Металды ауамен - догалап кесу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Пісіру техникасы жəне технологиясы қазіргі өндірісте жетекші орын алуда. Техника дамуы өндіру тəсілдеріне, атап айтқанда, пісіру технологиясына жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі күнде жақын арада ғана экзотикалық деп есептелген материалдар пісіріледі. Бұл титан, ниобий, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, композициялық жоғары берікті материалдар, керамика, сонымен қатар əр текті материалдардың сан алуан қосындылары. Қалыңдығы бірнеше микрон болатын электроника тетіктері жəне қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдық тетіктері пісірілуде.

Работа содержит 1 файл

17.doc

— 727.50 Кб (Скачать)

Электродты  өзектерге келесі құрамды қаптамалар жағылады (%). ( 1 - кесте)

1- кесте

1.

Марганец  кені

98

 

Сақар

2

2.

Марганец  кені

94

 

Мәрмәр

3

 

Каолин 

3

 Қаптама қабатының қалыңдығы бір жағына 1 – 1,5 мм.

Металды электродпен айнымалы және тұрақты  токта кесуге болады. Кесу режимдері 2 – кестеде келтірілген. Бұл кесу тәсілінің негізгі кемшіліктері – төмен өнімділігі және кесіктің нашар сапасы. Кесік үлкен тегіс еместіктермен және кері жағынан металдың ағып қатуымен алынады.

2 –  кесте. Болат металды электродпен  қолмен доғалық кесу режимдері.

Кесілетін материал

Қалыңдығы ,мм

Электрод  диаметрі, мм

Кесу  режимдері

Ток күші, А

Жылдамдық, м/ с

Төмен көміртекті болат 

6

12

25

6

12

25

6

12

25

6

12

25

2,5

3,0

4,0

5,0

140

190

220

325 

12,36

7,2

2,1

13,8

8,1

3,78

15

9,3

4,5

20,4

12,9

6,9

  Тот баспайтын болат 

6

12

25

6

12

25

6

12

25

6

12

25

2,5

3,0

4,0

5,0

130

195

220

300

12

4,38

3

18,72

8,7

4,5

18,9

10,2

5,4

18,9

11,4

6,72

4. Көмірлі электродпен доғалық кесу. Берілген кесу тəсілінде металдың бөлінуіне оны бөлу сызығы бойымен балқыту жолымен қол жеткізіледі. Тəсіл шойынды жəне түсті металдарды кесуде қолданылады. Егер дəл өлшемдер қамтамасыз етілуі қажет болмаса, ал кесік ені мен сапасының мəні болмаса, болат осы тəсілмен кесіледі.

Бұл тəсілмен кесу жоғарыдан төменге қарай орындалады, жəне де балқытылатын беттің көлденең жазықтыққа тиісті кейбір көлбеу бұрышы сақталу керек. Бұл металдың ағып шығуын жеңілдету үшін қажет. Кесу айнымалы немесе тұрақты токта жүргізіледі. 3-кестеде болатты көмір электродымен кесу режимінің мысалы берілген.

3-кесте – Болатты көмір электродымен кесу режимдері

Кесілетін болаттың қалыңдығы, мм Электрод  диаметрі, мм Кесу  режимдері 
Ток күші, А  Жылдамдық, м/с
6

10

16

10

10

10

400

400

400

21

18

10,5

5. Вольфрамды (балқытылмайтын) электродпен доғалық кесу аргонды қорғаушы ортада орындалады. Бұл кесу түрі сирек қолданылады. Негізінен қоспаланған болаттарды немесе түсті металдарды өңдеуде қолданылады. Бұл тəсіл мағынасы мынада, кесу үшін электродта жоғары ток пайда болады (пісіруден 20-30 % жоғары) жəне металл тесіп өтіп балқытылады.

6. Су астында доғалық кесу (1-сурет). Су астында кесуге арналған тұрақты пісіру доғасы қалыпты қоректену көздері пайдаланылғанда металл немесе көмір электродтары қолданылып алынуы мүмкін.

