Салықтан жалтару

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:58, лекция

Описание работы

Салықтан жалтару – заңды бұзу деген сөз. Ал заңның бұзылғаны анықталса, ол қатаң жауапқа тартылады. “Салық төлеу мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңда сот үкімі бойынша жалған деп танылған қосымша табысқа салық төлейтін кәсіпорындарды шаруашылық субъектісі куәлігінен айыру және сол кәсіпорындардан қосымша табыс сомасын қайтару нормасы көзделген. Өткен жылы салық органдарымен бірлесе отырып қозғалған қылмыстық істер бойынша аталған кәсіпорындардан 1,4 млрд. теңге бюджетке қайтарылды.

Работа содержит 1 файл

Салықтан жалтару.docx

— 24.58 Кб (Скачать)

Салықтан жалтару – заңды бұзу деген сөз. Ал заңның бұзылғаны анықталса, ол қатаң жауапқа тартылады. “Салық төлеу мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңда сот үкімі бойынша жалған деп танылған қосымша табысқа салық төлейтін кәсіпорындарды шаруашылық субъектісі куәлігінен айыру және сол кәсіпорындардан қосымша табыс сомасын қайтару нормасы көзделген. Өткен жылы салық органдарымен бірлесе отырып қозғалған қылмыстық істер бойынша аталған кәсіпорындардан 1,4 млрд. теңге бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, тап осындай мәмілені жүзеге асырған 306 фирманың қылмыстық ісі ашылды. Мәселен, Алматы қаласында Хакимов қылмыстық тобының 13 мүшесі сотталды. Олар 39 жалған кәсіпорындар арқылы 43,5 млрд. теңгені “кәделеп”, соның салдарынан бюджетке 18,2 млрд. теңге көлемінде салық түспей қалған. Атырау облысындағы мұнай өндірісі саласында қызмет еткен “Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл” компаниясының басшыларына да қылмыстық іс қозғалды. Олар 2002-2003 жылдар аралығында 2,2 млрд. теңгені төлемей, салықтан жалтарыпты. Сауатты тексерістің арқасында мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді. Сол сияқты бұрғылау жұмысымен айналысқан “Паркер Дриллинг Компани Интернэшнл Лимитед” компаниясының осы облыстағы бөлімше басшыларына да 8,7 млрд. теңгенің салығынан жалтарғаны үшін тергеу жүргізілді. Бүгінгі күні оның 3,2 млрд. теңгесі қайтарылды. Ал Астана қаласында “Алматы халықаралық банкі” бөлімшесінде Воробьев деген азамат “Прохладка және К” атты жалған ЖШС арқылы 140 млн. теңгені ақшалау кезінде қолға түсті. Сөйтсек, әлгі Воробьев “Хайвилл – Астана” құрылыс кешеніне қатысушы 23 корей компанияларын қамтамасыз ететін “ЭйКейСтрой” ЖШС консалтингтік компания басшылары болып табылатын Корея және АҚШ азаматтарына қызмет көрсетіпті. Мұндай деректер баршылық. 2003 жылы 353 салықтан жалтару қылмысы анықталса, өткен жылы бұл сан 701-ге жетті. Сондықтан білген адамға адалдықпен тапқан ас тәтті дегендей, салықтан жалтару жақсылыққа апармайды.

– Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы халықтың белгілі бір тобына үлкен үміт әкелді. Алайда, бұл салада да лауазымы мен билігін асыра пайдаланғандар, жалған құжаттар жасағандар, айласын асырған алаяқтар қаптап кетті. Олардың қылмысы қалай әшкереленіп жатыр?

– Президент Жолдауда азаматтарымыз үшін, әсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келгенін және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін баса айтты. Ал халқымыздың әл-ауқатын арттыру қызметіміздегі басты мақсат болып қала береді. Демек, осы саясатты басшылыққа алған біз өткен жылы тұрғын үй қатынасы саласында 539 қылмыстың бетін аштық. Соның ішінде оның 250-і мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жасалған. Мәселен, Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті әкімшілік бөлімінің бұрынғы бастығы К. Мұқашев жеңілдікпен үй алып берем деген желеумен пара алған. Сол үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қаласында “Алматы Инвест Строй” ЖШС директоры С.Дмитриенконың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол тұрғын үй құрылысына деп үлесшілерден 75,2 млн. теңге жинап, шартқа отырған да, бірақ міндеттемесін орындамаған. Сол сияқты Астана қаласында Ыдырысов, Қожаниязова, Дунаева және т.б. бір топ алаяқтың қылмысы әшкереленді. Олар тұрғын үй департаменті қызметкерлері ретінде 5-тен 10 мың АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін аталған бағдарлама бойынша пәтер алуға қол ұшын берген. Сөйтіп, олардың әрекетінен 78 адам 93 млн. теңгеге зиян шекті. Осы істі тексеру барысында пара беру фактісі бойынша оның ішінде кеден, Президент күзетінің, Туризм және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау секілді министрліктердің және басқа да органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты 90 қылмыстық іс қозғалды.

