Интелектуалды меншіктілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 17:48, реферат

Описание работы

Интелектуалды меншіктілік құқығы, тіркеу мен толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен» жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі.

Интелектуалдық меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық.

Работа содержит 1 файл

Интелектуалды меншіктілік.docx

— 15.47 Кб (Скачать)

Интелектуалды меншіктілік  құқығы, тіркеу мен толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен» жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі. 
 
Интелектуалдық меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық. 
 
Авторлық құқық – автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқығы.

Авторлық құқық  мыналарға беріледі:

Қазақстан Республикасының  территориясында халықтандырылған, бірақ Қазақстан территориясында  тиімді формада табылатын шығармаға:

  • автордың азаматтығына қарамай және оның құқық қабылдауына қарамай;
  • авторды Қазақстан Республикасының азаматы деп санайды;
  • авторды    Қазақстан Республикасындағы халықаралық шарттарға сәйкес шетелдің азаматтығы жоқ тұлғалар жоқ деп санайды.
  • шығарманың арналған бағытына, мазмұнына және мәртебесіне, сонымен қатар шығарманың тілі мен тәсіліне қарамастан шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын ғылымның, әдебиеттің және өнердің шығармаларына.

Авторлық құқық  берілмейді

Жеке идеяларға, тұжырымдамаларға, принциптерге, әдістер, жүйелерге, жаңалықтарға және фактілерге.  
 
Егер шығарма өзге территорияда алғаш жарық көрген күннен бастап 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының территориясында жарияланған болса, ол Қазақстан Республикасында жарияланған болып табылады.

Авторлық құқық  нысаны болып табылатын шығарма:

  • әдеби шығармалар;
  • драмалық және музыкалы драмалық шығарма;
  • сценариялық шығармалар;
  • хореографиялық және пантомимдік шығармалар;
  • мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
  • аудиовизуалдық шығармалар;
  • сурет, мүсіндеу, графика,басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;
  • құрастырмалы өнер шығармалар;
  • сәулет, қаласалу және бақшалы – саябақтық өнер шығармалары;
  • фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық  шығарма;
  • карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар,топография;
  • ЭЕМ үшін бағдарлама;
  • Басқа да шығармалар;
  • Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері);
  • Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, дерек қоры құрастырмалы шығармалар).

Авторлық құқықтың нысаны болып табылмайтын шығармалар:

  • ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, басқа да заңдылық, әкімшілік, соттық, дипломатиялық, сипаттағы мәтіндер,сол сияқты ресми аудармалар);
  • мемлекеттік рәсімдер мен белгілер (жалау, елтаңба , ордендер, ақша белгілері және басқа мемлекеттік рәсімдер мен белгілер) ;
  • халық творчестволық шығармалары;
  • ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.

Біріккен авторлық:

  • бірігіп (екі немесе одан да көп) жазылған шығарма авторларына авторлық құқық бірдей беріледі, ол тұтас бөлінбейтін шығарма болып саналмаса да, оған қарамай әр біреуі өз алдына өз бетіндік шығарма болып саналады.
  • әр автор өздері құрастырған шығармалардың бөлімдерін, өз қалаулары бойынша пайдалануға болады;
  • шығарманы тұтас пайдалану құқығы авторлардың бәріне бірдей беріледі;
  • Авторлардың өзара қатынасы олардың өзара  келісімімен анықталады. Егер,шығарма  біріккен авторды бөлінбейтін тұтас құраса, онда авторлардың біреуі шығарманы пайдалануға тиым сала алмайды;
  • әр автор өз атынан, оның ішінде басқа авторлардың келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес, авторлық құқына нұқсан келсе шара қолдана алады.

Информация о работе Интелектуалды меншіктілік