Су астында  кесуге арналған электродтардың қалың  су өткізбейтін қапта-малары болу керек, ол өзектен баяу балқытылатын болғандықтан (сумен салқындатылатындықтан), электродта «күнқағар» пайда болады, ол газды  көпіршік тұрақтылығына жəне доғаның тұрақты жануына мүмкіндік туғызады.

Электрод  қаптамасының су өткізбеуіне, əдетте, парафинмен өңдеу арқылы қол жеткізіледі. Қаптама ретінде байланыстыру үшін сұйық 

натрий  шынысы қосылатын темір жоса (сурик) (80%) жəне бор (20%) қоспасы қолданылады. Электродты өзек үшін Св-08 немесе Св-08 ГС пісіру сымы қолданылады.

Пісіру  тогының шамасы 1 мм электрод диаметріне 60-70 А есебінен белгіленеді. Ауада  пісірумен салыстырғанда су астында  доға кернеуі бір шама жоғары болады.

7. Металдарды оттегімен-доғалық кесу. Бұл тəсілде металл ең алдымен электрлі доғамен балқытылады, осыдан кейін келетін оттегі ағыншасында жанады жəне үрленіп шығарылады.

8. Ауамен-доғалық кесу (2-сурет). Бұл тəсілде металл бұйым мен көмірлі электрод арасында қоздырылатын доғамен балқытылады. Металл қысылған ауа ағыншасымен жойылады.

Доғаның су астында жану сұлбасы

                
 

         Электрлі оттегімен кесу постысының сұлбасы

  

1-сурет  – Су астында  доғалық пісіру  жəне кесу

Ауамен-доғалық  кесу кері полярлы тұрақты токпен орындалады. Өйткені тура полярлы доғада металл тым енді бөлікте қыздырылады жəне металл жойылуы қиындатылады. Кейде айнымалы токта қолданылады.

Көмірлі электродпен кесу

Бунақты кесу

Бет строжкасы

2.-сурет – Металдарды  ауамен-доғалық кесу

1 – кесілетін металл, 2 – көмір электроды, 3 – электр ұстағыш, 4 – қысылған ауа ағыншасы, 5 – кесу қуысы

Ауамен-доғалық  кесу үшін екі түрлі арнайы кескіштер  қолданылады: ауалық ағыншасының сақиналық  орналасуымен жəне бірізді орналасуымен. Ауалық ағыншасы бірізді орналасқан кескіштерде электродқа қатысты қысылған ауа оны тек бір жағынан сүйірлейді.

Ауамен-доғалық  кесу үшін дөңгелек не тілімше пішінді  көмірлі немесе графитті электродтар  қолданылады. Ауамен-доғалық кесу жиі  жағдайда тот баспайтын болатты жəне түсті металдарды өңдеуде қолданылады. Оның басқа өңдеу түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары баршылық: қарапайым, арзан жəне өнімдірек.

 
 
 

9. Техника қауыпсіздігі

Электр  жабдықтарымен жұмыс жасаған  кезде, металдарды дәнекерлеу  кезінде  нұсқаулық бойынша таза әрі тиянақты жұмыс жасау керек.  Электр энергиясын дәнекерлеу құрылғыларына қолданған кезде , зауыттық нұсқауда баяндалған электр қауіпсіздігінің шараларын бұлжытпай орындау қажет.  Электр  дәнекерлеу  жұмыстары  кезіндегі   қауіпті  және  зиянды  өндірістік  факторлар қойылатын талаптар қатаң орындалуы тиіс. Электр және  газбен  дәнекерлеу  кезінде жұмыс орындарын желдету қажет .

Электр  жабдықтарына техникалық күтім көрсету  кезінде міндетті түрде өрт қауіпсіздігін  сақтау қажет.

Арнайы  өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.

Барлық  өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек.

Арнайы  өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.  
 