Құрылыс жүргізу конкурсында жеңіске жеткен кәсіпорындардың барлығында бірдей рұқсат етілген қажетті құжаттар тізімі бола бермейді. Тіпті кейбір жұмыс түрлерін атқаруға арналған лицензиялар кәсіптік талаптар жете тексерілмей берілген. Соның салдарынан құрылыс нормаларының өрескел бұзылуымен тұрғызылған немесе аяғына дейін бітпеген үйлердің пайдалануға берілген фактілері анықталды. Мұндай қылмыстар көбіне құрылыс компаниялары басшылары мен мемлекеттік өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары арасында сыбайласу арқылы жүзеге асырылады. Соңғылары жоғарыда айтқанымыздай, бітпеген немесе тиісті талаптарға сәйкес келмейтін қалыпта тұрғызылған үйлерді қабылдау туралы құжатқа қол қояды, сөйтіп ақыр аяғында мемлекеттің ақшасы шығындалады. Мұның бәрі үлесшілерден жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуына жергілікті атқару органдарының уақтылы тиісті бақылау жасамауынан деп білеміз. Бұл сөзімізге нақты мысал, үстіміздегі жылы ғана Астанадағы құрылыс рыногын қолдау үшін Үкіметтің бөлген 400 миллион долларын талан-таражға салу әп дегенде-ақ басталып кетті. Қаңтар айының соңында Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері банктен шыға бергенде елордалық құрылыс фирмаларының өкілдерін ұстады. Олар 44 миллион теңгені “кәделемек” болған. Сөйтсе, әлгі ақша бес құрылысты аяқтау үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша “Қазына” орнықты даму қорынан “Шар Құрылыс” компаниясына аударылған, ал одан “Сармат ЖШС” есебіне келіп түскен. Бұның алдында ғана аталған компания осындай тәсілмен 41 миллион теңгені де “кәделеп” жіберген. Лауазымды тұлғалардың билікті пайдаланып заңсыз шешім шығару арқылы жерді бөлу әрекеттері де жиілеп кетті. Сол сияқты білім беру, денсаулық, ауыл шаруашылық және халықты әлеуметтік қорғау салаларында сыбайлас жемқорлыққа салыну өсіп барады.

Салықтан жалтару әдетте салық объектісін жасыру, салық базасын төмендету секілді басқа да жолдармен салық органдарына табыстардың немесе мүліктің бір бөлігі туралы мәлімет беруден бас тартуға келіп тіреледі. Қазақстан билік органдары тарапынан жіберілген кемшілік пе әлде қателік пе, алайда олар мұндай жағдайларды айтарлықтай қылмыс деп танымай, жәй ғана әкімшілік заң бұзушылық ретінде қарастырады. Салық төлеуден жасырыну әрекеттерімен салық органдары айналысады, олар, әдетте, сот процесінде қарастырылмайды. Мұндай әкімшілік заң бұзушылықтар үшін жәй айыппұлдармен немесе салықтарды өндіріп алумен ғана жазалайды.  
Сондай-ақ, қалыптасқан салық жүйесіне қарсылық білдіру әкімшілік заң бұзушылық деп саналады. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында мұндай заңға қарсы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылады. Жауапкершілік жүктелетін әкімшілік заң бұзушылықтардың тізімі 1 кестеде берілген.  
 
Салықтық заң бұзушылықтар туралы айта отырып, олардың белгілі бір кері нәтижелермен байланысты екенін ескерген жөн. Мұндай заң бұзушылықтар көп жағдайда салық төлеушінің бухгалтерлік және салықтық есеп жүйесіне тікелей байланысты болып келеді. Сол себепті теориялық және практикалық жетістіктерге сүйене отырып, бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу тәртібіне түзетулер енгізу қажет.  
Салықтық тексерулер, салықтық бақылаудың негізгі формасы ретінде, есептік мәліметтердің нақтылығын анықтау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің, уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Салықтық тексерулерді жүргізумен қатар салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтеру мақсаты да жүзеге асырылады. 

Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (ағылш. tax evasion of citizen) - Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді еңгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін езге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, экономикалык кызмет саласындағы қылмыс ретінде айқындалып, айыппұл салынады не қоғамдық жұмыстарға тартылады, не бас бостандығынан айрылады (егер төленбеген салыктың сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса).[1]


Информация о работе Салықтан жалтару