Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:05, реферат
1.Мүлікке салынатын салықтың атқаратын қызметтері мен құрылу қағидалар және экономикалық мәні
2.Мүлікке салынатын салықтың салық салу объектілері мен төлеушілері
3.Мүлікке салынатын салық ставкалары,жеңілдіктері мен олардың қолданылуы
2.Мүлікке салынатын салықтың салық салу объектілері мен төлеушілер
Мыналар мүлiк салығын
төлеушiлер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында
меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды
басқару құқығында салық салу объектiсi
бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында
меншiк құқығында салық салу объектiсi
бар жеке кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия
объектiсi болып табылатын салық салу объектiсiн
иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.
2. Салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның
шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi
дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып
табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру,
сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей
пайдаланатын, меншiк құқығында бар салық
салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер
салығын төлеушiлер.
Өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау
және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланбайтын
салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай
жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы
бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) мемлекеттiк мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық
жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң
мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық
жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң
мемлекеттiк кәсiпорындары пайдалануға
немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi
бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшiн
негiзгi құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын
мүлiкке инвестициялар болып табылатын,
Қазақстан Республикасының аумағындағы
ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы,
үй-жайлар, сондай-ақ жермен берiк байланыстағы
өзге де құрылыстар (бұдан әрi – ғимараттар) салық салу
объектiсi болып табылады.
Мыналар
салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) жер салығын салу объектiсi ретiндегi
жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi
бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль
жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
4) аяқталмаған құрылыс объектiлерi.
Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша
айқындалатын салық салу объектiлерiнiң
орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар
мен дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi
бойынша салық базасы
болып табылады.
Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар
жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер
болып табылады.
2. Мыналар
жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер
болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтi өткеру (оқу) кезеңiндегi
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу
объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген айлық есептiк
көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерi шегiнде
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк
Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын
алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және
"Отан" орденiмен наградталған адамдар,
"Ардақты ана" атағын алған, "Алтын
алқа" алқасымен наградталған көп балалы
аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу
объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген айлық есептiк
көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға
теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы
мүгедектер;
4) меншiк құқығындағы барлық салық салу
объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң
1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан
соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық
еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы
КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен
наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы
22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында
кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген)
және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi
үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен
және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған
адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген
салық салу объектiлерi бойынша салықты
осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi
және төлейдi;
5) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын
салық салу объектiлерi бойынша жеке кәсiпкерлер.
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi
Қазақстан Республикасының аумағындағы
тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары,
гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар,
үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi
қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлiк салығын
салу объектiсi болып табылады.
Заңды тұлғалар салықтың ағымдағы төлемдерiнiң
сомасын, патент негiзiнде арнаулы салық
режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлердi
қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан,
25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан
кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы
төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы
төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық
органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан
кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша
салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы
төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi
бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы
және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше
ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан,
15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан
кешiктiрмей табыс етiледi.
Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың
31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жеке тұлғалармен бюджетке мүлік салығын
төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан
жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан
кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
3.Мүлікке
салынатын салық ставкалары,
Жеке тұлғалардың мүлік
салығына салық салу объектісі бар
тұлғаларды жатқызамыз, яғни меншік құқығымен
тиесілі Қазақстан
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
1 |
2 |
3 |
1. |
1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
салық салу объектілері құнының 0,05 проценті |
2. |
1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 процентi |
3. |
2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 процентi |
4. |
3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 процентi |
5. |
4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 процентi |
6. |
5 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 процентi |
7. |
6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 процентi |
8. |
7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 процентi |
9. |
8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 процентi |
10. |
9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 процентi |
11. |
10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 процентi |
12. |
50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда |
223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 процентi |
13. |
120 000 000 теңгеден жоғары |
748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың 1 процентi |
Яғни түсінікті түрде айта кететін болсақ, жеке тұлғаларға салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай жағдайда есептеледі.
Объектінің бағалау құны
1308324 болса, 308324*0,08%+500теңге=747
теңге жылына мүлік салығы болып есептеледі.
Егерде мүліктің құны 18249346 болса, 249346*0,5%+23300
теңге=24547 теңге мүлік салығы. Ал, бағалау
құны 175245451 болған жағдайда, 175245451-120000000=55245451*
Жеке тұлғалардың салық
салу объектілері бойынша салықты
есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан
кешіктірмей тиісті салық ставкасын
салық базасына қолдану арқылы, салық
төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан
салық салу объектілерінің орналасқан
жері бойынша салық органдары
жүргізеді. Және де бір жеке тұлғаның
атында бірнеше объектісі болған
жағдайда әрбір объектіге салық
бөлек есептеледі. Сонымен қатар
объектінің қираған, бұзылған немесе жойылған
кезде, объектінің бұзылғаны, қирағаны
немесе жойылғаны жөнінде растайтын
уәкілетті орган беретін
Мүлік салығының төлеу мерзімі салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Жылжымайтын мүлікке және
онымен жасалатын мәмілелерге
Мыналар жеке тұлғалардың
мүлiк салығын төлеушiлер
мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы» атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Информация о работе Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы