Тауар ақша айналымы және қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 07:31, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақша айналымы
1.1Ақша айналымы туралы жалпы түсінік
1.2 Ақша айналымының дамуы
2. Қаржы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 48.26 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ                                    ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

 

Экономика және қаржы факультеті 
Қаржы және есеп кафедрасы

 

«Қаржы»  пәнінен  «Тауар ақша айналымы және қаржы» тақырыбындағы 
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

 Орындаған:  
ОКБ негізінде сырттай бөлімінің 
экономика мамандығының  
студенті Жакаева А.С 

 Тексерген:  
Э.ғ.к., «Қаржы және есеп»  
кафедрасының доценті  
Шайханова Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Ақша айналымы

1.1Ақша айналымы туралы жалпы түсінік

1.2 Ақша айналымының  дамуы

2. Қаржы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың  құрылымында да, мемлекет тарапынан  оларды реттеу механизмінде де қаржы  зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай  дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын  неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің  маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен  және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін  қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы  туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады. 
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды. 

 

 

 

 

Ақша айналымы

Ақша айналымы туралы жалпы  түсінік

Ақша айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақшаайналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.    Ақша айналымын жоспарлау — мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады.   Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеуҰлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады.         Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:

  • 1) айналымға шығарылатын тауар;
  • 2) тауар бағасының дәрежесі;
  • 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.

Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар  бағасының жиынтығын ақша айналымының  мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.

1.2 Ақша айналымының дамуы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.

Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшағатеңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.       Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.         Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құрамына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылған туралы нақты дәлелдер әр түрліқолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табиғат заттарда, поэзияларда кездеседі. Төлеудің көне Тром батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарды металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пукупин» (ақша) «пекуч» (мал) сөнімен шыққан «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атуы «руним» негізінде жатыр. Ежелгі Рустарда да ақша металл ақшаларға адысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз ерлерден и кун, старатылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынаны «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды. «Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.        Солтүстік халықтары оң бірінші тауар тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдалануы. Жүн ақшалау Монғолияда, Тибетте жәнеПамирде кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, жазарлар мен, Византиямен сауда саттық жинауы барысында түн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгінгі болып саналды 1610ж. жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5400 руб. Күміс пен 35 000 теңге жүн табылды.         Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін ЯВ арасында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.   Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдық құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Кейін металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.          ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт сториллинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмау бірліктері атауымен аталады. Моноталардың пайдa болуы – ақшаның құралуындағы оқуға кезең болып табылады 1,2. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін  қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа  Утопия аралы және мемлекеттің үздік  құрылымы туралы алтын кітап» деген  еңбегінде. «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғолмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».Ол аздай Т.Мор тағы былай деді «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда, ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайданалуды ұсынды.    Осыған байланысты К.Маркс былай дейді ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

 

Қаржы

Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалайқаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.    «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. 
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: 
1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы; 
3) басқарудың қаржылық аппараты. 
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. 
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. 
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. 
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. 
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. 
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі. 
Мемлекеттік қаржылар. 
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.  
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді. 
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. 
  Оның негізгі қалыптасу көздері: 
  А) арнайы мақсатты салықтар, займдар; 
  Ә) бюджет субсидиялары; 
  Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; 
  В) ерікті түрдегі жарналар. 
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады. 
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. 
 Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.  
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. 
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала. 
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.

Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында 
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады; 1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б. салалық қаржылар қалыптасады; 
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу сипатына ие шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.); 2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.) пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;  
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру қорларын құру және пайдалануға байланысты туындайтын қаржы; 3) әр түрлі саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс қорларды құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары; 
4) шаруашылық жүргізуші субъект және банк арасындағы ссуда алуға, оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге байланысты пайда болатын қаржылар; 4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен және демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады. 
5) орталықтандырылған қорларды құру және пайдалануға байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен қатынасы;  
6) шаруашылық жұргізуші субъект және басқарудың жоғарғы құрылымы арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын сала ішінде қайта бөлу шегінде «вертикалды өзара байланыс»). Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді: 
1) Нарықтық  экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.  
Коммерциялық есптің ерекшеліктері: 
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие; 
- қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз; 
- қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие; 
- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады. 
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар.  Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді. 
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады: 
- бюджеттік қаражаттар; 
- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар; 
- халықың қаражаттары; 
- әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары; 
- келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар; 
- өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс; 
- мүлікті жалға беруден түскен табыс; 
- мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс. 
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді: 
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары; 
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары; 
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары; 
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары. 
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер. 
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие: 
- әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары; 
- қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы; 
- мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы; 
- қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай қатынастары; 
- қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай қатынастар. 
 Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі. 
Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары. 
 Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. 
 Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: 
 мемлекеттің бюджет жүйесі; 
 арнаулы бюджеттен тыс қорлар; 
 мемлекеттік несие; 
 жергілікті қаржы; 
 шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; 
 халықтың қаржысы. 
 Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.  
 Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады. 
 Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі: 
 мемлекеттік және муниципалдық қаржы; 
 шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. 
 Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. 
 Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.  
 Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.  
 Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.  
 Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.  
 Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:  
  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет; 
 екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. 
 Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:  
 Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген. 
 Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.  
 Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.  
 Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді. 
 Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.  
Қаржы жүйесінің қағидаттары. 
 Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.  
 Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.  
 Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.  
 Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.  
 Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.  
 Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс. 
 Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.  
 Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.  
 Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет. 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бұл жұмыста негізінен  тауар ақша, қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары, мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа категориялармен өзара байланысы қарастырылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 
1) «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников; 
2) «Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ.

3) www.Googl.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тауар ақша айналымы және қаржы