Мемлекеттік түсімдер мен кірістерге талдау жасау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 11:51, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................3
I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы.
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні...............................5
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері..............................10
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы.....................12
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау.

2.1 1995-2004 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы.......15
2.2 Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 1 шілде айына дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуы............................................16
2.3 Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері.................18
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы...20
III. Қорытынды..............................................................................24
IV. Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі.................................................................................................26

Работа содержит 1 файл

Мемлекетт_к к_р_стер мен т_с_мдерге талдау жасау.DOC

— 142.00 Кб (Скачать)

 

2.4.           Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.

 

“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне” сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:

1)                   салықтық түсімдер, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құнға салық, импортталған тауарға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым, теңіз, өзен, кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлеентін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерінжәне көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрикет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2)                   салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер ( республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, респудликалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивиденттер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгейлі банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар ( мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар мен мемлекеттік бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);

3)                   негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);

4)                   ресми трансферттердің түсімдері (болыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).

Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады:

 

                                                                                 Түсімдердің атауы

                                              Млн.теңге

                              %

Түсімдер

722034

100,0

1. Кірістер

649000

89,9

Салықтық түсімдер

603396

93,0

Соның ішінде:

 

 

Корпоративтік табыс салығы

272632

45,2

Қосылған құнға салынатын салық

222161

36,8

Акциздер

6019

1,0

Салықтық емес түсімдер

39348

6,1

Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер

6256                                       

0,9

2. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР

57630

8,0

3. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ

15404

2,1

             

              Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпарациялық салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа да едәуір көзі – салықтық емес түсімдер мен капиталмен жасалынған операциялардан алынатын кірістер.

 

                    

 

 

 

 

 

III. Қорытынды.

 

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютты және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі  және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Мемлекеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекеттік өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланыс ты емес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша. Немесе қысқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – түсімдер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар деуге болады.

Негізінен мемлекеттік кірістерді салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер және ресми трансферттер құрайды. Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленеген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Ал трансферттерге келетін болсақ, онда біз мынандай анықтама бере аламыз: бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңи тұлғаларға Қазақстан Республикасының қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.

Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық функцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы құқығымен тығыз байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесінде бірыңғай талаптар белгілеуге жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі.

 

1.             Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев  “Қаржы” Алматы,2005

2.             К.К.Жуйруков «Бюджет: составление, утверждение, исполнение» Алматы, 2003

3.                «Статистическое обозрение Казахстана» Алматы, 2005

4.             Елеубаева М.Е.  «Қаржы-қаражат»  Алматы, 2005

5.             К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау»  Экономика. Адматы,2001

6.             А.Б.Зейнельгабдин “Финансовая система: экономическое содержание и механизмы использования”  Алматы “Қаржы-қаражат” 1995

7.             В.Д.Мельников «Основы финансов» Алматы,2005

8.             А.Исаева  «Қаржы-қаражат» Алматы,2005 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 



Информация о работе Мемлекеттік түсімдер мен кірістерге талдау жасау