндіктерін оқыту құралы ретінде
ашады.
Әлеуметтік-мәдени компетенцияның тиімді
жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында
бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар
компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық
тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды кеңістікке,
аутентті виртуалды интерактивті тілдік
орта болып табылатын Интернетке ену көптеген
зерттеуші-әдіскерлермен аталған компетенцияны
дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Егер шетел тіліне оқытуда Интернет беретін
мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ
тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді:
мысалы, студенттер Интернет тораптарында
берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен
жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген
тілінде электронды пошта арқылы хат алысып,
виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға
қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде
мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды
тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни
ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға
мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай
да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы
ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі,
интерактивтілік (жылдам кері байланыс
пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері
арқылы және өз бетімен іздеу, алынған
материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып
салу және т. с. с. Интернеттің артықшылықтары
пайдаланылады.
Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге
аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын
тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға
қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни
ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Дегенмен, Е. С. Полаттың көрсетуі бойынша,
«қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық
ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына
қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім
берудің нақты мақсаттарымен шартталған
танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші
кезекті болып табылады». Демек, Интернет
өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен
қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге
асырудың құралы болып табылады.
Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық
ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу
үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық
түсініктемелер беру арқылы дидактикалық
мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге
болады:
Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды
тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары
мен біліктерін қалыптастыру;Ø
Желіден алынған материалдарды мәселелік
талқылаудың негізінде монологтық және
диалогтық айтылым білігін жетілдіру;Ø
Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне
жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің
бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы
өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы
жазбаша тіл білігін жетілдіру;Ø
Активті және пассивті сөз қорын қоғамның
әлеуметтік және саяси құрылысын, мәдениет
дамуының белгілі сатысын білдіретін
қазіргі ШТ лексикасымен толтыру;Ø
Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың
қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімінің
ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің
мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін
қамтитын мәдениеттанымдық білімдермен
танысу;Ø
«Тірі» материалдарды жүйелі түрде қолдану
мен «қызығушылық тудыратын» мәселелерді
талқылау негізінде өзге тілді қызметтің
тұрақты мотивациясын қалыптастыруØ
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар
мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің
әлеуетінің жоғары болуына қарамастан,
оқытудың нәтижелері күткендей болмайды.
Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың
өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың,
Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас
тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне
жауап бере алмайтындығына, елеулі шектеулері
болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен
бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады.
Басты мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде
емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық
қамтамасыз етулердің болуымен қатар,
оқытушының олардың пайдалану әдістемесін
меңгергендігінде және осы әдістемені
практикада іске асыра алуында.
Оқу процесіндегі орнына қарай оқу құралдары
орын басу құралдарына кейбір жеке жұмыстарда
оқытушылардың орнын ауыстыра алатын
– ереже, таблица, көрнекі құралдар, оқу
материалдары және оқытудың көмекші құралдары
(тақта, магнитафон және теледидар) жатады.
Бірақ бұдан да күрделі оқыту құралдары
бар. Бұл оқытудың кешенді құралдары, оларға
фонграммалар, фильмдер және әрине, компьютер
бағдарламалары жатады.
Оқытудың мультимедиялық құралдары оқытудың
күрделі құралдарына жатады, бұл мұғалім
еңбегінің жаңа қаруы.
Компьтер бағдарламаларының қасиеттері
көп екендігін практика көрсетті. Олардың
ішінде жеке оқыту және оқушылардың өздік
жұмыстарын дамыту.
Жұмыс жасау барысында әр оқушының жеке
ерекшеліктері ескеріледі. Кейбір оқушылардың
естіп-тыңдау қабілеті дамыған болуы мүмкін,
кейбір оқушылардың көріп есте сақтау
қабілеті дамыған болады.
Жалпы, шетел тіліне компьютерлі
технология арқылы оқыту келесі ерекшеліктері
арқылы сипатталады:
1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен
жеке қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіншіліктің
болуы;
2. тілдік және тілдік емес информация
түрлі және кең көлемде пайдалана алу.
Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары
әр түрлі және өте көп.
Мультимедиялы технологиялардың көмегімен
мұғалімдер шетел тілін оқыту барысында
сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай
алады:
1.грамматиканы оқу (теория);
2. грамматиканы оқу (жаттығу);
3. лексиканы оқу;
4. жазу, сөйлем құрастыру;
5. ойын;
6. диктант жазу;
7. оқу;
8. дыбыстап оқу;
9. диалог (компьютермен).
Информация о работе Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану