Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:03, курсовая работа
Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
Салық түрлері
Салық құрылымының реформалануы;
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні........................4
1.2 Салық жүйесі.....................................................................................................5
1.3 Салық алуды ұйымдастыру..............................................................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі.....................................9
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.............................................15
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әсері.................................18
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі........................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26
1991 жылы 24- желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасы салық жүйесі туралы» заң негізінен Ресей заң шығарушы нұсқаларынан көшіріліп алынған.
Нәтижесінде Қазақстанда үш буынды салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобын құрады:
Салық санының көптігі заң шығарушылардың тұрақсыздығы, өзіндік құн, жеңілдікті мөлшерінен көп пайдалану салық жүйесі тиімсіз және оны басқару мүмкін емес дәрежеге алып келді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің тарихында негізгі орынды 1994 жыл алады. Нақты осы жылы салық жүйесін реформалауда бірінші қадамдар жасалды.
Жеке тұлғалардың табыс салығы, кәсіпорындардың табысына салық; осы екі салық түрлері өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жеке тұлға кірісіне және табысына салық салу туралы» жарлығы шықты. Аталған заң шығарушы актілерді қабылдауда салықтарда екі басты радикалды өзгерістер енгізілді.
Бұрынғы СССР мемлекеттерінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылған салық салудан жиынтық жылдық табысты анықтау негізінде жеке тұлғалардың табыс салығына өтуінен жеке тұлғалардың табысына салық салу бірінші рет іске асырылған.
Заңды тұлғалар бөлімінде келесі аспектілерде өзгерістер болды: табысқа салық ставкаларының дифференциациясы өзгіртілді және екі ставка бекітілді:
30% -барлық заңды тұлғаларға және 45% -банктерге және сақтандыру компанияларына.
Бірінші рет салық төлеушілер қатарына кірістің бөлшегін кәсіпкерлік қызметтен алатын бюджеттік ұйымдар кірді. Жеңілдіктер ретке келтірілді (30жеңілдіктер орнына қазір 6 жеңілдіктер түрі бар) және тағы басқалары.
1994 жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі өзгертулерді талдау, олардың фискалды сипаттамасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай шешуші шараларға қарамастан 1994 жылы жалпы ішкі өнімге салықтық түсімдер 1993 жылға қарағанда төмендеп кетті, яғни, 1993 жылы 14,8% болса, 1994жылы 8,4% -ті құрады.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының салық реформасының негізгі мақсаты ретінде келсі этаптар ұсынылды:
1) Нарықтық қатынастарды ынталандыру, әсіресе:
- кәсіпкерліктің белсенді қолдауы;
- жеке салық төлеушілердің алған табыстарын кәсіпкерлік қызметке салуды ынталандыру;
- Салық салу арқылы кең заң шығарушы базасын шығару;
- Кірістерді екі, үш рет салық салудан қорғау механизмін құру;
2) Салық салуда нақты әділеттілікке жету:
- тұрмысы төмен жіктерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
-кіріс алу көздеріне тәуелсіз салық салу шкаласын құру;
-мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдделерін есепке алу;
- салық салу жүйесін құруда әлемдік тәжірибелерге пайдалануға талпыныстар жасау;
Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының салықтық жүйесін өзгерту талпыныс жасау және оны әлемдік стандартқа сәйкестендіру.
2 –этап.
2 -этаптың тапсырмалары: салық салуды төмендету, салықтардың санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандартқа сай болуына қол жеткізу, Негізі бұл талаптарға жауап беруші Қазақсатн Республикасы Президентінің 1995 жылдың 24 сәуірінен бастап заң күші бар «Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» заңы болып саналады.
