Меншік туралы салық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:58, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп ұйымының шаруашылық қызметінің экономикалық мәні мен қаржылық нәтижесін ең толық және нақты еөрсетуді, ал салық есебі – шаруашылық қызметі әкімшілік талаптарына толық сәйкес келетін бюджетке міндетті аударылуға тиісті ұйым табысының болжамды табысын анықтауды қарастырады.
Есептің дербес екі түрінің бухгалтерлік және салық есептің қосарласа жүруі – ұйымның есеп жүйесі алдында әр түрлі міндеттерді тудырды. Ол мыналар:
салық мақсаты үшін есептік деректердің қайта жасалуы мен белгілі бір түзетулерді енгізу;
салық салу жүйелі есеп шеңберінде дайын деректерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін бухгалтерлік тәртіпті деректермен толықтыру.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................

I бөлім. Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны....................................................
1.2 Салық элементтері мен жіктелуі.................................................................
1.3 Қазақстан Республикасы салық салу принциптері.................................

II меншікке салынатын салықтар
2.1 Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілері........................
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.....................................
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері.....

III Мүлік салығы
3.1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы......................
3.2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы..............................................................

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

55_doc.doc

— 268.50 Кб (Скачать)
  • Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі:
  • Салық – ақшалай нысанда төленеді:
  • Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
  • Салық – баламасыз сипатта болады:
  • Салық – салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады:
  • Салық – тұрақты экономиканың қатынас туғызады.

Салықты жоспарлау – салық міндеттемелерін заңды қысқарту әдістері. Активтерді және табысты ұтымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау мен жинау мәселелері салықты жоспарлаудың кезеңі болып табылады.

     Салық теориясы – салықтың маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың рөлі. Салық несиесі – салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.

     Салық рыногы – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Салық элементтері  мен жіктелуі

 

       Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:

  • салық субъектісі
  • салық объектісі
  • салық көзі
  • салық мөлшері
  • салық жеңілдіктері
  • салық ставкасы
  • салық кезеңі
  • салықты есептеу тәртібі
  • салық есептілігі
  • салықты төлеу тәртібі
  1. Салық субъектісі

     Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:

  • қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілігін жасайтын, сонымен бірге белгілі бір тұсім алатындар, яғни жеке тұлғалар:
  • шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

    Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді: жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам. Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шет мемелекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.

  1. Салық объектісі

Салық объектісі –  салық есептелетін база, яғни салық  не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.

  1. Салық көзі. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және

қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.

    Макроэкономикалық  деңгейде салық төлеушінің негізгі  көзі ретінде ұлттық табыс  қатысады. Салық төлеушілердің салық  төлеу үшін негізінен 5 көзі  бар:

  • табыс;
  • қор және жинақ;
  • өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;
  • қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
  • қарыз қаражаттары.

    Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, көсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға тұсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.

    Салық төлеушінің  табыстары, бұл кімнің табысы  болып саналатынына байланысты  болады және бірнеше нысандары  бар;

  • тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
  • дивидендтер, рента;
  • сыйақы, ұтыстар, роялти;
  • жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері.
  1. Салық мөлшері.

    Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

    Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түскен үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

  1. Салық жеңілдіктері.

    Салық  жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп, заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

  1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.
  2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.
  3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.
  4. Салық ставкасы бойыншажеңілдіктер.
  5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
  6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
  7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

    Проференциялар – үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпті немесе өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша жеңілдіктер.

  1. Салық ставкасы.
  2. Салық кезеңдері.
  3. Салықты есептеу тәртібі.

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

  • бірінші – салық салынатын объектісіне есепке алу
  • Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу
  • Үшінші – салық ставкаларын қолдану
  • Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану
  • Бесінші – салық сомасын есептеу
  1. Салық есептілігі салық төлеуші және салық агенті салық органдарына

табыс ететін, салық міндеттемелерін емептеу туралы ақпараты бар құжаттама. Салық жіктелуі:

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша тікелей және жанама салық;
  2. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар:
  3. Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар:
  4. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық:
  5. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай республикалық және жергілікті салық:
  6. Пайдалану ретінде қарай – жалпы және мақсатты салықтар:
  7. Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар:
  8. Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары:
  9. Салықтардың қолдану қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар:
  10. Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызметақылы және қызметақысыз салықтар:
  11. Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салықтар:
  12. Салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар:
  13. Салықтардың төленуіне қарай тұрақты және біржолғы салықтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстан Республикасы салық салу принциптері

 

      Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар. Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни мемлекет өзінің күнделікті суранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады. Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

     Салық салудың үнемділік  принципіне сәйкес, салық жинау  ең төменгі шығындарда жүргізілуі  қажет.

     Қазақстан Республикасының  салық заңдарының ережелері салық

кодексінде белгіленген салық  салу принцтеріне қайшы келмеуі  тиіс. Қазақстан Республикасының  салық заңдары салық салудың  бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда.

  • бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,
  • екінші, салық салудың айқындылығы,
  • үшінші, салық салудың әділдігі,
  • төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы,
  • бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.
  1. Салық салудың міндеттілік принципі.

     Салық төлеушілер  салық заңдарына сәйкес салық  міндеттемелерін толық көлемде  және белгіленген мерзімдерде  орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтардың  негізі борышы, парызы болып   саналады.

  1. Салық салушылардың айқындық принципі Қазақстан Республикасының

салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері. Әрбір салық төлеуші үшін айқын  болуы тиіс.

     Салық салу  айқындығы салық төлеушінің салық  міндеттемелерін туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.

  1. Салық салудың әділдік принципі. Қазақстан Республикасының салық

салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез  келген салық төлеуші үшін салық  салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

  1. Салық жүйесінің біртұтастық принципі Қазақстан Республикасының

салық жүйесінің Қазақстан  республикасының бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты  біртұтас болып табылады.

  1. салық заңдарының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерін

реттейтін нормативтік  құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

      Салықтарды  ұтымды ұйымдастырудың классикалық  принциптерін экономист Адам  Смит ұсынған еді.

Олар мыналар:

  • салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
  • салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;
  • әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
  • өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.

     Бұл принциптердің  қолданылуы салық салудың сора-қылықтарды  жойып, салық салу жүйесін ретке  келтірді. Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» - деп жазды. Америка Құрама Штатының тәуелдіксіз декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салықпен өнімнен қашып құтыла алмайсың» - деп атап көрсетті.

     Салықты  уақтысында төлеу міндет болып  саналады. Себебі, уақытысында төленбеген  салықтардың айыппұлы мен өнімпұлы  өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II меншікке  салынатын салықтар

2.1 Жер салығын  төлеушілер және салық салу  объектілері

 

      Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Азамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының енң байтақ жері бар. Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:

  • экономиканың әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
  • тұлғаларды жерге орналастыру;
  • жердің құнарлығын арттыру;
  • жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
  • аумақтың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр

жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік  сандық немесе сапалық есебінің деректері  негізінде меншік құқығын, тұрақты  жер пайдалану құқығын,өтеусіз  уақытша жер пайдалану құқығын  куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынандай санаттарға бөлінеді:

  1. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
  2. елді мекендер жерлер;
  3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер;
  5. орман қорының жерлері;
  6. су қорының жерлері;
  7. запастағы жерлер.

    Жердің белгілі  бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынандай екі топқа бөлінеді:

Информация о работе Меншік туралы салық