Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:15, курсовая работа
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оларды шешілу жолдарын қарастыру.
Кіріспе 3
Салықтардың экономикалық мазмұны.
1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. 4
1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері. 8
Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
2.1 Салық элементтері. 11
2.2 Салықтың жіктелуі. 14
Қазақстан Республикасының салық саясаты.
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері. 16
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 18
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейіе.
1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқығы жоқ.
Cалық – бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Cалық – осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Cондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып нормативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негігі ретінде – мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтармен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық салықтық суверинитет асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік) – мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Cалық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.
Белгіленген салық заңды салық міндеттемесін туғызады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: “Салық төлеушінің заңдарына сәйкес мемлекеттік алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті”.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек “Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды”.
Салықтың жиналатын орындар:
Салықты реттеудің тетіктері:
Салық төлеуден қашу себептері:
Салық ауыртпалығы – салық жиналуының
жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге
қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш.
1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері.
Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде
Қазақстан Республикасы Конституциясының
35-ші бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі
міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарды ежелден салық
жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің
екі қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және
Cалық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық
мәні мен мазмұны олар
Фискалдық функция- барлық
мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра
отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени
шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз
етеді.
Салықтардың реттеуші
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер
табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына
өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы
жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын
үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың
мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді:
бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999
жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды
(салыстыру үшін: Украинада-29%, Ресейде
-33 %).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы
шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы
кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық
мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген
экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы
салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың
орталықтандырылған қоғамдық қорлары
арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір
бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған
қағидатынан бас тарту болып табылады.
Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі
экономикалық ынталылықтың уәждемелік
механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды
бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға
мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы
қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің
неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік
қорғалуы қамтамасыз етіледі.
2 Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
2.1 Салық элементтері.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері - бұл мемлекеттің заң
ак актілерімен анықталатын салықтың
құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.
Негізгі салық элементтеріне
мыналар жатады:
- салық субъектісі;
- салық салынушы;
- салық объектісі;
- салық базасы;
- салық салу бірлігі;
- салық ставкасы;
- салық жеңілдіктері;
- салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
- салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары;
- салық төлеуді бақылау;
- салық
заңдарын бұзғаны үшін санкциялар және
т.б.
Салық субъектісі немесе
салық төлеуші. Ол - заң бойынша салық төлеу
міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда
нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы
басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы
мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы
(салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар,
түпкілікті салық төлеушілер (салықтың
ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет
азаматтары.
Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы –
салық салу объектісі мен
Салықтың негізгі базасы
- табысқа салынатын салық.
- тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді;