Статистикалық жоспар және оның құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:11, реферат

Описание работы

Қоғамды жан – жақты сандық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік – қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашу үшін, ең алдымен қажетті құбылысқа жаппай бақылау жүргізу керек. Статистиканың осындай қоғам, мемлекет алдындағы міндетін іске асыру үшін, бақылау жүргізу жұмысына белгілі бір міндеттер, талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, статистикалық зерттеу жұмысының дұрыс, әрі сапалы, өмір шындығына сәйкес келетіндей сандық мәлімет беруі, ол құбылысты бақылау жұмысының дұрыс жүргізілуіне байланысты болып табылады. Статистикалық бақылау әдіс

Работа содержит 1 файл

статистика.docx

— 21.05 Кб (Скачать)

Жоспар:

1. Статистикалық бақылаудың  ұғымы және міндеттері

2.

3.

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері

        Қоғамды жан – жақты сандық  мәліметтермен қамтамасыз ету және  әлеуметтік – қоғамдық  құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашу үшін, ең алдымен қажетті құбылысқа жаппай бақылау жүргізу керек. Статистиканың осындай қоғам, мемлекет алдындағы міндетін іске асыру үшін, бақылау жүргізу жұмысына белгілі бір міндеттер, талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, статистикалық зерттеу жұмысының дұрыс, әрі сапалы, өмір шындығына сәйкес келетіндей сандық мәлімет беруі, ол құбылысты бақылау жұмысының дұрыс жүргізілуіне байланысты болып табылады. Статистикалық бақылау әдісінің мағынасы, саны көп құбылыстарды, уақиғаларды, сандық жағынан зерттеуге алу үшін, ол құбылыстар туралы қажетті мәліметтер жинауды білдіреді. Қоғамдық құбылысты бақылау кезінде, сол құбылысқа жататын уақиғалар қаншалықты толық тіркелсе, статистика ол құбылыстың сандық жағындағы өмір шындығын соншалықты дәл анықтайды. Статистиканың өзі бастапқыда нақты қоғамдық құбылыстарды барынша толық қамтып ол туралы мемлекетке мәлімет беру мақсатында пайда болған таным.

      Статистикалық зерттеу жұмысы ұзақ, белгілі бір әдістердің кезектілікпен қолдануын қажет ететін жұмыс. Бақылау – сол жұмыстардың, әдістердің алғашқысы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылаудың мазмұны мен ол жұмыстың сапалы атқарылуы, жиналған мәліметтерді әр түрлі елеулі белгілері бойынша топтастыру, өңдеу және талдау кезеңдерінің ғылымилығына үлкен әсер етеді. Сондықтан: статистикалық бақылау – бұл зерттелуге жататын әлеуметтік – қоғамдық құбылыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады. Статистикалық бақылау әдісі, құбылыстарды тіркеуге алу арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тіркеуге алу жұмысы жиынтық бірлігінің бақылауға алынған, мәлім болғанын білдіреді. Тіркеуге алу – құқықтық статистикада құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың құқықы қорғау органдарына мәлім болып қана қоймай, оған іс ашылып, қажетті статистикалық карточкалардың толтырылуын білдіреді.  Демек, «тіркеуге алу»  ұғымы бақылау жұмысының жүргізілгенін білдіреді және оны іске асыратын мекеме, ұйымның қызметі болып табылады.

   «Елеулі белгілер»  деген ұғым басқа да тақырыптарда  қарастырылады. Құбылыстың жиынтық  бірліктерін сипаттайтын белгілердің  қатарын шектеулі деп бағалауға  болмайды. Статистикалық зерттеулердің мәліметтерін пайдаланатын ғалымдардың сұранысының артуына байланысты, құрылыс бірліктерін сипаттайтын белгілердің қатары да үнемі артуда. Статистикалық бақылауда құбылыстың елеулі белгілері қоса алынбаса, онда жиналған мәліметтерді топтастыру да мүмкін болмайды. Сондықтан, бақылау жүргізу кезінде құбылысты тікелей немесе қосымша тұрғыдан сипаттайтын белгілердің қоса бақылануы, ол статистикалық әдістердің ары қарай жалғасуын, түбінде жан – жақты сандық мәліметті білдіретін, көрсеткішті дайындаудың негізгі кілті, бастамасы болып табылады. Себебі статистикалық зерттеу жұмысы осы ғалымда белгіленген әдістердің, сатылардың кезектілікпен қолданылуы арқылы іске асырылады және бұл кезектілікпен орындалатын жұмыстардың бір – бірімен байланыстылығы, кейінгі қолданылатын әдістің үнемі алдыңғы әдіске бағынышты болуымен айқындалады. Яғни, құбылысқа жаппай бақылау жүргізбей отырып, біз ешқандай құбылысты топтастыра алмаймыз немесе топтастыру болмаған жерде статистикалық арнайы талдау әдістемелері де жүргізілмейді.

    Статистикалық  бақылау жоспарлы жұмыстың қолданылуын  талап етеді. Бақылау жоспары  жасалынбай, статистикалық бақылау  жұмысы басталмайды және бұл  жоспарды бақылау жұмысын ұйымдастыратын  мекемелер дайындайды. Бақылау жоспарында  қарастырылатын әдістің толық  мазмұны яғни бақылаудың уақыты, орны, заты, құжаттары, онымен айналысатын  мекемелер анықталады. Сол себептен  бақылау жоспарының жасалуын, статистикалық  бақылау әдісінің бастапқы кезеңін  құрайды дейміз және бақылау  қызметі жоспардың толық сақталуын  қажет етеді.

                         Бақылау жоспарының элементтеріне  немесе құрамына мыналар жатады:

  1. Бақылау обьектісі
  2. Жиынтық бірлігі
  3. Бақылау бірлігі
  4. Бақылау уақыты және орны
  5. Өлшем бірлігі
  6. Бақылау бағдарламасы
  7. Нұсқаулар және дайындық шаралары
  8. Бақылау құжаттары

 

        Статистикалық бақылау, мағынасы бойынша ғылыми жарақталған, әрі өзге ғылымдардың қажеттілігін өтей алатын қызмет қана емес, ол жаппай құбылыстардың, уақиғалардың тиісті саласы бойынша мемлекеттік қызметті атқаратын мекемелердің негізгі жұмысын немесе үнемі қадағалауын білдіреді. Сондықтан, статистикалық бақылау – тиісті мекемелердің, органдардың өз саласына жататын құбылыстарға қадағалаушылық қызметін де білдіреді.

     Мәліметті жинаудың барлық түрі статистикалық бақылауды білдіре бермейді. Мәліметтер ресми түрде белгілі бір мекемелер, органдармен жүргізілуі мүмкін немесе кейде жеке адамдармен жүргізілуі де мүмкін.

     Статистикалық  бақылау – статистикалық карточкаларда,  формулярда немесе құжаттарда  жеке құбылысты әр түрлі белгілермен  қоса тіркеуге алуды білдіреді. 

   Статистика – қоғамға  кең таралған, жаппай қоғамдық  құбылысты қарастырады, сондықтан  статистикалық бақылау – осы  міндетті іске асыру үшін қолданыла  отырып, бір тектес құбылыстардың  барлығын немесе негізгі бөлігін  қамтуы арқылы өз қызметін  атқарады. Статистикалық бақылаудың ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері

           Нарықтық  қатынастарды дамыту жағдайында  статистикалық ақпараттар басқару  шешімдерін қабылдау үшін маңызды  рөл атқарады. Керекті мәліметтер  базасы статистикалық зерттеу  жұмыстарының алғашқы сатысы  болып табылатын статистикалық  бақылау нәтижесінде алынады. 

      Статистикалық бақылау- қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді ғылыми негізде ұйымдастырылған және жоспарлы түрде жинауды айтады.

      - есеп беру деп - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы жоғарғы органдарға немесе статистикалық органдарға белгіленген мерзімде құжат тапсыруы;

     - арнайы ұйымдастырылған бақылау деп - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді зерттеулер, бір жолғы есептеулер, санақтар түрінде жинау үшін жүргізіледі;

      - үздіксіз (ағымдағы) бақылау - үздіксіз, тұрақты түрде жүргізіледі;

      - үздікті (мерзімдік) бақылау деп – белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын бақылауды айтады;

     - бір жолғы бақылау - белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет жүргізіледі.

  Бақылаудың әр түрлі тәсілдері бар.

               Тікелей бақылау деп - бақылау объектісінің бірліктерін бақылау жүргізуші тікелей өлшеу, санау арқылы есепке алып, тіркеуді айтады.

               Құжаттар арқылы бақылау деп - қажетті мәліметтерді есеп беру формаларының негізінде жинауды айтады.