Жалпымемлекеттік
Жергілікті салықтар және алымдар:
1.Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
2.Жер салығы;
3. Көліктік құралдар салығы;
4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан тіркеу үшін алымдар;
5. Қызметтің жеке түрлерімен айналысуға берілген құқық үшін алымдар;
6. Аукциондық сатулардан алымдар;
1999
жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы
мемлекеттік салықтарға
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі Президенттің заң күші бар «Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» № 440-1 жарлығы (1995ж.24 сәуір) заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 2235 заңы деген статусқа ие болды.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жоғарыда аталып кеткен құжатқа сәйкес келесі салықтар, жинақтар және басқа міндетті төлемдерден тұрады:
Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер:
1.Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
2.Қосымша құн салығы;
3.Акциздер;
4.Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар эмиссиясының ұлттық идентификациондық нөмірді тартып алу және бағалы қағаздар эмиссиясының тркеу үшін алымдары;
5.Арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы;
6. Әлеуметтік салық;
7.Қазақстан Республикасының территориясына автокөлік құралдарды әкелгені үшін алым;
8. Жер салығы;
9. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы;
10. Транспорттық құралдарға салық;
11.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың тіркеу үшін алымы;
12.Бірлескен жер салығы;
13.Қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
14.Аукциондық сатылымдар үшін алым;
15. Нарықта тауарды сатуға берілетін құқық үшін алым;
16. Алматы қаласындағы символдарды жеке және заңды тұлғаларың фирмалық атауларға, қызмет көрсету белгілеріне, тауарлық белгілерге қолданғаны үшін алым;
17Заңды және жеке тұлғалардың фирмалық атауларға, қызмет көрсету белгілеріне, тауарлық белгілерге «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді пайдаланғаны үшін (Мемлекеттік кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге, коммерциялық ұйымдарға қатысты емес)алымдар.
3-этап.
3-этаптың негізгі тапсырмасы: салық төлеушілерге, фискалды ұйымдарға, бюджетке қатысты мемлекеттік ұйымдардың арасындағы өзара қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту. Жалпы 1995 жылы құрылған салық құрылымы айтарлықтай оңтайланды. Қазіргі таңда салықтың 17 түрі бар. Бұлардың санын жоғарылатып биікке жеткізу керек. Осыдан барып, салықтық заңшығарушылықты реформалау қажеттілігі туындайды. 2002 жылы 1 – қаңтарда 2001 жылы 12– маусымда бекітілген № 209- II Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексі қызметке кірісті.
Жаңа салықтық Кодекстің құрылымы үлкен үш бөлімнен тұрады:
Жалпы бөлім – салықтық заң шығарудың «Кодексі». Мұнда нақты салықтық заң шығарудың принциптерінің қалыптасуы анықталған, қатаң принциптер енгізілген. Бірақ бұл акциздерге, кедендік баж ставкаларына қатысты емес.
Берілген принципиалды жағдайлар жалпы бөлімде салықтық заң шығаруда негізгі болуы керек және келесі жылға дейін өзгерістерге ұшырамауы тиіс.
Ерекше бөлімге келетін болсақ, ең алдымен айта кетер жайт мемлекет тұрақтылықты және салық салудың әдістеме және база бөлімінде қызме жасайтын салықтық заң шығарушылар жалғастыру-шылықты жақтайтыны айғақ.
Салықты әкімшіліктеу бөлімінде процестік сұрақтар анықталады. Бүгінгі күнде берілген бөлімдер бойынша талаптар мен шарттардың нақты қалыптасуы туралы айту қиын. Себебі құқықтық реформаның екінші этапы жаңа пісіп -жетіліп келеді.
Көптеген Азаматтық Кодекстің аспектілері, оның ерекше бөлімінде, біздің қоғамның өміріндегі шарушылық сферасын реттейтін басқа заңдар 2-3 жылда өзгерістерге ұшырауы ықтимал. Бұл мемелекет және салық төлеушінің арасындағы процестік өзара қарым-қатынаста көрініс алады. Әсіресе аппеляция процесінде.
Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер түрлері ( 01.01. 2002 жылдан бастап жүзеге асты)
Салықтар
Алымдар