Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, реферат
Қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады.
Қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездері Қазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 15% мөлшерінде төлейтін болды.
Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. ;ер салығы салынбайды.
Жер салығының
мөлшері салық салынған жердің сапасына,
құнарлылығына және оның орналасуына
байланысты дифференциалды түрде жердің
бір шаршы метріне, немесе бір
гектарына есептеліп
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Салық есептілігін ұсыну және төлеу тәртібі
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді табыс етеді. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің (851.00 үлгі бойынша 851.01 қосымшасымен) 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.
Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-cынан кешіктірмей табыс етеді.
Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін:
Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Салық Кодексін де көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.
Жер салығын төлеушілер
Жер салығын төлеушілер дегеніміз салықсалу нысаны бар жеке тұлғалар:
Жер салығын төлеушілерге мыналар жатпайды:
1 кесте - 2002-2005 жылдар арасындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерінің түсімі, мың теңге
Ауыл
шаруашылығы мұқтаждары
үшін не осы мақсатқа
арналған жер ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерге
жатады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерге салынатын
жер салығының базалық
ставкалары 1 гектарға
есептеліп белгіленеді
және топырақтың сапасы
бойынша сараланады.
Жер салығының базалық
ставкасы бойынша сараланады.
Жер салығының базалық
ставкасы республикасының
жерге орналастыру органдары
анықтайтын бонитет
балы өлшемімен топырақтың
табиғи құнарлығына
негізделеді және ҚР
екі аймағы бойынша
сараланады:
1.Жазық аумақтардағы
далалық және қуаң далалық
аймақтардың кәдімгі
және оңтүстік қара
топырақты, күңгірт
қызыл, қоңыр және қызыл
қоңыр топырақты, сондай-ақ
тау бөктеріндегі күңгірт,
қызыл қоңыр, сұр топырақты
және тау бөктеріндегі
қара топырақты жерлеріне
бонитет балына бара-бар
жер салығының базалық
ставкалары белгіленеді.