               Сұрақ-жауап арқылы бақылау деп - сұралушы адамдардың айтқандары бойынша бланкілерді, анкеталарды, кестелерді және т.б. формаларды толтыруды айтады.

          Сұрақ-жауап арқылы мәліметтерді жинаудың мынадай жолдары бар:

                    - экспедициялық тәсіл- тіркеуші  сұралушы адамнан жауап алып  бланктерді толтырады және оларды  статистикалық мекемеге өткізеді;

                    - корреспонденттік тәсіл- бақылау  кезінде бланктер белгілі ұйымдарға  немесе жеке адамдарға корреспонденттік  байланыс жолдары арқылы жіберіледі;

                    - өзіндік тіркеу- сұралушы адам  сұрақтарға жауап беріп, бланкты  өзі толтырады, ал тіркеуші  толтырылған бланктерді тексеріп, тиісті мекемелерге тапсырады.

                    Статистикалық бақылау жұмыстарын  ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде  ең бастысы – бақылау объектісін  дұрыс таңдау болып табылады.

                    Статистикалық бақылау объектісі  деп - зерттелетін әлеуметтік-экономикалық  құбылыстар мен процестерді айтады. Бақылау объектілері жеке элементтерден  тұрады. Олар бақылау бірліктері  болады.

                    Бақылау бірлігі деп - бастапқы мәліметтерді беретін бірліктерді айтады.

           Статистикалық  бақылау бағдарламасы деп - бақылау  барысында бақылау бірліктеріне  қойылатын сұрақтардың тізімін  айтады. Статистикалық бақылау кезінде  қолданылатын құжаттарды (бланкілер,  нұсқаулар, статистикалық формуляр  және т.б.) бақылаудың жұмыс жабдықтары  деп атайды. Бағдарламадағы сұрақтардың  жауабын жазу үшін бақылау  формуляры қолданылады. Бақылау  формулярында сұрақты және оның  жауабын жазатын орын, сол сияқты  жауаптың коды немесе нөмірі  көрсетіледі. 

                    Бақылау формуляры екі бөлімнен  тұрады:

                    - титулдық бөлім: бақылаудың түрі, аты, бекітілген мерзімі және  бекіткен мекеменің аты көрсетіледі;

                    - мекен-жай: бірліктердің мекен-жайы  көрсетіледі.

                    Статистикалық формуляр карточкалық  және тізімдік болып бөлінеді. Карточкалық формуляр тек бір  ғана бақылау бірлігін тіркеуге, ал тізімдік формуляр бірнеше  бақылау бірлігін тіркеуге арналған.

 

 

  1.  Статистикалық бақылаудың қателері

       Статистикалық бақылаудың негізгі міндеті- неғұрлым дәл және тура статистикалық ақпараттар алу. Статистикалық ақпараттардың дәлдігі деп бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер мәнінің оның нақты мәніне сәйкес келу деңгейін айтады. Зерттелетін құбылыстың бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын статистикалық бақылаудың қатесі деп атайды.

Статистикалық бақылау қатесінің  екі түрі болады:

тіркеу қатесі;

репрезентативті қате.

 

Тіркеу қатесі бақылау нәтижесінде  мәліметтер дұрыс анықталмағанда, дұрыс  жазылмағанда болады. Тіркеу қатесі кездейсоқ  және жүйелі түрде жіберілетін қате болып бөлінеді.

 Кездейсоқ жіберілген қате  тіркеушінің жұмысқа атүсті қарауының  нәтижесінен болады.

 Жүйелі түрде жіберілетін  қате деп - бақылау кезінде  көрсеткіштерді белгілі бір себептерге  байланысты көбейтіп немесе кемітіп  жазуды айтады.

 Репрезентативті қате деп  - бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі  зерттелетін белгі мәнінің негізгі  жиынтықтағы белгі мәнінен ауытқуын  айтады.

 Репрезентативті қате жартылай  бақылауға жатады және тек  ішінара бақылау жүргізгенде  ғана жіберіледі.

 Статистикалық бақылаудың нәтижесін  екі түрлі жолмен тексеруге  болады: арифметикалық және логикалық.

 Арифметикалық жолмен мәліметтерді  тексергенде кестелердегі қорытынды  жолдарды, қорытынды сандарды тексереді.

 Логикалық жолмен мәліметтерді  тексергенде бағдарламада көрсетілген  бір-бірімен байланысты сұрақтарды  тексеріп, салыстырады.


Информация о работе Статистикалық жоспар және оның құрамы