Салықтардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:27, реферат

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе
1. Салықтың экономикалық мәні.
1.1. Салықтың экономикалық мазмұны.
1.2. Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың түрлері.
2. Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

1 СӨЖ. реферат. Салықтардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне сипаттама.docx

— 72.73 Кб (Скачать)

Еуропаның салықтық құқығы. Еуропаның салықтық құқығы негізінен алғанда Еуропалық  қоғамдастықтың, Еуропалық Одақтың және Еуропалық Кеңестің өз салық жүйелерінің құрылуы мен  жұмыс істеулеріне,  осыған орай және  тағы басқа да маңызды жәйттерге  байланысты  шығарылып, қабылданған ұлттық  салықтық заңдар мен өзара  интеграцияланған Еуропалық Одақ мүшелері- мемлекеттердің  құрылтайлық шарттарында көзделген салық  ережелері мен  салықтық құқық  принциптерінің, сондай-ақ өзге де  халықаралық-құқықтық және ұлттық құқық  актілерінің  жиынтығынан  тұрады. Еуропаның салықтық құқығының  осындай мән-жайын  Еуропалық құқық айқындайтынын білу қажет.

Еуропалық салықтық құқық Еуропадағы салықтар мен  салық салу және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын  айрықша  қатынастарды реттейтін интеграциялық  және  мүше  мемлекеттердің салықтық құқықтарының  жиынтығы болып  табылады.

Еуропалық салықтық құқықтың  құрамдас  бөлігі интеграциялық  салықтық құқықтың Еуропа қоғамдастығының  құқық  жүйесінде  алатын орны қоғамдастықтың  салық  саясатымен  айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына  регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық  қоғамдастық Соттың шешімдері және  халықаралық салықтық  шарттар  жатады. Еуропалық салық салу  жүйесінің негізгі принциптері  ретінде демократиялық  принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен  бостандығының басымдылығы  принципі, ЕО құқықтарының  басымдылығы  принципі, салық салу аясындағы қарым-қатынастардың  икемділігі принципін атап өтуге  болады.

АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық  жүйесі және оның құқықтық негіздері. АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және  графиктардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі  сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен  басқа да міндетті төлемдерге  тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың  пайдасына салынатын салық; әлеуметтік  сақтандыруға  салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын  салықтар жатады.

Штаттардың  салық жүйесіндегі салықтар мен  өзге де  міндетті төлемдер ретінде  саудаға салынатын жалпы салықты (немесе әмбебап акцизді); тұрғылықты халықтан алынатын  табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын  салықты;  мұраға және сыйға тартуға  салынатын  салықтарды; мүлік  салығын  атап өтеуге болады.

Саудадан  алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін  жиынтық мөлшері 30% тең  келеді. Осы салықтың ставкаларын  әр шарттардың құзырлы органдары  белгілейтін болғандықтан  олардың  мөлшері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік  Каролина штаттарында-3% көлемінде алынса, ал Аламба, Айова, Луизиана,  Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында-8%, Нью-Йоркте -8,25% мөлшерінде алынады. Бұл  жердегі  бір  қызықты жәйт,  осы салық Аляска, Дэлавер және Нью- Джерси штаттарындағы салық  жүйесінде белгіленбеген.

Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық  ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі  аралықты қамтиды.Флорида,Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон,Вайоминг штаттарында  және Колумбия дистриктінде осы  салықтың түрі салық жүйелеріне енгізілмеген.

Жергілікті  жердегі саудаға салынатын салық, тұрғылықты халықтан алынатын жергілікті табыс салығы, корпорациялардың пайдаларына  салынатын салық, мұралардан  алынатын салық, мүлік салығы, акциздер, экологиялық  салықтар графтықтардың, муниципалиттердің, тауншиптердің, мектеп  дистриктерінің, арнайы  дистриктердің және т.б. салық  жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті  салықтар 80 мың  әкімшілік бірліктердің қаржылық базасын  жеткілікті  деңгейде қалыптастырып   отырғанын байқаймыз.

