Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 20:39, реферат
Статистикалық бақылау дегеніміз – қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйені тіркеу, жинау тәсілі.
Статистикалық бақылау
Статистикалық бақылау дегеніміз – қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйені тіркеу, жинау тәсілі.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселесі. Бақылауға жататын құбылыстың тіркелуге тиісті нышанының тізбегі байқаудың бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны дұрыс жасау үшін құбылыстың сапалық негізін терең білу қажет. Бақылау бағдарламасы зерттеудің алдына қойылған мақсатына , құбылыс бітімі негізінде тығыз байланысты. Бағдарлама құбылыстың негізгі нышаны түгелдей кіргені шарт. Бақылау
бағдарламасының өзіндік негізі емес нышаны беріледі. Ол екі топқа бөлінеді: тану және бақылау нышаны.
Тану нышанына бағдарламадағы тұрғындардың жеке белгілері кіреді. Мысалы, нышанның аты-жөні, тұрағы , кәсіпорынның атауы, оның қай салаға кіретіні, кімге бағынатыны, тағы басқа мәліметтер тану белгілеріне жатады. Бағдарламаның тану белгілері бақылауды ұйымдастыруға, бақылау мәліметтеріндегі көзге түскен қателерді жөндеу үшін керек.
Бақылау нышаны тіркелген мәліметтің дұрыстығын анықтауға пайдаланады. Мысал, халық санағының бағдарламасында адам жасы, білімі, отбасы балаларының саны, олардың жасы, білімі жайында сауалдар . Бұл сұрақтар тану белгісінің де, бақылау нышанының да міндетін атқарады. Қазіргі тәжірибеде сауалдың жауабы сараптауға, жинақтауға жеңіл болуы шарт. Ол үшін жауап нұсқасына шартты белгі немесе код қойылады. Сауал-жауап бірнеше түрлі болса, шартты белгі қолданылады.