Ипотекалық несие

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 07:16, реферат

Описание работы

"БТА Ипотека" Ипотекалық ұйымы" АҚ қызметінің негізгі түрі ипотекалық несиелендіру болып табылатын бірінші 100% жекеше компания болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Ипотекалык несие.docx

— 20.67 Кб (Скачать)

"БТА  Ипотека" Ипотекалық  ұйымы" АҚ қызметінің  негізгі түрі ипотекалық несиелендіру болып табылатын бірінші 100% жекеше компания болып табылады.

Компания 20 қараша 2000 жылы Қазақстан Республикасының ең ірі үш банктерінің бірі – «ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен құрылды.

Бүгінгі күні Компания ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады, себебі Қазақстанның әрбір бесінші заем алушы БТА Ипотека Компаниясының клиенті болып табылады.

2005 жылдың  қараша айында компания өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті. Компаниямен бірге бұл қуанышты оқиғаны 2004 жылдың 1 мамырына дейін несие алған, оң несие тарихы бар үздік заем алушылар да атап өтті.

БІЗ:

  • Тұңғыш қазақстандық жекеше ипотекалық компания;
  • Ипотекалық куәлікті бағалы қағаз ретінде пайдалануды бастаған Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыра отырып, бастапқы жарна мөлшерін төмендеткен Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Ипотекалық пакеттер түсінігін қолданған және клиенттерге әр түрлі ипотекалық өнімдердің толық аясын ұсынған Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Ипотекалық заем шарттары бойынша (ипотекалық куәліктер кепілдігімен қоса) талап ету құқығының кепілдігімен қамсыздандырылған, ипотекалық облигацияларды шығарған екінші жекеше компания.

Компанияның өнімдік стратегиясы клиенттердің ең кең тобының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

Аталмыш стратегияны жүзеге асыру үшін компания ипотекалық пакеттер деп аталатын, ипотекалық несиелер параметрлерінің арнайы жинақтарын жасақтады. Қазіргі кезде БТА Ипотека несиелеудің шамамен 20 астам әр түрлі пакеттерін ұсынады.

БТА Ипотека  Компаниясы заемдық операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің (ҚҚА) лицензиясына ие болды.

Бүгінгі таңда, "БТА Ипотека" компаниясы Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелендіру нарығындағы ірі операторлардың бірі болып табылады. Әр түрлі бағалар бойынша жаңадан берілген тұрғын үй ипотекалық несиелердің шамамен 30-40% компания қызметінің нәтижесі болып табылады.

Қазіргі кезде Алматы қаласында орталық кеңсе, сондай-ақ Қазақстанның 17 қаласында компанияның өкілдіктері табысты еңбек етуде.

Компания  келесі негізгі бағыттар бойынша ипотекалық несиелендіруді дамытады:

  • Қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алуға несие беру;
  • Бастапқы нарықта тұрғын үйді сатып алуға несие беру;
  • Меншіктегі тұрғын үйді жөндеуге несие беру;
  • Жеке коттедждердің құрылысына несие беру;
  • Комерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие беру;
  • Меншіктегі коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта құруға және жөндеуге несие беру;
  • Көп пәтерлі тұрғын үйлер, тұрғын үй қалашықтарының құрылысын қаржыландыруды ұйымдастырып, салынған үйді сатып алушыларға ипотекалық несие беру.

"БТА  Ипотека" Ипотекалық  ұйым" АҚ компаниясының  жұмысындағы ерекше элементтер:

  • Жан-жақты және білікті консультация;
  • Жылжымайтын мүліктің шынайы нарықтық бағасы;
  • Несиелер бойынша ұсынылатын деректердің анықтығы;
  • Нотариуста сатып алу-сату шартын бекіту фактісі бойынша ақша беру;
  • Несие алған соң тегін қызмет көрсету.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ипотека бұл - несие берушінің алдында бұл мiндеттемелердiң қамтамасыз етуге арналған жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiктерi. ипотекалық несие беру барысында, несие алушы, жылжымайтын мүлiктi немесе басқа мақсаттарға қарыз алады. Несие алушының, несие берушінің алдындағы мiндеттемесi қарызды өтеуi болып табылады, бұл мiндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, жылжымайтын мүлiктi айтуға болады. Сонымен бiрге, тек қана тұрғын-үйді емес, жылжымайтын мүлiктiң басқа да объектілері сатып алуға немесе қарызға қоюға болады: жер, автокөлiк, яхта және т.б. Ипотекалық несиелендіру арқылы алынған жылжымайтын мүлiк, жылжымайтын мүлiкті алғаннан бастап несие алушының меншiгі болып табылады.

Қазақстандағы ипотеканы пайдаланудың кең таралған түрі – несиеге пәтер алу болып табылады. Ережеге сәйкес кепілдікке, жаңа алынған үй және жеке меншігінде үй қойылады.

Ипотекалық  несиелендіру халықтың – тұрғын үй жағдайын жақсартудағы, банктің – тиімді және табысты жұмыстағы, құрылыс кешенінің – өндірістің және халықты ипотекалық несиелендіруді кеңімен таратуға ықпал ететін экономикалық өсуге мүдделі мемлекеттің серпінді жұмыс істеуіне деген мүдделерді келісуге мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелер екінші деңгейлі банктермен беріледі және әр қайсысының несие беру шарттары әр түрлі

Ипотека шарттары, басқа несиелер сияқты несиелендіру мерзімі және пайыздық мөлшерімен сипатталады. Сонымен қатар, ипотека жағдайында несие соммасы алынатын үй құнының біршама пайызын құрайды. Құнның қалған бөлігі, бастапқы жарна болып есептеледі және ипотекалық несие алу үшін несие алушыда болуы қажет. Ипотеканың маңызды шарттарының бірі, өзінің жаңа үйі үшін ипотекалық банкке беретін төлемдерді жүргізу тәртібі болып табылады

Ипотекадағы несие валютасы ұлттық және шетелдік болуы мүмкін. Қай валютада ақша салу, несие алушының өз еркі.

Ипотекалық  несиелендіру жүйесінде "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ қатысуымен (бұдан әрі - ҚИК) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 8 банк және 2 ұйым жұмыс істейді. ҚИК бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелерді беру жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын:

  • "Каспийский" банкі"
  • «Астана-Финанс»,
  • «ЦентрКредит банкі»,
  • «АТФ Банк»
  • «БТА-Ипотека»
  • «Нұрбанк»
  • «ТемірБанк» ,
  • «Цеснабанк»
  • «Еуразиялық банк»
  • «ҚазИнвестБанк»
  • «Қазкоммерцбанк»
  • «Халық банкі»

Ипотекалық  несиелерді кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі маңызды роль атқарады. Ипотекалық несиелерді кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді сақтандыратын ұйымдар арасында несие бойынша несиелік тәуекелдікті бөлу арқылы ипотекалық несиеге қол жеткізімдікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ипотекалық несие