Жоғарыда  аталған негізгі жергілікті салықтардан  басқа әрбір құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы бойынша мына  салықтар мен міндетті төлемдер: мейманханалық  қызмет көрсетулерге салынатын салық; коммуналдық қызмет  көрсетуге  салынатын салық; мейманхана, телефон, газ және электр жарығы  үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне салынатын  салық  және т.б. белгіленуі мүмкін.

АҚШ салық  жүйесінің қызмет  атқаруының құқықтық негізгі  ретінде 1954жылы қабылданған  Қшкі табыстар кодексінің  орнын 1986жылы  заңи күшіне енгізілген АҚШ-ның  Салық  кодексі басқан болатын.

АҚШ салық  жүйесін басқару ісі Қаржы  министірлігінің  құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық  заңдарының  дұрыс атқарылуына  жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы  министірлігінің Ішкі табыстар қызметіне  жүктелген. Ішкі  табыстар қызметінің  құзырындағы жеті аймақтық салық  басқармасы мен елу сегіз салық басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін  атқарады.  

Жапонияның салық жүйесі. Жапонияның салық жүйесінің негізін 25мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар  құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045қалалар мен  аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 префектура аумағын қамтиды.

Жоғарғы кіріс көздері-заңды және жеке тұлғалардан  тікелей алынатын мемелекеттік табыс  салығы (барлық  салықтық түсімдердің  көлемін 50%-ке жоғарлататын салық  деуге  болады), мүлікке салынатын тікелей  салықтар (олардың тобына  елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты,  лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және  жақсартуға салынатын  салықты жатқызуға  болады), сондай-ақ  тұтынуға салынатын  тікелей және жанама  салықтар болып  табылады.

Жеке  тұлғалар төлейтін мемлекеттік табыс  салығының  ставкалары 10,20,30,40,және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық  табыс салығы 5,10 және 15% ставкалар  көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір  тұрғыны әр жыл сайын өздері тапқан табыс көлеміне  қарамастан  мемлекет  қазынасына 3200иен сомасы мөлшерінде  салық төлеп отырады. Автомобиль иелеріне салынатын  салық,  бензинге салынатын акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны  үшін, ресторанда тамақтанғаны үшін, ыстық су көздеріне  түскені үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді  айтарлықтай көлемдегі  қаражаттармен  толықтыруға септігін  тигізеді.  

Ресей Федерациясының салық жүйесі. Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен  басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және  жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан,  жеке тұлғалардан, заңды және жеке  тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға  мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен  байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ  және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық,  саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.

Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын  салық, дивидендтік  сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке  салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар  әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан  алынатын тікелей салықтар болып  табылады.

Жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы , жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, мұралардан және сыйға тартудан алынатын салық, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал заңды және жеке тұлғалардан алынатын   салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы қағаздарды, алтын кұймаларын сатып алуға  салынатын салықты атап өтуге  болады.

Енді, осы  Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша  сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын  элементті  салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.

Ресей салықтары  жүйесі федералдық салықтар мен алымдар,  регионалдық (аймақтық) салықтар мен  алымдар және жергілікті  салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден  тұрады.

Федералдық  салықтар мен алымдарға: қосылған құнға  салынатын салық; акциздер; ұйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын  салық; капиталдан түсетін табыстарға  салынатын салық; жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы; мемлекеттік  баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік  әлеуметтік бюджеттен  тыс  қорларға алынатын жарнамалар;  минералдық-шикізат базасын қалпына  келтіру үшін  алынатын салық; көмірсутектерді  өндіруден түскен қосымша  табысқа  салынатын  салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын пайдалану құқығы үшін  алынатын  алым; орман салығы; экологиялық салық; федералдық лицензиялық алымдар жатады.

Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде  ұйымдардың мүлкіне салынатын салық;  жылжымайтын мүлікке салынатын  салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне  салынатын салық; регионалдық лицензиялық  алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық  алымдар  жергілікті салықтар мен алымдарға  жатқызылған.

Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей  Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік  салық қызметі туралы» РФ Президентінің  Жарлығы, РФ салықтар мен алымдар  жөніндегі Министірлігінің бұйрықтары мен  хаттары Ресей Федерациясы  аумағындағы салық органдары  жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып  табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрылымы мынадай  құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі  министірліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен  алымдар жөніндегі министірліктің регионалдық  инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға  бөлінбейтін  қалалар  бойынша инспекциялары; Салықтар мен алымдар  жөніндегі  министірліктің ауданаралық инспекциялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы  дамытудың негізгі көзі болып  табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен  екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын  экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін  алған күннен бастап қысқа мерзімде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзінің салық жүйесін құруды көздеді. Яғни 1991 жылы салық мәселелеріне байланысты заң актілерін қабылдау мемлекеттің басты мақсаты болды. Бұл актілердің құрамына 14 заң актілері, солардың ішіндегі ең негізгісі „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңы кірді. Атап айтқанда, осы заң салық жүйесін құрудың  жалпы принциптерін, салықтар мен  төлемдер өндіріп алуды реттеу, сонымен  қатар салық төлеушілердің құқықтары  мен міндеттерін және төлемдердің  бюджетке толығымен, әрі уақытында  есептелуін анықтайды.

Тарихымызда „Салық Кодексін” Қазақстан Республикасымен  қатар ТМД елдері де қабылдады. Елімізде „Салық Кодексі” қабылданбас бұрын, салық заңы 45 заңдардан және Қазақстан  Республикасы Президентінің үш жарлығынан құралған. Салық реформасын жүргізбес  бұрын ең алдымен оның стратегиялық мақсаттарын, негізгі бағыттарын және өткізу мерзімін анықтау керек еді. Бұл салық реформасын жүргізуде  кеткен негізгі кемшіліктердің бірі болды. Салық жүйесі әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған принциптердің  есебі негізінде құрылуы керек  болды. Оларға әділдік, қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық принциптері  жатады.

Осы аталған  мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 1-ші шілдесінде жүзеге асқан „Бюджетке  төленетін салықтар мен басқа  да міндетті төлемдер” туралы заңында  көрініс тапты. Оның негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: салық  ауыртпалығын бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемін  қысқарту арқылы төмендету, салық салудың халықаралық практикасының прогрессивтік тәжірибесіне жету, салық жүйесінде нақтылықты, қарапайымдылықты және әділікті қамтамасыз ету. Салық жүйесін жетілдіру бағыттары келесі:

  • салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • салық жүйесін максималды ықшамдау, яғни заңдар мен нормалардан бір мәнді емес түсіндірмелерді алып тастау;
  • салық ставкаларын төмендету арқылы, салық прессингін әлсірету;
  • тікелей және жанама салықтарды оқтайлы түрде ұштастыру;
  • тұрақты салық салынатын базасы бар, мүлік салықтарының рөлін күшейту; жеке тұлғаларға салық салуды, инфляциялық процесс есебімен салық салудың икемді шәкілін өндіруді жетілдіру және тағы басқалары.

Салық жүйесінде  бюджетаралық қатынастар өте маңызды  орын алады. Яғни, мемлекеттегі бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіруде  мына төмендегі ұсынымдарды ұсынуға  болады:

  • бюджет жүйесінің звенолары арасында кірістер мен шығыстарды оқтайлы түрде шектеу міндетін шешу, бұны заңмен бекіту.
  • аймақтық бюджет кірістерінің деңгейін жоғарлату;
  • жасанды түрде қалыптасатын аймақтық бюджеттердің демеу қаржысын жою.

Сонымен қатар, қазіргі кезде теориялық  және практикалық мәселелер қарастырылуда. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға  болады: экономиканы құрайтын аймақтардың  жеткілікті дамуы, функционалдық қамсыздандыру, экономиканы жеткілікті түрде бағалау, экономиканың макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейлерін  дамыту, Қазақстан экономикасының салық  жүйесін қамтамасыз ету және тиімді салық салу негіздері ретінде  экономикалық бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

Информация о работе Салықтардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне сипаттама