 

 

Дәнекерлеу  кәсіпорындарындағы электр қауіпсіздігі

1. Тек  дұрыс электр құралдарын пайдалану  керек.

2. Электр  қауіпсіздігі мақсатында дымқыл  жерде жұмыс жасауға тыйым  салу

3. Электр  құралдарын арнайы жерге қосушы  өзегі бар штангалы кабель  көмегімен электрлі желіге қосу  керек

Электрмендәнекерлеуші құрылғыларға қойылатын  талаптар:

  • кабель ағысы ток күшіне, ал тұйықтағыш жұмысшы  кернеу шамасына сай келуі керек ;
  • тоқсанына бір рет 0,5 МОм-ға тең болуы тиіс тұйықтағыштағы кедергіні өлшеу қажет.
  • Қажетті жерлердігі кабельді желі жоғары температура әсерінен, химиялық әсерден және механикалық бүлінулерден қорғалып тұруы керек.
  • Дәнекерлеу тогының көзі каммутациялық аппараттан 10-15 м – ден аспайтын ұзындықта болуы тиіс;
  • Дәнекерлеу кабельдерін жалғау нығыздағыш, арнайы қысқыш, пісіру,дәнекерлеу көмегімен жүзеге асуы тиіс.
  • Жалаңаштанған кабельдер болмауы керек;
  • Электрмендәнекерлеуші кабельдер суднаға газ шлангаларынан бөлек төселуі тиіс;
  • Дәнекерлеу қондырғысының корпусы және дәнекерлеу тогының көзі суднада сенімді жермен байланыстырылуы тиіс;

     

    Электрмен дәнекерлеуші тиісті:

    - жұмысты бастамас  бұрын электрмен дәнекерлеуші құрылғының дұрыстығына көз жеткізуі қажет;

    - жұмыс кезінде   ГОСТ номері сәйкес келетін  электрод пайдалануы керек;

    - электродтарды  ауыстырған кезде оның қалдықтарын  арнайы металл шелекке тастау  керек;

    - үзіліс кезінде  қоректендіру көзін ток көзінен ажыратып қою қажет;

    - жұмыс аяқталғаннан  кейін қоректендіру көзін ток  көзінен ажырату керек, жіберуші  аппаратты, электрмендәнекерлеуші  құрылғыны қарап, қажет жағдайда  тазатру керек;  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Өндірісте электрмендәнекерлеу  жұмыстары кезінде  тыйым салынады:

  • ақау пайда болған жағдайда электрмен дәнекерлеуші құрылғыны қосуға;
  • қолдан жасалған электрұстағыштарды қолдануға;
  • барлық маркідегі шнурларды дәнекерлеуші ток көзін электр желісіне қосуға пайдалнуға;
  • жалаңашталған немесе бүлінген кабелді пайдалануға
  • қажетті күштегі дәнекерлеу тогын өткізе алмайтын кабелді пайдалануға;
  • қолдан жасалған электрсақтандырғыштарды пайдалануға;
  • дымқыл электродпен жұмыс жасауға;
  • дәнекерлеуші қондырғыларды жөндеу жұмыстарын жоғары кернеумен орындауға;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10. Еңбек  қорғау

Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда  қауіпсіздік жағдайлары жасалуы  тиіс.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу жөніндегі ереже бойынша  бір күннен астам ғңбекке жарамсыздыққа  әкеп соқтырған әрбәр жазатайым оқиғаларға тексеруден кейінгі негізгі құжат болып табылатын Н 1 формасы бойынша жасалған акт. Н 1 формасындағы актісін кәсіподақтың техникалық инспекторы осы ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің , сондай ақ жоғарғы шаруашылық органының өкілдерінің қатысуымен жазатайым оқиғаның себептерін 1 күннен артық емес мерзімде тексеріп ,жасақтауға міндетті.    Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті,әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау жауапкершілігі жүктеледі.

Информация о работе Металды ауамен - догалап кесу